Вопросы на казахском языке



Pdf көрінісі
Дата11.06.2023
өлшемі308,27 Kb.
#100564
Байланысты:
test ruk kaz



Вопросы на казахском языке 

Жоспарлар мен процестерді әзірлеу кезінде күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда 
жоспарлаудың қандай принципі жетекші не болып табылады? 

Амбулатория-емханалық көмекті жоспарлаған кезде келешек табыстарды болжау ушін 
негізгі индикатор – ол: 

Медициналық мекеме халыққа жаңа медициналық қызметті әзірлеп ұсынады. Сіз нарыққа 
шығу кезеңінде оған қандай маркетингтік стратегияны ұсынасыз? 

Стоматологиялық емханаға келушілерге дисконттық карталар береді. Осы картаны 
иеленген пациент әрбір алтыншы рет стоматолог-дәрігерге қаралғаннан кейін келесі 
қабылдауда 15%-дық жеңілдік алады. Пациентті осылай тартудың ең маңызды мақсаты 
қандай? 

Ұйымды дамытуда мақсаттарды және оларға қол жеткізу жолдарын анықтау үшін қажет 
менеджмент функцияларының бірі не болып табылады: 

персоналды басқару 

Қоғамды басқаратын қандай ұйым директорлар кеңесінің мүшелерін сайлайды, жылдық 
есепті, қаржылық есептілікті бекітеді, табысты бөлу (оның ішінде дивидендтерді жариялау) 
және аудитор, жарғылық капитал мөлшерін өзгерту және ірі келісімдерді құптау жөнінде 
шешім қабылдайды? 

Медициналық компания қызметкерлеріне жүргізілген тәуелсіз сауалнама, қызметкерлердің 
80% және басқарушы құрамның 50% мекеменің стратегиясын түсінбейтінін, мекеменің 
серіктестерін атай алмайтынын, Директорлар Кеңесі құрамын білмейтінін, кірістер 
мөлшерін және кірістердің үлестірілу шарттарын білмейтінін көрсетті. Корпоративті 
басқарудың қандай қағидасы бұзылған? 

Тиісті корпоративтік басқару қандай қағидаттарды негізге алады? 

28 ақпанда өткізілген Директорлар Кеңесі (ДК) отырысында ДК 10 мүшесінің ішінен 2 
адам күн тәртібіндегі материалдарды оқып-үйрену үшін 26 ақпандағы алғаны, ДК 1 мүшесі 
25 ақпанда алғаны, ДК қалған мүшелері дәлелді себептермен келмегені анықталды. Күн 
тәртібі бойынша шешімдер қабылданбады. Орныққан жағдайдың негізгі себебін 
анықтаңыз? 

Корпоративтік басқарудың артықшылығы неде? 

Үйлесімді Көрсеткіштер Жүйесі (ҮКЖ) компанияның тиісті мүмкіншіліктерді бейнелейтін 
төрт стратегиялық аймақты анықтайды. Оған жататын мүмкіншіліктерді анықтаныз 

Медициналык компаниясы үйлесімді көрсеткіштер жүйесінің (ҮКЖ) негізгі 
артықшылықтарын бөліп көрсетті, оны өз жүйесін қалыптастыруда қолданды. ҮКЖ қандай 
басымдылық береді? 

Алушының белгілі бір бағаға белгілі бір мерзімде сатып алу мүмкіндігінің тауар саны мен 
бағасына тәуелділігі деген не: 

Медициналық қызметтің белгілі бір түріне сұраныс болмаған жағдайда мекеме басшылығы 
бұл жағдайды жеңу үшін не істеуі тиіс? 

Медициналық ұйымның ұзақ мерзімді негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтау, осы 
мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті ресурстарды қарастыру және іс-қимыл жоспарын 
құру: 

Жобада не өзгеріске түспеуі керек: 

Инвестициялық жобаны әзірлеудің негізгі мақсаты неден құралады: 

"Инвестициялық жобаға" берілген анықтамалардың қайсысы дұрыс? 

Өтімділік коэффициенті нені көрсетеді? 



Ұйымның қажетті салада жұмыс істейтін басқа компанияға шарт негізінде өндірістік 
кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрлерін немесе функциясын тапсыруы қалай деп 
аталады? 

Кешенді жан басына шаққандағы нормативті есептеу қандай тарифтердің негізіне жатады? 

Медициналық ұйымдарда сыртқы қаржылық аудитті қандай кезеңде жүргізу қажет: 

Мемлекеттік мекеме қандай модель бойынша қаржыландырылады? 

Ұйымның төлеу мерзімі 12 айдан асқан несиелер мен қарыздар бойынша берешегі қалай 
аталады: 

Жеке меншік емхана менеджерлеріне мекеменің табыстылығын жоғарылату бойынша іс-
шаралар дайындау бойынша тапсырма берілді, себебі соңғы айларда жаңа мемлекеттік 
емхана ашылуына байланысты кіріс көлемі төмендеуі анықталады. Берілген жағдайда 
қандай шара ең тиімді болып табылады? 

Медицина уйымында ем және диагностика кызметтерінін сапасын аныктау оте манызды 
болып табылады. Осында кызметтер сапасын аныктау ушін әр турлі әдістер колданылады. 
Томенде берілгендерден кайсысы медициналык кызмет сапасын бағалауда 
КОЛДАНЫЛМАЙДЫ? 

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тарифтерді 
есептеуге келесі енеді: 

Еліміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржы ағымдарына тұрақты, жан-жақты және 
бірізділікпен мониторинг жасау үшін не қолданылады? 

Амбулатория-емханалық көмек бойынша қандай тарифпен есептеу жүзеге асырылады? 

Ұйымның жалпы табысы деген не? 

Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерді сатып алу шартының талаптарын 
орындамауы, уақтылы немесе тиісінше орындамауы келесіні жүргізуге негіз болады: 

Шартты ұзарту 

Медициналық ұйымдағы шарттар бойынша тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің 
жұмыс сапасын бақылау процесін қандай құжат регламенттейді? 

Үнемді өндіріс теориясына сай, шығын түрлеріне көрсетілгендердің бәрі кіреді, тек 
келесіден (кірмейтін нұсқаны таңдаңыз) БАСҚА: 

"Үнемдеуші өндіріс" терминінің қандай түсіндірмесі барынша сенімді? 

"Үнемдеуші өндірісті" (lean) дамытушы қазіргі заманғы ұйымда lean әдіснамасын 
таратушы саналатын дайындалған адамдарсыз, жақсартулар бойынша жұмыс 
үйлестірушілер, ұйымның басқа қызметкерлеріне бизнесті жүргізудің қазіргі заманғы 
тиімді тәсілдерін көрсететін тұлғаларсыз мүмкін емес. Ондай адамдарды қалай деп атайды? 

Қажеттілігі аз тауарлар (үнемді өндіріс теориясы бойынша), қалай әрекет еткен жөн: 

Операциондық жобалау менеджментінің негізгі бағыттары не болып табылады? 

Күрделі қаржы жұмсалымын жоспарлауде не үлгі болады? 

Медицинналық мекемелер уақыт өте келе жаңа қызметтерді пайдалануға әкелетін пиардың 
қандай түрін тез реакцияға және қолайлы қарым-қатынас жасауға пайдаланады? 

Маркетингілік зерттеу бағыттарының қайсысы нарық сыйымдылығын орнатуға не жатады? 

Жеке медициналық орталықтың басшысы оның орталығына медициналық көмекке қаралуы 
үшін "күретамырлы қысымның көтерілу" науқастардың қалауын зерттеуге мүдделі. Бұл 
жағдайда маркетингтік зерттеулердің қандай анағұрлым тиімді түрін жүргізу қажет? 

Маркетингтің негізгі мақсаты не болып табылады? 

Зиянсыздық нүктесі дегеніміз не? 

Денсаулық сақтау саласындағы «Ақпарат ассиметриясы» дегеніміз не? 



Қазіргі жағдайда әрбір медицина ұйымының өз сайты бар. Қоғаммен ақпараттық 
байланысты күшейту үшін медицина ұйымында төменде берілгендердің қайсысы 
қолданылайды? 

Пациент стационардан шыққанымен емдеу нәтижесіне қанағаттанбады. Негіздемелі 
шағымын аурухана басшысына жолдады. Бұл азаматқа ұйым қандай мерзім ішінде жазбаша 
жауап беруі керек: 

Қазіргі заманда кез келген азамат әлеуметтік желіде өзін емдейтін дәрігерге, мейірбикеге 
шағымын жариялай алады. Басшылық ұйымнын ресми аккаунтына тускен шағымға қалай 
жауап қайтаруы керек? 

Пациент 2 апта стационарлық ем қабылдады, жағдайы айқын жақсармаса да үйіне 
шығарылды. Туыстары шағым жаз деп кеңес берді. Шағым жазу үшін төменде 
берілгендердің қайсы тәсілінің нәтижесі АЗ болады? 

Медицина ұйымы жұмыс сапасын жақсарту мақсатында әдісін сауалнама жүргізу түрінде 
cтудентертермен кері байланыс әдісін белсенді қолданады. Сондай сауалнамаларды 
талдағанда, студентердің көпшілігінің медицина персоналының дөрекілігіне 
шағымданатыны анықталды. Мұндай жағдайда медицина ұйымының басшылығы қалай 
әрекет етуі керек? 

Пиар-стратегия аясында шаралар өткізу үлгісі (мысалы) берілген, тек тек келесіден 
(кірмейтін нұсқаны таңдаңыз)

Әлеуметтік желіде шынайы тұтынушы анықталатын толық аты-жөнін көрсетіп, сіздің 
медициналық ұйымыңыз туралы зәбірлеу сипатындағы (пікірін айту) жалған мәлімет тарата 
бастады. Сәтті ұзақ мерзімді пиар-стратегия тұрғысынан ұйым басшысы қолданатын ең 
дұрыс тәсілі қандай? 

«Сіздің ауруыңыз ауа райының нашар болуынан күшейіп кетті дедіңіз, мен Сізді дұрыс 
түсіндім бе?». Дәрігер белсенді тыңдаудың қандай тәсілін қолданып отыр? 

Доктормен әңгімелескенде пациенттің ойы шашыраңқы және жан-жаққа қарап отыр. 
Дәрігерге тиімді қарым-қатынас орнату үшін қандай машықты қолдану керек? 

Танылған сарапшылардың білімі мен зерттеулеріне негізделген медициналық көмек 
стандарттары қалай аталады? 

МҰ сапа процестерін жақсарту үшін келесі әдістемені қолдану ұсынылады: 

Ұсынымдарды түсіндіріп болған соң, пациент дәрігерге: «Сіздің айтқандарыңыздың біреуін 
де түсінген жоқпын» дейді. Дәрігер қандай әрекет жасауы тиіс? 

Клиника басшылығы жас дәрігерлерге арнап коммуникативтік машықтар бойынша семинар 
ұйымдастырды. Семинар соңында коммуникативтік машықтар бойынша қысқаша 
сауалнама жүргізілді. «Коммуникативтік машықтар» ұғымына не КІРМЕЙДІ? 

Жүктілік кезеңінде тексеру, емдеу және медициналық араласу тек қана әйелдің немесе 
оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында тексеруді, 
емделу мен медициналық араласуды кешеуілдету ана мен баланың (іштегі нәрестенің) 
өміріне қауіп төндіретін жағдайда тексеру, емдеу мен медициналық араласуды жүзеге 
асыру туралы шешімді кім қабылдайды? 

Науқастардың қанағаттанарлық деңгейін тексерудің қандай тәсілі медициналық қызмет 
сапасын бағалау нәтижелерінің көбірек бұрмалануына алып келеді? 

Учаскеде жатыр мойнағы обырымен аурушаңдық көрсеткіші өсуде. Басшылық әйелдерді 
жоспарлы тексеруді жүзеге асыру туралы шешім қабылдады. Медициналық тексерудің 
қандай түрі өткізіледі? 

Пациентті қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметінің медициналық қызмет көрсеткенде, 
медициналық құжаттаманы ресімдегенде ақау жіберген, медициналық қызметті таңдағанда 
қате жіберген медицина қызметкеріне қатысты әрекеті: 



Стационарлық ұйым қызметіндегі медициналық көмек сапасының бағалау көрсеткіші 
(индикаторы) – бұл: 

Барлық медицина ұйымдарында ұсынылатын медициналық қызметтің сапасын анықтау 
маңызды саналады. Сапаны анықтау үшін әртүрлі әдістерді қолданады. Төменде берілген 
әдістердің қайсысы сапаны бағалау әдістеріне ЖАТПАЙДЫ? 

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтаудың мемлекеттік секторында ауылдық 
жерлерде жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының бірі: 

Науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынаста қандай кедергі болуы мүмкін? 

Клиникалык зертханасында жас қызметкер жұмыс істейді және шығармашылықты қажет 
ететін өз жұмысын сүйісініп атқарады, бірақ жоспар құру және атқарылған жұмыс 
бойынша есеп беруден бас тартады. Басшылық зертхана жұмысына нұқсан келтірместен 
қызметкерге қатысты қандай әрекет жасауы қажет? 

Жоғары тұрған органдардың жоспарлы тексеру нәтижелері бойынша қаладағы медициналқ 
ұйымдардың бірінің кейбір қызметкерлерінің жұмысының нәтижелілігі төмендегені 
анықталды. Қызметкер жұмысының нәтижелі болу индикаторы не? 

Астана қаласында екі бәсекелес компания болды. Бірінші компанияда барлық 
қызметкерлер ұйымшыл, жұмысты бір бірімен ақылдасып орындайды, басшының барлық 
нұсқауын орындайды. Екінші компанияда әр қызметкер өз мақсатына жетуді көздеді, 
өзқызығушылығын ғана қолдады, басшылар бәсекелесті жеңу үшін қызметкерлерді 
біріктіре алмады. Екінші ұйым уақыт өте келе нарықтан кетті. Берілген факторлардың 
қайсысы оның жеңілу себебіне ЖАТПАЙДЫ? 

Корпоративтік мәдениеттің ынталандыру қызметінің тиімділігі қандай? 

«Денсаулық» компаниясында басшылар фирманы қайта құруды, кейбір қызметкерлерді 
және еңбекақыны қысқартуды шешті. Қалған қызметкерлердің жұмыс көлемі артты. 
Қызметкерлер ереуіл ұйымдастырдыжәне жұмысқа шықпады. Мұндай әрекет неден 
туындады? 

Кадр менеджментінің перспективалы кадр саясатын әзірлеуге бағытталған кіші жүйесі 
қалай аталады? 

Менеджер үшін өзін өзі бақылаудың қандай түрлері бар? 

Менеджердің кәсібилігі үшін бірінші кезекте келесінің болуы не керек: 

Жоғары медициналық оқу орнының түлегі қабылдау бөлімшесінің дәрігері лауазымына 
жұмысқа қабылданды. Бір ай ішінде кезекшілікке бірнеше рет кешігіп келді. Қабылдау 
бөлімшесінің меңгерушісі тәртіптік жазалау қолдануға мәжбүр болды. Тәртіптік жазалау 
түріне ЖАТПАЙДЫ: 

Емхананың дәрігері босату күнін 24 наурыз деп көрсете отырып наурыздың 24 күні 
жұмыстан босату туралы өтініш жазды. Бас дәрігер жазылған өтініштің еңбек заңнамасына 
сәйкессіздігін дәйектей отырып өтінішті қабылдамады. 27 наурыздан бастап жұмыстан 
босатылу үшін дәрігер қай күні өтініш жазуы қажет еді? 

"Лидер-ұйымдастырушы" көшбасшылық типінің сипаттамасы: 

Клиникасында орындалмаған жұмыс көлемі көп, басшы қызметкерлеріне сенімсіз 
болғандықтан өзінің өкілеттігін беруден бас тартуда. Бұл фирманың барлық жұмысының 
тоқтап қалуына ықпал етті. Бұл неге байланысты орын алды? 

Қалалық емханада 2001-2016 жылдар аралығында әртүрлі басшылық стилдерін қолданған 
үш басшының ауысуы орын алды. 2001 – 2004 жж. аралығында бастап бас дәрігер А. қоқан-
лоқы көрсету, жазалау, құрғақ сөйлесу, қол астындағыларға төмен деңгейде құрмет 
көрсетуді пайдалана отырып қызметкерлерді ынталандырып отырды. 2005 – 2009 жж. 
аралығында бас дәрігер М. қол астындағыларға теңіндей қарап, нәтижелерге бақылау 
жасап, ұжыммен талқылау үдерісінде шешім қабылдап басқарды. 2001 – 2016 жж. 


аралығында бас дәрігер Р. бақылау жүйесінсіз шешім қабылдауда толық еркіндік беріп 
отырды. Бас дәрігер Р. ең ықтимал жетекшілік стилін атаңыз (2010 – 2016 жж)? 

Сіз медициналық мекемеде менеджер болып істейсіз. Басқаратын еңбек ұжымында 
бейресми көшбасшы бар. Бұл қызметкердің еңбек өтілі ұзақ және көптеген қызметкерлер 
одан кеңес сұрайды. Сіз мекеме жұмысын кеңейтуді көздедіңіз, бірақ бейресми көшбасшы 
алдағы өзгерістерге қарсы. Менеджерге барынша лайық әрекетті таңдаңыз: 

Жұмыс уақытын жоспарлауға негіз болатын не? 

Өз мақсатын жоғалтып алмауға және мақсатты еске түсіруші ретінде қызмет ететін 
мақсатты болжалдау құралы дегеніміз не? 

Белгілібір критерийлер бойынша бағалап, шешім қабылдау керек болған кездегі әрекет 
қалай аталады: қойылған міндеттердің қайсысы бірінші реттік маңызға ие, қайсысы екінші? 

Хронометраж техникасы немен көмектеседі? 

Мәжбүрлі тиімділік заңы не туралы? 

Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек заңнамасын қолдану, келісім, еңбек шарты 
талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша келіспеушілік қалай аталады? 

Медициналық ұйым деңгейіндегі дербес еңбек даулары қалай қарастырылады? 

Жұмысшы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін кафедраның басшысының тәртіптік 
жазалаудың келесі шараларды қолдануға құқығы бар: 

Бас дәрігер өзінің клиникалық жұмыс бойынша орынбасарына аурухананың біржылғы 
қаржылық көрсеткіштерін талдау бойынша тапсырма берді, оған ол эмоциональды түрде 
қарсы шықты, бас дәрігер жауап ретінде өзінің орынбасарын құзыретсіздігі үшін дөрекі 
түрде айыптады. Берілген жағдай жанжалдың қандай сатысына жатқызылады? 

Қызметтік жиналыста бағынышты қызметкерден естіген сынына жауап ретінде басшысы 
оған ұсақ-түйекке бола тиісе бастады, қызметтік жұмысына бақылау жасауды күшейтті. 
Жанжалдың себебі неде? 

Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құжаттарына сәйкес, 
госпитальға жатқызу көрсетімі не болып саналады? 

Медициналық ұйымдардың басқарудың автономдық әдістеріне ауысуынан нені күтуге 
болады? 

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ , бірақ Қазақстан Республикасы аумағында тұратын 
тұлғалардың құқықтары мен міндеттері қандай? 

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) бойынша медициналық 
қызметке тарифтерді қалыптастырғанда не ЕСКЕРІЛЕЙДІ: 

Қазақстан Республикасында белгіленген нормативтік құқықтық актіге сәйкес ауылдық 
жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау секторының медицина 
қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының бірі: 

Қазақстан Республикасында психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші, 
қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған адамдарға қатысты медициналық сипаттағы 
мәжбүрлеу шаралары қалай қолданылады? 

Қазақстан Республикасында сот шешімімен дәрменсіз деп танылған азаматтарға және
кәмелетке толмағандарға олардың заңды өкілдері болмаған кезде медициналық көмек 
көрсету туралы шешімді қалай қабылдайды? 

Қазақстан Республикасында азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз, дәрігерлік 
құпияны құрайтын мәлiметтердi ашу мына жағдайда рұқсат етіледі: 

Қазақстан Республикасында кейін транспланттау үшін тіндерді және (немесе) ағзаларды 
алуды қамтамасыз ететін адамдарға биологиялық өлімді немесе мидың біржола семуін 
анықтауға қатысу мәселесі былайша реттелген: 



Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құжаттарына сәйкес, балаларды 
стационарлық емдеу кезінде, баланың анасы балаға күтім жасау үшін медициналық 
ұйымда болған кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі, атап айтқанда 

Қазақстанда азаматтардың тіркелуіне қарамастан алғашқы медициналық-санитарлық көмек 
мына жағдайда көрсетіле береді: 

Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкес, 
госпитализациялау көрсеткіштері не болып табылады? 

Клиникалық аурухананың хирургия бөлімшесінде 48 төсек орын бар. Аталған бөлімшеде 
жыл бойы 1020 адам стационарлық ем қабылдады. Берілген ақпараттың негізінде қандай 
көрсеткішті есептеуге болады? 

Бір бірімен байланысты емес екі жинақтардың (халықтың төсектермен, дәрігерлермен, 
мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілуі, босану мен аборттардың арақатынасы, 
халықтың тығыздығы және т. б.) арасындағы сандық арақатынасын сипаттайды: 

Ағымдағы жылы қызмет көрсетілетін учаскеде 500 жұқпалы аурулар тіркелген, оның 
ішінде 12% гепатит А, 20% қызылша, 68% басқа да аурулар. Осылайша, қандай көрсеткіш 
анықталған: 

Қалалық емханада штат бойынша 25 дәрігер жұмыс жасайды, ал қызмет ету 
территориясында 43000 адам тұрады. Қандай көрсеткішті есептеуге болады? 

"Тұрғындарға көрсетілген амбулаториялық-емханалық жұмысты талдау кезінде мынадай 
есептеу жасалды: 

Барлық мамандықтар бойынша дәрігерге қаралу (емханада және үйде) саны / аумақтағы
халықтың жылдық орташа саны. 

Бұл есептеу қандай көрсеткішті табуға көмектеседі:" 

Фертильдік коэффициентін есептеу үшін қандай мәліметтер қажет? 

Халықтың ауруханалық төсектермен қамтылуын анықтау үшін қандай мәліметтер керек: 

"Перинатальдық өлім" көрсеткіші қандай жас кезеңінде қолданылады? 

Стационардан шыққан науқастар саны 730 құрады, соның ішінде 500-і жақсарып шықса 
қандай көрсеткішті есептеуге болады? 

Қазақстанда халыққа медициналық-санитариялық алғашқы көмек бекіту фактісіне 
қарамастан келесі жағдайда көрсетіледі: 

Амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек, стационаралмастырушы көмек, 
жедел медициналық көмек. Осының барлығы: 

Қазақстан Республикасында скринингтік тексеруге жататын адамдардың нысаналы 
топтарын кім құрады: 

Денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды орындамаудан және клиникалық 
хаттамаларды сақтамаудан көрінетін медициналық көмек көрсету, емдеу-диагностикалық 
іс-шаралар тәртібін бұзу дегеніміз: 

Дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық 
қызметтер - негізгі медициналық көмектің негізгі түрлері болып табыдады. Осы тізімде 
қандай медициналық көмек түрі жетпей тұр: 

Диагностикалау, емдеу және оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін, 
жоғары медициналық білімі мамандар көрсететін медициналық көмек: 

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі жағдайында медициналық-әлеуметтік көмек 
дегеніміз не: 

Ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің 2-кезеңі қайда өткізіледі? 

Пациенттерді жоспарлы емдеуге жатқызу, пациенттерді жоспарлы және шұғыл емдеуге 
жатқызу, Қазақстан Республикасында емдеуге жатқызудан бас тарту туралы мәліметтер 


негізінде бірыңғай орталықтандырылған ақпараттық дерекқорды қалыптастыруға арналған" 
электрондық денсаулық сақтау " жүйесі қалай аталады? 

Жүргізілген емдеу-диагностикалық іс-шаралардың денсаулық сақтау саласындағы 
стандарттарға және клиникалық хаттамаларға сәйкестігі тұрғысынан егжей-тегжейлі 
ретроспективті және (немесе) ағымдағы талдау не болып табылады? 

Денсаулық сақтаудың ақпараттандырылуы дегеніміз не? 

Ақпараттық жүйе – бұл: 

Электрондық денсаулық паспорты: 

Денсаулық сақтауды ақпараттандырудың мақсаты: 

МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілеріне 
ақы төлеу неге сәйкес жүзеге асырылады? 

ЖКО-дан зардап шеккен адам бірнеше сынықтар мен жаппай қан кету белгілерімен 
ургенттік клиникаға шұғыл жатқызылады. Науқас қандай пакетке сәйкес қан 
препараттарын ақысыз негізде алады 

Берілген қызметтердің қайсысы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне кіреді? 

Медициналық ұйым көрсетілген медициналық көмек туралы дербес деректерді келесіге 
береді: 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР 
ДСМ - 108/2020 бұйрығына сәйкес қандай нозология әлеуметтік маңызы бар аурулар 
тізіміне кіреді? 

Медициналық көмектің көлемі адамның әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 
қанша қаражат аударғанына байланысты бола ма? 

МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу келесінің 
есебінен жүзеге асады: 

Егер адам МӘМС жүйесінде жұмыс істейтін емдеу мекемелеріне қаралмаған болса, өз 
аударымдарын алуына бола ма? 

Жұмыс беруші қызметкерлердің есептеуді (ұстап қалу) және аударымдарды және (немесе) 
жарналарды аударуды қаншалықты жиі жүзеге асыруға тиіс? 

Жедел медициналық жәрдем бригадасының (ЖМК) ЖМК диспетчерінен шақырту алған 
сәттен бастап шұғылдығы 3-санаттағы пациенттің тұрған жеріне келетін уақытын 
көрсетіңіз 

Науқас, 40 жаста, омыртқаның бел-құйымшақ бөлігі жарақатынан кейін келесі диагнозбен 
невропатологтан ем қабылдады: «Жарақаттан кейінгі бел-сегізкөз радикулиті». Учаскелік 
дәрігер медициналық оңалту курсына жолдама берді. Науқасты оңалту шығындарын 
қандай қаржыландыру көзі жабады? 

Сіреспеге қарсы жоспарлы иммунизациядан басқа осы инфекцияның шұғыл спецификалы 
алдын алу жүргізіледі. 01.01.2020 жылдан бастап науқас қандай мемлекеттік жүйеге сәйкес 
ем қабылдайды? 

5 жастағы бала жоғары температура, тамақ ішуге байланысты емес қайта құсу, бас ауыруы 
шағымдарымен стационарға жатқызылды. Объективті жағдайы ауыр, әлсіз, басын артқа 
шалқайтып, бір бүйірімен жатады. Менингеаль симптомдары анықталады. 01.01.2020 
жылдан бастап бала қандай мемлекеттік жүйеге сәйкес ем қабылдайды? 

«Типтік уақытты ысырап етушілер» қалай анықталады? 

Өз өкілеттігін батыл түрде бөліп тапсыра алатын, қызметкерлердің табысқа жететініне 
сенімін оятатын және ұжымның жақсырақ жұмыс істеуі үшін кез-келген жағдайда 
ынталандыратын көшбасшы көшбасшылықтың қай түріне жатады? 



Амбулаторлық-емханалық көмекті жоспарлау кезінде емханадағы негізгі табысқа не 
жатады? 

HR-менеджментінде кадрларды іздеу мен таңдаудың қандай әдістері тәжірибеден өтеді? 

Аурухананың бас дәрігері мен бөлімше меңгерушісі арасында жанжал туындады. Бас 
дәрігер осы қайшылықтарды бірге отырып талқылап, ортақ пікірге келуді ұсынды. Осы 
жағдайда жанжалды шешудің қандай әдісі қолданылады? 

Ұйымның даму мақсаттарын және оларға жету жолын анықтау үшін менеджменттің қандай 
функциясы қажет? 

Тайм-менеджмент процесі неден басталады? 

Дәрігерлер кеңесі (консилиум) кәмелетке толмаған науқасқа заңды өкілі болмаған кезде 
және науқастың өміріне қауіп төнген жағдайда медициналық көмек көрсету туралы шешім 
қабылдады. Кеңестің шешімі заңдылық тұрғысынан қарағанда дұрыс болды ма? 

Медициналық көмектің қандай түрі психологиялық көмекті қамтиды және тізімін уәкілетті 
орган айқындайтын әлеуметтік-маңызды аурулары бар азаматтарға көрсетіледі? 

Емхананың медициналық қызметкері ауруханаға жатқызуға дайындау үшін науқас туралы 
құпия ақпаратты (ауруханаға жатқызуға көрсеткіш) қабылдаушы ауруханалық ұйымның 
медицина қызметкерлеріне науқастың келісімінсіз айтуына бола ма? 

Сұранысы төмен тауарларды өткізу үшін нені жасау оңтайлы болмақ (үнемді өндіріс 
теориясы бойынша)? 

Диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың арнайы әдістерін қажет ететін 
ауруларға консультациялық-диагностикалық немесе ауруханалық медициналық көмек 
көрсету түрінде көпбейінді денсаулық сақтау ұйымдары медициналық көмектің қандай 
түрін көрсетеді? 

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтаудың жергілікті бюджетін және олардың 
атқарылуы туралы есептерді кім бекітеді? 

Азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына (АМСК) бекіту 
Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарына сәйкес АМСК көрсетуге қалай әсер 
етеді? 

Төтенше жағдай аймағында және/немесе оның шекарасында, төтенше жағдай енгізілген 
аумақта тікелей медициналық көмектің қандай түрі көрсетіледі? 

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі жағдайында АМСК ұйымдарының медицина 
қызметкерінің науқастың үйіне баруы, соның ішінде үйме-үй (пәтерден-пәтерге) аралау 
қалай жүзеге асырылады? 

Медициналық сақтандырудың мақсаты қандай? 

Науқасқа үйде қабылдау үшін тағайындалған дәрілік заттардың атын есте сақтау қиын 
болса, тиімді қарым-қатынас жасау үшін дәрігер не істеу керек? 

Денсаулық сақтауда қолданылатын экстенсивті көрсеткіштерді қолдану ерекшеліктеріне не 
жатады? 

Тыныс алу ағзаларының ауруларынан 1 жасқа толмай қайтыс болған балалардың меншікті 
үлесін анықтау қажет болған жағдайда қандай есеп жүргізіледі? 

6 ай бойы емделген науқастармен кері байланыс нәтижелері бойынша, қанағаттану 
сауалнамасында науқастар медицина қызметкерлерінің дөрекілігін мәселе ретінде жиі 
көрсеткен. Осы мәселені шешудің анағұрлым тиімді әрекеті қандай? 

Науқастар белгілі бір бағамен сатып алуға дайын және мүмкін болатын «Медициналық 
қызметтер тізіміне» не кіреді? 

Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы кімге беріледі? 



Аурулар мен жарақаттар кезінде дәрігер өздігінен және бір уақытта еңбекке уақытша 
жарамсыздық парағын және анықтамасын қанша уақытқа береді? 

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы қандай жағдайда беріледі? 

Сақтандыру қорлары ненің есебінен құрылады? 

Жұқпалы және паразиттік аурулармен ауыратын науқастармен және жұқпалы және 
паразиттік ауруларға күдікті адамдармен, бактерия тасымалдаушылармен қарым-қатынаста 
болған адамдарға қандай шаралар қолданылады? 

Науқас әлеуметтік желідегі ұйымның парақшасында ұйымға қатысты шағымын ашық 
түрде, менеджменттің озық тәжірибесіне сәйкес білдірсе, ұйымның реакциясы қандай 
болуы керек?

Айналасындағыларға қауіп төндіретін жұқпалы ауруды анықтау кезінде дәрігердің 
алғашқы әрекеті қандай? 

Медициналық ұйымның басшысы өзiнiң клиникалық жұмыс жөнiндегi орынбасарына 
емхананың бiр жылдағы қаржылық қызметiн талдау туралы тапсырма бередi, ал 
орынбасары күрт және эмоциялық түрде қарсылық бiлдiрдi, оған жауап ретiнде басшы өз 
орынбасарын дөрекі түрде қызметiне сәйкес емес деп айыптады. Осы жағдай жанжалдың 
қандай кезеңіне жатады? 

Дамыған елдердің медициналық ұйымдары әдетте маркетингке жалпы бюджеттің (немесе 
жалпы түсімдердің) қандай бөлігін бөледі? 

Заманауи жағдайда әрбір медициналық ұйымның жеке сайты бар. Медициналық ұйым 
қоғаммен ақпараттық байланысты нығайту үшін тағы не пайдаланады? 

Дәрігер мен науқастың диалогында көзбен қатынасты сақтау қай кезде аса тиімді? 

Қарым-қатынас дағдылары негіздеріне сәйкес дәрігердің қабылдауына кешігіп келген 
науқасқа дәрігер өз наразылығын қалай білдіре алады? 

Терапиялық бөлімнің дәрігері бөлім меңгерушісіне банктен несие алуға үлгеру үшін 
жұмыстан 1 сағат бұрын кетуіне рұқсат беруін сұрайды. Бөлім меңгерушісі ауызша келісім 
беріп, отбасының материалдық жағдайын, несие беру шарттарын сұрайды. Осы жағдайда 
қандай қарым-қатынас қолданылды? 

Қандай аурулар эндемиялық жұқпалы ауруларға жатады? 

Эпидемиялық процестің қандай буындары бірінші болып табылады? 

Ұйым қызметінің транспаренттілігі (ашықтығы) дегеніміз не? 

Қабылдаушы медициналық ұйым вакциналарды және басқа температураға сезімтал 
препараттарды жеткізу кезінде «Суық тізбектің» сақталуын қалай тексереді? 

Қызметтерді аутсорсингке жіберген кезде олардың сапасын қамтамасыз ету және сақтау 
үшін не өте маңызды?

Ұйымның үздіксіз және тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін дәрігерлердің кәсіби 
жауапкершілігін қорғаудағы бірінші басшының ең сенімді әрекеті қандай? 

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлеміне қандай қызметтер кіреді? 

«Ұлттық денсаулық сақтау шоттары» дегеніміз не? 

Жедел жәрдем бригадасының (ЖЖБ) 2-ші шұғыл санат бойынша ЖЖБ диспетчерінен 
шақырту алған сәттен бастап науқас орналасқан жерге келу уақыты қанша болуы керек? 

Учаскелік дәрігер қабылдауына 35 жастағы әйел скринингтік тексеруден өту үшін келді. 
Осы науқас қандай скринингтік тексеруден өту керек? 

Қазақстан Республикасында скринингтік тексеруге жататын адамдардың мақсаттық 
топтарын кім құрастырады? 



Денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды орындамау және клиникалық хаттамаларды 
сақтамау түрінде көрінетін медициналық көмек көрсету, емдеу-диагностикалық іс-шаралар 
тәртібін бұзу қалай аталады? 

Диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін, 
сонымен қатар телемедицина құралдарын қолдануды қажет етпейтін аурулар кезінде 
жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері медициналық көмектің қандай 
түрін көрсетеді? 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №ҚР 
ДСМ - 108/2020 бұйрығына сәйкес әлеуметтік маңызды аурулар тізіміне қандай нозология 
кіреді?

Сіреспеге қарсы жоспарлы иммундаумен қатар осы инфекцияның шұғыл арнайы 
сақтандыруы жүргізіледі. 01.01.2020 жылдан бастап осы медициналық қызмет 
медициналық көмектің қандай көлем шеңберінде жүзеге асырылады? 

Бала 5 жаста, жоғары температураға, тамақ ішуге байланыссыз қайталанатын құсуға, бас 
ауруына шағымданып ауруханаға түсті. Объективті: жағдайы ауыр, енжар, басын артқа 
шалқайтып бүйірімен жатыр. Менингеальды симптомдар анықталды. Дәрігер «Менингит» 
деген диагноз қойды. 01.01.2020 жылдан бастап науқас қандай медициналық көмек аясында 
емделеді? 

Медициналық ұйым халыққа жаңа медициналық қызмет түрін әзірледі және ұсынды. Сіз 
оған нарыққа шығу кезеңінде қандай маркетингтік стратегияны ұсынасыз? 

Ұйымның даму мақсаттарын, оларға жету жолдарын анықтау үшін ең алдымен 
менеджменттің қандай функциясы қажет? 

Нысанның қандай басқару органы директорлар кеңесінің мүшелерін сайлайды, жылдық 
есепті, қаржылық есептілікті, пайданы бөлуді (соның ішінде дивидендтерді хабарлауды) 
бекітеді, жарғылық капиталдың мөлшерін өзгерту және ірі мәмілелерді бекіту туралы 
шешім қабылдайды? 

Клиника қызметкерлерінің арасында жүргізілген тәуелсіз сауалнама клиника 
қызметкерлерінің 80%-ы және басқару құрамы қызметкерлерінің 50%-ы даму стратегиясын 
түсінбейтінін, ұйымның серіктестерінің атауын атай алмайтынын, кіріс көлемін және 
кірістерді бөлу шарттарын білмейтінін көрсетті. Корпоративтік басқарудың қандай 
принципі бұзылды? 

Медициналық компания өз жүйесін қалыптастыру кезінде пайдаланған теңгерімді 
көрсеткіштер жүйесінің (ТКЖ) негізгі артықшылықтарын бөліп көрсетті. ТКЖ-нің басты 
артықшылығы қандай? 

Медициналық ұйымның негізгі ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін анықтау, іс-
әрекет бағытын әзірлеу және осы мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды бөлу қалай 
аталады? 

Қызметтерді жоспарлау және қадағалау индикаторлары (көрсеткіштері) нақты, өлшенетін, 
уақыт бойынша шектеулі, өзекті (маңызды) болуы керек. Басқа қандай көрсеткіштер болуы 
мүмкін? 

Ағымдық трендтерді: халықтың қартаюын, көптеген созылмалы аурулары бар науқастар 
үлесінің көбеюін, сонымен қатар мемлекеттік сақтандыру ұйымының денсаулық сақтау 
шығындарының өсуін ұстап тұруға ұмтылуын сақтау жағдайын ескере отырып, 
медициналық ұйымдардың қандай түрлерінің құрылысы ауылдық жерлердегі күрделі 
шығындарды ақтай алуы мүмкін? 

МЖӘ жобасы бойынша «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» Заңы шеңберінде мемлекеттік 
қолдаудың қандай түрлері қарастырылған? 

Аурухана секторын қайта құрылымдаудың негізгі мақсаты қандай? 



Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның медицина 
қызметкерлерінің еңбекақысы қалай есептеледі? 

Инвестициялық жоба бойынша ақша ағындары (түсімдер) негізінде капиталды 
бюджеттеуде қандай есептеулер қолданылады? 

Дәрілік формулярға жыл сайынғы шолу кезінде ұйымдар тиімділігінің төмендігі және 
дәлелді базасының жеткіліксіздігі туралы ақпараттың пайда болуына байланысты бірнеше 
дәрілік заттарды одан шығаруды ұсынды. Алайда, науқастар оларды бұрынғы жылдарда 
ауруханада ерте қабылдауды әдетке айналдырған. Бірінші басшының және оның 
клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасарының ең дұрыс әрекеті қандай? 

Гант диаграммасы дегеніміз не? 

Пиар іс-шаралары қалай жоспарланады? 

Фармацевтикалық компания медициналық ұйыммен бірлесіп, осы ұйымда емделетін 
ауруларды емдеудің заманауи әдістері тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Ұйымның 
имиджіне теріс әсер ететін дәрілік заттарды әдепсіз насихаттауға қандай мысал келтіруге 
болады? 

Аурухана 2013-2015 жылдары салынды. 2016 жылдың 1 тоқсанында пайдалануға берілді. 
Алғашқы қызметтер 2016 жылдың 2 тоқсанынан бастап көрсетіле бастады. 2018 жылдың 2-
тоқсанынан бастап толық төсек сыйымдылығында қызмет көрсету спектрін көрсету 
жоспарлануда. Ұйымның өмірлік циклі кезеңдерінің қайсысы ұйымның өсу (даму) кезеңіне 
тән? 

Нарықта сатылатын немесе таңдалған уақыт кезеңінде болашақта сатылуы мүмкін нарықты 
зерттеу нәтижесінде есептелген қызметтер саны қалай аталады? 

Парето принципі тәжірибеде қалай қолданылады? 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымның науқастың өтінішіне 
(шағымдарына) жазбаша жауап беру мерзімі қандай? 

Науқас медициналық ұйым жауап беруге тиіс (есепке алу, қарастыру, шара қолдану) 
медициналық ұйымдағы қызмет көрсету сапасына шағымды қандай тәсілдермен білдіруге 
құқылы? 

Егер медициналық кітапшаны тексеру кезінде мәліметтері әдейі бұрмаланбаған 
медициналық құжаттаманың толық болуында ақау анықталса, не істеу ұсынылады? 

Медициналық қызметтің сапасын жүйелі жақсартуда қандай құрал ең тиімді болып 
табылады? 

Дәрілік заттардың кері әсерлері туралы медициналық ұйым қалай хабарлайды? 

Персоналдың қанағаттануын өлшеудің қандай әдісі науқастарды барынша қамтуға 
мүмкіндік береді? 

Қазақстанда медициналық ұйымның кадрлық саясаты қалай анықталады? 

Қызметкерді жаңа лауазымға кім бейімдеп, бағдарлауы керек? 

Қызметкерлерді бағдарлау (кіріспе және алғашқы нұсқаулық) бойынша бағдарламаны 
жүзеге асыру үшін не қажет? 

Денсаулық сақтау менеджерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін не қажет? 

Ауылдық жерлердегі мемлекеттік ұйымдардың медицина қызметкерлеріне қандай 
әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі? 

Қызмет көрсеткіштерінде қойылған мақсаттарға қол жеткізгені үшін жоғары буындағы 
басшыларға төленетін бонустар ұжымға қалай әсер етеді? 

Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы шартқа сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты 
жеке өзі орындауға, жұмыс кестесін сақтауға, ал жұмыс беруші қызметкерді белгіленген 


еңбек функциясына сәйкес жұмыспен қамтамасыз етуге, еңбек жағдайларын қамтамасыз 
етуге және еңбекақы төлеуге міндеттенетін келісім дегеніміз: 

Неліктен менеджер балық сүйегі диаграммасын білуі және қолдана білуі керек? 

Қатесіз шешім қабылдауға және басқарушының жоғары салалық біліміне негізделген билік 
(көшбасшылық) формасы қандай. 

Микроменеджменттің белгісіне не жатады? 

Қандай көшбасшы ұйым қызметінің процестерінде «Тар мойын» құрастырады? 

SOAP (Simple Object Access Protocol), PDCA (Plan–Do–Check– Act), PDSA (Project-Do-
Simulate-Adjust), SBAR (Situation, Background, Assessment, Recommendation), FMEA (Failure 
Mode and Effects Analysis) дегеніміз не? Күтіп-қарауды қамтамасыз ететін адамдар 
арасындағы байланысты жақсартудың ең тиімді құралына қайсысыс жатады? 

Келісім комиссияларының құзыретіне не жатады? 

Жұмыс берушінің шешімі бойынша зейнеткерлік жасқа толған адамдармен еңбек 
қатынастарын тоқтатудың салдары қандай? 

Тиісті корпоративтік басқару қандай принциптерге негізделген? 

Компанияның сәйкес келешегін көрсететін Теңгерімді көрсеткіштер жүйесі (ТКЖ) қандай 
төрт стратегиялық аумақты анықтайды? 

Медициналық ұйымның шарт негізінде өндірістік кәсіпкерлік қызметтің жекелеген 
түрлерін немесе функцияларын қажетті салада жұмыс істейтін басқа кәсіпорынға беруі 
қалай аталады? 

Жекеменшік емхана менеджерлеріне ұйымның кірістілігін арттыру бойынша іс-шаралар 
әзірлеу тапсырылды, себебі соңғы айларда жаңа мемлекеттік емхананың ашылуына 
байланысты кірістің төмендеуі байқалды. Осы жағдайда қандай іс-шара анағұрлым тиімді 
болады? 

«Үнемді өндірісті» дамытатын заманауи ұйымда әдіснаманың тасымалдаушысы, жетілдіру 
жұмыстарының үйлестірушісі, ұйымның басқа қызметкерлері үшін бизнесті жүргізудің 
заманауи тиімді тәсілдерін көрсететін адамдарсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Осы адамдар 
қалай аталады? 

Клиникада басшылар ұйымды қайта құру, кейбір қызметкерлерді қысқарту және жалақыны 
қысқарту туралы шешім қабылдады. Қалған қызметкерлердің жұмыс көлемі артты. 
Жұмысшылар ереуілге шығып, жұмысқа келмеді. Осындай мінез көрсетуге не себеп 
болды? 

Перспективті кадр саясатын жасауға бағытталған кадрлық менеджменттің ішкі жүйесі 
қалай аталады? 

Клиникада атқарылмаған жұмыстардың үлкен көлемі анықталды, басшы өз 
қызметкерлеріне сенімсіз болғандықтан өзінің өкілеттіктерін бөліп беруден бас тартқан. 
Бұл клиникадағы бүкіл жұмыстың баяулауын туындатты. Ол немен байланысты? 

Басқарудың қандай функциясы барлық басқалардың үйлестіруін және өзара әрекетін 
қамтамасыз етеді? 

Еңбек заңнамасын қолдану, еңбек шартының, келісімдердің талаптарын орындау немесе 
өзгерту бойынша жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келіспеушілік қалай аталады? 

Басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру процесінің бірінші кезеңі қандай?

Медициналық ұйымның жұмыскерлері, өндірістік процестері, материалдық ресурстары, 
ақпараттық ресурстары дегеніміз? 

Басқарудың қандай әдістері бар? 

Классикалық әкімшілік (ұйымдық) менеджменттің құрастырушысы кім болып саналады? 

Өндірісті басқарудың ғылыми әдістерін негіздеу теориясы кімге тиесілі? 



Еңбек мотивациясының көптеген үлгілеріне негіз ретінде қолданылатын қажеттіліктер 
иерархиясы теориясын кім ұсынды? 

М.Вебердің басқарушылық ойдың дамуына қосқан үлесі қандай? 

Менеджменттің классикалық стильдеріне не жатады? 

Басқарудың барлық деңгейіндегі адамдардың құқықтары мен міндеттеріне негізделген 
басқару әдістері дегеніміз? 

20 ғасырдың басында конвейерлік жұмыс жүйесін, максималды мамандандыруды
жұмыстың реттелген ырғағын, көлік жұмыстарын механикаландыруды қолданған, 
кәсіпорынды өзін барлық қажетті заттармен қамтамасыз ететін кешен ретінде дамытқан, 
негізгі өндірісті оған қызмет көрсетуден бөлген кім? 

Менеджмент функцияларына не жатады? 

Басшы мен ұжым арасындағы басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыруға 
қатысты қалыптасқан қатынастар жүйесі қалай аталады? 

Басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды 
жүзеге асыру үшін тек бюджет қаражаты есебінен ұсталатын коммерциялық емес ұйым 
қалай аталады? 

Менеджменттегі коммуникация – бұл? 

Көшбасшы дегеніміз? 

Басқарудың функционалдық құрылымының артықшылықтарына не жатады? 

Әкімшілік құқықтар мен өкілеттіктер берілген тұлға дегеніміз? 

Шешімді ұжыммен бірге келісетін басшы стилі қалай аталады? 

Адамдарды өз қызметінің тиімділігін арттыруға ынталандыру қалай аталады? 

Мекемеде басқарудың бірнеше деңгейі болған кезде бағыныштылықтың қандай 
байланыстары пайда болады? 

Басқарушылық шешімі дегенді қалай түсінуге болады? 

Медициналық ұйымның негізгі ұзақмерзімді мақсаттары мен міндеттерін анықтау, әрекетің 
бағытын әзірлеу және осы мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды бөлу дегеніміз: 

Әрбір деңгейде іс-шараларды орындау үшін брқатар қадамдық әрекеттерді орындау 
жолымен медициналық ұйымның стратегиялық жоспарында көрсетілген міндеттерге жету 
тәртібін анықтайтын процесс қалай аталады? 

Басқарушылық шешімдерді ұжымдық дайындаудың кең тараған әдісінің мысалына не 
жатады? 

Шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың аналитикалық қабілеттеріне негізделген шешім 
қабылдаудың бейресми (эвристикалық) әдістері жиі негізделеді? 

Бұл әдістің мәні дұрыс шешімді анықтауда максималды консенсусқа қол жеткізу үшін 
бірізді әрекеттерді – сауалнамаларды, сұхбаттарды, миға шабуылды қолдану болып 
табылады. Бұл әдісті қолданатын талдау бірнеше кезеңнен тұрады, нәтижелер 
статистикалық әдістермен өңделеді: 

Мемлекеттік кәсіпорынның, акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 
бес жылдық кезеңдегі қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің 
көрсеткіштерін айқындайтын құжат қалай аталады? 

Акционерлік қоғамдағы қызметке жалпы басшылықты қандай орган жүзеге асырады? 

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын қалалық 
емхананың бақылау кеңесінің хатшысы кімге есеп береді? 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің денсаулық сақтау саласындағы құзыретіне не кіреді? 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының 
(Денсаулық сақтау министрлігі) құзыретіне қандай функциялар жатады? 



Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыстардың денсаулық 
сақтаудағы мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары қандай мәселелерді шешеді?

Кез келген медициналық ұйымның басты ресурсына не жатады? 

Медициналық ұйым персоналының қандай түрлері бар? 

Медицина қызметкерлері дегеніміз: 

Ұжым мүшелерінің қарама-қайшы мақсаттары мен мінез-құлқынан туындайтын қарым-
қатынас саласындағы қақтығыс қалай аталады? 

Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек 
демалысы қанша күнтізбелік күнді құрайды? 

Заңды тұлғаның құрылтай құжаты дегеніміз не? 

Жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы жазбаша келісім қалай аталады, соған сәйкес 
жұмыскер белгілі бір жұмысты жеке өзі орындайды, жұмыс кестесін сақтайды, ал жұмыс 
беруші қызметкерді белгіленген еңбек функциясына сәйкес жұмыспен қамтамасыз етуге 
міндеттенеді, еңбек жағдайын, жалақыны қамтамасыз етеді? 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет