ТҰРСЫН ЖҰМАШ
ПЕРІШТЕ
жыр кітабы
Алғысөзін жазған -
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,
ақын Серік Ақсұңқарұлы.
Құрастырушы-
Тұрсын Жұмаштың жары Айнагүл Қайырбекқызы.
Сарашысы—
Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының
лауреаты Айтбай Сәулебектегі
Қарағанды - 1997
•
«ЖАЛҒЫЗДЫҒЫМ ТУРАЛЫ
АЙТАМ МЕН СІЗГЕ»
немесе
АЛҒЫСӨЗ ОРНЫНА
Қарқаралы өңірінде бір белдің асты, бір заманда
ғұмыр кешсек те, мен оның дидарын көзі тірісінде көре
алмай қалған едім. Өлеңдерін сүйсіне оқып жүріп, «Алла
амандығын берсе, бір жүздесерміз» деп жүргенде, ол бақ-
идан фәниге аттанып кетті.
- Өмір сүріп жүрмесем де Елсізде,
Жалғыздығым туралы айтам мен сізге, -
деп жазып еді марқұм.
Ия, ақын - жалғыз. «Жалғыздық Аллаға ғана жа-
расады» дейді қазақ. Жалғыздық ақынға жараса қойма-
са да, тағдыр мен қоғамдық болмысы оның маңдайына
осыны жазып қойса қайтесің...
Дәлдүріш - көп, санап шығуға саусағың жетпейді.
Оған «шөп те өлең, шеңге де - өлең». Оларға халық та -
бір, тобыр да - бір. Екеуінің де тілін тауып, «елсізде қал-
ған Жұмашшыламай», жалғанды жалпағынан басып
жүріп жатыр. Әлі де жүре бермек.
Ақын - ана секілді, әр өлеңін тоғыз ай толғатып
әрең туады. Дәлдүріш күшіктейді. «Былтырғы жылы елі-
мізге Хрущев кеп, айтып ед еліңізде ырыс көп деп. Айтқ-
аны әулиенің дәл болды да, сол жылы шыға келді күріш
көктеп»... Тұрсын бұлайша жаза алмайды. Бұл оның әрі
бақыты, әрі соры.
Тұрсынның көзі тірісінде кім болғанын тану үшін
оның соңында қалған өлеңдерін оқысақ жетіп жатыр.
Ақынның өлеңдері - өмірі. Орыста Пушкин жайында
алып-қашпа әңгіме көп. Бірақ соның бірде-біреуінен
Пушкиннің ақындық, азаматтық болмысы мен бітімін
көре алмайсың. Пушкиннің бейнесі - «Ақын мен тобыр-
да», «Моцарт пен Сальериде». Тіпті Анна Кернге арнаған
«Есімде екі бір ғажап сәт» атты шағын өлеңнің өзінде
адамзаттан асып туған асқақ Пушкин тұр ғой. «Өзіме өзім
өлмес ескерткіш құйыппын» («Я памятник себе воздвиг
нерукотворный») деп ол тегін айтпаған.
3
ТҰРСЫН Ж ҰМАШ
Періште. Жыр кітабы. Қарағанды, ЖШС «АРКО»,
1997.
37 мүшел жасқа аяқ басқан сәтінде о дүниеге ат-
танған аяулы ақын Тұрсын Жұмаш «аз жазса да, саз
жазған» үлкен дарын иесі. Ол өмірді керемет сүйді.
Қимады. Амал не, өзінің ерте кететіндігін ақын жүрегі-
мен түсінді. Ақынның жаны-рухы мәңгі өлмейтіндігін
терең сырлы, ойшыл жырлары арқылы дәлелдеп кетті.
Тұрсынның көз жұмғандығына екі жыл өткенде
шығарылған тұңғыш жыр жинағы қолдарыңызда, ағай-
ын. Осыған шүкір делік. Асқақ ақын Ю.Лермонтов ай-
тқандай оның «нағыз өмірі енді басталғандығына» сен-
геннен басқа шара жоқ.
Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқара-
лық ақпарат министрлігі.
«Поэты в России рождаются с дантесовкой пулей
в груди» дейді Евг. Евтушенко. Алаш ақындары өзінің
халқына деген қалтқысыз махаббатын қазағына түсінді-
ре алмай, қыршынынан қиылып жатыр! Сол - өкінішті!
«Лермонтов орыс әйелінен туған жоқ, Пушкиннің кеу-
десіне қадалған оқтан жаралды» демекші Жұматайлар
мен Тұрсындардың кеудесіне тұнған ащы көз жасынан
әлі талай тарланбоз ақындар дүниеге шыр етіп келіп,
Алаштың атақ-даңқын аспанға шығара берер.
Қасымды туған Қарқаралы, Мұқағалиды жаратқ-
ан Қарасаз сынды Тұрсынды дүниеге әкелген Балқантау
да Алаш жұртының аяулы топырағына айналады әлі.
«Ақындар Парижде туып, провинцияда өледі» дей-
ді француздар. Тұрсын Балқантаудың баурайында дү-
ниеге келіп, сол маңайда дүниеден кетті. Көзі тірісінде
бірде-бір кітабы жарық көрген жоқ. Өзі өлгеннен кейін
оның поэзиясын сүйетін, творчествосының білгірі, жур-
налист-досы Айтбай Сәулебектегінің еңбегі арқасында
осы кітабы жалғанның жарығын көрді.
Оны қазақтың арқалы ақыны Есенғали Раушанов
таныды. Тамсанды. Есенғалилар екінің бірін, егіздің сы-
ңарын ақын деп атай бермейді.
Сөз соңынан Тұрсын бауырыма арнаған өлеңіммен
тәмамдасам деп отырмын.
ПРОВИНЦИЯЛЫҚ ӘДЕБИЕТ
«Ақындар ауылда туып, Парижде өледі»
Француз мақалы.
Алдымызда айтар асқақ сөз әлі,
Қайран уақыт бізден де әрі озады.
4
Ақындардың арқасы да қозады.
Ақын біткен айтар сөзін тауысып,
Жаңғыртқанда біркелкі үндер тау ішін,
Маңғыстауға жалт қарайды Алатау
Естіп бала Темірханның дауысын!
Сонда қалай, көніп қасаң сүреге,
Бұл буып да бізше өмір сүре ме?
Топас шөйір астанада алшаңдап
Тұрсындарың қой соңында жүре ме?
"Романым - ер құны, - деп ел мұңы,
Жазып жатқан шығар біреу ендігі.
Өтежандар шығатұғын өңірден
Өзгелердің шығатыны белгілі.
Кісі таппай осыларга қой дер бір,
Дүбірлетіп жөнелгенде сөйлер кіл,..
Еркек біткен үнсіз қалды... Алаштың
Ең құрыса бір әйелі сөйлер бір?
Өмірдегі, өлеңдегі тірі өлік,
Дәлдүрішін бетіменен жіберіп.
Төбе би боп мына бізден кейін де
Төр басында отыра ма шіреніп?
Ауыл менен астананы сүзіп ем,
Абай көрдім - Алашымның жүзінен.
Әлі талай жұлдыз терер Алматы
Төлеужан мен Төлегеннің ізінен.
Ауыл менен астананың арасы,
Қанша қашық дегенменен қарашы.
Асқақ қарап тұрған Алатауыңнан
Абай биік - Шыңғыстаудың баласы!
5
Жүрегімді сол Семей оты ұрып,
Өмір сүріп келем өксіп, өкініп.
Ақындардың туатыны рас ауылда,
Астанада өлетіні өтірік.
Серік Ақсұңқарұлы,
ақын.
6
БІРІНШІ БӨЛІМ
ҚАЗЫБЕК БИ АУЫЛЫНДА
БІР АҚЫН БАР
Жыр жинағым жарқырап,
шықпаса да баспадан,
Мені бір күн түсініп,
ойланады Астанам.
Алатауда бір шың бар,
ешкім аяқ баспаған,
Мен сол шыңға шығамын,
шыға алмайды басқа Адам.
7
ТҰЛПАР-АҚ ЕКЕН
Бұл жігіттің екі «айыбы» бар. Бірі - астанадан
шалғай ауданда тұратындығы. Екіншісі - мынадай за-
манда өлең жазып жүргендігі. Әйтпесе айдарынан жел
есіп тұрған мына өлеңдердің әлдеқашан-ақ айы оңынан
туатын жөні бар емес пе? Амал қанша, жырсүйер қауым
Тұрсын Жұмашев деген ақынды әлі білмейді. Мен де
білмейтін едім.
Бірде Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан»
газеті қолыма түсе қалды. Ол газет маған қалай келді,
неге, жадымда жоқ, жадымда қалғаны - төртінші бетін-
дегі бір топ өлеңдер. Бұл топтаманың авторы - Қараған-
дының Егіндібұлақ ауданында тұратын Тұрсын Жұма-
шев екен.
Риза боп, хат жазып жібердім. Ойым — жас ақын-
ның жырларын Алматының газет-журналдарына жари-
ялату. Жұмашев мырзаның жауабын ұзақ күтуге тура
келді. «Жұматайға ұқсай ма, қалай өзі?» дедім де қой-
дым. Жұматай демекші, баяғыда мен ауылда жүргенде
Жұматай дәл осылай хат жазған.
«Барлық ақын - баласы бір ананың» (Мұқағали).
Тұрсын айтады:
Мен де бір тұлпарыңмын, тағдыры бар,
Даланың кеңдігінен байқалмаған.
Мен сенгім келеді.
Есенғали Раушанов,
Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреа-
ты, «Зерде» журналының бас редакторы.
«Жас қазақ», 11-қараша, 1992 жыл.
8
ШЕР
Мұқағали Мақатаевқа
Көзі мұңды, тұлғалы, иығы кең,
Қарайды да тұрады Ол Биігінен,
Шеріне шер қос қызып алды ма Ақын:
Қинала ма,
таба алмай күйігіне ем?
Алып ақын тауларға сүйенеді,
Ойланады,
Орманга жиі енеді,
Бір басына төндіріп қара аспанды,
Қара құрттар
Жүрегін күйеледі...
Тәңірге жалбарынып таң атырды,
Көз алдыңда қала емес, Дала тұрды.
Хантәңірді ойлады, Қарасазды
Шыдамады,
Ақыры қанат ұрды.
Ұшты биік, бұлттардың үстіменен,
Қарасазы жарқ етіп, түсті төмен,
Туған жерге
табанын тигізіп тұр,
Сағынышы ақынның күшті де, ерен.
Сағынышын жеткізіп көпке деген,
Құрбысына болады Ол өкпелеген...,
Тауларға
алып-ұшып бара жатты
Өміріне айналып кеткен Өлең.
Хантәңірдің толғанып тұр басында,
Бір ұқсастық бар оның тұлғасында,
Жалғыздығын
түсініп жылап тұрды,
Ұлы ақын туатын бір ғасырда.
9
АБЫРАЛЫ ТАУЛАРЫНДАЙ АЙБЫНДЫ
Төлеужан ЫСМАЙЫЛОВҚА
Рухыңызбен
сырласып жүрмін көптен мен,
Шаршайды Ақын жыр маржанын көп терген.
Құдіреттің бірі Сіз ғой, жан аға,
Қол ұстасып кетіп қалған көктеммен.
Ешкімде жоқ, өкініш бар менде бір,
Ешкімді де жылатпасын енді - Өмір,
Әулиенің бірі Сіз ғой жан аға,
Әулиені түсіне ме, пенде бұл..;
Көрмейсіз-ау, аспандағы Ай-Күнді,
Жылағым кеп, жасырамын қайғымды.
Көктем жақта
жыр жазып жүр Әр ақын,
Абыралы тауларындай айбынды.
ҚАЙҒЫРМА
Қасіретім
жеп тына мені іштен
Шарапты да Сол ішеді мен ішкен.
Дос - дұшпанға таба қылмай
Қорғап жүр,
Қорғап жүрші, аппақ қанат Періштем.
Құдай білсін, жатарымды қай қырда,
О, Жаратқан ақ жолыңнан тайдырма.
Мен бір түні өлең жазып отырып
Таң алдында -
ғайып болсам... қайғырма.
Мені іздеме,
көздеріңе жас алып,
Біз осындай бір келісім жасалық.
Төнім қайтып
келмегенмен аяулым,
рухым қайтып
оралады жасарып,
10
БІЛЕСІҢ ҒОЙ, ЖАПЫРАҚ...
Сәні кетіп таудың да, даланың да
Қиын болып барады маған мұнда...
Жапырақта мұңайган жалғыз тамшы,
Мөлдірейді бейкүнә жанарымда.
Білесің ғой, білесің, түсінеің
Қарашада қалтырап үсінесің,
Ақ қайың-ау, бұрымыңды сілкіп тастап,
Қайдағыны есіме түсіресің...
СӘБИ МЕН ҚҰС
Ұлым Медетке
Көзімді ілсем,
Құс көремін түсі аппақ,
Қанатына алтын сепкен ұсақтап.
Аппақ құсты алақанға қондырып,
Еркелетем
сәбиімдей құшақтап,
Сәби мен құс...
жүректері пәк қандай!
Бірі жүріп, бірі қанат қаққандай.
Өліп қалған сезімдерім тіріліп,
Періштелер
ұшып бара жатқандай.
ӨЛЕҢГЕ
Жүрегімді аялайды ерке өлең,
Қимайтынын білдіреді Ол ертеден,
Қайран Өлең,
аппақ қанат құс болып
Жылайсың ба,
Өліп қалсам, ерте мен?
Дарынсыздан мені бөліп алшы анық,
Өмір қызық болғанымен қаншалық.
Өліп кетсем,
11
ұшып келіп қайтадан -
Кетесің бе, кеудеме Сен жан салып.
Мұңды сөз
Кетіп барам Балқантауға асығып,
Құт-ұяңнан құпиямды жасырып.
Ұнатамын, тауда жалғыз жүргенді,
Жүрегімнің ауырғаны басылып.
Жақсы көрем, таңның тыныш атқанын,
Өлеңім ғой таудан іздеп тапқаным.
О, Жаратқан, сезбейді ғой дейсің бе,
Өмірімнің өтіп бара жатқанын...
Ойлағаным ойдағыдай бола ма,
Мен болмасам, есен-аман бол, Аға.
Қу жалғанның
ала кіріп жарығын -
Құран оқып шығасыз ба, молама?
МАУСЫМ АЙЫ
Маусым айы - бұл менің туған айым,
Шөлімді қандыр бұлақ, шула қайың,
Алтыныңа арбалған пенде емеспін,
Жанымды ұқсаң болғаны тума ағайын.
Керегі жоқ шапаның, ақ атың да,
Керегі жоқ сақина, сағатың да.
Менің барлық байлығым өзімде ғой
Ақыл-ойым, шабытым, жан отымда.
Өлеңсіз бұл өмірден мән кетеді,
Көңіл-құсым осылай әндетеді,
Қызықпай-ақ, қойдым мен бақыттыға,
Болмысымның жарқылы мәңгі етеді.
12
ӘКЕ ҚАБІРІ БАСЫНДАҒЫ ОЙ
Ұлы Отан соғысында алған жарақаттан 44
жасында дүниеден өткен офицер, ұстаз Темірғали
ЖҰМАШҰЛЫНА
Сен кеткелі дүниеге басқа бір
Сені басып жатып алды тас қабір,
Аспан ашық
тұр емес пе, құдай-ау,
Көзімдегі қатып қалған жас па бұл?
Қабіріңе түстің бе, Әке, бір аунап,
Мені де бір ауыр ойлар жүр аулап.
Құлыныңды тастап кеттің...
Ал Өзің,
Құлын көрсең жүруші едің құраулап.
Қырық жастан аспады ғой алдымыз,
Жүрегіңде оқтан басқа қалды ма із?
Сен кеткенде
бір бұрышта бүрісіп
Екі ұлын мен жапырақтай қалды қыз.
Қандай бақыт күтіп едік алдан біз,
Ұстаз болды сол бір жетім қалған қыз.
Қайран, Әке,
өзіңді ойлап жетілдік,
Қос аңаның құшағында қалған біз.
13
САУ АДАМДЫ ЖЫНДЫ ЕТЕР ОРТАДА
Өмір сүре алмайсың ба, кектенбей,
Еркіндігім үшін мені жек көрмей?
Қиын екен көңіл шіркін бір қалса,
Қара жерге отырғызып кеткендей.
Жүрісім де, ұнамайды-ау, тұрысым
Ұнамасам ұнамайын, құрысын...
Сау адамды жынды етер ортада,
Өмір сүріп жүргенім рас, Жыр үшін.
Өз Әлемім бар ғой менің, бар алыс
Онда ұшып жете алмайды қара құс.
Менің нәзік жүрегіме жүк артып,
Келеді есек жаны сірі, тарамыс.
Бір сөз айтып қалайын деп оқталып,
Жалт қарап ем, алыпты олар топталып.
Кешір, есек, сенің жүгің өзіңде,
Пенделерден жүр ғой көңіл көп қалып...
ЭКСПРОМТ
Өсер елдің
баласы осындайға бара ма?
Атқың келсе,
атып қал!
Құдайға да қарама.
Атқың келсе,
атып қал!
Жетті мысқыл-мазағың,
Ақындарды атқызып
қарап тұрмас қазағым.
14
БҰЛ ДҮНИЕДЕ
Құстар қайтып бара жатыр қаңқылдап,
Менің де бір құсым кетті ілесіп...
Қалғандаймын
қаралы бір ән тыңдап,
Бұл дүниеде сұмдық ызғар тұр есіп.
Құстар неге қайтады екен асығып,
Табиғатты түсінбейміз, біз ұғып.
Өлейін бе,
сезімімді жасырып?
Қайтқан құсқа шаршап қарап -
Көзімнен
Бір тамшы жас түсті жерге үзіліп...
МЕНІКІ НЕ?
Көзімді алмай өстім биік шыңдардан -
Менікі не?
Менікі сол мұңды арман.
Өзімді алып кетіп бара жатырмын,
Жүрегімді жаралаған жылдардан.
Өмірімді қасіретке жүр бөлеп,
Менің барлық көзқарасым бір бөлек.
Маған ешкім көмек бере алмайды
Құдайымнан болмаса егер бір көмек.
Қайтесіңдер маған осы тас атып,
Тас атқанды түбінде бір ас атып.
Құдай ақы, әруақтар қолдаса,
Мен де кетем,
Бір тойымды жасатып.
15
ҚҰДАЙ ӨЗІ ЖІБЕРСЕ
Балқантаудың басына отырамын мен шығып,
Кетіп қалды Жұматай, ғайып болды Кеңшілік,
Алты Алаштың асылын алар едім көтеріп,
Құдай өзі жіберсе құдіретті емші ғып.
Мен олардың барлығын қара жерден тұрғызып
Алатаудан әлемге жетер еді бір қызық...
Қуат алып тауымның тамырынан тараған,
Алабұртып көңілім, тұлабойым тұр қызып.
Қырық жастан асқанда кетті көбі тоқтамай
Жүрегіне ақынның қадалады оқ қалай?
Жер бетінен таба алмай, кеңістіктен іздедім
Рухтары осында -
Ал өздері жоқ, қалай?
ӨКПЕЛЕТІП ҚОЯДЫ
Жалғыздық алғанда қыспағына,
Өлең жазғым келмеді қыста мына...
Бозторғайым бар еді оятатын,
Шыр-шыр етіп ол дағы ұшпады да,
Әйтеуір өзгелерден басқалаумын,
Өлең жазбай,
бола ма тас қалауым?
Ауылда жалғызсырап жүргенім рас,
Өкпелетіп қояды басқа қауым...
Менің жалғыз жүргенім досқа ауыр ма,
Ол да айналып барады тас бауырға,
Басқа өлемге қайтеді кетіп қалсам,
Ешкім қаитып
келмейтін басқа ауылға...
16
Ермек БАЛТАШҰЛЫНА
Мен үшін түк қызық қалмаған,
Күндерде қол ұшын созған дос,
Арбаған, көбісі алдаған
Жақсы мен жаманнан озған дос.
Күлкімді жоғалтып алғанда,
Құшағын айқара ашқан дос.
Жарығым жалп етіп қалғанда,
Шапағат шуағын шашқан дос.
Көп досым қатынша сөзге еріп
г
Өзгеріп кеткенде, қалған дос.
Жанымды тез ұғып, тез көріп,
Басымды көтеріп алған дос...
ҰШЫП БАРАМ...
Селт етпейді қу көңілім мұң басқан,
Жарық дүние - мөлдір шыны кір басқан...
Жымыңдаған бір жұлдызың болайын
Мені өзіңе алып кетші түнгі аспан.
Өткен өмір... есімде жоқ.. тағы ұшып,
Жылайыншы періштеме табысып,
О, Жер-ана, кешір мені, қыл-қыбыр
Болмады ғой жүрегіме жабысып...
Жүрегімді сақтау үшін қалпында,
Қызықпадым күміске де, алтынға.
Жолдан таймау қиын екен, соны ұғып -
Ұшып барам
Жылуы жоқ жарқылға...
17
МЕНІ ДЕ АТСЫН СҰЛУЛЫҚТЫ
ТҮСІНБЕГЕН
Құс болсам ұшар ем аспанда биік,
Кеудемді отқа тосамын батқандай күйік,
Мен Сені оларға атқызбаймын,
Атқызбаймын Мен Сені жасқанба, киік.
Киелім-ау, Құдай өзі мүсіндеген,
Мені де атсын, Сұлулықты түсінбеген.
Жалаң аяқ қып-қызыл шоқты басып,
Күліп тұрмын бақытты пішінде Мен.
ҚАЗЫБЕК БИ АУЛЫНДА
БІР АҚЫН БАР
Бұлақтарға қызығып тасып аққан
Табанына таулардың тасы батқан,
Қазыбек би ауылында бір ақын бар,
Сені ойлаумен күні-түн басы қатқан.
Қалып қоймай ауылда, от басында
Ол да бір күн жетеді, тоқтасын ба?
Бір-ақ шумақ өлеңі қалады оның
Балқантаудың ойылып көк тасыңда.
Ол туралы еш пенде ойланбайды,
Сырты бүтін, ал іші - толған қайғы...
Сол ақынды аяулым, сен білесің,
Түсінесің сен ғана сор маңдайды.
18
БҮГІН ҮЙГЕ ҚАЙТПАЙМЫН
Қызықтырмай барады түк те мені
Жұлдыздар - қара аспанның нүктелері,
Ертең, мүмкін сенімен хабарласам,
Бүгін үйге қайтпаймын, күтпе мені...
Күз келіпті... Мен қалай байқамағам?
Қиын болып барады қайта маған.
Жапырақтар - жүректің көшірмесі,
Сайтанның көшірмесі - САЙҚАЛ АДАМ.
Жаз қалдырып кетеді күзге несін,
Сен мені іздеп бұл жерге жүз келесің.
Сағыныш бар өсімдік әлемінде,
Мен - сондамын, мені ешкім
іздемесін...
Түймелерің кетіпті ағытылып,
Өлең жазып келдің бе, тағы тұрып?
Аспанда - Ай.,. Үстіңде қарай көйлек...
Көп толқимын бойымды шабыт ұрып.
Біреулер жүр күбірлеп осы маңда,
Кімдер олар, ақынның досы бар ма?
... Пушкинді атып өлтірген Дантес
шығар,
Мен де қарсы тұрамын осыларға...
Өлең оқып ақын қыз, бозбалаға,
Тұрып қалған тіршілік қозғала ма?
...Болдиноға күз келді, Пушкин
келмей...
Боздағым кеп қараймын боз далаға,
19
АДАМ ҰҒЫП БОЛМАЙТЫН
САҒЫНЫШПЫН
Өтті көктем, дүркіреп өтті көктем,
Ақ самалы аймалап өпті беттен.
Бір күні бір жаққа кетіп қалға,.
Алтынымның дауысы жетті көктен.
Мен аспанның жетінші қабатында -
Жүрмін ұшып, таусылды тағатым да...
Сенің мөлдір бейнеңді көріп қалам,
Сағыныштың өртеніп тағы отында...
Саған ауып аңсарым алыстағы,
Алматымның елестеп таныс бағы...
Өлең оқып отырған сені көріп,
Алапат күш кеудемді жаныштады.
Жерді тастап кеткелі Айға, алысқа
г
Мен сенімен шықпадым байланысқа.
Өлең үшін туыпсың, жаным менің -
Бөтен іспең алданып, айналыспа.
Құдай саған керемет беріп күшін,
Не жазсаң да еркінсің, еріктісің.
Сенен қашып кеткем жоқ мен бұл
жаққа
Қыл-қыбырдан жүрегім жеріпті шын,
Көп қарайсың аспанға, Алашыңа,
Алаңдайсың ауырса анашыңа.
Өзің айтшы, базарда балық сатқан
Абай туған қазақтың баласы ма?..
Не болып барады айтшы қоғамдарың,
Қажеті жоқ, сұмдық-ау, оған дарын.
Поэзияға қарсы бір күшті топ бар
Бүлдіретін солар ғой, солар бәрін.
20
Періштелер оянып... ұшты бәрі,
Пері қарсы тұрып ап ысқырады.
Құлазыған көңілге мың да бір ем -
Өлең деген керемет күшті дәрі
Ақын жаны өлмейді анығында,
Періштеге айналып жаны мұңда,
Жеті қабат аспанда жүреді ұшып,
Таң алдында, түннің бір жарымында.
Жүреді ұшып елемей ештеңені,
рухы таза еместер сескенеді.
Ғашықтарды сарғайтып, сағындырып
Бақыт шіркін, келсе де, кеш келеді.
Кеше оқыған өлеңің қандай мұнды,
Тауға, тасқа соқтың-ау, маңдайыңды.
... Менен басқа бір жұмбақ қыз
бар екен,
Ғашық болып бөліскен сан қайғыңды.
Секем алып сескеніп, елеңдеме
Сенен басқа адамға сенем бе, не?
Түсініксіз түс көріп жүргендеймін,
Бөлектеніп кеткелі менен дене.
Аспанға бір келеді-ау алып ұшқым,
Көрінбедің көзіме нағып үш күн?
Мені қиын түсіну, мен өйткені -
Адам ұғып болмайтын сағынышпын...
ІЗДЕЙДІ
Кірпік ілмей атырдың тағы таңды,
Құс ұшырып кеудеңнен ағыт әнді.
Мен мінген таңғажайып күміс кеме,
Беймәлім планетаға бағыт алды.
Қош бол енді, қолыңды ал ұстаймын
Таныс әуен, таныс жыр, таныс
қайғың...
21
Сыймасаң да жүресің жер бетінде,
Қимасам да мен сенен алыстаймын..,
Махаббаттың әдемі әні үзілді,
Тұрмын жалғыз қарсы алып кәрі күзді.
Айлар өтер, жыл өтер ғасыр өтер...
Іздейді ғой бәрібір бәрі бізді...
ҚИМАЙМЫН
Қызық еді бүл өмір ол барында,
Кездесуші ек жалғанның жолдарында
Қашан көрсем: үстінде ақ көйлегі,
Бір тал ақ гүл болатын қолдарында.
Сонда менің жетердей төбем көкке,
Сырымды айтып қоятын өлең көпке,
Биігіне мен оның жете алмасам -
Қатар ұша берейін, төмендеп те.
Мінсіз еді мүсіні, өзгеше еді
Қайран қалып қарайды көз кешегі,
Сол бір ару болмаса жердегі бұл,
Ит тірлікке жүрегім төзбес еді.
Ол кетті де мен үнсіз еңіредім,
Өмір жайлы мен осы не білемін?
Аспан жаққа бір қарап күрсінем де,
Арбасына тірліктің жегілемін.
Қарғап-сілеп қайтемін жасағанды,
Қу тірлікте түк те жоқ аса мәнді.
Періште емес екен ол, пері де емес,
Достарыңызбен бөлісу: |