Төрт түлік мал Қой сүйеді баласын Қоңырым деп, Еш нәрсені білмеген Момыным деп



Дата25.04.2022
өлшемі1,35 Mb.
#32174
Байланысты:
Төрт түлік мал презентация

Төрт түлік мал

Қой сүйеді баласын Қоңырым деп, Еш нәрсені білмеген Момыным деп.

  • Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі. «Қойдың сүті – қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Жүнінен жіп иіріп киім тоқыған. Қой өсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады. Қой маңырайды.

Сиыр сүйеді баласын Торпағым деп. Қараңғыға баспаған Қорқағым деп.

  • Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. 
  • Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған. Сиыр мөңірейді

Жылқы сүйеді баласын Шұбарым деп. Жүгіруден жазбаған Тұлпарым деп.

  • Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (суйрік), айғыр деп атайды. Жылқы жолда ажырамас серік болса, сүтінен қымыз, етінен қазы-қарта, жал-жая дайындайды. Қымыз - өте пайдалы, мың ауруға ем сусын. Жылқы кісінейді.

Түйе сүйеді баласын Тайлағым деп. Жабу жапса жарасқан Жайнағым деп .

  • Түйе – төрт түліктің төресі. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.).  Сүтінің құрамында адам ағзасына қажетті витаминдер өте көп. Шұбат шипалы сусын ретінде пайдаланылады Түйе боздайды


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет