Қуаныш шонбай


Біліктілік иллюзиясының масштабтары әр түрлі



Pdf көрінісі
бет40/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   95
     Біліктілік иллюзиясының масштабтары әр түрлі. 
     Қарапайым өлең жолдарынан бастап, кәсіби маман 
дықтың тақырыптарына дейін. Осы себепті бұл құбылыс 
ты үйренуді үйренудің ең үлкен індеті деп анықтар едім. 
     Біліктілік иллюзиясы орын алуының тағы бір себебі – 
қайталау. Жаңа материалды меңгеру барысында көбіміз 
қайталауға басымдық береміз. Психолог Джеффри Кар- 
пикке
36
 зерттеуі бойынша қайталаудың өнімділікке әсері 
өте төмен. Қайталау әрекеті көмектеспегенімен ғана қой- 
май, кері әсерін де тигізуі әбден мүмкін екені анықталып 
қойыпты. 
     Оның орнына еске түсіру әрекеті айтарлықтай тиімді 
әрі пайдалы болғанын айта кеткен де жөн болар. Ғылыми 
мәтінді меңгеру тапсырылған студенттер қайталау емес, 
еске түсірумен айналысқанда ғана жоғары нәтиже көрсе 
те алған. 
     Өлең жаттау мысалында қорытындылайтын болсақ, 
ақпарат есте қалу үшін 10 рет қайта оқығанша, 1 рет 
оқып еске түсіруге тырысқаннан ұтасың. Кітапты оқу ба- 
рысында бір тараудан кейін кітапты жауып қойып есіңе 
түсірсең, не біреуге әңгімелеп айтып берсең оң әсерін 
ұлғайтасың. Ал қолдана алсаң мүлдем естен шықпайтын 
болады. Тренингке қатысқан күні үйге бара салысымен, 
басынан соңына дейін еске түсіріп көрсең, тренингке 
кеткен ақшаңның ақталары сөзсіз.  
     Джеффри мырза зерттеуінің ең қызығы – зерттеу- 
ге қатысқан студенттердің таңдауы қайталау болғаны. 
Олардың ойынша жаттаудың ең ыңғайлы жолы қайта- 
лау екен. Көріп тұрғандай, осындай жалған сенімдердің 
салдарынан біліктілік иллюзиясы кең тарап бара жатыр. 
Google сынды сервистер оған өз үлесін қосып та жүр. Те- 
лефонның көмегімен кез келген ақпаратты оңай әрі тез 
(Internet болса болғаны) табу мүмкіндігі «мен білемін» 
деген ұстанымды «сыйлайды» екен.  
     Зерттеудің ашқан тағы бір жаңалығы – жаңа материал- 
ды көрнекі құралға, яғни диаграммаға, интеллект кар- 
___________ 
36
  Джеффри  Карлик  –  психолог.  Пердью  университетінде  когнетивті  психология 
профессоры. 


 
88
 
 
таға айналдыру немесе сурет ретінде салудың тиімділігі. 
Аталмыш әрекеттер жаңа материалдың мида сақталуы- 
на жақсы әсер етеді деген үмітпен практикаға кірісіп ке- 
теміз. Алайда, жаңа ақпараттар жұмыс жадында болған 
кезінде өзара тығыз байланыс орнамаса, тиімділігі айтар- 
лықтай болмайтыны анықталды. Яғни, жаңа материалды 
толық түсінбесек және бұрынғы білгенмен байланысты- 
ра алмасақ, ертең қолдана алуымыз да екiталай. Жоғары 
да келтірген қойма мысалымен түсіндіретін болсам, жаңа 
ақпарат тиісті орнында сақталмай, бір қуыста қалып 
қояды. 
     Ал еске түсіру дағдысын дамыту үшін, кілтті (өзекті) 
идеяларды анықтауды не оның мәнін түсіндіруді меңгеру 
керек. Бұл көбіне уақытпен келетін дағды дер едім. Сон- 
дықтан бастапқыда кездескен сәтсіздіктен қаймықпа. 
     Толық көрініс (Big Picture). Бүгінгі білім беру жүйе- 
сінің негізгі кемшілігі қайталау арқылы жаттауға негіз- 
делуінде. Мектеп оқушылары көптеген ақпаратты жа- 
дында сақтап алған. Тіпті қатты қиналмай қайта шығара 
да алады. Бірақ бұл – уақытша құбылыс. Ертең-ақ естен 
шығады. 
     Жұмыс жадындағы ақпаратты екі жол күтеді. Бірін- 
шісі – ұзақ мерзімді жадтың бір бұрышында қалып қою, 
сәйкесінше оны ұмытып қалу. Екіншісі, ұзақ мерзімді 
жадтан өз орнын табуы және керек кезде еске түсіре алу. 
Осы екі жад арасында үйлесiм пайда болып ортақ жұмыс 
болғанда ғана біздің миымызда «толық көрініс» пайда 
болады. Не керек екенін, не үшін және қалай керек екенін 
түсіне бастаймыз. 
     ТҮCІHУ ЕКІ ҚАДАМНАН ТҰРАДЫ. Қысқа мерзім- 
де жадтағы ақпараттың өзара байланысын, мәнін ұғу. Біз 
осыны түсінген кезде ғана олардың арасында берік бай- 
ланыс орнайды. 2. Сол жаңа орнаған берік байланыстағы 
ақпараттар жиынтығының үлкен жүйедегі орнын түсіну 
және орналастыру. 
     Мысалмен түсіндіріп көрейін. Көз алдыңа мейрамхан- 
наны елестет. Бәрімізге таныс мысал ғой. Даяшы келіп 


 
сенен тапсырыс қабылдады. Осы кезде даяшының миы 
зейінді режимде жұмыс істеп тұр. Себебі, ол әр клиенттің 
қалауын жеке-жеке жаттап алуы керек. Шатаспауы тиіс. 
Даяшылар бұл межеден әдетте сүрінбей өтеді. Сенің бер- 
ген тапсырысың оның жұмыс жадында сақталды. Тапсы- 
рыс орындалып, ас дастарқанға жеткізілгеннен кейін 
және сен шотты жапқаннан соң даяшыдан не тапсырыс 
болғанын сұрасаң, жауап бере алуы қиындау. Жұмыс жа- 
дында болған тапсырыс, ұзақ мерзімді жадта жүйеленбей 
қалды. 
     Дәл осындай арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар 
мұны «Даяшы феномені» деп атайды. Бүгінгі оқушылар- 
дың көпшілігі және тек олар ғана емес, көпшілігіміз осы 
феноменге шалдығып қалдық. 
     Ал егер даяшы әр клиенттің болмаса да, тұрақты кли- 
ент тапсырысының логикасын байқай алса ше... Яғни 
жұмыс жадындағы ақпараттың өзара байланысын қа- 
лыптастыра алса, сол клиентке қызмет көрсету деңгейі 
айтарлықтай жоғары болатын еді. Даяшылардың «Сізге 
әдеттегідей ме» деп сұрайтынын кинодан көп көріп жүр- 
міз ғой. Қарапайым тапсырыстар негізінде клиенттің 
болашақ қалауын анықтай алатын даяшы маман ретінде 
өте құнды. Бұл даяшы кейде клиентке сұрағанын емес, 
қалағанын бере алуы әбден мүмкін. Ал даяшының осы 
қабілеті – толық көріністі көре алғанында. 
     Осы бөлім үйренуді үйренуге байланысты тұжырым- 
ды екі сұраққа жауап бере алды деп сенемін. Олар: 
     1. Не істеу керек? 
     2. Қалай істеу керек? 
     Біріншісінде қайталау керек десек, екіншісіне ин- 
тервалмен, яғни араға уақыт салып қайталауды ұсынып 
отырмын. 
     ҚАТЕЛІКТЕР. Үйренуді үйренуге мүмкіндік ашатын 
келесі элемент – қателіктер. Жағымсыз негативті әсері 
бар ұғым болғанымен, үйрену – қабілетті шыңдаудағы 
таптырмас амал. Қателік жасау табиғатын бір тараудың 
ғана масштабына ашу оңай емес. Сол себепті негізгі ойда 
ғана жазуды жөн көрдім. 


 
90
 
     
«Ақымақ ешқандай қателіктен сабақ алмайды; ақыл- 
ды өз қателігінен сабақ алады; тек дана адам ғана өзгенің 
қателігінен сабақ алады» деген сөз бар халықта. Бұған 
«Біреудің тонна қателігі бес тиын, өзіңнің грамм қателі- 
гің мың тиын» деген нақылды да қосуға болады. Саналы 
адам өзінің қателігінен сабақ алады. Бұл біздің бойымы- 
ға туа біткен қабілет. Кішкентай кезiмiзден одан әрі да- 
мып отыруымыз керек. Алайда, кейбір келеңсіз жағдай- 
лардың әсерінен бар заттың өзі жоқ болып қалады. 
     Қателікке ұрынған сайын үйренуді үйренудегі тәжіри- 
бең артады. Қателік істеуден қорықпау керек. Ең басты- 
сы, бір қателікті қайталамасаң болғаны. Қателіктен сабақ 
алмаған жағдайда ғана қателік қайталанады. Кейде бір 
қателіктің беретін сабағы көп болады. 
     Қателіктің ең үлкен пайдасы – жадымыздағы ақпарат- 
тардың негізінде құрылған заңдылықтардың өзектілігін 
анықтау, себеп-салдарлы байланысын жою не күшейту. 
     OVER ОҚУ. Жаңа идея, жаңа сөз, жаңа тұжырым не- 
месе жаңа амалды үйрену кезінде, белгілі бір уақыт ішін- 
де, оларды жаттап алып, жадымызға сақтаймыз. Енді осы 
жерден тоқтамай одан әрі ізденіске көшіп, одан көп жаңа 
дүниені тұтына беруді over оқу (овер оку) деп атаймыз. 
Яғни, жаңа ақпараттың арасында байланыс орнап, өз ор- 
нын тапқаннан кейін қолданысқа өтпей, алдыңғы әрекет 
ті қайталай беру. 
     Овер оқудың өзіндік орны бар. Ол белгілі бір әре- 
кетті автоматизмге (дағдыға) жеткізуі мүмкін. Мысалы, 
былғары қолғап шеберлерінің қауіп төнгенде қол серме 
уі, музыка маманының аспапта еркін ойнауы. Аталған 
жағдайларда овер оқу өте пайдалы. Автоматизм жүйке 
сыр берген кезде жақсы көмектесе алады. Халықтың ал- 
дына шығуға уайым пайда болғанда сәтті өнер көрсетуге 
өз ықпалын тигізеді. 
     Алайда, осы саладағы зерттеулерге сүйенсек, овер 
оқудың ең үлкен кемшілігі – құнды уақыттың зая кетуі. 
Ұзақ мерзімді жадта пайда болған бір байланысты ғана 
шындау арқылы шектеліп қалуға болады. Үнемі балға- 
 
 


мен ғана жұмыс істеген адамға өзге жұмыс тапсырсаң, ол 
тек балғамен орындауды ойлайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет