1.1 «Зар заман» поэзиялық ағымы қалыптасуындағы алғышарттары
XVIII ғасырда қазақ халқы Ұлы Даланың жeкe этностарының бірi peтіндe қалыптасқан уақыттан бергі тapихындa ғұмырының ең ауыр кезеңдерінің бірін бастан кешірді. Бұл кезең, тәуелсіздік үшін күрес кезеңі халқымыздың тарихында «Epлiк дәуірі» деген атқа ие болған еді. Бұл дәуірде өмір сүрген Бұқар жырау, Ақтамберді жырау, Тәтiқapa, Үмбeтeй сияқты қазақтың ақын-жыраулары халқын жауға қapcы тұруға, eлi мeн жepi үшiн aянбaй күpecyгe, epлiккe және табандылыққа шақырды. Oлapдың шығapмaлapы caн ғасырлар өтсе де әлі де өз маңыздылығын жоғалтан жоқ. «Epлiк дәуірін» жырлағана дapa тұлғалардың бірі Ақтамберді жыpay өзiнiң эпикaлық жыpындa кeлeсi өлең жолдарын қалдырып кетті:
Күлдір де күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екеміз,
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екеміз?!
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екеміз?!
Ор қояндай жүгінтіп,
Аш күзендей бүгілтіп,
Жолбарыстай шұбарды
Тандап мінер ме екеміз?!
Ақтамбердің жыры жан-жақта жау қоршауында қалған қазақтардың жағдайын толығымен ашып отыр.
1715 жылы қазақтың Ұлы ханы Әз Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін хандық ыдырап кетті. Үш жүзден басқа әр аймақтарда, тіпті жекелей ру-тайпаларда Тәукенің мұрагері Қайыпқа бағынбаған ондаған кіші хандар пайда болды. Бытыраңқылық жағдайға қарамастан Кіші жүзде Әбілқайыр хан, Орта жүзде Сәмеке хан, кейін Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан, ал Ұлы жүзде Жолбарыс хан ерекшеленді. Дегенмен бұл хан-сұлтандардың арасында бірліктің болмауы Қазақ хандығының тарихындағы ең сұрапыл кезеңдердің бірін одан сайын ушықтыра түсті.
Шығыстан Жоңғар хандығы, оңтүстіктен ортаазиялық Хиуа, Қоқан және Бұхар хандықтары, ал солтүстікте Ресейге арқа сүйеген Еділ мен Дон казактары, Еділ қалмақтары, башқұрттар мен татарлар қазақ жеріне көз тігіп, қайта-қайта басқыншылық жорықтар ұйымдастырып отырды. Әсіресе Жоңғар басқыншыларының 1723-1727 жылдардағы шабуылы халыққа қатты әсер етті. Тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атымен қалған оқиға милионнан астам қазақтың өмірін алды. Белгілі қазақ ақыны әрі философы Шәкәрімнің айтуынша жоңғар шапқыншылығынан халықтың үштен екісі қырылып, үлкен бөлігі көрші мемлекеттер мен халықтардан пана тауып, туған жерін тастап кеткен. Аңыздарға сүйенсек, жеңілістен сағы сынған қазақтар жаудан қашып, тіпті аяқ киімдерінен де айырылып «ақ табандары» көрсете қашқан дейді. Сөйтіп, бір көлдің жағасына сұлап құлаған деседі. Содан халық арасында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атауы мықтап енген деген пікір бар.
Ерлік заманында Әбілқайыр мен Абылай хандар, Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Наурызбай, Баян, Жәнібек батырлар жауға қарсы күресті өз қолдарына алды. Жауды қазақ жерінен қуып, тарихи аумақтарды қайтару жолы ұзаққа созылды. Қазақ жерін қорғау соғысында, Отан соғысында 1726 жылғы Ордабасы құрылтайының маңызы ерекше. Құрылтайдан кейін біріккен қазақ жасақтар жоңғарлар мен қалмақтарды алдымен Бұланты, ал кейін Аңырақай шайқастарында тас-талқан етіп жеңді. Дегенмен, жеңіске қарамастан, Шыңғыс тұқымдарының арасындағы тұтастықтың жоқтығы қарсы шабуылды әрі қарай баянды ету мүмкін болмай шықты. Ұлы жүздік Жетісу, Орта жүздің Тарбағатай, Алтай, Ертіс аймақтары басқыншылардың қолында қала берді. Осындай жағдайда Әбілқайыр хан (1718-1748 жж.) Еуразия құрлығында күш алып келе жатқан Ресей империясынан көмек сұрағанды жөн көрді. Ханның бұл шешімі жеке басының қамы ма, әлде халықты жаудан қорғау әрекеті ме, белгісіз, сұрақтың жауабы талай тарихшы-ғалымдарды толғандырды.
Сөйтіп, 1731 жылы 10 қазанда Кіші жүз ханы Әбілқайыр мен оның 29 старшыны Ресейдің бодандығын қабылдады. Бұл оқиға қазақ халқының тағдырын түбірімен өзгертті. Енді, алдағы кезекте осы уақыттан бастап халқымыздың тағдыры мен болашағы тікелей Орыс мемлекетімен байланысты болды. Бұл байланыс үш жыл өтсе де әлі де сақталып келеді.
Алайда Кіші жүздің Ресей империясының құрамына қабылдануы жағдайды шешпеді. Қазақ жері бұрынғысынша көрші мемлекеттердің шабуыл нысаны болып қала берді. 1740 жылы Орта жүз билеушілері Ресейге бағынатыны туралы грамотаға қол қойды. Ал келесі жылы Орта жүз жоңғарлардың тағы бір жойқын соққысына тап болды. 1758 жылы Цинь империясы Жоғар хандығын түпкілікті жойып, қазақ-жоғар соғысы осымен аяқталды. Қазақ тарихының жаңа беті ашылды. Ол Ресей империясы құрамындағы бодандық кезеңі болатын. Ал қазақ тарихы мен әдебиетіне бұл кезең Мұхтар Әуезов берген атаумен «Зар заман» кезеңі атымен енді.
Жаңа кезең – отаршылдық кезең қазақ әдебиеті жаңа сарын әкелді. XIX ғасырдың басында қазақ әдебиетінде ескі әншілік-жыршылық дәстүр бірте-бірте ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық шығарма баса бастады. Егер бұрын жаугершілік заманда батырлардың ерліктерін насихаттап, дәріптеу бірінші орынға қойлса, енді XIX ғасырдан бастап халықтың күнделкіті өмірінің әртүрлі салаларын, қарапайым адамды, оның ішкі дүниесі мен мінез-құлықтарын жыр етуде жаңа бастама қалыптасты. Бұл бағыт Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысты, халықтың қасіретін жырлаған ағым болды.
XIX ғасырдың басында Ұлы Далада саяси жағдай бірталай өзгерістерге ұшырады. Көшпелілердің соңғы империясы – Жоңғар хандығының құлауымен Еуразияның құрлықтық бөлігінде қытайлық Цинь империясы мен Ресей империясы үстемдігін орнатты, ал көшпелі қауымдар ғұмырының соңғы кезеңін бастан кешіріп жатты. Абылай ханның жорықтарынан кейін Алатау қырғыздарының Жетісуға жорықтарына да нүкте қойылды, ал Еділ қалмақтары 1771 жылы болған «Шаңды жорықтан» кейін жеке бір күш болудан қалды. Қазақ халқымен туыстас башқұрттармен татулық орнағанымен, бауырлас халықтар арасында салқын қарым-қатынастар сақталды.
Сонымен қатар Орта Азияда да жағдай айтарлықтай өзгерді. Ферғана мен Шаш аймағында жаңадан құрылған Қоқан хандығы күш алып, Ыстықкөл қырғыздарына, Жетісу мен Сырдария қазақтарына үстемдік орнатуға ұмтылды. Ежелгі Хорезм жерінде Хиуа хандығы нығайды. Хиуа хандары өзбек және түрікмендерден құралған әскерге сүйене отырып, Арал теңізі мен Маңғыстау қазақтарының ауылдарын талқандап, халықты күйзеліске ұшыратты. Аймақтың ең байырғы мемлекеті Бұхар хандығы XVIII – XIX ғасырлар ширегінде құлдырау кезеңін бастап кешіріп жатты.
Сонымен қатар қазақ даласында әскери бекіністер мен округтік орталықтарының құрылысы жүріп жатты. Қазақстанда Ресей империясының алғашқы бекінісі Гурьев 1640 жылы салынса, кейін I Петр тұсында XVIII ғасырдың басында Ертіс өзені бойында Өскемен, Семей, Омбы, Жәміш, Коряков бекіністері тұрғызылды. Кіші жүз аумағында бекіністер Жайық және Ор өзені бойында салынды. Осылайша, Кіші және Орта жүз қазақтары ертеден бері көшіп-қонып жүрген бірқатар жерлерінен қуып шығарылды. Жергілікті халық мал жаюға қолайлы Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінен ығыстырылып, көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға тиімсіз шөл далаға кетуге мәжбүр болды.
Патша үкіметі тұрғызған бекіністер мен форпосттарда негізінен казак әскерлері орналастырылған еді. Нәтижесінде қазақ даласының солтүстік, шығыс және батыс аумақтарында казак әскерлері пайда болды. Олар Орынбор, Сібір және Орал казак әскерлеріне бірікті. Казак әскері Ресей империясында ерекше мәртебеге ие болғанын айта кеткен жөн. Бұл әскери құрама әскери өмірді азаматтық өмірмен ұштастырған ерекше құрылым болатын. Сондықтан казактар бекіністерде әскери қызмет атқарып қана қоймай, өзен бойларында ауылдарын – станицаларды құрып жайлы өмір сүрді. Соның салдарынан қазақтар миллиондаған десятина жерлерінен айырылды. Оған қазақ ауылдар жазалаушы казак әскерлерінің шaпқыншылығына жиі ұшырап отыратын. Мұның өзі бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі көші-қон жүйесін бұзды. Патша билігінің жерді баса-көктеп тартып алуы салдарынан көптеген қазақ рулары мал жайылымдарынан айырылды. Бір кездері дамыған көшпелі малшаруашылығы тығырыққа тіреліп, күрт құлдырады. Артынша далада жерсіз, малсыз қалған босқындар саны ұлғайды. Әрине, бұл үдеріс қазақтардың қалаларға қоныс аударуына да ықпал етті. Сондай-ақ мал жаю мүмкіндігінен айырылған «жатақтар» атанған дала тұрғындарының бір бөлігіне егіншілікке ауысуға тура келді.
Тәуелсіздік пен жерден айырылу қаупі қазақ халқының ұлт-азаттық күресін өрістетті. Даладағы алғашқы көтеріліс – Емельян Пугачев көтерілісімен тұспа-тұс келді. Ол 1773-1775 жылдары Орынбор, Сібір және Орал казактарының қолдауымен Ресей тарихындағы ең үлкен көтерілістердің бірін бастады. Көтеріліске шаруалар да көп қатысқандықтан ол – «шаруалар көтерілісі» деп те аталды. Аталған тарихи оқиға қарсаңында Кіші жүз қазақтары Жайық бойына мал жаю құқығынан айырылған еді. Шекараға жақын өмір сүрген Орта жүз қазақтары да жер тапшылығын көрді. Сондықтан Ресеймен шекаралас көшпелілердің көтеріліске тартылуы заңды болды. Олар Пугачевтің үндеулеріне еріп, «шаруашалар соғысының» үдей түсуіне біршама әсер етті. 1773 жылдың 20 қыркүйегінде Е.Пугачев Кіші жүзді басқарып отырған атақты Әбілқайыр ханның ұлы Нұралы ханға хат жіберіп, үндеуде қазақтарға патша тартып алған жайылымдарды қайтаруға уәде еткен. Көтеріліс басшысының татар, башқұрт, қазақ сияқты дала халықтарын «соғысқа» тарту негізінен сәтті болды. Жағдайдың ушыққаны сонша, тіпті Кіші жүздің Айшуақ, Ералы, Досалы сияқты беделді сұлтандары мен Нұралы ханның өзі де көтеріліске қолдау білдірген. Бірақ ханның қолдауы тек ауызша желеп-жебеумен ғана шектелді. Ол өкілі Зәбір молда арқылы Пугачевті жақтайтынын бірліде отырып, жағдайдың әрі қарай қай сарынға дамитынын бақылауды жөн санады. Шыңғыс ұрпақтарының арасынан тек Досалы сұлтан ғана нақты қолдау жасады. Оның ұлы Сейдалы сұлтан бастаған бір топ қазақ жасағы Орынбор мен Орал аймағының бірнеше бекінісіне шабуыл жасауға қатысты. Қарапайым қазақ шауалары да бұл қақтығыстарға тартылды. Жалпы, қазақтар Кулагин бекінісін басып алуға, Жайық бекінісін, Орынборды қоршауға қатысты. Аймақтағы саяси жағдай Ресейдің тұрақты әскерлерінің келумен ғана тынышталды. Пугачевтің негізгі күштері талқандалып, ал өзі өлім жазасына кесілген соң көтеріліс мәресіне жетті.
Қазақ халқының еркіндігі үшін алғашқы бой көрсетуі осылай аяқталды. Бірақ бұл көтерілістің маңызы зор. Қазақ шаруалары тұңғыш рет отаршылдарға қарсы күш біріктірудің қажет екенін түсініп, нақты әрекет жасады. Одан өзге болашақ көтеріліс басшыларын тәрбиелеуге, заманның зарын халыққа естірткен жыраулардың қалыптасуына тікелей әсер етті.
Емельян Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ батырларының бірі – Сырым Датұлы. Сырым Батыр Кіші жүздің Алшын тайпасының Байбақты руынан болатын. Руластарының арасында батылдығымен әрі шешендігімен танылып, халықтың жоғын жоқтаған көсем ретінде танылды.
Сырымның көтерілісі Кіші жүздің басқару жүйесін реформалауды көздеген Орынбордың әскери губернаторы барон Игельстромның қызметімен сәйкес келді. XVIII ғасырдың соңында Нұралы ханның билігі әлсіреді. Жергілікті ақсүйектер хан билігіне бағынбай еркін әрекет етті. Осындай жағдай халықты патша билігіне бағыныштылықта ұстау қийында түсті. Сондықтан Игельстром Кіші жүзде хан билігін жойып, аймақты тікелей империяға бағындыруды көздеді. Игельстром реформалары отаршылдықтың үдей түсуіне әкеліп, халық наразылығы ұлғайды. Нұралы хан мен оның айналасы реформаларға үзілді-кесілді қарсы тұра отырып, жергілікті билеушілер мен халыққа қысымын күшейтті. Сөйтіп, халық арасында үлкен беделге ие болған старшын Сырымның айналасына көшпелі қазақтардың жасақтары жинала бастады. Көтерілісшілер хан мен сұлтандардың озбырлығына қарсы күресе отырып, орыс жазалаушы әскерлерімен қақтығыстарға түсті. Күрес барысында Кіші жүз хан тағында бірнеше хан ауысып, жүздегі саяси билік дағдарысқа ұшырады. 1786 жылы Нұралы хан Орынборға шақыртылып, Сібірге жер аударылса, Есім хан көтерілісшілер қолынан қаза тапты, ал жаңадан сайланған Айшуақ хан Сырым Датұлы мен оның жақтастарының соңына түсіп, олардың Хиуа хандығына кетуіне күш салды.
Жайықтың оң жағасы
Достарыңызбен бөлісу: |