«Зар заман» поэзиялық ағымы қалыптасуындағы алғышарттары


Поэзияның отаршылдыққа және модернизациялауға қарсы күресі



бет2/2
Дата14.05.2023
өлшемі22,75 Kb.
#93009
1   2
1.2 Поэзияның отаршылдыққа және модернизациялауға қарсы күресі

Қазақ поэзиясы мен әдеби шығармаларының тарих үшін маңызы зор. Халық жыршылары мен ақындары қазақ халқының батыр ұлдарының ерлік істерін жырларына қосып, тарихи оқиғалар мен тұлғалар туралы мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізуші рөлін атқарып, ұрпақтардың сабақтастығын қамтамасыз етті және бұрыннан келе жатқан тарихи дәстүрлерді сақтап отырды. Халықтың азаттық жолындағы күресі ақын-жыраулар шығармасында жан-жақты сипатталады. Алайда әскери күші өзнен басым, тұрақты әскері бар отырықшы көрші елмен текетіресте қазақ қанша қайрат көрсетсе де, отарлық бұғаудан құтыла алмады. Tәyeлсіздiк жолында бірнеше ғасыр бойы қан төгіп, жоңғар басқыншыларынан аман сақтап қалған аймақты енді одан әлдеқайда қуатты патша өкіметі жайлай бастады. Халық мал жайылымына және егіншілікке құнарлы жерлерінен айырылып, Сарыарқаның, Бетпақдала, Мойынқым және Қызылқұм сияқты құмды-шөлді аймақтарының көшуге мәжбүр болды. Негізінен көшпелі және дәстүрлі шаруашылықпен айналысатын халық болашақтан үміт үзіп, қайғы-шерге берілді. Жұрт арасынан шыққан өршіл ақындар мұндай жағдайды халықпен бірге бастан өткізіп, өздерінің шығармаларында заманының қиындықтарын, ауыртпалығын, зарын өкінішпен жырлап, халықтың мұң-мұқтажын білдірді. Олар жыр тілінде патша үкіметінің отаршыл саясатын әшкереледі. Жерден, малдан, тәуелсіздіктен қол үзген хадықтың ауыр халі, қайғы-қасіреті зар болып төгілді.


XIX ғасыр мен XX ғасырдың басы аралығында ақ патшаның Қазақстанды отарлау, жаулап алу және шаруаларды қоныстандыру саясаты әбден күшейіп, халықтың тұрмысы күн өткен сайын нашарлай берді. Ал қазақ қоғамында отаршылдық езгі, барымташылық, пара алу, туыстас ру-тайпалардың арасындағы талас-тартыс, ұрлық, ішкі алауыздық орын алды. Патша үкіметі атынан елді билеп-төстеуге ұмтылғандардың арасында қара халықтың тұрмыс-тіршілігін ойлағандар саусақпен санарлық болатын. Ауқатты қазақтардың көпшілігі балаларын орыс зиялы оқу орындарына білім алсын деп емес, шенеунік болсын, тілмаш болсын, болыс болсын деп жіберетін. Әрине, осындай адамдардан не күтуге болады?! Ақ патшаға жағыну арқылы билікке қол жеткізген болыстар мен старшындар және т.б. билеушілер халықтың келешегін ойлаудың орнына жеке бастарының қамын ойлады. Осылайша ел мүддесі аяққа тапталған, әділетсіздік орнаған заман халық басына келді.
Ресей империясының шенеуніктері мен жергілікті қазақ шенеуніктерінің қыспағында қалған туған халқының мұң-зарын тек ақындар ғана көре алды және елінің бұл ауыртпалығын өз шығармаларында паш етіп, арқау етті. Сол себепті осы уақыт ағымында тіршілік еткен қазақтың ақындары мен жыраулары қоғамдағы халықты алаңдататын жағдайларды өткір сынның астына алып, сөздерімен жауларын аямай сабады.
Жаңа заманның жаңа жыршылары шығармаларында қиындықтан шығаратын жол іздестіру айқын байқалады. Өкінішке орай ол қадірлі жолды жыршылар да білмеді, таба алмады. Егер сол тарихи кезеңге көз жүгіртсек тығырықтан шығатын амалдың болмағанын мойындауымыз керек, тіпті ол жолды табу мүмкін емес те еді. Халыққа тек заман ағымымен жүру ғана қалғанға ұқсайды.
Солай бола тұрса да отарлық кезеңінде туындаған шығарма-толғаулардың маңызыдылығы аса зор – ол қазақ әдебиетінің жаңа бағытты қалыптастырғанымен бізген құнды. Қазақстан тарихына бұл кезең «Зар заман» атауымен енді және XIX ғасырды толық қамтыды.
Бұл кезеңнің ақын-жыраулары өткен тәуелсіз өмірді аңсап, әділеттік орнаған, ал билеуші топтар халық қамын ойлаған уақытты армандады, бәймәлім болашақ туралы күмәнді болжамдарын жыр тілімен халыққа жеткізді. Зар заман ақындары қазақтың ұлттық болмысын, қадір-қасиетін сақтап қалуды насихаттады. Халықтың ауыр тағдырын жырлаған ақындардың қатарында Дулат Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Шортанбай Қанайұлы, Әбубәкір Кердері болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет