Абайдың өмір сүрген заманын күні бүгінге дейін еске алып, қазіргімен салыстыра саралалап отырамыз. Ондағы қоғамдық өмір, мәселе, жастар барлығы да басқаша болды
Абайдың өмір сүрген заманын күні бүгінге дейін еске алып, қазіргімен салыстыра саралалап отырамыз. Ондағы қоғамдық өмір, мәселе, жастар барлығы да басқаша болды. Қоғам мен саясатта болған ол өмір жолының басым бөлігін арнады.
Үш жасынан рулық мәселелерге араласып, әкесі Құнанбайдың қарсыластарына уәжін айтып отырған. Көп дау-дамайдың соңы әділ не әділ емес шешілсе де өз белсінділігін көрсететін. Жасынан саясатқа араласқан ол кейіннен де өз қабілетінің алысқа баратынын көрсетті.
Абайдың болыстық қызметі жайында да айта кетпеске болмас. Ол 1893-1896 жылдарда Шыңғыс болысына болыс болды. Абайдың болыс ретінде атқарған жұмыстарының бірі зерттелсе, бірі зерттелінбей жатыр. Оның болыс ретінде Рапорттарға қол қойғанында жайында деректер бар. Оның әділ әрі мықты басшы болғанын топ ішінде Абайды лайық көріп сайлағандарынан, оның қызметін тағы үш жылға созғандығынан көруге болады. Қоңыр-Көкшедегі болыс болған жылдар Абайдың өмір жолына ерекше ізін қалдырды. Ел басқарудың қызығы мен қиыншылығын қатар көрді. Жалпы елдегі алуан түрлі жайттар Абайға өз әсерін бермей қоймады. Жұртының қоғамдық-әлеуметтік мәселелері, мал мен егін, күн көрістерімен танысты. Өзінің қара халқының тұрмысының мән-жайына барып жазылған өлендері мен қара сөздері сол заманның шындығы еді. Сайлауда сынаспай-ақ, арнайы шақырумен қызмет жасаған Абайға кезінде Семей әскери-губернаторы жоғары баға қойды. Басқа болыстарға берілмеген сыйақы тек Абайға тиесілі болды. Осыдан-ақ, Абайға халқының жағдайы шын алаңдататынын білуге болады.
Оның қоғамдық мәселе, ахуалға қатысы да жоқ емес. Қоғамдағы жастардың рөлі, олардың надан болмауы, ұлтын білім мен ғылымды танып, үйренуге шақыруды мақсаты деп те қабылдады. Оған мысал, «Пайда ойлама ар ойла», «Заман ақыр жастары» өлеңдері. Абай қоғамдық жағдайдың жақсы-жаман тұсын саралап, ой толап, халқына жеткізді. Мысалы, Абайдың алтыншы, сегізінші және он бірінші қара сөздерінде талдайтын болсақ, жастарды білім мен ғылым игеруге, еңбекке ұмтылуға шақырып қоймай, осы жолда жаңағы айтқан алып кеселдерден сақтандырады. Абай бабамыз «бес асыл мен бес дұшпанды» айтып кеткелі қашан?! Адамзаттық рухани құндылықтың бірі ел арасындағы ынтымақ, бірлік екені түсінікті-ақ. Мейлі ел арасы емес, отбасындағы бірлік-татулықты сақтаудың өзі өте маңызды мәселе екені белгілі. Осы орайда Абайдың «Ырыс – алды тірлік» деген нақылы ойға оралады. Абай өзінің алтыншы сөзінде бірлік жайлы ой-толғанысын толықтай жеткізе келе, жау шапқанда, ел бірлігі сыналар шақта, жаннан түңіліп, қу жаны үшін қорқақтық қылып, қызмет етуден қашып, намысын сатқандықтан артық ауыр дұшпан жоқ деп айтады. Абай Құнанбаев өзінің ойларын бірте-бірте толықтыра түсіп, келесі қара сөздерінде де осы мәселелер жайында сөз қозғайды. Сөзбен ғана емес іспен де көрсетеді. Өлеңдерінде өзі көрген мансапқорлық, ұрлық-қарлық қылу, құр мақтан қуу жайында тағылымға толы идеяларды қозғайды.
Қорытындылап айтатын болсақ, Абайдың қоғамдық-саяси дәуірінде өте белсенді болды. Халқының тұрмысын өлеңмен де, көзбен де көріп, күресуге жанын салды. Ол өз заманының ақылшысы, саясаткері, кейде сыншы, шыншыл болды. Оның елі үшін жанын салып қызмет еткені көбіне жаға қоймаса да, әділдікті дәріптеді. Қызметін адал атқаруы, қоғамдық мәселелерде бей-жай қалмауы оның халықпен бірге екенін өмірінің соңына да көрсетті. Сондықтанда, Абайдан өнеге мен тәрбие алуымыз керек.