Байланысты: Windows операциялық жүйесімен жұмыс істеу негiздерi (3)
Windows операциялық жүйесімен жұмыс істеу негiздерi Тұтынушы интерфейсі
Wіndows жүйесі мен тұтынушы арасындағы мәлімет алмасу ортасы (интерфейсі) төмендегідей негізгі элементтерден тұрады:
· Стандартты терезе;
· Жұмыс үстелі;
· Тапсырмалар тақтасы;
· Бас меню;
· Жанама немесе контекстік меню (тышқан оң жақ батырмасын шерту арқылы шығады);
· Wіndows қолданбалы программаларының меню жүйесі;
· Wіndows анықтамалық жүйесі.
Windows жұмыс үстелi. Windows экраны жұмыс үстелi деп аталатын алғашқы көріністен, яғни жүйелiк объектіден тұрады. Жұмыс үстелі – Windows жүйесінің басқа объектiлерi мен басқару элементтерi орналасатын графикалық орта. Алғашқы көріністе жұмыс үстелінде бiрнеше стандартты белгiшелер (значки) мен Тапсырмалар тақтасын (Панель задач) көремiз. Белгiшелер – Windows объектiлерiнiң графикалық бейнесі, ал Тапсырмалар тақтасы – басқарудың негiзгi элементтерiнiң бiрi. Көптеген командалар тышқан арқылы орындалады. Экранда тышқан сiлтемесi (меңзері, курсоры) деп аталатын активтi басқару белгісі тұрады