Программа интерфейсі. Программаның негізгі басқару элементтері Меню қатары мен Саймандар панелінде жинақталған. Бұдан басқа Adobe компаниясының программаларында ерекше сұхбат терезелері – саймандар палитрасы қолданылады.
Файлдарды жүктеу мен импорттау. Photoshop графикалық редакторы түзу үшін емес суреттерді өңдеу үшін арналғандықтан, онымен жұмысты жүктеуден (файл - ашу) командасымен немесе дайын бейнелерді импорттаудан бастайды.
Импорттау деп – сканерден, цифрлық фотокамерадан немесе басқа да енгізу құрылғыларынан алынған бейнені енгізуді айтады. Импорттау файл – импорттау командасы арқылы орындалады. Графикалық редактордың сыртқы құрылғылармен байланысы TWAIN стандарты арқылы жүзеге асырылады.
Файл туралы мәлімет алу. Көптеген графикалық бейнелермен операция жасауда бейнелердің негізгі параметрлерін білу өте маңызды. Оларды Бейне өлшемі (Размер изображение) сұхбат терезесінде анықтауға болады. Ол бейне (Изображение – Размер изображение) – бейне өлшемі командасы арқылы ашылады. Бұл терезеде ені және биіктігі (пикселдермен) және Размер печатного отписка (см-мен) сияқты параметрлер келтірілген. Экрандық өлшемдер физикалық өлшемдермен рұқсат ету (Разрешение) параметрлерімен байланысты. Файлдың өлшемі осы параметрлерге тәуелді.
Adobe Photoshop редакторының құрал-саймандары. Құралдар панелі бейнелермен жұмыс істеудегі ең негізгісі болып табылады. Негізгі құралдар, құралдар панелінде 4 топқа біріктірілген. Photoshop программасының ерекшелігі құралдар панелінде альтернативті құралдардың болуы. Мұндай құралдардың кішкене үшбұрышты арнайы белгілері бар. Осындай белгіде тышқанды басып курсорды апарсаңыз қосымша құралдары бар: сызғыш , тағы басқа да құралдар.
1.Белгілердің бірінші тобын обьектімен жұмыс жасауға арналған құралдар құрайды. Область аймақ және Лассо құралдары арқылы бейне аймағын ерекшелеп, (Перемещение) Ауыстыру құралының көмегімен ерекшеленген аймақты жылжытып, көшірмесін алуға да болады.
Сиқырлы таяқша (Вольшебное палочка) құралы аймақты түс белгісіне қарай автоматты түрде ерекшелеуге арналған. Сиқырлы таяқша мен Лассоны графикалық обьектілердің күрделі контурын дәл алу үшін қолданады.
2.Сурет салу үшін арналған құралдар тобына Аэрограф, кисть (қылқалам), карандаш, Ластик (өшіргіш) жатады. Штамп құралын набивка операциясы үшін, яғни оның көмегімен суреттің зақымдалған элементтерін қалпына келтіру ыңғайлы. (Мысалы: ескі суреттерді өңдеуде), зақымдалмаған бөліктерден бейнелерді көшіру арқылы.
Палец құралы размывка опериясы үшін қолданылады. Размытие /Резкость құралдары бөлек бөліктердің қанықтылығын басқаруға, ал Осветлитель / Затемнитель / Губка құралдарын түстің қанықтылығын реттеуге арналған. Губка Отмывка операциясы үшін арналған.
3. Үшінші топтың құралдарына жаңа обьектілерді құруға, соның ішінде текстік обьектілерді құруға арналған.
Перо және оның альтернативті құралдары қисық контурларды құру мен редакторлеуге арналған. Текст инструментімен жазбаларды орындайды. Бұнымен қоса мұнда Windows операциялық жүйесінде орнатылған шрифтілер қолданылады. Линия құралы түзулердің кесіндісін салуға арналған. Заливка және Градиент ерекшеленген бөліктерді негізгі түстердің бірімен немесе түстер арасында жайлап өту арқылы қолайлы түс таңдауға арналған. Қолданылғандардың тізімінен түсті дәл таңдауға Пипетка құралы көмектеседі.
4.Соңғы топты көруді басқару құралдары құрайды. Масштаб құралы суреттің үлкейтілген фрагменттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, ал рука құралын программаның терезесінің шегінен шығып кеткен суреттерді жылжытуға қолданылады.