Заттану арқылы жасалған аталымдардың ішкі мағыналық ҚҰрылымы sveta samenova



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата06.03.2017
өлшемі195,22 Kb.
#7788
  1   2   3

ЗАТТАНУ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН АТАЛЫМДАРДЫҢ ІШКІ МАҒЫНАЛЫҚ 

ҚҰРЫЛЫМЫ

Sveta SAMENOVA



   



                                                                                                              Kamşat OMAROVA



 



АННОТАЦИЯ

Заттану арқылы жасалған аталымдар - барлық тілде кездесетін, сөздік құрамнан орын 

алған  сөздер.  Заттанған  сөздердің  аталым  деңгейіне  жету  дəрежелері  əр  тілде  түрліше 

болып  келеді.  Ол  тілдердің  ішкі  мағыналық  құрылымдарының  түрлілігімен  сипатталады. 

Қазақ тіліндегі заттану арқылы жасалған аталымдардың да ішкі мағыналық құрылымдары 

заттану деңгейлеріне қарай əр түрлі болып келеді.

Бұл мақалада қазақ тіл біліміндегі аталым теориясының негізін қалаған ғалымдар 

еңбектеріне  шолу  жасала  отырып,  аталым  жасаудағы  сөздің  ішкі  мағыналық 

құрылымының қызметі қарастырылады. Кез келген тілдегі сөздік құрамның молаюының бір 

жолы  –  жаңа  сөз,  яғни  жаңа  аталым  жасау  болса,  ол  тілдің  лингвистикалық  жəне 

экстралингвистикалық  факторларының  ықпалы  арқылы  жүзеге  асып  жатады.  Заттану 

арқылы,  оның  ішінде  сын  есімнің  заттануы  арқылы  жасалған  аталымдар,  аталым 

деңгейіне  жеткенге  дейін  бірнеше  мағыналық  даму  кезеңінен  өтеді  де,  қазіргі  тілде  зат 

есімдер қатарында танылады.

Сонымен  қатар,  мақалада  қазақ  тілінде  бір  сын  есімнің  əр  түрлі  мағынада 

заттануынан  бірнеше  аталымның  жасалатындығы  тілдік  деректер  негізінде  талданады. 

Сөз мағынасының қалыптасуы – адамның ойлау əрекетінің өнімі, ал өзгеруі мен дамуы – 

адамның танымдық əрекетінің нəтижесі деген қорытынды тұжырым жасалады.



Кілт сөздер: Қазақ тіл білімі, заттанған сөздер, аталым, ішкі мағыналық құрылым, 

The internal semantic structure of nominations obtained by means of 

substantivisation

ABSTRACT

The  substantivized  nominations  are  the  lexical  phenomena,  words  which  exist  in  the 

vocabulary of all languages. The levels of substantivisation of words vary in every language. It is 

characterized  by  the  diversity  of  the  internal  semantic  structure  of  the  languages.  And  the 

substantivized  nominations  in  the  Kazakh  language  vary  according  to  the  internal  semantic 

structure of the words.

This article gives the review of the works of the Kazakh linguists who founded the bases of 

substantivisation  theory  in  the  Kazakh  language  and  it  considers  the  function  of  the  internal 

semantic structure of the word. One of the ways of enriching the vocabulary of any language is 

to create a new word or a new notion which can be achieved by means of linguistic and extra-

linguistic  factors.  By  means  of  substantivisation,  along  with  the  substantivisation  of  adjectives 

the  nominations  undergo  semantic  variations  and  are  recognized  as  nouns  in  the  modern 

language.

Besides, based on the linguistic facts the article gives the analysis of the substantivisation 

of one adjective with different meanings resulting in creation of several nouns. Summarizing the 

conclusion  is  made  that  the  word  formation  is  a  product  of  human’s  mental  activity,  and  the 

changing and development process is the result of the human’s cognitive ability.

Keywords:  The  Kazakh  linguistics,  substantivized  words,  nomination,  semantic  internal 

structure, the level of substantivation



Makalenin Dergiye Ulaşma Tarihi: 22.04.2016

Yayın Kabul Tarihi: 03.05.2016

AVRASYA Uluslararası Araştırmalar Dergisi Cilt:4 •Sayı:9•Temmuz 2016•Türkiye

F 0 A 7

 O.A.Baykonurov Üniversitesi, Kazak Dili Bölümü, yazkaz2013@mail.ru

F 0 A 7

 O.A.Baykonurov Üniversitesi, Kazak Dili Bölümü

ХХ ғасырдың басынан  зерттеле бастаған тілдік аталым теориясы бүгінде тіл 

біліміндегі  өзекті  мəселелердің  бірі  ретінде  танылады.  Аталым  теориясының 

негізінде  тіл  білімінің  жаңа  бағыттары,  жаңа  салалары  қалыптасып,  ғылыми 

жүйелері айқындала бастады.

Аталым  теориясының  жалпы  мəселелеріне  жəне  осы  үдерістің  жекелеген 

сұрақтарына  қатысты  қазақ  тіл  білімінде  біршама  ғылыми  еңбектер  жазылып, 

мақалалар  жарық  көрді.  Атап  айтар  болсақ,  К.Ш.Хұсайын,  Ө.Айтбайұлы,  Р.Сыздық, 

З.Қ.Ахметжанова,  Л.Қ.Жаналина,  Г.И.Байгунисова,  Т.Жанұзақов,  О.Нақысбеков, 

Ж.Манкеева, Н.Уəли, Б.Қасым сияқты ғалымдар еңбектерінде атаулану үдерісі, оның 

жеке  кезеңдері,  аталым  үдерісінің  уəжділікпен  байланысы,  терминологиялық 

аталымдар  үдерісі  тəрізді  мəселелердің  басы  ашылып,  айқындалды.  Аталым 

саласын  зерттеген  ғалымдардың  пайымдауынша,  тіл  жүйесіндегі  кез  келген  атау 

белгілі бір тəжірибе нəтижесі болып табылады. Қандай да бір ұғым атауының пайда 

болуын  адам  тəжірибесінен  тыс  қарауға  болмайтындығы,  адамның  дүниені  тануы 

оның бойындағы аялық біліміне, дағдысына тікелей байланысты болып келетіндігі 

ғылыми еңбектерде баса айтылып жүр.

Ономасиология тіл білімінің жеке саласы, оның өзіндік зерттеу нысаны бар. 

Бұл  саланың  зерттеу  нысанына  атаулар  табиғатына  қатысты  тілдік  бірліктердің 

тууы,  пайда  болу  үдерісі,  аталым  түрлері,  туынды  сөздер,  аталымдық 

заңдылықтар, мағына мен ұғымның қалыптасуы сияқты күрделі мəселелер жатады. 

Осы  аталған  мəселелерге  тікелей  қатысы  бар  тілдік  құбылыстың  бірі  –  заттанған 

сөздерден жасалған аталымдар.

Заттану  негізінде  пайда  болған  жаңа  аталымдар  (туынды  сөздер)  тілде 

молынан  ұшырасады.  Əлем  тілдерінде,  түркітанымда  туынды  сөзге  қатысты 

теориялық жаңалықтар,  негіздемелер  сөзжасам  тұрғысынан  зерделеніп  жүр.  Оның 

теориялық  негіздері  уəждеме  жəне  аталым  теориясында  жатқаны  Е.С.Кубрякова, 

Е.А.Земская,  И.С.Улуханов,  Л.Қ.Жаналина,  Б.Қасым,  А.Салқынбай  т.б.  зерттеу 

жұмыстарында  нақтыланды.  Аталым  саласы  –  тілдік  элементтердің  таңбаланушы 

нысанмен бірігуін зерттейтін атаулану үдерісі. Аталымның зерттеу нысаны ретінде 

жеке ұғым, зат, сапа белгілері алынады. Б.Қасым: «Аталым – шындық болмыстың 

белгілі  бір  бөлшектерін  атауға  жəне  белгілеуге  қабілетті  тілдік  бірліктердің 

қалыптасу,  жасалу  үрдісінің  нəтижесі»  (Қасым  2001:  183)  дей  отырып,  аталым 

жасаудағы сөздің ішкі мағыналық құрылымының қызметін анықтап береді.

Кейінгі 

жылдары 

бұл 

үдеріс 

зерттеушілер 

тарапынан 

тереңірек 

қарастырылуда,  тілдік  аталымның  табиғатын  ашуға  қызығушылық  артуда.  Тілдегі 

сөздік құрамның молаюының бір жолы – жаңа сөз, яғни жаңа аталым жасау болса, 

ол  тілдің  ішкі,  сыртқы  факторларының  ықпалымен  жүзеге  асып  жататындығы 

мəлім.

Тіл  білімінде  аталым  теориясы  төңірегінде  арнайы  зерттеулер  баршылық. 

Мəселен,  Е.С.Кубрякова  былай  дейді:  «Чтобы  быть  единицей  номинации,  эта 

единица  должна  удовлетворять  одному  требованию  –  обозначать,  служить 

названием,  выделять  именуемое  как  отдельную  сущность  и  величину, 

осуществлять  номинативную  функцию»  (Кубрякова  1977:  222-304).  Бұл  айтылған 

пікірдің қазақ тіліндегі заттанған сындар арқылы жасалған аталымдарға да қатысы 

бар. Заттану арқылы жасалған аталымдар тілде бірден пайда болған жоқ, олардың 

жасалуының  белгілі  бір  кезеңдері  болған.  Заттану  нəтижесінде  туған  жаңа 

аталымдардың  тілде  бірден  жасалмайтындығы,  олардың  екінші  заттық 

мағынасының  тілде  əбден  орнығып,  жалпыға  танылып  үлгеруі  үшін  ұзақ  уақыт 

қажет  болатындығы  осы  мəселені  қарастырған  зерттеушілердің  еңбектерінде 

айтылады.  Қазақ  тіліндегі  сын  есімдердің  заттануы  арқылы  тілде  пайда  болған 

аталымдардың жасалу жəне  қалыптасу жолдарын бірнеше кезеңге бөліп көрсетуге 

болады.

1) Алғашқы кезең: сын есім сөздің заттық мағынада бірінші рет қолданылуы. 

Оған  себеп  болып  отырған  тілдік  факторлар  ретінде  тілдегі  ықшамдалу,  сөз 

159                                                                                           



Sveta 

SAMENOVA

-

Kamşat OMAROVA

мағынасының  тарылуы  мен  кеңеюі  құбылыстарын  атауға  болады.  Сөздердің 

заттық  мағынада алғаш  рет  қолданылуы  ауызекі  сөйлеу  тілінде  де,  жазба тілде  де 

жүзеге асуы ықтимал.

2)  Екінші  кезең:  сын  есім  сөз  аталған  заттық  мағынада  жиі  қолданылуы 

нəтижесінде  бұл  мағына  тілде  орнығып,  көпшілікке  танылады  да,  сол  заттық 

мағынада  қолданылуы  дағдылы  құбылысқа  айнала  бастайды.  Яғни,  заттанған 

сөздің мағынасы жалпыхалықтық сипатқа ие болады.

3) Үшінші кезең: белгілі бір сын есімнің бойында осы аталып отырған заттық 

мағына толығымен тұрақталады. Бұл кезеңде сын есім сөз өзінің алғашқы сындық 

мағынасынан қол үзеді немесе тілде  алғашқы мағынасымен омоним болып келетін 

екінші сөз қалыптасады.

4)  Төртінші  кезең:  сын  есім  сөз  зат  есімге  түбегейлі  өтіп,  тілде  күтілген 

нəтиже  –  аталым  пайда  болады.  Яғни,  бұл  кезеңде  сөз  заттанудың  ең  жоғарғы 

деңгейі – аталым дəрежесіне жетеді. Сөйтіп, тілде заттың атын білдіретін жаңа атау 

пайда  болады  да,  ол  тілдік  айналымға  түсіп  кетеді.  Яғни,  аталымдық  қызметтің 

нəтижелері апробациядан өтіп, социуммен қабылданып, узусқа айналады.

Заттанудың нəтижесінде аталым деңгейіне дейін жеткен, қазіргі тілімізде зат 

есімдер  қатарында  танылып  жүрген  барлық  сөздер  жоғарыда  көрсетілген  даму 

сатыларынан  өтеді.  Заттанған  жаңа  сөздің  жасалуы,  қалыптасуы,  дамуына  ықпал 

ететін  себепші  жайттың  бірі  жəне  негізгісі  –  мағынаның  алғашқыда  уақытша,  одан 

соң  біржола  өзгеруі  болса,  бұл  үдерістің  ұғым-таныммен  тікелей  байланысты 

болатындығы  ғалымдар  тарапынан  айтылып  жүр.  Қандай  да  бір  сөз  табына 

қатысты сөздің заттық мағынада қолданылу тұрақтылығы жаңа сөздің (зат есімнің) 

жасалуына  негізгі  түрткі  болады.  Яғни,  жоғарыда  аталған  үдеріс  барысында  жаңа 

ұғымдар дүниеге келіп, жаңа атауларға қажет жаңа түсініктемелер жасалады. Жаңа 

ұғым  тілде  бар  сөздердің  негізінде  қалыптасады.  Сөз  мағынасының  өзгеруі 

адамның танымдық жəне коммуникативтік қажеттіліктерінен туындайды.

Демек,  басқа  сөз  табының  сөзі  заттанып,  зат  аталымы  деңгейіне  жеткенге 

дейін  белгілі  бір  кезеңдерден  өтіп,  қалыптасады.  Аталымдық  бірлік  танымдық 

қызметті анықтайды, ал оны белгілеуші таңба белгілі білімді қайталау, қайта айтылу 

сипатын  айқындайды.  Белгілі  бір  ұлттың  қоғамдық-саяси,  мəдени  өміріндегі 

өзгерістер оның тілінде көрініс табады. Тілдің даму тарихын халық өмірінде болған 

өзгерістермен  байланыстырып  қарау  -  бүгінгі  таңдағы  қазақ  тіл  білімінің  негізгі 

зерттеу ұстанымы. Осы орайда, тілде қоғамдық өзгерістің ықпалымен қалыптасқан 

заттанған  аталымдардың  да  мол  екендігін  атаған  орынды.  Мысалы,  ақтар, 

қызылдар,  оңшылдар,  солшылдар  тəрізді  сөздер  кеңес  дəуірінде  жасалған  жаңа 

аталымдар  деп  танылса,  ұлтшылдар,  қабылдағыш  (аспап),  қазба  (жұмыс  түрі) 

тəрізді  аталымдар  кейінгі  қоғамдық-саяси  өмірдегі  өзгерістермен  сабақтаса 

қалыптасқан.

«Жаңа ұғымды атау аталым заңдылығымен жүзеге асса, оның жасалуы мен дамуы 

сөзжасам амалдарына тікелей қатысты» (Қасым 2001: 130), – деп, зерттеуші Б.Қасым 

орынды атап өткен. Сөздің ішкі мағыналық құрылымы атаудың мағыналық құрылымын 

түзеді. Ішкі құрылым алғашқы бейне болғандықтан, онда ұғымның негізі жатады, ол ойға 

бағыт беріп, өзек мағынаның əрі қарай дамуына мүмкіндік жасайды. Ішкі құрылым – 

атауды құрастырушы сыңарлардың өзара байланысын сақтайтын тұтас, жүйелі 

ерекшелігін көрсететін тілдік құбылыс. Сол арқылы ғана атаудың тұтастығы түсініледі. Ал 

уəждеме үдерісінің қатысуымен ішкі мағыналық құрылымның негізінде атау қалыптасады. 

Ішкі құрылым – атаудың міндетті семантикалық ерекшелігі. Заттанған сындар ішкі 

мағыналық құрылымы жағынан алуан түрлі болып келеді. Олар бірде ішкі мағынаның 

кеңеюі негізінде, енді бірде мағынаның тарылуы арқылы, келесіде тілдік ықшамдалу 

үдерістерінің ықпалымен, кейде басқа тілден енген сөздердің мағыналық өзгеріске 

түсуінен жаңа лексикалық бірлік ретінде танылып жатады.

Тіл  дамуының,  жетілуінің  бір  көрсеткіші  болып  табылатын  тілдік  ықшамдау, 

Sveta SAMENOVA

-

Kamşat OMAROVA

                                                                                   



үнемдеу  заңдылығы  –  кез  келген  тілде  бар  құбылыс.  Аталым  үдерісінде  сөзжасамдық 

құралдар  арқылы  сөз  оралымдарын  ықшамдап  беру  қазақ  тілінің  негізгі  табиғи  заңды 

құбылыстарының  бірі  болса,  ол  сын  негізді  аталымдардың  жасалуында  да  елеулі  орын 

алады.  Ықшамдалу  сын  негізді  аталымдардың  табиғатына  тəн  негізгі  заңдылық  ретінде 

танылады,  өйткені  ықшамдалу  үдерісінің  нəтижесінде  заттанған  сындар  тілде  мол.  Сын 

есім-зат  есім  тіркесіндегі  зат  есімнің  ықшамдалуы  нəтижесінде  тілде  жаңа  аталым 

жасалады.  Ықшамдалған  зат  есімнің  мағынасы  сын  есімге  бекиді  де,  сын  есімнің 

номинативтік  мағынасы  көмескіленіп,  не  біржола  жойылып,  екінші  заттық  мағынасы 

белсенділік  танытады.  Тілде  бір  кезде  сындық  мəнде  қолданылған  сөз  заттық  мағынаға 

ауысып,  жаңа  аталым  тілдік  айналымға  түседі.  Бұл  тілде  бірден  жүзеге  аспай,  кезеңдік 

даму  сатыларынан  өтеді.  Қазіргі  тілімізде  зат  есімдер  қатарында  танылып  жүрген  мына 

сөздерге  назар  аударалық:  қарт,  қате,  үскірік,  кетік,  науқас,  қарыз,  аңызақ,  қырсық, 

жетім,  ұры,  қалың,  жау,  тоқал,  иттік,  топан,  төркін,  туыс,  тұсақ,  кедей,  бай,  еттік, 

малай,  жарық,  соқпақ,  сүр,  тазы  т.б.  Бұл  атаулар  «сын  есім-зат  есім»  тіркесіндегі  зат 

есімнің  ықшамдалып,  оның  мағынасының  сын  есімге  көшуінен  жасалған.  Алғашқы  тіркес 

ономасиологиялық  негіз  қызметінде  жүрсе,  ықшамдалу  үдерісінің  нəтижесінде  пайда 

болған тілдік бірлік – атау: қарт адам, қате іс, үскірік аяз, кетік зат, науқас адам, қарыз 

нəрсе, аңызақ жел,  қырсық іс, жетім бала,  ұры адам, қалың мал, жау адам, тоқал əйел, 

иттік  мінез, топан  су,  төркін  жұрт,  туыс  адам,  тұсақ  қой,  кедей  адам,  бай  кісі,  еттік 

ілгі, малай адам, жарық сəуле, соқпақ жол,  сүр ет,  тазы ит – ономасиологиялық негіздер, 



қарт, қатеүскіріккетікнауқасқарызаңызаққырсықжетімұрықалыңжаутоқал

иттіктопан,  төркін,  туыс,  тұсақ,  кедей,  бай,  еттікмалай,  жарықсоқпақсүртазы 

дегендер  –  атаулар.  Ықшамдалып  тұрған  зат  есімнің  мағынасы  өзін  анықтап  тұрған  сын 

есімге жылысқан, анықтауыш қызметіндегі сын есімнің мағынасы кеңи түскен. Ол сындық 

мағынасына  қосымша  заттық  та  мағына  беру  қабілетіне  ие  болған.  Біртіндеп  сындық 

мағына  көмескіленіп,  оған  үстелген  екінші  заттық  мағына  кеңінен  таныла  бастаған  да, 

тілде зат есімнің ықшамдалуы нəтижесінде жоғарыдағыдай аталымдар жасалған. Аталған 

сөздердің барлығы да сөздіктерден орын алып, зат аталымдары қатарында танылып жүр. 

Бұл сөздердің заттық мағыналары сөйлемде нақтылана, айқындала түседі. Мысалы: Мал 

қорасы,  еттігі,  ауыз  қорасы  адам  айтқысыз  кең  болатын  (С.Жүнісов).  Жер  бетін  топан 

басып  бара  жатқандай  (Сөздіктен  алынды).  Бір  қырсықтың  шалғынын  енді  білді 

(Т.Əлжантегі).  Төркіні  жақынның  төсегі  жиналмас  (Мақал).  Жетім  көрсең,  жебей  жүр 

(Мақал).


Демек,  бұл  айтылғандар  сындық  мағынаның  заттық  мағынаға  ауысуына 

жəне сол арқылы тілде жаңа бір аталымның жасалуына ықпал етуші негізгі фактор 

ықшамдалу  құбылысы  екендігін  танытады.  Сын  есімнің  заттануы  осы  аталған 

құбылыспен  сабақтасып  жатса,  ықшамдаудың  тілдегі  заңды  құбылыстардың  бірі 

екендігі, оның мағынаға еш нұқсан келтірмейтіндігін, керісінше, ойды тез əрі əсерлі 

жеткізуге  жағдай  жасайтындығын,  аз  сөзбен  көп  мағына  беруге  қабілеттілігін, 

стильге  ықпалын  алғашқылардың  бірі  болып  1980-ші  жылдары  профессор 

Н.Оралбаева  мəселе  етіп  көтереді.  Қазақ  тіл  білімінде  аталмыш  мəселе  ғалымның 

тікелей  ықпалымен,  басшылығымен  кейінгі  зерттеушілердің  еңбектерінде  зерттеу 

нысанасына айналады.

Тілдік  үнемдеу  заңдылығына  сəйкес,  соңғы  кезеңде  жаңа  жасалымдар 

тілдегі  қолданыста  бар  атаулардың  мағыналық  өрісін  кеңінен  пайдалана  отырып 

жасалып  жататындығы  байқалады.  Сөзжасамның  негізгі  мақсаты  атауға  зəру 

нысанды  таңбалау  болғандықтан,  заттану  да  аталым  қажеттілігін  өтеуге  қызмет 

етеді.  Адам  ақыл-ойының  əмбебап  қасиеті  оның  алғашқыда  сөз  тіркесін  толық 

формасында қабылдап барып ықшамдауында болып табылады. Адам оның толық 

дыбысталып болғаннан кейін барып, ықшамдалған формасын жасауға белсенділік 

танытады.  Ғалымдардың  пайымдауынша,  ықшамдалу  үдерісінің  негізіне  сөз 

тіркесінің қолданыс жиілігі мен ұқсату заңдылықтары алынады.

Сөздің  ішкі  мағыналық  жағынан  тарылуы  да  сын  негізді  аталымдардың 

жасалуында басты белгі ретінде танылады. Мысалы, ертедегі тілімізде ару ат, ару 

ұл,  ару  батыр  сияқты  тіркестердің  қолданыста  болғандығын,  ару  сөзі    ХҮ-ХҮІІІ 

ғасырларда  «пəк,  кіршіксіз,  таза»  деген  сындық  ұғымда  жəне  діни  мəндегі  «əулие, 

ие»  деген  мағыналарда  қолданылғандығын,  қазіргі  тілімізде  бұл  сөздің 

161                                                                                           



Sveta 

SAMENOVA

-

Kamşat OMAROVA

мағынасының  тарылып,  «сұлу  қыз,  сүйікті  əйел»  деген  мəндерде  жұмсалып 

жүргендігін  Р.  Сыздықова  атайды  (Сыздықова  1994:  13).  Кейін  келе,  ару  сөзінің 

түптөркін  мағынасы  тарылып,  ару  сын  негізді  аталымының  жасалуына  əкелген. 

Бірақ,  10  томдық  түсіндірме  сөздікте  ару  сөзінің  заттық  мағынасы  берілмей  жүр. 

Біздің  ойымызша,  бұл  сөз  –  аталым  деңгейіне  дейін  заттанған,  екінші  заттық 

мағынасы  тілде  танылған,  тұрақталған  сөз.  Ол  өзінің  заттық  мəнін  «əйел,  қыз» 

сөздерінің  тіркесінсіз-ақ  бере  алу  дəрежесіне  жеткен.  Сондықтан  да,  оның  заттық 

мағынасы  да  сөздіктен  орын  алып,  өзінің  сын  есім  негізімен  омоним  ретінде 

танылуы  қажет.  Мына  төменде  берілген  мысалдардан  олардың  заттық  мəні  айқын 

танылады.  Мысалы,  Таксидің  ішінде  бір  ару  отыр,  Бөлек  жамалы,  бөлек  мінезі 

(Ж.Ерманов).  Бас  найзаға  шаншылды,  Ат  артында  арулар  (І.Жансүгіров).  Арудың 

жүзінде мұң, жүрегінде шер барын сезді (Т.Əлжантегі).

Түрлі қаламгер шығармаларынан алынған осы сөйлемдердегі ару сөзі «сұлу 

қыз, сүйікті əйел» деген бірдей заттық мағынада қолданылған.

Сол  сияқты,  алғашында  аға  сөзінің  де  «басшы,  қол  басы»  деген  ұғымды 

бергендігін, қазіргі тілімізде бұл сөздің де мағынасы тарылып, «жасы үлкен адам» 

деген  мəнде  ғана  жұмсалып  жүргендігін  Р.Сыздықова  өз  еңбегінде  атап  өтеді 

(Сыздықова  1994:  43).  Бұл  сөздің  де  алғашқы  мағынасының  тарылуы  ол 

мағынаның қолданылу аясын шектеген де, біртіндеп заттық мағынаға ауысқан. Бұл 

мағынасы тілде тұрақталып, сөздіктерде зат есім деп танылған.

Сындық  мағынаның  тарылуы  арқылы  жасалған  заттануларға  тіліміздегі 

мынадай сөздерді де жатқызуға болады: шал, бала, ағаттық, қыран, құлаш, көпшік 

т.б. 

Алғашқыда 

бұл 

сөздердің 

сындық 

мəнде 

қолданылғандықтарын 

этимологиялық  зерттеулерден  аңғаруға  болады.  Мəселен,  құлаш  сөзі  ертеде 

«есепсіз, ұзын» деген сындық мəнді білдірсе (Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық 

сөздігі  1967:  105),  көпшік  сөзі  «жұмсақ,  былқылдақ»  деген  сындық  ұғымдарда 

қолданылған  екен  (Қазақ  тілінің  қысқаша  этимологиялық  сөздігі  1967:  132).  Сол 

сияқты,  қыран  сөзі  де  ертеректе  «епті,  алғыр»  деген  сындық  мағынада  жүргендігі 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет