Түрі:қоғамдық компания. Биржадағы листингі nasdaq: aapl. Компанияның ұраны Think Different



Дата03.11.2022
өлшемі26,25 Kb.
#47321
Байланысты:
Рахимбердиева Жанна ю-24қ


Apple компаниясы.


Түрі:қоғамдық компания.
Биржадағы листингі NASDAQ: AAPL.
Компанияның ұраны - Think Different.
Құрылған уақыты: 1 сәуір 1976; 46 жыл бұрын.
Құрушы:Стив Джобс, Стив Возняк, Рональд Уэйн.
Орналасуы: АҚШ, Купертино.
Басты адамдары:Тим Кук.
Саласы:электроника, ақпарат технологиясы.
Өнімі:дербес компьютер, планшет, ұялы телефон, аудиоплеер.

Компанияның ең танымал өнімдері компьютердің Macintosh желісі, iPod, iPhone және iPad. 2011 жылдың тамыз айында Apple компаниясы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша ең қымбат компания болып танылған.
1976 жылы 1 сәуірде Калифорнияның Купертино қаласында негізі қаланған, 1977 жылдың 3 қаңтарында корпорация ретінде тіркелген. 30 жыл бойы компанияның атауы Apple Computer, Inc. болған, 2007 жылы 9 қаңтарда "Computer" сөзі алынып тасталады.

ТарихыӨңдеу

Корпорацияның негізін Стив Джобс, Стив Возняк және Рональд Уэйн салған. Возняков өзі құрастырып шыққан компьютер алғаш рет көпшілікке Homebrew Computer Club-ында көрсетілген. Бұл Apple I дербес компьютері болатын. Бұған дейін 1974 жылы «Альтаир 8800» компьютерлері шыққан еді, алайда олар жеке компьютер ретінде техникалық жағынан біліктілігі жоқ болған. 1976-1977 жылдары бірнеше фирмалар алғашқы жеке қолданыстағы компьютерлерді шығара бастаған, 1977 жылдары Commodore және Tandy Radio Shack компанияларының компьтерлері мыңдап сатылған, дегенмен де 1970 жылдардың аяғында 1980 жылдардың басында Apple II компьютерлері әлем бойынша миллиондаған данасымен таралады.
1980 жылдары Apple тарихында Apple IIІ жобасына шығарылуына қатысты сәтсіз болады. 1981 жылы Возняк жол апатына ұшырап уақытша жұмысын ысырып қояды. Осы кездегі Apple IIІ-тің сатылымына қатысты шыққан қиыншылықтар үшін Джобсқа 40 қызметкерін жұмыстан босатуға тура келеді. Баспасөздерде компанияның жақын арада жабылуы жайлы сөзздер қозғалады. Тұғырықтан шығу үшін 1983 жылы Джобс Джона Скалли компания президенті қызметіне шақырады. Алайда Джобс пен Скаллидің қарым-қатынастары жақсы болмайды.
1984 жылы Apple фирмасы өзінің алғашқы жаға 32-разрядты Macintosh компьютерін ұсынады. Ары қарай компания осы компьютердің серияларын шығарумен айналысады. Macintosh компьютерлері фирмалық операциялық жүйемен жабдықталған Motorola процессорлары негізінде шығарылған. 1985 жылы АҚШ-тың президенті Рональд Рейган техникалық үдерістің дамуына үлес қосқаны үшін Джобс пен Везнякты медалдармен марапаттайды.
2001 жылы 23 қазанда Apple iPod аудиоплейерін шығарады. Ол үлкен сұранысқа ие болып, портативті музыкалық плейерлердің нарығында көшбасшыға айналады. 2009 жылғы қыркүйек айында жүргізілген санақ бойынша 220 миллионнан астам iPod сатылған. 2007 жылдың қаңтар айында фирма сенсорлы iPhone смартфондарын ұсынып, 2010 жылы нарыққа iPad планшетті компьютерін шығарады. Осы жаңа өнімдерді шығару арқасында Apple өзінің қаржылық жағдайын біршама жақсартып алып, 2011 жылы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша, ExxonMobil мұнай компаниясын басып озып, ең қымбат компанияға айналған.
Фирманың атауы ағылш. apple (алма) сөзінен шыққан, мекемнің логотипінде да алма қолданылады. «Apple» атауын Стив Джобс берген. Бұған дейін ол алма фабрикасында жұмыс істеп, жеміс диетасында отырған болатын. Джобс бұл сөзді құлаққа жағымды естіледі деп санаған, сонымен қатар фирманың атауы телефон кітабында «Atari» компаниясының алдында келеді.[3] Macintosh — АҚШ-та сатылатын алма түрі - Стив Джобс келгенге дейін Macintosh жобасының жетекшісі Джеф Раскиннің сүйікті алма түрі болатын.
Apple-дің ең бірінші логотипін Р. Уэйн шығарған. Бұл Исаак Ньютонның алма ағашының астында отырған бейнесі болған. Кейін Роб Джанофф бір жағы тістелген, кемпірқосақ түстес алманың суретін ұсынып, ол 1976 жылдан 1998 жылға дейін қолданылған. Кейін алманың түсі қараға өзгертіледі. Бұл логотип 1998 жылдан бері қолданылып келеді.

Apple – бұл көпшілік компаниясы, оның акциялары NASDAQ биржасында және Лондонның қор биржасында сатылады. 2011 жылдың басында сатылған акциялардың жалпы саны 921,28 млн құраған. 2011 жылдың наурыз айында нарықтық капитализация бойынша компания 309,5 млрд долларға бағаланған.

ҚызметіӨңдеу.
Компания өнімдерінің бір бөлігін өзіне тиесілі дүкендер желісі арқылы сатады (барлығы 324 дүкен, АҚШ-та, Канадада, Жапонияда, Ұлыбританияда және т.б. елдерде). Қазіргі таңдағы Apple компаниясының негізгі өнімдері: iPhone ұялы телефондары, iPad планшетті компьютерлері, MacBook Pro, MacBook Air, Mac mini, iMac, Mac Pro дербес компьютерлері, Thunderbolt Display компьютер мониторлары, Mac mini Server, Mac Pro Server серверлері, Apple TV мультимедиялық ойнатқышы, iPod shuffle, iPod nano, iPod classic және iPod touch ықшамды мультимедиа-плейерлері және т.б. Сонымен қатар компания осы өнімдерге қатысты аксессуарларды және бағдарламалық қамтамасыз етуді де шығарады.


Сот ісі Өңдеу.
2009 жылы Nokia компаниясы Apple-ды iPhone аппаратын шығаруға қатысты 10 патентін ұрлап алды деп айып тағады. Нәтижесінде Apple компаниясы кінәлі деп саналып, Nokia-ға өтем төлеп және алдағы уақытта компанияға аударымдар төлеп отырады.

Әлемге танымал Apple компаниясының логотипі ретінде оң жағы тістелген алманың суреті таңдалған. Танымал брендті осы алмасына қарап танимыз. Тістелген алманың пайда болуы туралы әр түрлі әңгімелер айтылады. Компанияның негізін салған Стив Джобс талай кездесулерде тістелген алманың тарихын айтудан қашқақтаған көрінеді.
Басына алма құлаған соң Исаак Ньютонның Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқаны баршамызға белгілі. Көптеген зерттеушілер айфондағы алманы осы оқиғамен байланыстырады.
Ғалымдардың айтуынша, компания логотипінің тез танылуына оның есте сақтауға оңай болуы әсер етеді екен. Мысалы, Mersedes, Volkswagen, Opel компанияларының логотиптері қағаз бетінде бейнелеуге өте оңай, әрі есте жақсы сақталады.
Apple-дің логотипі компанияның өзінен әлдеқайда ертеректе пайда болған. Авторлар алғашында Ньютонның алма ағашы астында отырған суретін таңдаған. Алайда бұл сурет көпшілік үшін тым күрделі болды.
Тістелген алманың суретін Regis McKenna (Regis McKenna Advertising Agency) жарнама агенттігінің өкілдері ұсынған екен. Ел аузындағы әңгімелер бойынша агенттіктің арт-директоры Роб Янов супермаркеттен көп алма сатып алып, оны әр қырынан кесіп көрген. Еңбегі нәтиже бермеген Роб Яновтан көңілі қалған Стив Джобс оның бір алмасын тістеп, егер еш нәрсе ойлап таппаса, осы алманы негізге алуды ұсынады. Алайда, бұл ел аузындағы аңыз ғана.
Ақ-қара түсті алмадан қарағанда, түрлі түсті реңктер адамның назарын аудара алатындықтан, Роб Янов оны түрлі түске бояды. Осындай «алма» 23 жыл бойы қолданыста болды. Тек 1998 жылы ғана айфонның «алмасы» монохромды бейнеге ауысты.

Орта ғасырларда алхимиктер жемістерді білімнің, ақыл-ойдың белгісі санаған. Ғылымның дәмін татқан адам, оның нәрлі бөлігін өзіне алып қалады деген мағына да осыған саяды.
Адам ата мен Хауа ананың аңызы бойынша тістелген алма күнәнің белгісі саналады. Ал «Ақшақар мен 7 ергежейлі» ертегісінде тістелген алма — өлімнің, ажалдың бейнесінде көрініс тапқан.
Электронды есептеуіш машинаны (ЭЕМ) ойлап тауып, «Компьютер әлемінің Да Винчиі» атанған ғалым Алан Тьюрингтің ажалы алмадан болған дейді. Цианидті (натрий қышқылы) алманы бір тістеп, өз-өзін өлімге қиған Аланның бұл әрекеті де «алма» тарихында ерекше орын алады.
Apple-дің алмасы туралы қанша аңыз естігенмен, IPhone-ға деген махаббатымыз азаймайды. Себебі, компания логотипінің мәртебесі оның шығарған өнімдеріне қарай белгіленеді. Ал тістелген алманы көрген сайын Apple өнімдері ойға келеді.

Рефарат


Тексеруші: Нұржан Мадина Әділетқызы
Орындаушы:Рахимбердиева Жанна Бауыржан кизи.
Группа: ю-24к

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет