Урбанизацияның геоэкологиялық МӘселелері



Дата15.12.2023
өлшемі360,58 Kb.
#138619
Байланысты:
Урбанизацияның геоэкологиялық мәселелері экология

УРБАНИЗАЦИЯНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ЖОСПАР

  • Урбанизация
  • Қала жағдайы
  • Қала экологиясы
  • Мәселелер

УРБАНИЗАЦИЯ

  • Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) — еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек-

  • шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне
    латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.

ҚАЛА ЖАҒДАЙЫ

Қазір Қазақстанда 87 қала мен 200-ден аса қала типтес елді мекендер бар.

Республикада 3 миллионер қала бар: Алматы (1 854

556 адам), Астана (1 078 362 адам) және Шымкент (1

011 551 адам).

Егер ХХ ғасырдың 20-жылдарында қалаларда

халықтың 9%-ы ғана тұратын болса, қазір оның үлесі бүкіл қала халқының 57,8%-ын құрайды. Болжам бойынша жақын арада 60%-ға жетеді. Қала халқы

Қарағанды (79,5%) және Павлодар сияқты өндірістік (70,7%) облыстарда басым. Бұл аталған аймақтарда қала халқының басым болуы өнеркәсіптің дамуымен тікелей байланысты.

МӘСЕЛЕЛЕР


Кіші қалалардағы өнеркәсіп бір-екі кәсіпорынмен немесе оның мүлдем болмауымен шектеледі.
Бұл халықты жұмыс орындарымен, көлік қатынасымен, ауызсумен қамтамасыз етуде күрделі
әлеуметтік-экономикалық жағдайдың туындауына себепші болды. Мұндай жағдайда Кентау, Жаңатас, Қаратау, Талғар қалаларына тән. Елде осы қалалардың маңызды мәселелерін шешу мақсатында жасалатын шараларды басқарып, реттеу үшін 2012-2020 жылдарға моноқалаларды
дамыту бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарлама аясында инженерлік инфрақұрылымды салу, өнеркәсіптік аймақтарды және индустриялық зоналарды қалыптастыру іске асырылмақ.
Қазақстанда атмосфераны ластайтын заттардың максималды концентрациясы басым бірнеше қала бар. Бұлар: Ақтөбе, Алматы, Астана, Қарағанды, Талдықорған, Балқаш және т.б. қалалар. Алматыда ластанудың 15,5%-ы зауыттарға, 23,3%-ы қалааралық
көлікке, 58,6%-ы автокөлікке тиесілі. Алматы қаласының ауасында жоғары
температурада отынның жануы кезінде пайда болатын азот диоксиді басым. Оның негізгі көздері автокөлік қалдық газдары, ЖЭС-тің ауаға зиянды шығарылымдары, қатты
қалдықтарды жағу мен газдың жануы болып табылады. Қаланың лас ауасы
тұрғындардың денсаулығына зиян, ал күкірт қосылыстары тарихи сәулеттік
ескерткіштерге кері әсер тигізеді. Мұндай қалаларда көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін
бөліп шығаратын, шуды төмендететін орман алқаптарын отырғызып, ал өндірістік
кәсіпорындарында тазалау сүзгілерін орнату керек.
Қала мен қала шегінде шоғырланған өнеркәсіптік, әсіресе энергетикалық, металлургиялық, химиялық және өзге де кәсіпорындар қоршаған ортаға айтарлықтай теріс ықпал етеді. Өнеркәсіптердің отынды жағуынан, түрлі залалды заттардың атмосфераға шығарылуынана, автокөлік газынан қала ауасы
ластанып, денсаулыққа қауіп төндіреді. Осының нәтижесінде қала
ауасы ауылдық мекендерге қарағанда 15 есе артық ластанған.

ҚАЛА ЭКОЛОГИЯСЫ

  • Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі күнделікті өз қажеттіліктерін

  • қанағаттандыруға қолайлы қалада тұратыны мәлім. Алайда қалалар негізгі экологиялық мәселелердің де орталығы болып табылады. 2001 жылы тарихта алғаш рет қалалардағы тұратын халық саны планетадағы
    адамдардың 50%- нан асты.
  • Жер үшін ең үлкен проблема - тез өсіп келе жатқан халық саны. Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде

  • «демографиялық жарылыс» орын алуда. Кезінде (XIX ғасырдың бас
    кезінде) экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық- түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда
    кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым
    Джеймс Лавлок) Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны
    оптималды деп есептейді.

БОЛЖАМДАР БОЙЫНША 2030 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ҚАЛАДА ТҰРАТЫН АДАМДАРДЫҢ САНЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САНЫНАН 2 ЕСЕДЕЙ КӨП БОЛАДЫ ДЕП КҮТІЛУДЕ. СОҢҒЫ ҒАСЫР ІШІНДЕ ҚАЛАЛАРҒА
БАЙЛАНЫСТЫ АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ҚИЫНШЫЛЫҚТАР БАЙҚАЛА БАСТАДЫ, ОЛАР:
  • көптеген қалалардағы ластанудың өсуі,

  • ластағыштардың
  • қоршаған орта мен адам организміне түсуі;
  • қала аумақтары мен қала халқы санының өсуі, халықтың
  • тығыз орналасуы,

  • мегаполистердің халық саны ондаған миллионға жететін одан да ірі урбоареалдарға айналуы;
  • табиғатты ығыстыру, табиғи ландшафтардың

  • жасанды
  • ландшафтарға ауысуы;

  • адамның табиғатпен тікелей байланысының (көзбен, иіс
  • сезу, түйсік, дыбыс арқылы) жоғала бастауы, табиғи сезім мүшелерінің жағымсыз жасандыға ауысуы және олардың қарқынды түрде өсуі;
  • адамның табиғи биологиялық ырғағына әсер

  • (түннің шектен
  • тыс жарық болуы, шуыл, ұйықтау орнына түнде

  • жұмыс істеу және т.б.).

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Орындаған:Тұрдақын Г.Е
Тексерген: Мухитдинов А.М

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет