Ауған соғысы— КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократяиылық үкіметті” қолдап, көршілес елдің соцмалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді.
Болған уақыты:25 желтоқсан 1979 — 15 ақпан 1989
Себеп:Сәуір революциясы және Ауғанстандағы азамат соғысының басталуы; КСРО-ның Ауғанстандағы АХДП режимін
Женева келісімдері: Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару; Ауғанстандағы азаматтық соғыстың жалғасуы.
Қолбасшылары:
КСРО-Л.И.Брежнев
Ю.В.Андропов
Ауғанстан-Гүлбеддин Хекматияр
Бұрхануддин Раббани
Соғысқа қатысқан КСРО азаматтары:
15 052 қаза болғандар,
53 753 жарақаттанғандар,
417 ізтүссіз жоғалғандар.
Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-
дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тасталды. Елбасының 1998 - жылдың 28 - сәуірінде шыққан жарлығы аталған жандарға берілетін қаржылық көмектің мөлшерін анықтап берді. Бүгінде ол 2 мың теңгеден сәл ғана асады.