Педагогикалық сараман есебі
Сараманның алғашқы аптасында М.Жүнісов атындағы ЖОББ мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жекенова Гаухар Мұратқызы мектеп төлқұжатымен және негізгі талаптармен таныстырып , сыныптарды бөліп берді. Бақытова Анаргүл Салауатқызы биология пәнінен жетекші, Сағынғалиева Арайлым Тілекқабылқызы сынып жетекшім болып бекітілді. Мені 7 «б», сыныбына биология пәнінен сабақ беруге сынып жетекші машықкері ретінде бекітті. Іс - тәжірибенің алғашқы аптасында жетекшілерім бекітілген сыныптармен таныстырып және қысқа, ұзақ мерзімді жоспарларымен таныстырды. Сараманның алғашқы аптасында бекітілген сыныптардың барлық сабақтарына қатысып, оқушылардың деңгейіне қарап, жалпы сыныптармен таныстым. Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, білмегенімді сұрап, өзіме тәжірибе жинақтадым. Іс – тәжірибенің екінші аптасында мен сыныптарға сабақ беруді бастадым.
Бекітілген сыныптар өте жақсы, ұйымшыл сынып. Берген тапсырманы лезде орындап, сабаққа белсенді қатысып отырады. Оқушылар өте алғыр, ұйымшыл, әрдайым қоғамдық іс-шараларға қатысып жүретін белсенді сыныптар екендігін көрсетті.
Жетекшім маған сабағымды жақсы өткізуге бағыт – бағдар беріп, біраз нәрсені үйретіп, әрбір өткізген сабағыма күнделікті қатысып, қате кеткен жерлерді түзеп, сабағымды бағалап отырды.
Сараман кезінде сабақ беруге 7 сынып бекітілген болатын.Өткізген биологиялық сабақтардың тақырыптары мынадай.
7 сынып бойынша: §50 Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының кезеңдері: баяу және тез ұйқы.Түс көру. Жұмысқа қабілеттілік:өнімділік,қалыпты жұмыс қабілеттілігі сатылары,жұмыс қабілетінің тозуы.Күн тәртібі. Оқу еңбегінің гигиенасы.Есте сақтауды жақсарту жолдары. §52 Жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі, және наркотикалық заттардың әсері. §53-54 Адамда белгілердің тұқым қуалауында гендер мен ДНҚ рөлі. Жүре пайда болған және тұқымқуалайтын белгілер.. Хромосоманың құрылымы. Генетикалық материалды сақтаушы және тасымалдаушы ДНҚ жайлы түсінік.
Модельдеу №3 «Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу» §55 Әртүрлі ағзалар түрлерінің хромосомалар саны.Соматикалық және жыныс жасушалар. БЖБ №10
§56-57 Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі. Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюінің биологиялық маңызы
Сабақта өткізген әдіс - тәсілдер : «миға шабуыл»,
« ойлан тап», « биологиялық диктант», «ыстық орындық», « сұрақты ұтып ал»,», « галерея» ,» сурет сыры», « сызықтық тест», « веен диаграммасы», «жүректен жүрекке» Өзіме бекітілген сыныпқа тәрбие шараларын өткіздім. Тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараны тақырыптарын атап айтар болсам; «Ұлттық ойын-халық мұрасы», «Жас биолог – 2022 интеллектуалды сайыс», «Интеллектуалды ойын» 6-9 сыныптар аралығында, «Биология әлеміне саяхат», «Құстар-көктем жаршысы», «Үнемшілдік –ырыс,ысырапшылдық-шығыс»
Мен педагогикалық сараман кезінде өзіме өте көп тәжірибе жинақтадым. Алғаш сараман аптасында оқушылармен жақыңырақ танысып, үйренісе бастадым. Сабақтарына қатысып терең зерттеуге тырыстым. Маған бекітілген 7б сыныбына биология сабағы аптасына екі рет
Сараман кезінде әр сабағыма аса жауапкершілікпен қарап, жан-жақты дайындалып, тапсырмаларды оқушылардың деңгейлеріне қарай дайындадым.
Биологияға қатысты білетіндерімді оқушыларға көрсетіп, үйреттім.
Осы педагогикалық сараманнан өзіме көп тәжірибе жинақтап, көп нәрсе үйрендім. Оқушылармен қарым – қатынасты, сабақ жоспарлауды, сабақ беруді үйреніп , оқушылар алдында өзімдік еркін ұстап бар білгенімді үйреттім. Болашақта өз мамандығымды бойынша оқушыларға жақсы білім беріп, осы сараманнан жинаған тәжірибемді әрі қарай жалғастырамын деген ойдамын. Осы педагогикалық сараман арқасында өз жұмысыма, мамандығыма деген қызығушылығым одан сайын артты деседе болады.
Достарыңызбен бөлісу: |