Түркістан филиалы аумағында орналсқан және іргелес жатқан археологиялық ескерткіштері



Дата09.05.2022
өлшемі148,92 Kb.
#33082

Түркістан филиалы аумағында орналсқан және іргелес жатқан  археологиялық ескерткіштері

     Түркістан филиал аумағына іргелес орналасқан Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында  XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп  жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.


Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.

    Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы.


Қорық – мұражай алып жатқан жердің жалпы көлемі 90 га. Қорық – мұражай Қожа Ахмет Иассауи кесенесімен бірге Үлкен қылует (жер асты мешіті, XII ғ.), Сегіз қырлы кесене (XIV-XVI ғғ.), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі (XV ғ.), Шығыс моншасы (XVI-XVII ғ.), Есімхан кесенесі, Жұма мешіті т.б. археологиялық, тарихи, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды.

Қорық – мұражай құрамына кіретін 20 жуық археологиялық, тарихи және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру және оларды ашық аспан астындағы музейге айналдыру «Казреставрация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқаруда. Ахмет Ясауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің занамызыға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлдененеңі – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады.



 

Ахмет Ясауи ғимаратының құрылымындағы тағы бір ерекшелік: Қазандықты қоршаған блоктар-залдар мен бөлмелер күмбезді мызғытпай ұстап тұратын тіреу (контрфорс) іспетті. Қабырғаның қалындығын белгілегенде де үйдің берік тұруы көзделген. Ғимараттың павильондарда бөлінуі олардың әрқайсысынің салмағы өзіне түсіру ниетінен туған. Үйдің қаңқасы түрліше қиюластырылған доға немесе күмбез тәрізді элементтерден құрылады, бұл әдіс кейін Орта Азия мен Қазақстан архитектурасында одан әрі дамытылды.



Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр.



Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулімғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:
Қазандық;Үлкен Ақсарай;Кіші Ақсарай;Құдықхана;Кітапхана;Асхана; Көрхана;Мешіт;

    Түркістан филиал аумағында орналасқан ежелгі қалашықтар:  


Қауған ата-ежелгі қалашық орны, Түркістан қаласының оңтүстік – батысында Сырдария өзенінің сол жағалауында, Үшқайық өткелінің маңында орналасқан. 1900 жылында Н.В. Руднеев, 1947 жылында Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1970 жылында Отырар археологиялық экспедиция (жетекшісі К.Ақышев) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ол орта ғасырдағы Қүнжан (Құнан) қ. деп есептеледі. XVI ғасырдағы тарихи деректерде де аталады. Қазіргі орны биіктігі 10 м төбе. Ортасы төбе диаметрі 160 - 170 м. Қалашық периметрі бойынша бекініс қабырғаларымен қоршалған. Мұнара ізі де байқалады. Қабырғалардың айналасында аумағы 10 м-дей, тереңдегі 2-дей, ордың орындары бар. Қалашыққа кіретін қақпа оңтүстік жақта болған. Одан басталатын көше калашықты екіге бөліп тұрған. Мұнда махалла орындары анық байқалады. Қауған ата ауылдан XVII-XVIII ғасырларға жататын сырлы және жай қыш ыдыстар (құм, кесе, тостаған, т.б.) сынықтары табылған. Одан басқа да материалдарға қарағанда Қауған ата тұрғындары VI-XVIII ғасырдар да егін егіл, мал шаруашылығымен айналысқан.
      Бұзықтөбе — ортағасырлық қала. Түркістан қаласының оңтүстік – батысында Сырдария өзенінің сол жағалауында, Үшқайық өткелінің маңында орналасқан. Ертедегі егіншілердің қонысы ретінде қалыптасып, VI — VIII ғасырларда қалаға айналған. X ғасыр шамасында Бурук деп аталған. Ортағасырлық автор әл-Мақдисидің жазбаларында қала ірі сауда орталығы болғаны айтылады. XIV ғасырдың соңы мен XV ғасыр деректерінде ол Шелек деген атпен белгілі. Қала тіршілігін 15 ғасырдың I-жартысында тоқтатқан. Бұзықтөбені алғаш 1951 жылы А.Н. Бернштам, 1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы зерттеген. Қазба жұмысы кезінде қаланың I — XI ғасырлар аралығында болғанын білдіретін көптеген археологиялық материалдар: қыш ыдыстар, шыныдан жасалған заттар, теңгелер табылды. Төбе үш бөліктен: цитадель, шахристан және рабадтан тұрады. Орталық бөлігінің құлаған орнының аумағы 300x190 м, биіктігі 7 — 8 м, оңтүстік бөлігінде орналасқан цитадельдің аумағы төменгі жағында 90 м, үстіңгі жағындағы тегіс алаңның аумағы 35 м, биіктігі 13 м. Қаланың жобасынан оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығысында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі қақпаның (жалпақтығы 10 — 15 м) іздері байқалады. Шахристанды қоршаған қорғаныс қабырғасының құлаған орындары сақталған. Оның сыртынан терең ор қазылған. Рабадтың территориясынан бір-біріне жалғастыра салынған қарапайым тұрғын үйлер мен оларды бөліп жатқан көшелердің іздерін көруге болады.
Үтрабат станциясынан 17 км оңтүстік-батысқа қарай Сырдария өзенінің оң жағалауында Қандытоғай шатқалында 149 обадан тұратын қорым орналасқан. Обалардың диаметрі 4 метрден 15 метрге дейін, биіктігі 0,2-1,5 метрге дейін. Оба 1949 жылы Е.И.Агеевойдың жетекшілігімен бастаған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Экспедиция нәтижесінде обалардан ортағасырлық керамика сынықтары табылған.
Үтрабат станциясынан 18 км оңтүстік-батысқа қарай Сырдария өзенінің оң жағалауында Қандытоғай шатқалында 42 обадан тұратын қорым орналасқан. Обалардың диаметрі 8 метрден 16 метрге дейін, биіктігі 0,2-0,8 метрге дейін. Оба 1949 жылы Е.И.Агеевойдың жетекшілігімен бастаған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Экспедиция нәтижесінде 2 қорған қазылды. Қорғандарда көзешілер ортасында жасалған сауыттардың сынықтары және жануарлардың сынықтары табылған.
Арыс өзенінің Сырдария өзеніне құятын жерінің солтүстігінде Фараб (Отырар) округіне қатысты көптеген археологиялық ескерткіштер орналасқан.  
    Жалпақтөбе – ортағасырлық қала орны, Темір станциясынан солтүстік-батысқа қарай 17 км қашықтықта Сырдария өзенінің оң жағалауында, Отырартөбеден 10 км жерде орналасқан. Алғаш 1948 ж. Оңтүстік Қазақстан археол. экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам) тапқан.1966–1970 ж. Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев) зерттеу жүргізген. Жалпақтөбенің ежелгі атауы белгісіз. Бұрыштары дүниенің төрт құбыласына сәйкес келетін төртбұрыш тәріздес, екі деңгейден тұратын төбе. Негізгі бөлігінің ауданы 240х200 м. Оның шығыс шеті едәуір биік және трапеция тәріздес келген, табанының ауданы 100х90 м, биікт. 6 м. Әрбір бұрышында орналасқан мұнараларының қираған қалдығының биікт. 7,5–10 м. Батыс қабырғасының орта тұсында орналасқан қос мұнара қала қақпасының екі жақтауын қорғау үшін салынған құрылыс болуы мүмкін. Батыс жағынан келіп қосылатын алаңша аса биік емес, ауданы 140х100 м, биікт. 4 м. Төбенің беткі жағынан табылған ыдыс сынықтары қаланың 1–13 ғ-лар аралығында болғанын көрсетеді

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет