Умит тажикеновой



бет1/6
Дата11.03.2022
өлшемі33,61 Kb.
#27673
  1   2   3   4   5   6

АВТОРСКАЯ ПОЗИЦИЯ И ОБРАЗ АВТОРА В ПРОЗЕ 
УМИТ ТАЖИКЕНОВОЙ 
 
Түйіндеме:  Мақалада  қазіргі  қазақстандық  әйелдер  прозасының  көрнекті  де  белді  өкілдерінің  бірі  Үміт 
Тәжікенова  шығармашылығындағы  авторлық  позиция  мен  автор  образының  берілуі  жайында  кеңінен  сөз 
болады. Жалпы көркем шығармадағы авторлық позицияның көрінісі әртүрлі болатыны белгілі, бір туындыгер 
түрлі фактілерді іріктеу арқылы, екіншісі кейіпкер болмысын тартыс үстінде танытуға шебер болса, келесі бір 
автор  сюжет  арқылы  беруді  дұрыс  көреді.  Бір  сөзбен  айтанда,  авторлық  позиция  көркем  туындының  барлық 
негізгі қабаттарында көрініс табады. Ал прозаик Үміт Тәжікенова туындыларында бұл аталған мәселелер әйел 
тағдыры  жайындағы  туындылары  арқылы  жүзеге  асқан.  Әйелдер  прозасындағы  авторлық  позиция  туралы 
бүгінгі  әдебиеттану  ғылымында  Н.Н.Немова,  Т.Мелешко,  Л.И.Абдуллина,  Ф.Е.Исмаилова,  Ю.Кристева, 
А.Ю.Большакова,  Е.В.Улыбина,  Т.Ровенская  сынды  ғалымдар  еңбектерінде  көптеген  концепциялар  берілген.  
Үміт  Тәжікенова  –  шағын  әңгіме  жанрының  шебері.  Жазушының  проза  жанрындағы  стилі  де  ерекше.  Орыс 
тілді жазушы өз туындыларында қазақ халқына ғана тән сөз тіркестері мен фразаларды еркін енгізіп отырған. 
Бұл  әдіс  белгілі  бір  дәрежеде  жазушы  шығармаларына  ұлттық  колорит  дарытқан  деуге  болады.  Осы  арқылы 
автор өз халқымен, оның тыныс-тіршілігі, тағдырымен, қуаныш, қайғысымен ортақ, бірге екенін анық көрсете 
білген. Бұл орайда автор символ сөздерді жиі пайдаланып отырғандығы бірнеше әңгімелерін талдау арқылы сөз 
болады. Жазушының шағын әңгімелерінде (миниатюралары) әртүрлі жастағы және  өмірлік ұстанымы  әртүрлі 
әйелдердің  архетипі  жарқын  көрініс  тапқан.  Тәжікенова  сомдаған  образдар  ішкі  рухани  дүниесінің  күштілігі-
мен, жан дүниесінің тазалығы, тереңдігімен ерекшеленеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет