З. Қазбекқызы, Г. Рахметоллақызы Астана қ., Қазақстан шығыс және ерлік тақырыбы мағжан жырларында



жүктеу 168.99 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.01.2017
өлшемі168.99 Kb.

 

 

 



http://www.enu.kz

 

З. Қазбекқызы, Г. Рахметоллақызы 



Астана қ., Қазақстан 

 

ШЫҒЫС ЖӘНЕ ЕРЛІК  ТАҚЫРЫБЫ МАҒЖАН  ЖЫРЛАРЫНДА 

http://www.enu.kz

 

 

Қазақ  әдебиетінің  аса  ірі  ӛкілі  –  Мағжан  Жұмабаев.  Туған  әдебиетіміздің  іргесін 

қаласқан  оның  әрі  қарай  дамуына  ,  ӛрістеуіне,  қалыптасуына  ӛзінің  кӛркем 

туындыларымен  елеулі  үлес  қосқан  асқан  талант  иесі.  Мағжан  Жұмабаев  поэзия 

әлеміндегі  жарық  жұлдыз,  қайталанбас  құбылыс.  Оның  қуатты,  бойға  жігер,  жүрекке  от 

беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-

ақ  Еуропа,  орыс  әдебиетінің  биік  деңгейіне  кӛтерді.  «Ӛлеңді  музыкаға  айналдырған, 

дыбыстан  сурет  тұрғызған,  сӛзге  жан  бітірген,  жаңа  ӛлшеулер  шығарған»  Мағжанның 

осындай  қасиеттерін,  ішкі  шығармашылық  құдіретін  жұрттан  бұрын  байқаған  әрі  аса 

жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі 

мен  күйшілдігіне  қарағанда,  бұл  бір  заманның  тегінен  асқандай,  сезімі  жетілмеген  қазақ 

қауымынан  ертерек  шыққандай…  Сондықтан  бүгінгі  күннің  бар  жазушысының  ішінен 

келешекке  бой  ұрып,  артқы  күнге  анық  қалуға  жарайтын  сӛз  –  Мағжанның  сӛзі.  Одан 

басқамыздың бәріміздікі күмәнді, ӛте сенімсіз деп білемін» деп жазды.  

Мағжан ӛз халқының мүддесін ойлаумен ғана қалып қоймады. Оның азаматтық 

парасатынан  туындаған  арман-мақсаттар  бұдан  әлдеқайда  биік.  Туған  халқы  туралы 

айтқанда,  оның  кешегі  ӛткен  жолын  еске  алады,  оны  бүгінгі  жағдайымен  салыстырады. 

Онымен де шектелмей, ақын жалпы түріктік идея кӛтереді. Түркі тектес халықтардың 

бәрінің болашағынан үміт күтеді, жалпы Шығысты пір тұтады. Бұл қатарда ақынның 

"Пайғамбар",  "Күншығыс",  "Түркістан",  От",  т.б.  тәрізді  бірсыпыра  ӛлеңдерінде  түптің 

түбінде жақсылық атаулының бәрі де Шығыстан келмек, Батыстан торлаған қою қара 

бұлтты  Шығыстың  жарық  сәулесі  ғана  талқандамақ.  Бұл    ӛлеңдерінде  ақынның  туған 

жерге,  ӛз  топырағына,  Шығысына  деген  ғажайып  сүйіспеншілігі,  перзенттік 

патриотизмі айқын кӛрінеді.    Күншығыс ӛлеңінде: 

Қисық кӛзді Күншығыс,  

Бұл тұруың қай тұрыс?  

Серпіл енді, алыбым! – 

деп,  Шығыс  елдеріне  ұран  тастай  отырып,  ӛз  ойларын  әйгілі  "Пайғамбар  ӛлеңінде 

былайша жалғайды : 

Күншығыстан таң келеді – мен келем,  

Кӛк күңіренеді: мен де кӛктей күңіренем. 

Жердің жүзін қараңғылық қаптаған, 

Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем! 

Қап-қара түн. Қайғылы ауыр жер жыры! 

Қап-қара түн. Күңіренеді түн ұлы. 

Күншығыста ақ алтын бір сызық бар: 

Мен келемін, мен – пайғамбар, Күн ұлы. 

 

Ӛлеңде  ақын  шабытының  ғаламат  күші  қаншалықты  сезіліп  тұрса,  ақынның 



Шығысқа, оның ұлдарына деген махаббаты мен мақтанышы да соншалықты жарқырап 

кӛрінеді. 

Мағжанның  бұл  тақырыптағы  ӛлеңдерінде  заман  шындығы халықтың  басынан 

ӛткен  тарихи  белестерді  ойға  алу  арқылы  түсіндіріледі.  Ол  Шығыстың,  оның  ішінде  түркі 

елдерінің кешегі тарихына кӛз жібереді. Бір кезде жайлаған мекенін еске алады. "Түркістан" 

ӛлеңі соның айқын айғағы. 

 

...Түркістан – екі дүние есігі ғой,  



 

 

 



http://www.enu.kz

 

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой– 



деп  басталатын  ӛлең  жолдары  кешегі  тарихқа  жетелейді.  Ертеде  Тұран  аталған 

бұл  жерді  мекендеген  ата-бабаларымыздың  ӛмірінен  елес  береді  Ақын  Тұранның  жері 

мен суын, кӛлі мен шӛлін, ӛзен-суларын, тауларын, Теңізі мен Аралын, Ыстықкӛлін, Жейхун 

мен  Сейхун  дарияларын,  Тянь-Шаньдай,  Памир  мен  Алтайдай  тауларын  ғажайып 

кӛркемдікпен суреттейді. Тұранды мекен еткен ер түріктің билері мен батырларын, ғұлама 

ғалымдарын,  ел  басқарған  хандарын  еске  алады.  Міне,  осылайша  бірлікте  ӛмір  сүріп, 

іргесін жауға бермеген түрік дүниесі бүгінде бірнеше елге бӛлініп кеткен. 

Кӛп түрік енші алысып тарасқанда,  

Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па? – 

деп, Мағжан қазақты да сол ер түріктің бір мұрагері санайды. 

"Тұран",  "Түркістан"  деген  образды  бейнелер  арқылы  Мағжан  осылайша  Шығыс 

әлемін,  бүкіл  түркі  дүниесін  мақтан  ете  жырлайды.  Оның  бүкіл  ӛткен  жолына  шолу 

жасай отырып, тарихтың небір ерлікке толы, бейбіт ӛмір жайлаған беттерін парақтайды. 

Оларды  ӛз  заманымен  салыстырады. Кӛп нәрсеге кӛңілі толмайды. Бір кезде  Тұранды 

мекен  еткен  ер  түріктің  бүгінде  бірлігі  азайған.  Бас-басына  ел  болған,  жеке  халықтарға 

бӛлініп  кеткен.  Шығысты  дәріптейтін  ӛлеңдерінде  Мағжан  осынау  түркі  халықтарын 

бірлікке шақырады. Сонда ғана Батыстан  келген қиянатқа, Ресей патшасының отаршыл 

саясатына қарсы тұруға болатынын ұқтыруға тырысады. 

Бұған  дәлел  –  ақынның  "Орал  тауы"  атты  ӛлеңі.  Ӛлең  кейіпкері  –  Орал  тауы. 

Мағжанның бейнелеуінде ол – бүкіл түркі дүниесінің символы. 

...Аспанмен таласқан кӛкпеңбек таулар. Қарағай,  шыршасы сыңсыған, бауырында 

не  түрлі  аңдары  жортқан,  қойнауында  алтыны  мен  алмасы  тұнған  Орал  тауы.  Тау 

табиғатының әсем суретін сала отырып, ақын Мағжан сӛзін ары қарай жалғайды: 

 

Бір күнде сенің иең түрік еді, 



Орын ғып кӛшіп-қонып жүріп еді. 

Қорықпайтын таудан, тастан батыр түрік 

Қойыныңа жайыменен кіріп еді. 

Ер түрік ен далаға кӛрік еді, 

Отырса, кӛшсе, қонса – ерік еді. 

Тұрғанда бақыт құсы бастарында, 

Іргесі жел, күн тимей, берік еді. 

 

Мұндағы  ақынның  "ер  түрік"  деп  отырғаны  –  түркі  дүниесі,  түрік,  қазақ,  қырғыз, 



ұйғыр,  татар,  башқұрт,  т.б.  халықтардың  жиынтық  бейнесі.  Бір  кезде  ен  даланың  кӛркі 

болған осынау халықтардың бүгінгі халі қандай? Мағжан соған үңіледі. 

 

Оралдай атамекен жерлеріне, 



Қасиетті атаның кӛрлеріне,  

Аузы түкті шет елдер ие болып,  

Кӛрсетіп тұр қысымды ерлеріне, – 

деп, ақын тарихи шындықты баяндайды. "Аузы түкті шет елдері" – Ресей патшалығы. 

Соның  қысымымен  бір  кездегі  асқақ  Оралдың  да  жүзіне  қаяу  түскен.  Ӛлеңнің  соңын 

Мағжан бүкіл түркі жұртын бірлікке шақырумен аяқтайды: 

 

Анамыз бізді ӛсірген, қайран Орал, 



Мойның бұр тұңғышыңа, бермен Орал! 

Қосылып батыр түрік балалары, 

Таптатпа, жолын кесіп, тізгінге орал. 

 


 

 

 



http://www.enu.kz

 

Туған  халқының,  түркі  дүниесінің  басындағы  ауыр  халді,  мұңдана  баяндаған 



ӛлеңдерінің ӛзін Мағжан айрықша оптимизммен қорытып отырады. Ақынның лирикалық 

кейіпкері – аса батыл, нені болса да кесіп айтатын ӛткір жан. 

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? 

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? 

Кӛкте – бұлт, жерде желмін гулеген,  

Жер еркесі – желдің жӛнін кім сұрар? – 

деп басталатын "Мен кім?" атты ӛлеңінде Мағжан ӛзінің лирикалық кейіпкерінің дәл 

осындай айбатты да қайратты, адал да қайсар бейнесін ашып береді. Ақынның "мені" ӛзін 

кӛктегі  күшке,  түпсіз  теңізге,  кызуы  мол  жалынға,  жүйрік  тұлпарға  теңейді.  Патшадай 

қаһарлы, казыдай әділ, бидей шешен де ӛзі. Олай болса, оған қарсы тұрар күш бар ма? 

 

Ӛзім – тәңірі, табынамын ӛзіме, 



Сӛзім – кұран, бағынамын сӛзіме! 

Бұзушы да, түзеуші де ӛзіммін, 

Енді, ескілік, келдің ӛлер кезіңе, – 

деген  лирикалық  кейіпкер  сӛзінде  алапат  күш-жігер  мен  шынайы  шындық  қатар 

ӛрілген. 

Ақын ӛзін немесе ӛзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес, айналасындағы жастарды 

да  "арыстандай  айбатты,  жолбарыстай  қайратты"  қалыпта  кӛргісі  келеді.  Халқының 

болашағы  үшін  күресетін  негізгі  күш  –жастар.  Олай  болса,  ӛмір  бойы  "алаш"  ұранын 

кӛтеріп  ӛткен  Мағжан  үшін  жастардың  орны  бӛлек.  Ӛзінің  "Мен  жастарға  сенемін"  деп 

аталатын  ӛлеңінде  ол  жас  жеткіншектерге  үлкен  үмітпен  қарайды.  Жастардың  бойынан 

кыранның  қанатындай  күштілікті,  таза  жүрек  пен  сүйкімді  мінезді,  туған  жерге  деген 

шексіз  махаббатты  кӛреді.  Соған  мақтанады.  Шабыттана  жырлайды.  "Мен  жастарға 

сенемін!" деп асқақтай сӛйлейді. 

Мағжан ӛлеңдеріндегі ең басты тақырып – ел мен жер тағдыры. О бастан-ақ халқына 

азаттық  ӛмір  тілеген  ақын  туған  елінің  ӛткен  тарихына  үнемі  кӛз  жіберіп  отырады.  Сол 

арқылы тарихи шындықтың бетін ашады. 

Атап  айтқанда,  "Ӛткен  күн"  атты  ӛлеңінде  Еділ  мен  Ертістің  арасын  жайлаған 

қазақтың бір кездегі жайнаған даласы мен кӛкорай шалғынды жайлауын, айна кӛлдері мен 

алаңсыз  күн  кешкен  тұрмысын,  қаһарман  батырлары  мен  әділ  билерін,  ел  тұрмысының 

сәні болған ұлттық салт-дәстүрлерін мақтан ете отырып: 

 

Ӛткен күнді ойласам, 



Ойға терең бойласам,  

Кешегі қайран қазақтың 

Сәулеті мен дәулеті 

Кӛз алдыма келеді, – 

деп, бұдан ары қарай осы тіршіліктің шырқы бұзылғанын баяндайды. Ӛткенді аңсап 

емес, қолда бар асылынан айырылғанын ӛкіне баяндайды. 

Оның себебі неде? Бейбіт ӛмір неге қара түнекке айналды? 

 

Қазақтың қазіргі күйі қандай? 



Күшің кеткен баяулап,  

Жүрсің атсыз жаяулап,  

Ит надандық желкеңде 

Шабайын деп аңдып тұр 

Қылышын ұстап таяулап,  

деп, ақын сол заманның шындығы арқылы әлгі сауалдарға жауап береді. 

Қазақ даласындағы 1917 жылғы тӛңкерістер тұсындағы жағдайды жырлауда да ақын 

дәл  осындай  шыншылдықтан  жаңылмады.  "Бостандық'',  "Есімде...  тек  таң  атсын",  т.б. 



 

 

 



http://www.enu.kz

 

ӛлеңдерінде  ақынның  халқының  тәуелсіздігі  жолындағы  жанын  құрбан  етер  ерекше 



қайраты сезіледі. "Бостандық" ӛлеңінде: 

...Кӛк есігі ашылды, 

Жұмақ нұры шашылды. 

Келді ұшып бостандық, – 

деп қуанады, бостандықты ізгі періштеге теңейді. 

Ақын  ӛлеңдерінде  бостандықты  аңсау  сезімі  аса  күшті.  Екі  дүние  алмасып, 

аласапыран  болып  жатқан  тұста  ӛмір  сүрген  ол  халқына  тәуелсіздік  күнінің 

жақындағанын  сезеді.  Әйтсе  де  оған  жету  оңай  емес.  Сенімінен  гӛрі  үміті  басымырақ 

акынның.  Осындай  кӛңіл  күйде  жазылған  Мағжан  ӛлеңдерінің  бірі  –  "Сағындым".  Ӛлең 

абақтыда отырған ақынның жан дүниесінен хабар береді. 

Қабырғасы қара тас абақты іші қара кӛлеңке. Сасық иіс қолқаны атады. Кіп-кішкене 

терезеден келіп жететін жарық та, таза ауа да шамалы. Осындай тар қапаста отырған ақын 

сары даласын, алыстағы анасын, туған елін, құрдастарын, сүйген жарын сағынады. Содан 

соңғы сағынары – бостандық. 

 

Бостандыкта ӛткен күнді сағындым,  



Желдей зулап кеткен күнді сағындым. 

Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті, 

Ойдағыны ӛткен күнді сағындым, – 

деп  адам  баласының  еркін  ӛмір  сүруін  аңсайды.  Сол  еркіндікке  жету  жолында 

абақтының  азабын  тартып  отырғанын  ақын  ӛлең  жолдарына  түсіреді.  Онда  мұңнан  гӛрі 

жеке  адамның  кӛңіл  күйіндегі  кейбір  толғанысты  сәттердің  суреті  басымырақ.  Ақын 

жырында болашаққа сенім мол. 

 

Не кӛрсем де алаш үшін кӛргенім, 



Маған атақ ұлтым үшін ӛлгенім! – 

 

деген жолдарда Мағжанның ұлтына, халқына деген шексіз махаббаты сезілсе, одан 



кейінгі: 

 

Қалың елім, қалың кара ағашым, 



Қайраты мол, айбынды ер, алашым!  

Ӛзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл

Ақымақтар байқамаған шамасын, – 

деген жолдардан оның ертеңгі болашақтан үміті, қалай болғанда да осы қиындықтың 

артында азат күндердің келеріне деген сенімі кӛрінеді. 

Мағжан  Жұмабаев  –  бірнеше  кӛркем  поэма  жазған  құлашы  кең  эпик  ақын.  Ол  ӛз 

заманының  толғауы  күрделі  жайларын  халқының  ӛткен  тарихын  жырлау  арқылы 

кӛрсетуге  ұмтылды.  Ӛйткені  артта  қалған  казақ  елін  алға  жетелеу  сол  халықтың  ӛз 

қолынан ғана келмек. Сондықтан да халыққа күш берер осындай ерлік қайнарын Мағжан 

тарихтан  іздеді.  Ӛз  шығармаларында  кешегі  ӛткен  батыр  бабаларымыздың  ерлігін 

жырлады. Абылайды, Кенесарыны жырға қосты. Сол арқылы халқының қайратын ұштап, 

санасын оятуды ойлады. 

Мағжан Жұмабаев әр қилы тақырыпта кӛлемді поэмалар жазуда ӛнімді еңбек еткен.  

«Қорқыт», «Оқжетпестің қиясында», «Жүсіпхан», «Тоқсанның тобы» сияқты  поэмалары 

кезінде  баспа жүзін кӛрген. Осылардың ішіндегі күрделісі,кӛркемдік тұтастығы жағынан  

да, сюжет желісі мен сұлулығы  жағынан  асып  тұрған-«Батыр Баян»   

"Батыр Баян" поэмасының маңызы ерекше. Поэманың оқиғасы бір кездегі қазақ пен 

қалмақ арасындағы жаугершілік заманнан алынған. 

...Қалмаққа қарсы жорыққа аттанбақ болған Абылай хан қол астындағы батырларын 

жинайды. Жалғыз Баян батыр ғана кешігіп келеді. Сӛйтсе, бір кезде жорықта қолға түскен 



 

 

 



http://www.enu.kz

 

қалмақ  қызы  мен  батырдың  інісі  Ноян  екеуі  кӛңіл  қосып,  қалмаққа  карай  кашып  бара 



жатқан жерінен Баян қуып жетіп, екеуін де оққа байлап ӛлтірген екен. Қызда Баянның да 

ойы болған. Бірақ қалмақ қызы әр түрлі айламен жақындатпай жүріп, күндердің күнінде 

інісі Ноянмен сӛз байласқан. 

Бұдан кейін Абылайдың қолы жорыққа аттанады. Сол жорықта Баян батыр ерлікпен 

қаза табады. 

Оқиға  желісін  Мағжан  жай  ғана  баяндап  шықпайды.  Биік  романтикалық  сарынға 

құрылған бұл поэмада батырлық та, достық та, адамгершілік мейірім де, ашу-ыза да бар. 

Поэманың  бас  кейіпкері  Баян  батырдың  ӛзі  шығармада  екі  сипатта  кӛрінеді.  Інісі  Ноян 

мен қалмақ қызының қылығына ашуланып, соңынан  қуып жеткен шақтағы Баян мен екі 

жасты  ӛлім  кұштырғаннан  кейінгі  Баянның  кӛңіл-күйі,  кескін-кейпі  екі  түрлі,  бірақ 

нанымды. Бәрі де қарапайым адам баласының бойынан табылатын таныс жағдайлар. 

  

Алыстан екі кара кӛрді Баян, 



Кілегей қара бұлттай тӛнді Баян. 

Ой жоқ боп, жүрек шоқ боп, құр екпін боп, 

Сұңқардай сорғалаған келді Баян. 

  

Бұл  –  Баян  батырдың  екі  жастың  артынан  қуып  жеткендегі  кейпі.  Ашу  қысқан, 



сабырынан  айырылған,  жүрегін  ашу  мен  ызаның  оты  жандырған  алапат  күш  иесі. 

Алдынан  тау  кездессе  де  тӛңкеріп  кетердей  екпінді.  Тіпті  Ноянның  ӛзі  ағасының  мына 

түрінен шошынып қалады. 

  

...Ойламай, белді бекем будым неге? 



Қозымды қас дұшпандай қудым неге? 

Майысып Ноян қалқам, ерке марқам,  

Қасқиып қарсы алдымда тұрдың неге? 

 

Бауырыма тас жүрегім жібімеді-ау, 



Бір ата, бір анадан тудым неге? 

Салдырап шіріп қалғыр саусақтарым  

Қанымен ӛз қозымның жудым неге?  

Күнәсіз екі жасты ӛлтіргенше, 

Ӛлмедім ішіп уын удың неге? 

  

Туған бауырын оққа байлап, екі ғашықтың ӛлімі үстінде тұрған Баян осылай егіледі. 



Бірақ  болар  іс  болды,  ӛз  қолын  ӛзі  кесе  алмайды.  Егіле  тұрып  ойланады.  Жаңағы  ӛзі 

қойған кӛп "неге?" жауап іздейді. 

  

Жоқ, әлде, жоқ, жоқ... Әлде... Ӛлтірдім бе,  



Інімді алты алаштың намысы үшін?! – 

деп  ӛзін  жұбатады.  Осылайша  ӛзін-ӛзі  бекіткен  Баян  батыр  қалмаққа  аттанып,  сол 

жорықта ерлікпен қаза табады. 

Поэманың  бас  кейіпкерлерінің  бірі  –  қалмақ  қызы.  Ол  Мағжанның  ұғымында  жай 

ғана тұтқын емес. Атағы алашқа әйгілі Баян батыр ғашық болған қыздың кӛркіне ақылы 

сай еді. Қыздың сұлулығын Мағжан аса нанымды суреттейді. 

  

Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай



Бір соған бар сұлулық жиылғандай.  

Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,  

Сӛздері – су сылдырлап құйылғандай. 

Бір улап, кӛзқарасы бір айнытқан,  



 

 

 



http://www.enu.kz

 

Жұлдыздай еркелеген сӛнбей-жанбай. 



 

Лебізі – жібек лебі, жұмақ желі,  

Кәусардай тартқан адам қалар қанбай. 

Осындай ерекше сұлулық иесі – қалмақ қызының қайсарлығы мен ақылы да қайран 

қалдырады. Сӛз салмақ болған Баянды "ағатайлап" жүріп, ӛзіне қарындас ретінде қарауға 

мәжбүр еткен. Түпкі ойында туған жұрты, ата-анасы жатыр. 

  

Алаштың аруы боп кетсе-дағы,  



Жанымен  ӛз  жұртынан  айырылмаған,  –күйі,  ақыры,  жас  Ноянды  ӛз  дегеніне 

кӛндіреді. Ноян қанша батыр болса да, қыздың сӛзіне бас иеді. Мағжан суреттеген Ноян 

жастық албырттықтың, тазалықтың, шынайы сезімнің символы. 

Абылай хан поэмада "кең ойлы данышпан", елге қорған болған хан ретінде кӛрінеді. 

Қол астына алаштың атақты батырларын жинаған қолбасшы. Поэма оқиғасында Абылай 

қалмақтардың алдағанына сеніп, амалсыздан кері қайтуға  

мәжбүр болады. Батырларының бәрі осындай бәтуаға келеді. Тек жалғыз Баян ғана: 

"Апырым-ай, алаш арын жоқтамастан  

Жӛңкіліп бұл қайтудың мәні қалай?" – 

деп, қасына жүз жолдас ертіп қашып кеткен қалмақтың соңынан қуады. 

Поэманың  ӛне  бойындағы  шиеленіскен  тартысты,  кейіпкерлердің  кӛңіл  күйін,  іс-

әрекетін,  мінез-табиғатын  Мағжан  айрықша  шабытпен  жырлайды.  Кейіпкер  бойындағы 

бірбет  қайсарлықты,  асаулықты,  сондай-ақ  ниетінің  ақтығын,  жанының  тазалығын  қатар 

сипаттау  арқылы  ақын  шығарманың  ішкі  драматизмін  шарықтау  шегіне  жеткізеді. 

Оқиғаны  баяндау  барысында  тау  мен  суды,  күн  мен  аспанды,  табиғат  құбылыстарын 

кейіпкерлерінің  кӛңіл  күйімен,  қалмақ  кызының  сұлулығымен  астастыра  отырып, 

поэмадағы әр түрлі характерлер кақтығысын ширата бейнелейді. Сонымен қатар, ақынның 

шеберлігі,  ӛлең  ӛрімі,  сӛз  кӛркемдігі,  образды  суреттеу,  романтикалық  асқақтық  тәрізді 

қасиеттер де поэмада кеңінен кӛрінеді. 

Қорыта  айтқанда,  "Батыр  Баян"  поэмасы  –  тек  Мағжан  Жұмабаевтың 

шығармашылығынан  ғана  емес,  бүкіл  қазақ  поэзиясының  қазыналы  қорынан  лайықты 

орын алатын аса кӛркем де құнды туынды. 

Мағжан  шығармалары    қазақ  әдебиетінің  биік  шыңы  ,маржаны.  Тағылымы    мол, 

суреті қанық сӛзі жігерлі туындыларының маңызы ерекше зор.  

 

 

ӘДЕБИЕТ 

 

1.



 

«Қазақ тілі мен әдебиеті»  № 4 2001 ж      



2.

 

  Мағжанның ӛлеңдер жинағы  



 

Каталог: repository -> repository2014
repository2014 -> Қазақ топонимдерінің этнолингвистикалық ЖҼ не танымдық ТҦ РҒыдан к
repository2014 -> Г.Ә. Мұратова Астана қ., Қазақстан Ғалым а. Сейдімбек зерттеулері – этнолингвистиканың
repository2014 -> Сборник материалов VIІІ международной научной конференции студентов и молодых ученых «Наука и образование 2013»
repository2014 -> ҚАйымның МҰрасы қалай жинақталды?
repository2014 -> Абай және көркем аударма мәселесі Г. Ж.Қасымова
repository2014 -> Заңғар Абайдың зиялы зерттеушісі А. Ж. Шәріп
repository2014 -> Ежелгі түркі – моңҒол мифтеріндегі рәміздік бейнелер шамахай С. Астана қ., Қазақстан
repository2014 -> «ҚОҒам қайраткері марат оспановтың саяси келбетін зерттеудегі кейбір аспектілер»
repository2014 -> Қазіргі отбасының психологиялық МӘселелері жорабекова Д. А. ғылыми жетекшісі пс.ғ. к. Айтышева А. М


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет