Тотығу-тотықсыздану тепе-теңдігі. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жүру тереңдігі мен бағыты. Химиялық талдауда тотығу-тотықсыздану реакцияларының қолданылуы. Мақсаты
ТАҚЫРЫБЫ: Тотығу-тотықсыздану тепе-теңдігі. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жүру тереңдігі мен бағыты. Химиялық талдауда тотығу-тотықсыздану реакцияларының қолданылуы.
МАҚСАТЫ: Тотығу-тотықсыздану реакцияларының бағытын анықтағанда жүйенің потенциалдарын қолдана білуге үйрену.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ: 1. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының бағыты, реакциялардың жүру тереңдігі.
2. Тотығу-тотықсыздану потенциалына әртүрлі факторлардың әсері, фармацияда қолданылуы.
ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ Тотығу-тотықсыздану реакциялары (ТТР) әрекеттесуші заттардың біреуінен екіншісіне электрондардың ауысуы нәтижесінде жүреді.
Редокс реакцияларының бағытын стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалдарын салыстырып анықтаса, тепе-теңдік константасы реакцияның қаншалықты терең жүргенін көрсетеді. Тепе-теңдік константасының мәні неғұрлым жоғары болса, реакция соғұрлым толық жүреді. Мысалы: φ0Ce4+/Ce3+ = +1,45В, φ 0Fe3+/Fe2+ = +0,77В;
Ce4+ + Fe2+ → Ce3+ + Fe3+ реакциясының тепе-теңдік константасы - Кт
Жартылай реакциялары:
Ce4+ +1е → Ce3+ Fe2+ -1е → Fe3+
КТ-Т = 5·1011, мәні үлкен, реакция соңына дейін толық жүреді.
Жалпы түрде:
Соңына дейін жүретін реакцияның тепе-теңдік константасы 108 тең, не одан да жоғары болу керек. , бұл жағдайда тотығу-тотықсыздану реакциясы 99,99 %-ға толық жүреді. Теңдеудегі потенциалдар айырымы неғұрлым көп болса, соғұрлым тепе-теңдік константасының мәні жоғары болады.
Тотығу-тотықсыздану реакциялардың бағытын анықтау Тотығу-тотықсыздану реакциялардың бағытын электр қозғауыш күшінен және тепе-теңдік константасынан анықтауға болады. Егер ЭҚК ˃0 болса, реакция тура бағытта жүреді, ал егер ЭҚК ˂0 – кері реакция жүреді.
Әр электродтың потенциалы сутек электродымен салыстырылып беріледі. Ол үшін стандартты жағдайға сай тотыққан және тотықсызданған заттардың концентрациясы бірдей 1 моль-ион/л болуы керек:
[NO2-] = [NO3-]=[Н+] = 1 моль-ион/л
[МnО4-] = [Мn2+] = [Н+] = 1 моль-ион/л
Мұндай стандартты потенциалдың мәні көптеген реакцияларға сай анықталып, екі бөлек тотықсыздандыру жарты реакциялары түрінде жазылады.
Анықтамалардан өзімізге қажетті екі тотықсыздандыру жарты реакцияларының шамасын табамыз:
МnO4- + 8Н+ +5е = Мn2+ + 4Н2О ΔE° = + 1,51 в
NО3- + 2Н+ +2е = NO2- +Н2О ΔE° = + 0,94 в
Екі реакцияның ішіндегі электрондарды өзіне тартып алу қабілеті молы - біріншісі, өйткені оның стандартты потенциалы үлкендеу. Сондықтан перманганат-ионы тотықсызданып, ал электрондар беру үшін нитрит-ионы тотығуы кажет. Егер екінші реакцияны тотығу үрдісі түрінде кері қарай жазса:
NO2- +Н2О - 2е = NО3- + 2Н+ ΔE °= - 0,94 в.
Тотығу - тотықсыздану реакциясының э.қ.к-ін есептесе,
ΔE = - 0,94 + 1,51 = +0,57 в
үрдістің тіке бағытта жүретіндігін көрсетеді.
Дәл осындай жолмен стандартты жағдайда өте алатын көптеген үрдістердің Е есептеп, реакцияның жүру бағытын анықтауға болады.
Көрнекі материал: Видео-лекция
ӘДЕБИЕТТЕР: Міндетті: 1. Патсаев Ә.Қ., С.Ж. Жайлау, Ш.С. Шыназбекова, Б.Қ. Махатов Аналитикалық химия /Алматы, 2012ж., 473б.
2. Молдакалыкова А.Ж. Аналитикалық химия пәнінен сапалық анализ бөлімі бойынша лабораториялық жұмыстар. Оқу құралы. /Алматы, 2008.
3. Чекотаева К.А., Карлова Э.К. Аналитикалық химия пәнінінң сандық талдау тәсілдері. /Москва, 2017ж.
4. Ю.Я. Харитонов. Аналитическая химия. Общие теоретические основы. Качественный анализ./М.:ГЭОТАР – Медиа, 2014.- 688с.
5. Тебенькова Е.Н. Курс лекций по аналитической химии. Учебное пособие по аналитической химии для студентов по специальности 33.02.01 Фармация./г. Набережные челны, 2016г. - 157 с.
Қосымша: 1.Чекотаева К.А., Молдакалыкова А.Ж., Карлова Э.К. Аналитическая химия/ Учебно-методическое пособие по самостоятельной работе студентов. – Алматы, 2009. – с. 183
2. Васильев В.П., Кочерина А.Н., Орлова Г.Д. Аналитическая химия. Сборник вопросов, упражнении и задач. М., Дрофа, 2003.
Электрондық ресурстар: Интернет-ресурс көздері, электрондық кітаптар мен оқулықтар: www.chem.msu.su; http://shopedu.ru/shop/tablitsyi/star/120