ВЕСТНИК ЖГУ им. И. Жансугурова № 1 / 2011
18
ашылмай келе жатқан сыңайлы. Әйтсе де сол бір ызғарлы жылдар әлі де көкейден кетер
емес. Кей кезде еске түсе қалса жүрекке шаншудай қадалады. Бұл атышулы оқиға қазақ
халқының басына каншама қасірет әкелді. Иә, “мың өліп, мың тірілген” қазақ не көрмеді!
Ғалымның еңбектерінен біз Сталиндік режим мәжбүр еткен саяси қуғын-сүргіннің талай
мыңдаған құрбандары, халқымыздың қаймағы тартқан азап, тозақ салмағын сезіне
отырып, өлмес рухына тағзым етеміз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Тоқтар Бейісқұлов «Жанталас өмір», Алматы, «Арыс» баспасы, 2008 жыл
2. «Алаш айнасы» газеті, «Құжаттарды құпияландырудың не қажеті бар» №85 (85)
30.05.2009 жыл
3.Қызыл қырғын. 37-де опат болғандар Абақты «Егемен Қазақстан» газеті (1993 жыл 14
тамыздағы шығарылымы)
ЖОК 37. 016. 02:004 (574)
Байғожанова Д.С., Сергазинова Э.С.
Қазақстан, Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университеті, DametkenSagidulla@mail.ru
КОЛЛЕДЖДЕРДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА МҮМКІНДІКТЕРІН
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
В исследуемой работе рассматривается пути внедрения учебно- методической
возможности изучение компьютерной графики для учашихся колледжа, а также для
дистанционного обучения
The ways of introduction of teaching-methodical opportunity into study of computer
graphics for college learners and for distance education learners have been considered in the
researched work.
Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологиялардың заман талабына сай күрт дамуы
елімізде кез-келген сала бойынша жұмыс жасауда, атап айтар болсақ: медицинада диагноз
қоюда, экономикада, байланыс саласында, мультимедия мүмкіндіктерін өнер саласына қолдану
және тағы басқалар. Солардың ішінде, әсіресе білім беру саласында көптеген жаңалықтардың
ашылуына өзінің мол мүмкіндіктерін туғызуда.
ВЕСТНИК ЖГУ им. И. Жансугурова № 1 / 2011
19
Біз айналысатын білім беру саласында орта мектептерде, колледждерде және жоғары оқу
орындарында оқу үрдісін жаңаша қалыптастырудың және дәстүрлі түрде оқытуды ығыстырып
қолданыстан шығаруға жағдай жасауда. Мұндай өзгерістерді білім беру саласына енгізу үшін
біз зерттейтін мәселелер азаю орнына көбейе түсуде.
Сондай өзекті мәселелердің бірі білім беру саласында жаңаша оқыту мәселелерін
жетілдіруге арналады. Сондықтан, біз зерттеу жұмысымызды колледждерде компьютерлік
графика мүмкіндіктерін оқыту әдістемесін жетілдіру жолдарына арнағанды жөн
көрдік.
Жоғарыда аталған жағдайлар білім беру жүйесінде сабақты өткізудің жаңа тәсілін, яғни
қашықтықтан оқытуды енгізуге мүмкіндік беріп отыр. Ол біріншіден: оқып үйренушіге
уақытты үнемдеуге және оқып үйренетін орынды таңдауға, екіншіден: қандай да бір
себептермен дәстүрлі түрде оқып білім ала алмайтындарға өз бетімен білім алуға, үшіншіден:
жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді, төртіншіден: оқуға кететін
шығынды әлдеқайда азайтады.
1-сурет. Электрондық оқулықтың негізгі терезесі.
Электрондық оқулық жасау барысында оның негізгі терезесін пайдаланамыз (1-
сурет).
Қашықтықтан оқытуда негізінен электрондық оқулықтарды пайдаланады. Олардың
артықшылығы кез-келген уақытта компьютерді, компьютерлік желілерді пайдалана отырып
оқып үйренушінің білімді өз бетімен қабылдай алатындығында.
Электрондық оқулықтарды жасаудың негізгі нәтижесі объектілі-бағытталған Delphi
бағдарламалау тілінің және Snagit мультимедиялық бағдарламасының көмегімен Adobe
Photoshop растрлық графика, CorelDraw векторлық графика және 3DMax үш өлшемді
графика бойынша электрондық оқулық құру, сонымен қатар лабораториялық жұмыс
жасаудың әдістемесімен таныстыру.
ВЕСТНИК ЖГУ им. И. Жансугурова № 1 / 2011
20
Білім сапасын жақсарту мақсатында пәндер бойынша жаңа ақпараттық
технологияларды қолдану, электрондық оқулықтар және оқытушы бағдарламалар
маңызды роль атқарады. Электрондық оқулықтарды арнайы бағдарламалау тілдерінде,
соның ішінде объектілі-бағытталған бағдарламалау тілдерінде жобалауға болады.
Электрондық оқулықтарды жобалауда VisualBasic, Delphi сияқты бағдарламалау тілдері,
сонымен қатар Snagit, ComtasioStudio сияқты және тағы басқа да мультимедиялық
бағдарламаларды қолдануға болады. Бағдарламалардың және электрондық оқулықтардың
бүгінгі таңда оқу үрдісіне енгізілуі студенттерді өз бетімен және қашықтан білім алуға
жетелейді.
Объектілі-бағытталған Delphi бағдарламалау тілінің және Snagit мультимедиялық
бағдарламасының көмегімен әр пән саласы, кез-келген пән бойынша оқытушы
бағдарламаны қамтитын электрондық оқулықты даярлауға болады. Delphi объектілі-
бағытталған бағдарламалау тілінде электрондық оқулықты даярлау мүмкіндігі кең.
Delphi-де арнайы компоненттер кітапханасы қолданылады, олар: Standard, Additional,
Win32, System, DataAccess, DataControls, DataSnap, BDE, ADO, InterBase, Decision Cube,
Dialogs, Win3.1, COM+. Осы компоненттер кітапханасында орналасқан компоненттер
тізімін пайдаланып, бағдарламаның интерфейсін құрып, электрондық оқулықтарды
жобалауға болады. Ол үшін біз алдымен электрондық оқулықтың тақырыптық терезесін
жасап алуымыз керек (2-сурет).
2-сурет. Электрондық оқулықтың тақырыптық терезесі.
Қосымша интерфейсін құру үшін Delphi жүйесі негізгілері Standard, Additional және
Win 32 парақтарында орналасқан визуалды компоненттердің кең жиынтығын ұсынады.
Оларды стандартты, қосымша және 32 разрядты деп атайды. Компоненттерді бұлай бөлу
көбіне парақ аттарына байланысты. Мысалы, Button және BitBtn батырмалары әртүрлі
парақтарда орналасқан, бірақ функциялары бойынша ерекшеленбейді.
ВЕСТНИК ЖГУ им. И. Жансугурова № 1 / 2011
21
Сондықтан, біз зерттеу барысында Standard парағында орналасқан келесі
интерфейстік компоненттерді қолдандық:
Frames (Фреймы);
MainMenu (негізгі меню);
PopupMenu (қалқамалы меню);
Label (жазба);
Edit (бір жолдық редактор);
Memo (көп жолдық редактор);
Button (стандартты батырма);
CheckBox (тәуелсіз қайтып қосқыш);
RadioButton (тәуелді қайтып қосқыш);
ListBox (тізім);
ComboBox (тізімді өріс);
ScrollBar (айналдыру жолағы);
GroupBox (топ);
RadioGroup (тәуелді қайтып қосқыштар тобы);
Panel (панель);
ActionList (амалдар тізімі).
Бағдарламадағы компоненттерді қолданып қана қоймай олардың сәйкес
оқиғаларына программа кодын жазу арқылы, жобаны сақтап компиляцияға жібереміз.
Мысал ретінде, өзіміз қолданып жүрген «Компьютерлік графика» пәні соның ішінде
AdobePhotoshop растрлық графикасына құрылған электрондық оқулықтың жалпы
көрінісін келтірейік.
Бұл тақырыптық терезеден кейін таңдау терезесі ашылады, мұнда өзімізге қажетті
теориялық, іс-тәжірибелік, сонымен қатар оқытушы бағдарламаны, қосымша
мәліметтерді таңдап қарап, танысып, электрондық оқулық көмегімен курсты меңгере
аламыз. Электорндық оқулықты жасау үшін Adobe Photoshop программасының
интерфейсін оқытатын теориялық материалдар жиынтығын жүйелендіреміз (3-сурет).
ВЕСТНИК ЖГУ им. И. Жансугурова № 1 / 2011
22
3-сурет. Электрондық оқулықты жасау мүмкіндігі көрінісі.
Дербес компьютердің пайда болуы көптеген мамандықтарды өзгертті. Баспа ісінде
үлкен революция болды. Баспа ісінің көп бөлігі қолмен жасалады. Компьютерлер
жеткілікті мықты болып және сапалы шығару құрылғылары пайда болғаннан кейін
публикация істерін автоматтандыратын программалар дами бастады – үстелдік баспасөз
жүйелері (DTP – Desktop Publishing). Бұл салада көп жылдар бойы көшбасшы болып
Adobe Systems Inc компаниясы келеді. Ол беттерді сипаттаудың тілі PostScript-тің
программалық және аппараттық интерпретаторларын жүзеге асырады. PostScript тілі
бейнені шығарудың жоғары сапалы құрылғыларын пайдаланады. Photoshop, Illustrator,
Frame Maker, InDesign, Acrobat және т.б. қазіргі заманғы баспасөздің программалық
қамсыздандыруының тамаша және мықты жиынтығын құрады. Adobe компаниясы уақыт
талабына және компьютердің дамуына қарай баспасөз программаларының дестесін үнемі
жаңартып отырады. Adobe Photoshop программасы графикалық редакторлар арасында
өзінің кең мүмкіндігі, жоғары тиімділігі және жұмыс жылдамдығы арқасында көшбасшы
болып табылады. Программа бейнені жөндеуге, монтаждауға, баспаға дайындау
мүмкіндіктеріне ие. Программа Web-дизайн және электрондық жариялауларда кеңінен
қолданылады. Adobe Photoshop растрлық графиканы (bitmapped images) жөндеуге және
құруға арналған. Программа фотосуреттермен және коллаждармен, соның ішінде слайд
немесе мультипликация, Web – беттер үшін бейнелермен, кинокадрлармен жұмыс істеуге
арналған (4-сурет).
4-сурет. Электрондық оқулықтың тәжірибелік бөлімі
ВЕСТНИК ЖГУ им. И. Жансугурова № 1 / 2011
23
Графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар графикалық редакторлар деп
аталады. Графикалық редактор екі топқа бөлінеді: растрлық графикалық редакторы және
векторлық редакторы. Олардың бір-бірінен айырмашылығын екі сөзбен былай айтуға
болады: растрлық графикада объектінің түсі, ал векторлықта – оның пішіні негізгі болып
табылады.
Дайын растрлық кескіндерді өңдеу үшін, бүгінгі таңда Adobe Photoshop бағдарламасы
ең қуатты құрылғы болып есептелінеді. Техникалық операцияларда қолданылатын Adobe
Photoshop редакторының негізгі аспаптары, құрал-саймандар панелінде қамтылған. Бұл
құрал-саймандар панелінің ерекшелігі, балама аспаптардың болуы болып табылады.
Айтып отырған зерттеуімізде кескіндерге-кітаптық және журналдық суреттер, әр
түрлі
фотосуреттер,
слайдтар, бейнекадрлар, мультипликациялық графиктердің
кадрларын толығымен қолдануға тырыстық.
Біз зерттеу жұмысымызда қашықтықтан оқытуға қажетті электрондық оқулық
жасап, колледждерге білім беруді жетілдіруге өз үлесімізді қостық деген ойдамыз.
Қорыта келгенде, біздің зерттеу жұмысымыз келешекте колледждерде сабақ беретін
оқытушылар мен білімгерлерге құнды құрал болады деген үміттеміз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Тайц А.М., Тайц А.А. Самоучитель Adobe Photoshop 7. СПб: БХВ -
Петербург,- 2004. - 688 с.
2.
М.Тимуров. Adobe Photoshop 7.0– Официальный учебный курс. - М.: Издательство
«Мир», 2004. – 496 с.
3.
Карла Роуз “Adobe Photoshop”. Издательский дом “Вильям”, Москва+Санкт-
Петербург+Киев, 2004 ж.
4.
Байғожанова Д.С. "ADOBE POTOSHOP" бағдарламасын орта мектепте сабақтан
тыс уақытта қолдану. «Жаңа әлемдегі жастар және ғылым» атты Республикалық
ғылыми-практикалық конференциясының материалдары.
Талдықорған, ЖМУ,
2009. – 449 б.
Байдыбекова С.К.
Жетысуский государственный университет им.И.Жансугурова, г.Талдыкорган
ИНФОРМАЦИОННАЯ ПОДСИСТЕМА БУХГАЛТЕРСКОГО УЧЕТА
Қазіргі уақытта бухгалтерлік есепті компьютерлік өңдеусіз жүргізу ойға сыймайды.
Бүгінгі компьтердің көмегімен бухгалтерлік есепті автоматтандыру жұмысшы үшінде,
бухгалтерлік бағдарламаны қолданушы үшін қиын міндет болып емес, бірақ бүгінде
бухгалтерлік есепті компьютерлендірудің оңай шешімі қиын жолмен жеткізіледі: есеп
жүйесінің бөлек бөлімшелерін компьютерлендіруден бастап, кәсіпорынның балансын
Достарыңызбен бөлісу: |