ТҮрік тілін үйренудегі ортақ СӨздер және олардың фонетикалық ерекшеліктері кумашева Назым



Pdf көрінісі
Дата27.02.2017
өлшемі0,68 Mb.
#5004

1910 

 

ӘОЖ 81’342:811.512.161 



ТҮРІК ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕГІ ОРТАҚ СӨЗДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Кумашева Назым 

kumasheva_naz@mail.ru 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар факультеті 

1-сынып магистранты  «020500-Филология: Түркі тілдері» 

Ғылыми жетекші – Е.А.Қуанышбаев 

 

Түркі тілдері түбі бір тамыры бір халықтар болғанымен, олар әр түрлі географиялық 



ортада  жеке  тілдер  ретінде  дамыған.    Олардың  ішінде  қазақ  тілі  мен  түрік  тілі  тамыры 

балталанып,  бір-бірінен  ұзақта  қалса  да  тілі,  діні,  тарихы  және  мәдениеті  ортақ    халықтар  

ретінде  рухани  құндылықтарын  бірге  бөлісті.  Бұған    қазақ  және  түрік  тілдеріндегі  ортақ 

сөздер  мысал  бола  алады.  Осы  ортақ  сөздер  мен  түркі  тайпаларының  тілдері  жайлы 

деректерді    түркі  тілдерін  алғаш  зерттеуші  және  алғашқы  түркітанушы  ғалым  Махмұд 

Қашқари  екені    мәлім.  Ұлы    ғалымның  «Диуани  лұғат-ат  Түрк»    еңбегі  XI-ғасырдан    бері 

келе  жатқан  алғаш  түркі  тілдерінің  сөздігі  әрі  құнды  жәдігеріміз.  Бұл  жәдігер  түркі 

халықтарының  ортақ    сөздерінен  құралған  әрі  сөздік,  әрі  энциклопедиялық  мұра  болып 

саналады.  Сондай-ақ бұл сөздіктегі ортақ  сөздер мен белгілер қазақ және түрік тілдерінің 

бір түбірден тараған туыстас тіл екенін көрсетеді. Біз бұны фонетикалық талдаулар арқылы 

жазылған  басқа  да  еңбектерден  көре    аламыз.  Фонетика  –  тіл  білімінің  дыбыстық  жағын 

зерттейтін  саласы  болғандықтан,  Фонетика  тіліміздегі  сөздердің  пайда  болуын  анықтауға, 

тілдердің  арасындағы  туыстық  байланысты  табуға,  тілдің  айту  жазу  нормаларын  дұрыс 

меңгеруге  мүмкіндік  береді.    Туыс  тілдер  арасындағы  ортақ  ерекшеліктер  мен  тілді 

зерттеуші келесі ғалымдар, А.Н.Самойлович, В.В.Бартольд, С.Е.Малов, В.А.Богородицкий, 

А.М.Щербак,  Н.А.Баскаков, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононовта басқа тілдік топтарға қарағанда, 

түркі  тілдерінің  бір-бірінен  соншалық  алшақ  еместігін  атап  көрсеткен.  Бұған      аталмыш 

ғалымдардың  тілдер  классификациялары  мысал  бола  алады.  Солардың  ішінде 

көрнекті 

түркітанушы  Н.А.  Баскаковтың  жіктеуінше  Түркі  тілдер  жанұясы 

Алтай  тілдері

 әулетіне 

жатады.

 

Қазақ  тілі



   мен  түрік  тілі  солардың  бірі  болып  табылады.  Ол  түркі  тілдерінің 

фонетикалық,  грамматикалық,  ерекшеліктерін  сол  тілде  сөйлейтін  халықтардың  тарихи 

дамуын,  географиялық    орналасу  жағдайын  ұштастыра  отырып,  бұл  тілдердің  тарихын 

белгілі    кезеңдерге  бөлген.  Біз  осы  түркі  тілдерінің  оғыз  тобы(  түрік  тілі,  әзірбайжан  тілі, 

түркімен  тілі,  гагауыз  тілі,  салар  тілі)  және  түркі  тілдерінің  қыпшақ  тобы  (қазақ  тілі, 

қарақалпақ тілі, ноғай тілі, татар тілі,башқұрт тілі, қарайым тілі, қарашай-балқар тілі, құмық 

тілі,  қырым  татар  тілі)  ішіндегі  қазақ  тілі  мен  түрік  тілінің  фонетикалық  ерекшеліктерін, 

ортақ сөздерін  атап көрсетпекпіз.

 

    


Қазақ  тілі  мен  түрік  тілі  түбі  бір  туыстас  болғанымен  олардың  бір-  бірінен  

өзгеше  тілдік  ерекшеліктері  бар.    Осыған  байланысты  біз  қазақ  тілі  мен  түрік  тілінің  

әліппесіне, дыбыстық жүйесіне назар аударсақ.  Қазақ және түрік тілі жазуының түп тамыры 

V-VIII  ғкөне  түркілер  қолданған  руникалық  әлiпби  екендігі  тарихтан  белгілі.  Бірақ  VIII 

ғасырдан бастап ислам дінімен бірге енген араб әліпбиі қолданыла бастады. 

Кейін    1912  жылы  қазақтың  ұлы  ағартушысы  Ахмет  Байтұрсынұлы  қазақ  тілінің 

дыбыстық жүйесін айқындап, құрамында 28 әрпі  бар араб графикасы негізінде жаңа әліпби 

жасап, төте жазу ережесін анықтады. 

1929 жылы қазақ жазуы 29 әрпі бар латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшті. Көшу 

кезінде қазақ тіліне жаңа [хы] дыбысы қосылды, ол латынның әріпімен белгіленді. 

1940  жылы 42 әріптік  кирилл  графикасы  негізіндегі  әліпбиге  ауыстырылды.  Бұл 

әліпбиде  орыс  тілінің 33 әріпіне  қазақ  тілінің  ерекше 9 дыбысын  таңбалау  үшін 

кириллицадан тысә,ғ,қ,ң,ө,ұ,ү,һ әріптері қосылды. 


1911 

 

Соңғы  реформада  қазақ  тілінің  фонетикалық  ерекшеліктері  ескерілмеді:  қазақ  тіліне 



орыс тілінің дыбыстарын негізсіз кіргізді; қазақ тіліне қіргізілген дыбыстарды таңбалау үшін 

қазақ әліпбиіне артық в,ё,и,ц,щ,ф,э,ю,я,ь,ъ орыстың әріптері ендірілді. 

Енді  түркі  тілдес  елдердің  яғни  оғыз  тобындағы  тілдер  (Түркия,  Түркменстан, 

Өзбекстан, Әзірбайжан) халықтарының арасындағы түрік тілінің әліппесіне тоқталар болсақ, 

1928  жылы  қабылданған т

үрік

 тілінің  әліпбиі 29 әріптен  тұрады,  олардың  ішінде  базалық 

латын әліпбиінен тыс 6 әріп ğ,ü,ş,ı,ö,ç  бар (2-Қосымша. Түрік әліпбиі, 1928 ж.). 

Қазіргі күнде   қазақ тілі кирилл әліппесін ал түрік тілі латын әліппесін қолданса да, 

екі  тілдің  өзіндік  түбірі  бір  ортақ  сөздері  бар.  Еңбегімізде  осы  ортақ  сөздердің  дыбыстық 

алмасуларымен басқа да сөздердегі дыбыстардың кемуі мен кірігуі келесі жолмен көрсетілді. 



Ортақ сөздердегі дыбыстық алмасулары: 

Б>В алмасуы 

Қазақ  тілінде  сөз  басында  “Б”  дыбысымен  келетін  кейбір  сөздер  түрік  тілінде  “В” 

дыбысы болады. 

Мысалы: бар>вар; бер>вер; варлык>барлық; вармак>бару;. 



Ж>Й алмасуы. 

Қазақ тілінде сөз басында келетін “Ж” дауыссыз дыбысы түрік тілінде “Й” дыбысына 

сәйкес  келеді.  (Қазақ  тілі  ж  тілді,  ал  түрік  тілі  й  тілді  болғандықтан  жалпы  сөздер  сөз 

басында келсе ж дан й ға ауысады.) 



Мысалы:  жаз>йаз;  жас>  йаш;  жастық>  йастык;  жарыс>  йарыш;  жеміс>йеміш;  жеті 

>йеді;    жол>  йол;  жігіт>  йігіт;  жетпіс>  йетміш;  жасыл>  йешіл;  жер>йер;  жылан>йылан; 

жоқ>йок;  жүз>йүз;  жүрек>йүрек;  жыл>йыл  ;жалғыз>йалныз;  т.б.  Ескере  кететін  болсақ, 

түрік тілінде “ж” дыбысы тек кірме сөздерде ғана кездеседі. Ал төл сөздерінде “дж” дыбысы 

мен айтылады. 

К>Г алмасуы. 

Қазақ тіліндегі “К” дауыссыз дыбысы түрік тілінде келер болса, көбінесе “Г” болады. 



Мысалы:    кел>гел; келін>гелін; керек>герек; көз>гөз; күн>гүн;  кері>гері; көк>гөк; 

кір>гір; көл>гөл; күш>гүч; күміс>гүмүш;   күз>гүз; т.б 



Т>Д алмасуы. 

Қазақ тіліндегі  “Т” дауыссыз дыбысы түрік тілінде сөз басында келер болса, көбінесе 

“Д” болады. 

таяқ>даяқ;  тіл>діл;  тіс>діш;  тар>дар;  темір>дімір;  тікен>дікен;  тоқсан>доксан; 

төрт>дөрт; теңіз>дениз; тері>дері; таңба>дамга; тесік>дешік. 

М>Б алмасуы 

Қазақ  тіліндегі  “М”  дауыссыз  дыбысы  түрік  тілінде  сөз  басында  келер  болса  “Б” 

дыбысына ауысады. 

Мысалы: 

мен>бен; 

мын>бин; 

мейрам>байрам; 

мұз>буз; 

мойын>бойун; 

мұрын>бурун; мыңбашы>бинбашы;  мін>бин; т.б. 

С>Ш алмасуы 

Қазақ  тіліндегі  “С”  дауыссыз  дыбысы  түрік  тілінде  сөз  ортасында  келер  болса,  көп 

жағдайда “Ш” болып келеді. 

Мысалы:  асық>ашык;  қасық>кашык;  басшы>башчы;  басқа>башка;  есек>ешек; 

тісші>дішчі; кісі>кіші;  т.б. 



Ш>Ч алмасуы 

Қазақ  тіліндегі  “Ш”  дауыссыз  дыбысы  түрік  тілінде  сөз  ортасында  елер  болса, 

көбінесе “Ч” болып келеді. 

Мысалы:  қамшы>камчы;  пышақ>бычак;  елші>елчі;  іштен>ічтен;  ашық>ачык; 

асшы>асчы;  т.б. 



Ф>П алмасуы 

Түркі тілдерінде арап және парсы тілдерінен енген сөздер де кездеседі. Олардың бірі 

Ф” дыбысынан басталатын сөздер болып келеді. Ол қазақ тілінде сөз басында келер болса, 

көп жағдайда “П” дыбысымен алмасады. 



1912 

 

Мысалы:  файда>пайда; фарз>парыз; фикир>пікір; філ>піл; т.б 

Ф  дыбысы  қазақ  тіліне  тән  дыбыс  болмағандықтан  ауызекі  тілде  қазақ  тілінің 

дыбыстық  жүйесіне  сәйкес  өзгеріске  ұшырап  қазақы  сипатын  алған.  Ал  түрік  тілінде  осы 

сөздер еш өзгеріске ұшырамастан сөз ортасында да “ф”       дыбысымен айтылуда. 

Мысалы:  Тайфе>тайпа;  мисафир>  мүсәпір;  вефат  >опат;  өрф>  ғұрып;      дефтер 

>дәптер; вефа> опа;. 



У>Ғалмасуы 

Қазақ  тілінде  “У”  дауыссыз  дыбысымен  аяқталатын  кейбір  сөздер  түрік  тілінде  “Ғ” 

болады. 

Мысалы: тау>дағ; жанартау>йанардағ; т.б. 

Х,Һ >Қ,К алмасуы 

Арап және парсы тілдерінен енген сөздердің басындағы  Х, Һ дауыссыз дыбысы қазақ 

тілінде Қ,К- ға айналады немесе түсіп қалады. 

Һак>хақ;  һафта>апта;  һүрмет>құрмет;  һайсиет>қасиет;  һайыр>қайыр;  һәрф>әріп; 

һарам>арам; т.б. 

Қазақ  тіліндегі  “  Т  ”  дыбысы  к,г,п,с,ш,т,  дауыссыз  дыбыстардан  кейін  келсе  т 

дыбысына  өзгереді.  Түрік  тілінде  ондай  өзгеріс  кездеспейді,  бірақ  л  дыбысымен  келетін 

жалғауларда көрініс табады. 



Мысалы:  тастар>ташлар;  кітаптар>китаплар;  аттар>атлар;  арыстан>арслан; 

әдепті>едеплі; күшті>гүчлү; аштық>ачлык; құтты>кутлу; достық>достлук;. 



У,Ү,Ұ >О,Ө алмасуы 

Қазақ  тілінде  кейбір  сөздерде  алғашқы  буында  кездесетін  “у”,  “ү”,“ұ”  дыбыстары 

түрік тілінде о ө болып келеді. 

Мысалы:  ту>доғ; үйрет>өғрет; суық>соғук; күзет>гөзет;  ұл>оғул ;бұз>боз;. 

Ортақ сөздердегі дыбыстардың түсіп қалуы: 

“Ғ” дауыссызының түсіп қалуы. 

Тілімізге арап және парсы тілдерінен еген сөздердің басындағы “Ғ” дауыссыз дыбысы 

түрік тілінде түсіп қалады. 

Мысалы:  ғалам>алем;  ғажайп>ажайып;  ғашық>ашык;  ғалым>алим;    ғылым>илим; 

ғаламат>аламет; ғибадат>ибадет; т.б. 



“ Ы”, “І” дауыстыларының кірігуі. 

Түрік тілінде сөз ортасында немесе соңында екі дауыссыз дыбыс қатар келетін болса, 

қазақ тілінде бұл дыбыстардың арасына “Ы, І” дыбыстары кірігеді. 

Мысалы:  фарз>парыз;  берк>берік;  дерс>дәріс;  кырк>қырық;  Танры>Тәңір;  

халк>халық; түрк>түрік; т.б. 

Қорытындылай келсек;  Бұл еңбекте дүниенің әр шетінде өмір  сүріп жатқан екі туыс 

халық тілдеріндегі ортақ ұксастықтарды айқындап көрсетуге тырыстық.  Екі тіл арасындағы 

ортақ сөздердің дыбыстық алмасуларына мысалдар келтіріп талдау жасадық. Қазақ тілі мен 

түрік тілі фонетикалық тұрғыдан көптеген жылдар бойы  түркітанушы ғалымдар тарапынан 

зерттелуін  жалғастырса  да,  бұл  мәселе  толық  қарастырылып  түпкі  негізі  терең  қамтылуы 

үшін  әлі  де  жалғасын  табуда  Мақалада  екі  тілдің  сөздік  қорын  лексикалық,  фонетикалық 

және семантикалық тұрғыдан салыстырмалы салғастырмалы зерттеу жолы арқылы анықтап 

қазіргі таңда қолданыстақы тілдің ерекшеліктерін анықтауға тырысытық. Мысалдар арқылы 

берілген сөздерден қазақ тілі мен түрік тіліне ортақ  сөздердің көптігін байқауға болады және 

осы сөздер арқылы қазақ тілін меңгеру оңай  болады. Осы мақсатта  екі  тілдің сөздік қорын 

төл  сөздер,  кірме  сөздер  және  халықаралық  ортақ  терминдер  тұрғысндан  зерттей  отырып 

олардың морфологиялық және морфосемантикалық ерекшеліктерін анықтауға тырыстық. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Байниязов А., Түрікше-Қазақша сөздік 

2.

 



Mehmet Hengırmen, Türkçe Dilbilgisi 2007 Engin yayınları 

3.

 



Томанов М., “Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы”, Алматы-1992. 

1913 

 

4.



 

Қайдар Ә., М.Оразов, “Түркітануға кіріспе”,  Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 360 

бет. 

5.

 



Сарбасова Г., Түрік тілінің грамматикасы, оқу құралы Түркістан: Түран, 2011-167бет. 

6.

 



Vehbi Başkapan, Türkçe-Kazakça Ortak Kelımeler Sözlüğü Türkistan-1999 

7.

 



Ferhat Tamir, Türkiye Türkçesi Açısından Kazak Türkçesine Bir Bakış 

 

 



ӘОЖ 371.15: 811.521 

ЖАПОН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ХАТ АЛМАСУ ЭТИКЕТІ 

 

Қуанышбек Жанна Қалдыбайқызы 

janna.kuanyshbek@yandex.ru

 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар факультеті,  



шығыстану кафедрасының аға оқытушысы, Астана, Қазақстан 

 

Жапонияда хат жазу тарихи қалыптасқан салт-дәстүр. Жеке және іскерлік хат жазудың, 



келісім-шарт  жасаудың,  тағы  басқа  да  әр  түрлі  құжаттарды  толтыру,  рәсімдеудің  ерекше 

әдіс-тәсілдері,  ережелері  бар.  Ресми  хат  алмасу  кезінде  қазіргі  жапон  тілінде  көп 

қолданбайтын сөздер мен сөз тіркестерін білу қажет.  

Тақырыпты таңдаған себебімнің бірі – қазіргі таңда ресми хаттарға жауап жазу сияқты 

дағдылар білім алушыларға аса қажет деп ойлаймын. Жапон тілін білумен ғана шектелмей, 

сол тілде іс-қағаздар жүргізудің, тура жауап жазудың және аударма жасаудың, құжаттардың 

негізгі  категорияларын  және  лексиканың  тақырыптарға  бөлінген  элементтері  туралы 

білімдерін тереңдетіп, практикалық дағдыларын қалыптастыру үшін қажет деп ойлаймын.  

Кейбір  деректерге  сүйенсек,  Жапонияда  Қытай  үлгісімен  жасалған  пошталық  қызмет 

түрі 646 ж.пайда болған. Қазіргі таңда Жапонияда күніне 6,7 млн.адамға қызмет көрсететін 

24 мыңдай пошталық бөлімшелер бар.  Соның ішінде басым көпшілігі іскерлік хат алмасуға 

жатады [1].  

Хат  жазу  барысында  жақын  досыңа,  ресми  стильді  қолданбаса  да  болады.  Ал,  жасы 

үлкен, танысқандарына көп болмаған адамдарға арнайы ережелерді ұстанған жөн: 

 

Жапон тіліндегі сыпайы стильдің ең сыпайы формасын қолдану



 

Хаттың мазмұны қысқа әрі нұсқа болуы керек; 



 

Хатты рәсімдеуге ерекше көңіл бөлу.  



Құттықтау,  шақыру  хаттары  үлкен  әріптермен,  каллиграфия  жолымен  жазылған  түрі 

қолданылады.  Ал,  көңіл  айту  хаттарында  әріптердің  мөлшері  кішірек  болып  келеді. 

Жапондардың дәстүрлі хаттарының рәсімделу ерекшелігінің бірі – хат мәтінінің вертикальді 

жазылуы.  Вертикальді  жазылған  мәтін  хат  алушыға  деген  үлкен  құрметті  білдіреді, 

Электронды пошта қазіргі таңда хат алмасудың ең көп тараған түрі. Ол өте ыңғайлы, жылдам 

әрі аса қаражатты қажет етпейді. Әрқайсысымыз күнделікті өмірде компьютер немесе ұялы 

телефон арқылы әр түрлі форматтағы хаттар жазамыз.  

Интернет пайда болғалы (1969 ж.) желі арқылы ақпарат алмасудың әрекеттері басталды 

және соған байланысты жалпыға бірдей ережелері пайда болды. Жапондар бұл ережелерді «

ネチケット» (нэтикетто network – желі, etiquette – этикет) деп атайды.  

Электронды  хат  алмасу  тілдесудің  ең  қарапайым  түрі  болғанымен,  оның  да  өзіндік 

ерекшеліктері бар. Хат болғандықтан сыпайы стильді ұмытпауымыз керек. Хат алушының да 

уақытын  ескере  отырып,  хаттың  мәтіні  ұзақ  болмауы  қажет.  Егер  бір  нәрсеге  өтініш 

жазғыңыз келсе, онда барынша қысқа әрі нұсқа болуы шарт.  

Жапон тілінде хат жазу барысында сыпайы стильдің ең жоғарғы формасын қолдануға 

тырысыңыз.  Тармақтың  ұзындығы  35  әріптен  аспауы  қажет.  Ыңғайлы  болу  үшін  әрқашан 

электронды  хат  тақырыбын  толтырыңыз,  «はじめまして»,  «こんにちは»  сияқты  сөздерді 

хаттың тақырыбына жазуға болмайды. Хатыңыздың тақырыбын қысқаша жазыңыз, мысалы: 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет