Вестник Казнпу имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г



жүктеу 3.11 Mb.
Pdf просмотр
бет17/18
Дата21.03.2017
өлшемі3.11 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Резюме 

Г.А. Абдикаримова - к.п.н., доц., А.А. Сейдазиева - магистрант 3 курса специальности «География», Казнпу им. Абая 

«Роль нового Великого Шелкового пути в реставрации древнего Отырара и его место в развитии туризма» 

В  целях  обеспечения  построения  мощной  системы  по  охране,  эффективного  использования,  популяризации 

туристическим массам, изучения археологии и памятников архитектуры древнего городища Отырар, в соответствии 

с  постановлением  Правительства  Республики  Казахстан,  приняв  во  внимание  программу  «Реставрации  Древнего 

Отырара» 2004-2009 гг., с земельного фонда Отырарского района было выделено 176,2 га земли. В связи с финансо-

вым кризисом, этот проект был оставлен до лучших времен. 

В соответствии с этой программой были поставлены задачи сделать 2011-2015 г.г. наиболее благоприятными для 

развития туристической инфраструктуры. В целях формирования привлекательности туристического имиджа района 

были рассмотрены вопросы выполнения активных работ по проведению и участию в международных выставках и 

ярмарках. Предлагая через районный веб-сайт сведения «О возможностях туризма в Отырарском районе» туристиче-

ским организациям, появятся широкие возможности установления деловых связей в сфере туризма. Будут осуществ-

лены  мероприятия,  направленные  на  развитие  внутреннего  и  внешнего  туризма,  на  применение  систем  льгот  и 

преференций в строительстве объектов инфраструктуры туризма, на создание благоприятных условий для привлече-

ния капитала и вложения их в туристическую отрасль, на использование туристических ресурсов для защиты памят-

ников и окружающей среды. В настоящее время использование Великого Шелкового пути в туристической индус-

трии является актуальным и показывает положительные результаты. 



Ключевые слова: Великий Шелковый путь, Отырар, город, археология, памятники, турист, туризм, инфраструк-

тура, имидж, индустрия, международные выставки, ярмарки, веб-сайт, преференции, капитал, ресурсы 

 

Summary 

G.A. Abdikarimova - candidate of PedagogicalSciences, Associate Professor, A.A. Seydazïeva - 1st year undergraduates 

specialty "Geography", Kazakh National Pedagogical University. Abaya 

«The role of the new Silk Road in the restoration of the ancient Otyrar and its place in the development of tourism» 

In  order  to  build  a  powerful  system  for  the  protection,  efficient  use,  promotion  of  the  tourist  masses,  the  study  of 

archeology and architectural monuments of the ancient city Otyrar, in accordance with the decision of the Government of the 

Republic of Kazakhstan, taking into account the program "Restoration of Ancient Otyrar" 2004-2009 gg, with the land fund 

Otyrar District was allocated 176.2 hectares of land. In connection with the financial crisis, the project was abandoned until 

better times. 

In  accordance  with  this  program  were  tasked  to  make  2011-2015  gg  most  favorable  for  the  development  of  tourism 

infrastructure. In order to create an attractive tourist image of  the region were discussed issues  of implementation of active 

work  on  the  implementation  and  participation  in  international  exhibitions  and  fairs.Offering  through  the  district  website 

information "on tourism opportunities in the area Otyrar" tourism organizations, there will be ample networking opportunities 

in  the  tourism  sector.Will  be  carried  out  activities  aimed  at  the  development  of  domestic  and  foreign  tourism,  the  use  of 

system privileges and preferences in the construction of tourism infrastructure, creation of favorable conditions for attracting 

capital  and  investment  into  the  tourism  industry,  the  use  of  tourism  resources  for  the  protection  of  monuments  and  the 

environment.Currently, the use of the Silk Road in the tourism industry is relevant and shows positive results. 

Keywords: The Great Silk Road, Otyrar, city, archeology, monuments, tourist, tourism, infrastructure, image, industry, 

international exhibitions, fairs, website preferences, capital, resources 

 

 

 



 

 

 



 

 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

93 


ӘОЖ 592.89.955(974.62) 

 

ШАРЫН КАНЬОНЫНЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІГІ 



 

А.У. Абулғазиев – аға оқытушы, 

А.С. Саванчиева – аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ 

 

Мақалада Шарын ұлттық табиғи саябағы және оның ерекше геологиялық құрылысы-Шарын шатқалының турис-

тік-рекреациялық мүмкіндіктері жайлы жазылған. Мақала авторлары Шарын шатқалының табиғатына ерекше көңіл 

бөліп,  оның  таңғажайып  мүсіндеріне  және  парк  аумағында  рекреациялық-туристік  жұмысты  дамытуға  тоқталған. 

Сонымен  қатар  рекреациялық-туристік  жұмысты  дамытудың  бірнеше  нұсқаулықтары  берілген.  Сонымен  қатар 

Шарын шатқалының табиғат ескерткіші «шаған» ағашынының бірнеше атаулары бар екенін айқындап кеткен. Әсіре-

се, осы Іле Алатау тауларына зерттеулер жүргізген ғалым П.Мариковскийдің «шаған тоғайы» жайлы жиырма шақты 

жыл бұрын қозғаған ой-пікірлерінің қазіргі кездегі маңызын ашып кеткен. Енді бәрімізге де белгілі еліміздің көрікті 

жерлері өте көп. Айтылып отырған Шарын каньоны да сол ерекше табиғат әсем қайталанбас жерлерге жатқызыла-

ды.  Мақалаға  арқау  болған  Шарын  шатқалына  келетін  болсақ,  жер  бетінде  шарын  сияқты  ірі  каньондар  көптеген 

елдерде кездеседі. Ең ұзын каньон 2013 жылы анықталды. Гренландияның мұздықтарының астында жатқан каньон-

ның  ұзындығы  750  км,  тереңдігі  800  метр,  ені  10  км  екен.  Ал  ең  терең  каньон  Перудегі  Котауаси,  тереңдігі  3535 

метр. Әйгілі Үлкен каньонның тереңдігі 1600 метр. Шарын каньонының тереңдігі 150-300 метр. Паркта өсімдіктер-

дің 940 түрі өседі, оның 60-қа жуық түрі эндемиктер. Ондағы өсімдіктердің 21 түрі қорғауға алынып Қазақстанның 

«Қызыл кітабына» тіркелген. Сүтқоректілердің 60, құстардың 300, бауырмен жорғалаушылардың 20, балықтардың 

10 түрі кездеседі.  

Мақалада  Шарын  каньонында  туристерді  қызықтыратыны  Шарынның  ескі  арнасындағы  «Қорғандар  аңғары». 

Шатқал  жауын-шашын  әсіресе,  желдің  үрлеуінің  әсерінен  қазіргі  бейнесін  қалыптастырған.  Арасында  әртүрлі 

жануарлардың  бейнесіне  ұқсайтын  табиғи  мүсіндер  кездеседі:  «Сфинкс»,  «Мыстан  Кемпір»,  Айдаһар»,  «Тасбақа» 

және  басқалар.  Осы  кереметті  көрсету  үшін  ұлттық  парктердің  негізгі  қызметтерінің  бірі  -  рекреациялық-туристік 

жұмысты дамыту және жандандыру болып табылады. Осы мәселе бойынша мақалада бірнеше идеялар келтірілген.  

Түйін  сөздер:  Шарын,  Алматы  облысы,  шаған,  ерен,  шетен,  ерекше  қорғалатын  аумақ,  «Қызғылт  қамалдар», 

Қазақстанның  қызыл  кітабы,  Мойнақ  су  қоймасы,  ясень,  Котауаси,  Үлкен  каньон,  «Сфинкс»,  «Мыстан  кемпір», 

«Айдаһар», «Тасбақа», қорғандар аңғары, Марс. 

 

Шарын ерекше қорғалатын аумағы Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Райымбек және Ұйғыр аудан-



дарында орналасқан. ҚР Үкіметінің 2004 жылғы №213 каулысына сәйкес ұйымдастырылған. Алғашында 

ауданы  93,2  мың  га  жер  болатын,  ал  2010  жылы  аумағы  127050  гектарға  дейін  кеңейтілді  [1].  Шарын 

ұлттық паркінің аумағында орналасқан табиғаттың ерекше құрылысы - Шарын каньоны бар.  

Ұлттық  парк  құрамындағы  Шаған  (Ерен,  Шетен)  тоғайы  және  Шарын  шатқалы  1964  жылдан  бері 

республикалық  маңызы  бар  табиғат  ескерткіші  ретінде  қорғалып  келді.  Парк  Үлкен  Бөгеті  жотасын, 

Сөгеті аңғарымен шекаралас шөлді жерлерді, Шарын өзені бойындағы «Қызғылт қамалдар» аңғарын, сол 

маңдағы далалы алқапты және Торайғыр тауы беткейлерін қамтиды. Парк аумағымен Шарын өзені және 

оның  бірнеше  салалары  ағып  өтеді.  Парк  аумағының  ауа  райы  құрғақ,  жауын-шашынның  жылдық 

мөлшері 150 мм-дей. Парк аумағындағы  ежелгі  кезеңдерден сақталып келе жатқан  «қызғылт қамалдар» 

аңғарының  кескін-келбеті  ерекше.  Парктің  ашылуына  себепші  болған  жер  бедерінің  ерекше  көрінісі  – 

Шарын шатқалы. 

Паркта өсімдіктердің 940 түрі өседі, оның 60-қа жуық түрі эндемиктер. Ондағы өсімдіктердің 21 түрі 

қорғауға алынып Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген. Сүтқоректілердің 60, құстардың 300, бауыр-

мен жорғалаушылардың 20, балықтардың 10 түрі кездеседі. Шарын шатқалының өсімдік және жануарлар 

дүниесі  туралы  толық  мағлұматты  белгілі  саяхатшы  биолог  П.Мариковскийдің  еңбектерінен  оқуға 

болады.  Оның  «Судьбы  Чарына»  атты  еңбегі  1997  жылы  жарық  көрді.  Бұл  еңбегінде  шатқалдың 

болашақта табиғи келбетімен  биоресурстарының сақталуына өзінің алаңдаушылығын білдірген. Шарын 

өзенінің  жоғарғы  ағысында  салынған  Мойнақ  су  қоймасымен  су  электр  стансасының  жобасы  кеңестер 

үкіметі тұсында жоспарланған болатын. Мариковскийдің зерттеуі бойынша суқойма өзен суының деңгей-

інің  болашақта  төмен  түсуіне  алып  келетіндігін  атап  өтті.  Су  деңгейінің  төмен  түсуі  өзен  жағалауында 

өсіп тұрған Шаған ағашының уақыт өте жойылып кетуіне себепші болуы мүмкін дейді [2]. Себебі, Шаған 

ағашы  суды  жақсы  көретіндіктен  тек  қана  өзен  жағалауында  өседі.  Екіншіден  Шаған  тек  Қазақстанда 

емес, дүние жүзінде сирек кездесетін үштік кезеңнің ағашы. Орыстілінде «Ясень» ағашы деп аталғанымен 

қазақ тілінде осы ағаштың бірнеше атауы бар. Ғылыми әдебиеттермен сөздіктерде «шаған» деп жазылған. 

Сонымен бірге  «шетен»,  «шеген» деген атаулары да бар. Сонда жергілікті халық  осы күнге  дейін қалай 

атаған? - деген сауалға жауап іздеп көрейк.  Ана тілі газетінде Рысбай Сәтімбековтың  «Шарын шатқалы 

табиғаттың  таңғажайып  сыйы»  атты  мақаласында  жергілікті  журналист  Жанболат  Әлиханұлының 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

94 


ағаштың  атауы  «ерен»  екендігін  дәлелдегендігі  туралы  жазылған.  Шынтуайтқа  келсек,  ағаштың  атауы 

туралы бір тоқтамға келетін уақыт жетті [3].  

Біздің  мақаламызға  арқау  болған  Шарын  шатқалына  келетін  болсақ,  жер  бетінде  шарын  сияқты  ірі 

каньондар көптеген елдерде кездеседі. Ең ұзын каньон 2013 жылы анықталды. Гренландияның мұздықта-

рының  астында  жатқан  каньонның  ұзындығы  750  км,  тереңдігі  800  метр,  ені  10  км  екен.  Ал  ең  терең 

каньон  Перудегі  Котауаси,  тереңдігі  3535  метр.  Әйгілі  Үлкен  каньонның  тереңдігі  1600  метр.Шарын 

каньонының  тереңдігі  150-300  метр.  Шатқалдың  пайда  болуы  10-12  миллион  жыл  бұрын  пайда  болған 

деп  жазылған.  Егер  олай  болса  шатқал  неоген  дәуірінде  пайда  болған  болып  шығады.Неоген  дәуірінде 

Тянь-Шань таулары миллиондаған жылдары бойы денудацияға ұшыраған аласа таулар болатын. Таудың 

қайта көтерілуі беріде, яғни төрттік дәуірдің басында болған. Таулардың көтерілуімен қатар плейтоценде 

мұз  басу  процесі  болды.  Соңғы  мұз  басудан  кейін  мұздықтардың  еруі  нәтижесінде  Солтүстік  Тянь-

Шанның қазіргі ірі өзендерінің негізгі арнасы қалыптасты. Олай болса Шарын өзенінің қазіргі арнасы да 

осы  кезеңдерде  қалыптасқан.  Туристерді  қызықтыратыны  Шарынның  ескі  арнасындағы  «Қорғандар 

аңғары».  Жергілікті  халық  «Шайтан  қала»  кейіннен  «Қызғылт  қамалдар»  аңғары  деп  атаған.  Шатқал 

жауын-шашын  әсіресе,  желдің  үрлеуінің  әсерінен  қазіргі  бейнесін  қалыптастырған.  Арасында  әртүрлі 

жануарлардың  бейнесіне  ұқсайтын  табиғи  мүсіндер  кездеседі:  «Сфинкс»,  «Мыстан  Кемпір»,  Айдаһар», 

«Тасбақа» және басқалар. Ұлттық парктердің негізгі қызметтерінің бірі - рекреациялық-туристік жұмыс-

ты дамыту [4].  

Ұлттық парктің құрамында шатқалдың туристерді тартуда әлуеті жоғары болғандықтан, оған көбірек 

көңіл бөлу керек сияқты. Ол үшін біріншіден, «Қорғандар аңғарына» дейін баратын жолды жөндеу керек. 

Екіншіден, аңғарға түсетін сатылы соқпақты реттеу керек сияқты. Ондай сатылы жолды бірнеше жерден 

жасау  керек.  Олай  дейтінім  туристер  шатқалдың  үстіндегі  жазықпен  тамашалау  үшін  көп  жерге  дейін 

ұзап  кетеді.  Шатқалдың  табанына  түсетін  кезде  кері  автобус  аялдамасына  қарай  қайтуға  тура  келеді. 

Себебі,  басқа  түсетін  жол  жоқ.  2013  жылы  Санкт-Петербургтен  келген  қонақтарды  желтоқсан  айында 

алып барғанбыз. Олар автобустан түсе салып шатқалды бойлай жоғарыдан тамашалап ұзақ жүріп кетті. 

Ендігі жерде төмен түсейк десек бірде бір соқпақ таба алмадық. Келген қонақтардың таң қалғаны сондай, 

мынау  Марс  планетасына  ұқсайтын  керемет  жер  екен,  осы  уақытқа  дейін  біздер  естімедік  деп  ағынан 

жарылды.  Менің  байқағаным  жарнаманың жетіспейтіні  осыдан  көрініп  тұр.  Парк  аумағында  3  туристік 

маршрут  болса,  соның  ішінде  демалушыларды  көбірек  қызықтыратыны  «Қорғандар  аңғары».Өткен 

жылғы парк басшыларының берген жылдық есебінде осы үш маршрут бойынша істелініп жатқан жұмыс-

тар  баяндалған  [5].  Салынған  демалыс  үйлер  мен  коттедж  шаған  тоғайы  маңында  іске  қосылған.  Біздің 

ойымызша, ондай орындар көбінесе қорғандар аңғары маңына керек сияқты. Ол үшін:  

1) Алматы-Кеген тас жолынан аңғарға дейінгі қара жолға асфальт төсеу керек; 

2)  Аңғардың  жоғары  жағындағы  жазықтың  үстіне  аңғарды  бойлай  кішігірім  демалыс  үйлерін  салу 

керек.  Үйдің  есігі  аңғарға  қарап  туруы  керек.  Таңғы  ұйқыдан  тұрған  туристің  алдында  табиғаттың 

керемет панорамасы көрініс берер еді;  

3) Аңғарды және демалыс үйлерін бойлай әртүрлі ағаш түрлерін отырғызып ландшафтын түрлен-

діру керек; 

4) Шарын өзені рафтинг спортына пайдалануға қолайлы өзен болғандықтан осы жерде оның базасын 

ашу керек; 

5) Туристерді тартуда парк аумағындағы үш маршрут аздық етеді, ол үшін Көлсай ұлттық паркіндегі 

Көлсай көлдерін, Қайыңды көлдерін маршрутқа қосу  керек. Себебі туристерге ландшафтың алуан түрлі 

әдемі жерлерін көру үлкен қызығушылық туғызады. Бұл маршрут (3-4 күнге арналған) екі ұлттық паркке-

де тиімді болар еді;  

6) Екі ұлттық парктің арасын жақындату үшін жол мәселесі бірінші кезекте жөнделуі тиіс;  

7)  Осы  бағыттағы  жарнаманы  күшейту  керек.  Өткен  жылы  есепке  алынғаны  4,5  мың  турист  парк 

аумағына келіп-кеткен. Дүние жүзінде екі керемет каньон бар болса, туристердің саны оған сәйкес емес. 

АҚШ-тағы үлкен каньонға жылына 2 миллионнан астам турист барады екен. Үлкен каньон Шарын каньо-

нына  қарағанда  елді  мекендерден  өте  ұзақта  орналасқан.  Үлкен  каньонды  жарнамалаудың  арқасында 

шығар дүние жүзі халқының басым бөлігі таниды:  

8)  Қамалдардағы  жартастар  құм,  саз  және  қиыршық  тастардың  бірігуінен  пайда  болғандықтан,  жыл 

сайын  олардың  сыртқы  бейнесі  өзгеріп  отырады.  Табиғи  тас  мүсіндердің  арасында  жоғарыда  айтып 

өткенімдей әртүрлі жануарларға ұқсас бейнелер бар. Оларда дәл осы күйінде ұзаққа бармайды. 

Сондықтанда олардың суреттерін түсіріп фотоальбом жасау керек. Оларға әдемілеп ат беріп кішігірім 

аңыз  ойлап  шығарса  артық  болмайды.  Өзіміз  барған  кезде  әртүрлі  аңдардың  бейнесін  байқаймыз, 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

95 


олардың бейнесі қай қырынан қарағаныңа да байланысты.Осыларды жинақтап әдем ат берсе ғой керемет 

болар  еді.  Туристердің  гидтеріне  таптырмас  материал  болар  еді.  Осы  жерде  түскен  суреттер  жан-жаққа 

тарап адамдардың келуіне түрткі болары сөзсіз. 

 

1 www.kazakhstan.travel. 



2 Мариковский П.И. Судьбы Чарына. - Алма-Ата, 1997. - Б. 97-100. 

3 Сәтімбеков Р. Мақала «Шарын шатқалы табиғаттың таңғажайып сыйы» // «Ана тілі» газеті, №7(1265), 19-

25 ақпан, 2015. - Б.3. 

4 Miller K. Planning national parks for ecodevelopment. - Michigan, 1982, v.12, - 624 p. 

5  Мырзабеков  Ж.М.  Особо  охраняемые  природные  территории  Казахстана:  экология,  биоразнообразие  и 

перспективы развития их сети. - Алматы, 2000. - Б. 13-18.  

 

Резюме 

А.У. Абулгазиев - старший преподаватель, aksai66@mail.ru, Саванчиева А.С. - старший преподаватель, 

armanay75@mail.ru, КазНПУ имени Абая, город Алматы, Республика Казахстан 

«Туристско-рекреационные возможности Шарынского каньона» 

В статье говорится о национальном природном парке Шарын, его особенном геологическом строении и турист-

ско-рекреационных возможностях Шарынского каньона. Авторы статьи уделили особое внимание природе Шарын-

ского каньона, его удивительным скульптурам, а также остановились на развитии туристско-рекреационной деятель-

ности на территории парка. Кроме того, дано несколько инструкций по развитию туристско-рекреационной деятель-

ности. Также говорится о том, что у памятника природы Шарынского каньона, «ясеня», имеется несколько названий. 

Особенно раскрывают современное значение идеи о «ясеневой роще», затронутые в исследованиях, проведенных в 

горах Заилийского Алатау ученым П.Мариковским около двадцати лет назад. Всем известно, что привлекательных 

мест в нашей стране очень много. Шарынский каньон, о котором идет речь в статье, также является одним из особых 

неповторимых  красивейших  природных  мест  республики.  На  Земле  встречается  много  крупных  каньонов,  как 

Шарын.  Самый  длинный  каньон  был  исследован  в  2013  году.  Длина  каньона,  находящегося  подо  льдами 

Гренландии  составляет  750  км,  глубина  800  метров,  ширина  10  км.  Самый  глубокий  каньон  -  Котауаси  в  Перу, 

глубиной 3535 метров. Глубина знаменитого Большого каньона - 1600 метров. Глубина Шарынского каньона - 150-

300 метров. В Шарынском национальном парке произрастает 940 видов растений, около 60-ти из которых – эндеми-

ки.  В том числе 21 вид растений взят под  охрану  и занесен в «Красную  книгу» Казахстана.  Встречается 60 видов 

млекопитающих, 300 видов птиц, 20 видов пресмыкающихся, 10 видов рыб.  

В  статье также говорится  о, представляющей большой  интерес  для  туристов, «Долине замков», находящейся в 

старом  русле  реки  Шарын.  Современный  облик  ущелья  сформировался  в  результате  осадков,  а  особенно  из-за 

дуновения  ветра.  Здесь  встречаются  природные  песчаные  скульптуры,  похожие  на  различные  образы:  «Сфинкс», 

«Ведьма»,  «Дракон»,  «Черепаха»  и  другие.  С  целью  показа  таких  красот  природы  одной  из  основных  функций 

национальных  парков  является  развитие  туристско-рекреационной  деятельности.  По  данной  проблеме  в  статье 

приводится несколько идей.  



Ключевые  слова:  Шарын,  Алматинская  область,  ясень,  особо  охраняемая  природная  территория,  «Долина 

замков», Красная книга Казахстана, Мойнакская ГЭС, Котауаси, Большой каньон, «Сфинкс», «Ведьма», «Дракон», 

«Черепаха», Марс 

 

Summary 

A.U. Abulgaziyev - senior lecturer, aksai66@mail.ru, A.S. Savanchiyeva - senior lecturer, armanay75@mail.ru, 

KazNPU named Abai, city Almaty, Republic of Kazakhstan 

«Tourism-recreational opportunities of Sharyn canyon» 

The  article  says  Sharyn  national  natural  park,  its  specific  geology  and  tourism  and  recreational  opportunities  Sharyn 

canyon.  The  authors  have  paid  special  attention  to  the  nature  Sharyn  canyon,  its  amazing  sculptures  and  stopped  on  the 

development  of  tourism  and  recreation  activities  in  the  park.  In  addition,  given  some  instructions  for  the  development  of 

tourism and recreation activities. It is also said that at the monument of nature Sharyn canyon, "ash", there are several names. 

Especially reveal contemporary importance of the idea of the "ash grove" raised in the studies carried out in the mountains of 

Ili Alatau scientists P.Marikovskiy about twenty years ago. Everyone knows that attractive places in our country very much. 

Sharyn canyon, referred to in the article, is also one of the special unique beautiful natural places in the country. On Earth, 

there  are  many  large  canyons  as  Sharyn.  The  longest  canyon was  investigated  in  2013.  The  length  of  the  canyon,  located 

under the ice of Greenland is 750 km, the depth of 800 meters, a width of 10 km. Deepest canyon - Cotahuasi in Peru, depth 

3535 meters. The depth of the famous Grand Canyon - 1600 meters. The depth of the canyon Sharyn - 150-300 meters. In 

Sharyn national park there are 940 plant species, about 60 of them - are endemic. Including 21 species of plants taken under 

protection and is listed in the "Red Book" of Kazakhstan. Found 60 species of mammals, 300 species of birds, 20 species of 

reptiles, 10 species of fish. 

The article also states, is of great interest to tourists, "Valley of Castles", located in the old riverbed Sharyn. The modern 

look of the gorge was formed as a result of rainfall, especially because of the breeze. Here there are natural sand sculpture, like 

different images: "Sphinx", "Witch", "Dragon", "Turtle" and others. In order to show the natural beauty of one of the main 

functions of national parks is the development of tourism and recreation activities. On this issue in the article are some ideas. 



Keywords:  Sharyn,  Almaty  region,  ash,  specially  protected  natural  area,  "Castle  Valley"  Red  Book  of  Kazakhstan, 

Moynak HPP, Cotahuasi, the Grand Canyon, "Sphinx", "Witch", "Dragon", "Turtle", Mars 



Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

96 


Авторлар үшін ереже 

 

«Жаратылыстану-география ғылымдары» Хабаршысында жарияланатын мақалалар 5 және одан артық 

бет көлемде қабылданады. 

Мақала УДК индексімен басталады. 



Мақаланың құрылымдық элементтерінің орналасуы: 

Мақаланың  атауы  жартылай  боялған  14  өлшемді  үлгімен  жазылады.  Ол  атау  мақаланың  мазмұнын 

толық ашатындай болуы керек. Тақырып атауының ұзындығы үш жолдан аспауы қажет. Бірнеше сөйлем-

нен тұратын атауға рұқсат етілмейді. Мақаланың атауларында математикалық немесе химиялық форму-

лалар қолданылмайды, латын, орыс алфавитінің әріптері пайдаланылады. 

Авторлардың  аты-жөні  14  үлгідегі  шрифтпен  жазылады.  Авторлар  атаулары  үтірмен  ажыратылып 

жазылады. Әр автордың жұмыс атқаратын мекемесінің толық атауы; елі, қаласы; ғылыми атағы, атқара-

тын қызметі; электронды поштасының адресі, байланыс телефондары атау септігінде жазылады. 

Аннотацияның көлемі 250 сөз көлемінде жазылады, мақаланың негізгі мазмұнын және ондағы түпкі-

лікті  нәтижені  қысқаша  баяндайды.  Сонымен  қатар  мақаланың  атауын, авторлардың  аты-жөнін,  жұмыс 

орнын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылады (кегль – 12, шрифт – курсив).  




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет