1 жүргізуші
Қайырлы күн, аяулы ұстаздар, достар, қатысушылар.
12 сәуір Ғарышкерлер күніне арналған 5 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып отырған танымдық сайысымызға қош келдіңіздер.
2жүргізуші
Қатысушыларымызбен танысып алайық.
1. 5а сынып оқушысы Абат Айзере
2. 5 ә сынып оқушысы
3. 5 б сынып оқушысы Рахман Алижан
4. 5 в сынып оқушысы
5. 5 г сынып оқушысы
6. 5 д сынып оқушысы Нұрлыбек Ақтілек
7. 5 е сынып оқушысы
8. 5 ж сынып оқушысы Ерғалиқызы Інжу
9. 5 з сынып оқушысы Оразгелді Қайнар
10. 5 к сынып оқушысы Байшауова Аяна
1жүргізуші
Қатысушыларды бірден 2 топқа бөліп алайық. Тақтаға назар салайық.
2жүргізуші
1ші топ оқушылары аты жөндерін оқиды демек сіз Марс тобының мүшелері боласыз.
1 жүргізуші
2ші топ оқушылары аты жөндерін оқып сіз Юпитер тобы боласыздар.
Орындарыңызға отыра беруіңізге болады.
Қазылар алқа тобымен танысып алайық
2жүргізуші
1.Кіріспе сөз.1961 жылы 12 сәірде қазақ даласындағы »Байқоңыр» ғарыш
айлағынан ішіне адам отырғызылған ғарыш кемесі ұшырылды.
Ю.А.Гагарин әлемде тұңғыш рет ғарышқа сапар шекті.Космодром құрылысы 1955 жылы басталып,1957 жылы мамыр айында пайдалануға
берілді.»Байқоңыр» қазақ тілінде бай,алтын жер деген мағнаны білдіреді.
Қазақтың осы бай алтын жерінен бірнеше комос карабльдері ұшырылды.
1991 жылы 2-10 қазан аралығында Талғат Мусабаев пен Тоқтар Әубәкіров
«Союз-ТМ -13» кораблімен «Мир» стансасында ұшу сапарын жасады.
1-жүргізуші.
...Неліктен
Жуық жұлдыз ұран бізге?
Неліктен
Жыр арқауы – қыран түзде?
Неліктен
Сұлулықтың асқар бәрі?
Неліктен
Жауап берер жырауды ізде.
2-хүргізуші.
Суарып дариялар даламызды,
Жарықпен жайнатады қаламызды
Жүрек-Жер айналады ұршығындай
Шүйкедей ширатып сай-саламызды.
Күйінсең
Қиялы ұшқыр жандай күйін
Ғарышта
Жермен бірге самғайды үйің
Көмескі-
Бір көрініп,
Бір жоғалған-
Жұлдызға жол салу,дос қандай қиын.
Сайысымызды бастамас бұрын Халық қаһармандары атты баяндаманы тамашалайық.
1-жүргізуші.
Сайысымыздың алғашқы кезеңі
«Ойлан,тап» викториналық сұрақтар (Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі).
2жүргізуші
Бұл кезеңнің шарты берілген сұраққа тез әрі дұрыс жауабын беру керек
Әділ қазылар ұпай санын жазып отырамыз.
1.»Байқоңыр» ғарыш айлағынан орбитаға бірінші болып жердің жасанды
серігі қай жылы ұшырылды? (1957 жылы)
2.Планетаның тұңғыш ғарышкері А.Ю.Гагарин қай жылы қадам басты және ұшқан ғарыш алаңы қалай аталады? (1961 жылы 12 сәуір, Байқоңыр айлағы).
3.1961 жылы 6 тамызда ұзағырақ ұшқан екінші ғарышкер кім?(Герман Титов)
4.»Байқоңыр» ғарыш айлағы ашылғаннан бері қанша зымыран,неше ғарыш аппараты және қанша ғарышкер ғарышта болып қайтты? (2500 зымыран,3000-нан
астам ғарыш аппараты,130-дан астам ғарышкер).
5.Қазіргі заманғы химиялық отындарды пайдаланатын зымырандардағы
газ ағынының жылдамдығы қандай?(4 км/с-тан артпайды).
6.»Байқоңырдан» қандай ғарыш кемелері ұшырылды? («Восток»,«Восход»,
«Союз», «Прогресс», «Мир»)
7.»Байқоңыр» айлағы қанша шаршы километр аумақты алып жатыр?
(солтүстіктен оңтүтікке қарай 75 километр,батыстан шығысқа қарай 90
километрге созылатын 6717 шаршы километр аумақты алып жатыр).
8.Ғарышқа алғашқы қадам жасау идеясын ұсынған ғалым?(Константин Эдуардович Циолковский)
9. 1969 жылы 20 шілдеде бірінші рет Ай бетіне кім деген Америка ғарышкері
із тастады? ( Нил Армстронг)
10.Осы күнгі зымырандардың жасалуы неше сатыдан тұрады?(бірнеше әр сатыда отын қоры болады.).
1-хүргіуші.
Болмаған кезде сәуле жарық елде,
Ұштасып бәрімен де ,
Әріменде
Нұр болып түн түнекті түріп тастау
Қиындау,
Қиынырақ бәрінен де.
Сайысымыздың келесі кезеңі бұл «Ғажайып планеталар» макетін жасау.(2 топ өздерінің алдына берілген әр түрлі материалдардан планеталар макетін жасайды, және соны түсіндіріп қорғап шығуы керек.) 5 ұпай
2 жүргізуші
Екі топқа сәттілік тілейміз.
1жүргізуші
Алдарыңызда 5а сынып оқушыларының орындауындағы Ғарышкер боламын атты тамаша әнді қабыл алыңыздар
2жүргізуші
Қошеметтеріңіз біздің жас өнерпаздарымызға.
Ендеше біздің топтарымыз тапсырмаларын бітірген сияқты ал ортаға шығып жасаған макеттерімізді сайысымыздың ережесі бойынша қорғайық
Әділқазы алқалары ұпайларымызды қойып бағалап отырсақ
1 жүргізуші
Керемет. Макеттеріңіз өте ерекше болды.
Келесі соңғы кезең бұл тапқырлар білгірлер деп аталады.
Ғарыш тақырыбына қатысты 1 минут уақыт ішінде әр топ сөздік қорын жазып, оқиды . Әр сөзге 1 ұпай
Жақсы керемет.
Әділқазыларға сөз беріп, жеңімпазымызды анықтайтын сәт келді
Құрметті Әділқазылар қорытындысын шығарып мараппаттау сәтін өзіңізге табыстаймыз
2жүргізуші
Екі топтыда жеңістеріңізбен құттықтаймыз.
Тағы да Ғарышкерлер күні құтты болсын. Осымен танымдық ойынымызды аяқтай отыра барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Сау болыңыздар
6.Қорытындылау.марапаттаулар.
Достарыңызбен бөлісу: |