6-дәріс. Септік жалғау және көптік жалғау. Жалғауларды танып-танытудағы қайшылықтар



бет1/4
Дата18.10.2023
өлшемі22 Kb.
#118008
  1   2   3   4
Байланысты:
6-дәріс-1


6-дәріс. Септік жалғау және көптік жалғау. Жалғауларды танып-танытудағы қайшылықтар
Септік жалғау сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, оларға түрлі грамматикалық мағына үстейді. Зат есімге жалғанып, қимыл-әрекеттің бағытын, амалын, нысанды білдіру арқылы грамматикалық мағына үстейтін, сөйлемде басқа сөздермен байланыстыратын жалғау септік жалғауы деп аталады. Зат есімнің септік жалғауын қабылдауы сөздердің септелуі делінеді. Қазақ тілінде 7 түрлі септік бар. Олар: атау септік, ілік септік, барыс септік, табыс септік, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік. Бұлардың ішінде атау септігінің ғана арнайы қосымшасы жоқ, ол зат есімнің негізгі немесе туынды тұлғасымен сәйкеседі. Септік жалғаулары негізінен сөзге үндесім заңына сәйкес жалғанады. Бірақ көмектес септік жалғауы үндестік заңына бағынбайды.
Септік жалғаулары өз ішінен грамматикалық септік жалғаулары және кеңістіктік септік жалғаулары болып бөлінеді. Грамматикалық септік жалғауларына атау, ілік, табыс септік жалғаулары жатады да кеңістіктік септік жалғауларына барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулары жатады. Грамматикалық септік жалғаулары бастауышты (атау септігі), тәуелділікті (ілік септігі), нысанды (табыс септігі) білдіреді. Кеңістіктік септік жалғаулары іс-әрекеттің бағытын (барыс септігі), қай жерден басталғанын (шығыс септігі), қайда, қалай, не арқылы (жатыс, көмектес) болып жатқанын білдіреді. Септік жалғауы меңгеретін сөзінен бұрын келеді. Септік жалғаулары зат есімнің морфологиялық белгісі болғандықтан, зат есімдерге ғана жалғанады. Сондай-ақ басқа сөз таптары затсымақтанған жағдайда септік жалғауын қабылдай алады. Мысалы: Ол суықтан тоңды. Аққа күйе жақпа. Жақсының жақсылығын айт.
Септеу өз ішінен жай септеу және тәуелдеуліі септеу болып бөлінеді. Сөздердің тәуелденбей тұрған кезіндегі септелуі жай септеу деп аталады. Мысалы: қаламның, ағаға, дәптерді. Ал сөздердің тәуелдік жалғау жалғанғаннан кейінгі септелуі тәуелдеулі септеу деп аталады. Мысалы: қарындашымның, партасынан, әкеме.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет