№ исх: 1/817-И от: 28.03.2021
№ вх: 460 от: 28.03.2021
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.Жунусовке Түркістан облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметтік жұмысына жүргізілген кешенді тексеру нәтижесі бойынша Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2021 жылға арналған кешенді (бақылау) тексеру іс-шаралар жоспарына және Департамент бастығының 2021 жылғы 17 наурыздағы №38 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы 18-19 наурыз аралығында Түлкібас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және ТО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен №29,36 өрт сөндіру бекеттерінің қызметіне кешенді тексеру жүргізілді.
Тексеру кезінде 2019 және 2020 жылдардағы және 2021 жылғы 2 айда атқарылған жұмыстары қамтылды.
Түлкібас ауданындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен №36, 29 өрт сөндіру бекеттері: 2020 жылдарға арналған №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен №36, 29 өрт сөндіру бекеттерінің жұмыс жоспары Түркістан облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ бастығымен бекітілген, жұмыс жоспарында 33 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспарланған. Жоспардың орындалу туралы тоқсан сайын кесте түрінде есеп жасалған, хаттардың шығыс нөмірлері көрсетілген. «ӨСжАҚЖҚ» ММ-не 8 іс-шараның орындалуы бойынша ақпараттар ұсынбаған. Есепте көрсетілген хаттардың шығыс нөмірлері сол тармақтың орындалу бойынша емес басқа іс-шараның орындалу бойынша жағдайларыда кездесті, яғни басқа хаттардың шығыс нөмірлерін көрсеткен. Есепте көрсетілген хаттарды сұрату барысында көпшілігі ұсынылған жоқ. Жұмыс жоспарын орындау бойынша хаттар жұмыс жоспарының ісіне тігілмеген. Тексеру барысында 2019 жылғы жұмыс жоспары сұратылды, алайды ӨС бөлім қызметкерлерімен ұсынылмады. 2020 жылы ӨС бөлімінің және бекеттерінің қызметкерлерімен жиналыстар өткізіліп, 100 хаттама түзілген.
№2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің (бұдан әрі-бөлім) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2017 жылғы 26 маусымдағы 445 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысының 7-шы қосымшасындағы көрсетілген тізбесіндегі регламенттік құжаттардың ішінде анықталған кемшіліктер:
Бөлімнің жеке құрамымен өрт саптық дайындығы ұйымдастырылып, №4, №35, №36, №42 жаттығуларды «қанағаттанарлық» бағаға орындады.
Бөлімде 47 дана өрт сөндіру жедел жоспары мен 81 дана өрт сөндіру жедел карточкасы бар оның 40 дана өрт сөндіру жедел жоспары мен 78 дана өрт сөндіру жедел карточкасы 2015 жылғы 18 маусымдағы №159 бұйрығына сәйкес жасалмаған. Бөлімнің жетекшілік ететін басшылық құрамымен 6 жылдан бері қадағалау жасалмай келген. Сонымен қатар 7 дана өрт сөндіру жедел жоспары мен 3 дана өрт сөндіру жедел карточкасы 18.06.2015 ж №159 бұйрығына сәйкес жасалған, бірақ кемшіліктер толықтыруды қажет етеді.
Диспетчерлердің (радиотелефоншылардың) электр қауіпсіздігі бойынша оқыған рұқсат қағазы жоқ.
Бөлімнің байланыс бөлмесіндегі №1,2 мұқабаларға (папкаларда) басшылық тарапынан ай сайын тексеріліп бақылау парағы жазылмаған.