«Қазақ» газеті «Есіл даласы» газеті «Сарыарқа» газеті «Айқап» Қоғамдық-саяси және әдеби журнал «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деуі – қазақ баспасөзінің ұранына айналды.
«Әуелі, газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі.
Екінші, газет – жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтады.
Үшінші, газет – халыққа білім таратушы.
Төртінші, газет – халықтың даушысы. «Жұртым» деп халықты арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газет арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады».