Онтогонез[1](грек. он –
табыс септігінің жалғауы, онтос – нағыз, нақты жəне генез) –
организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің
соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.
Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке
мүшелері өсіп, жіктеледі жəне бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге
бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан əрі дамуын
анықтайтын белгілі бір
тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама
бойынша Онтогенез барысында ұрықтың əрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманың
əсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың əр түрлі жасушалары мен
жасуша кешендерінің өзара
əрекеттесулері жүзеге асады.
. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу)
арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың
нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дəрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде)
сыртқы факторлардың əсеріне тəуелді болады. Организмдердің əр түрлі топтарында
Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз
орындалу деңгейі мен оның
реттелу шегінің мүмкіншілігі мол.
Жоғары сатылы өсімдіктердің Онтогенезі төрт сатыдан тұрады: эмбрионалдық,
ювенилдік, толықсып көбею жəне қартайып, тіршілігін тоқтату. Онтогенез барысында
өсімдік
клеткаларының, ұлпалары мен органдарының құрылымдық жəне
функционалдық жетілуі жүріп, əр түрлі бөліктерінің арасындағы байланыстар
күрделілене түсіп, өсімдік организмі біртұтас жүйе ретінде қалпына келмейтін
өзгерістерге ұшырайды. Онтогенез сатыларының ретімен жүруін фитогормондар жəне
өсімдік органдарының арасында толассыз жүріп жататын метаболиттер алмасу
механизмі қамтамасыз етеді.
Онтогенез дегеніміз өсімдіктің зиготадан бастап табиғи жолмен
қурап өлгенге дейінгі
аралықтағы дербес дамуы. Онтогенез үш кезеңнен тұрады: ұрыққа дейінгі
(проэмбрио-нальды), ұрықтық (эмбриональды), ұрықтан кейінгі (постэм-бриональды).
Тұқымды өсімдіктерде онтогенез əдетте тұқымның өсе бастаған кезінен бастап,
өсімдік толық өліп қурағанға дейінгі аралықта байқалады.
Онтогенездің ұзақтығы өсімдіктердің əртүрлі систематикалық топтарыңда бірдей
болмайды: бактерияларда ол
оншақты минутқа, ал баобабалар мен секвойяларда
мыңдаған жылдарға созылады.Онтогенезде вегетативті органдардың өсуі мен дəн
байлауьшың ара қатынасы əртүрлі болуы мүмкін. Бүткіл өмірінде бірақ рет дəн
байлайтын монокарпты өсімдіктер мен бірге бірнеше рет дəн байлайтын —
поликарпты өсімдіктер де болады. Монокарпты өсімдіктерге бір жылдық, өмірінің
екінші жылында ғана гүлдейтін екі жылдық шөптесін өсімдіктер (сəбіз, қызылша) жəне
тіптен вегетативтік
органдары бірнеше жыл өсіп, үлкен мөлшерге жеткеннен соң
барып гүлдейтін көп жылдық өсімдіктер жатады (агавалар мен бамбуктер).
Монокарпты өсімдіктер гүлдеп болған соң өледі. Поликарпты өсімдіктерге жыл сайын
гүлдеп дəн байлайтын, көп жылдық өсімдіктер жатады.
Өсімдіктердің бұл тобының
вегетативтік органдары жыл сайын өсіп отырады.