Заттардың тасымалдануы активті және пассивті жолмен жүреді



Дата05.11.2022
өлшемі16,03 Kb.
#47753

Реабсорция процесі осмостық градиент күшіне қарсы келетін процесс.Бұр процесстің алдыңда фильтрациядан өткен заттардың организмге керегі қайта сіңіріледі,ал артық заттар зәр арқылы шығарылады.Қайта сіңірілуі заттардың организмдегі концентрациясына байланысты.Мысалы қандағы глюкоза концентрациясы 150-180 мг/л болса онда глюкоза қайта сіңіріледі.Ал одан көп болатын болса зәр арқылы қайта шығады.Заттар ұлпадан қанға өтеді.Заттардың өту механизмін түсіндіру үшін ең бірінші заттардың транспорты деген ұғымды түсіндіру керек.
Заттардың тасымалдануы активті және пассивті жолмен жүреді.
Активті тасымал кезінде энергия қолданылады.Себебі зарядталған иондарды немесе үлкен құрылымды заттарды тасмалдау үшін сорғыштар жұмыс істеу керек.Ал сорғыштар АТФ энергиясын қолданады.Активті тасымалдану концентрация градиентіне қарсы жүреді.
Пассивті тасымал кезінде энергия қолданылмайды.Концентрация градиенті бойымен жүреді.Жүру жолдары:

Қарапайым диффузия - ол концентрациясы жоғары ортадан концентрациясы төмен ортаға қарай заттардың өтуі, яғни заттардың ауысып өтуі концентрация градиентіне байланысты іске асады.

  • Жеңілдеген диффузия - тасымалдаушы ақуыздардың көмегімен заттардың жоғары концентрациялы ортадан төменгі концентрациялы ортаға ауысуы. Тасымалдаушы ақуыздар плазмалық мембранада болады. Бұл процесс те концентрация айырмашылығы бойынша жүреді. Бұл белгілі бір молекулаларға арнаулы тəн болады, қарапайым диффузиямен салыстырғанда тезірек жүреді. Амин қышқылдары, моносахаридтер, нуклеотидтер, глицерол жəне əр түрлі иондар үшін арнаулы тасымалдаушылар бар.

  • Осмостық қысым арқылы.

Нефрон түтікшесінің әр бөлімінде әртүрлі заттар сіңіріледі.

  • Проксимальды бөлімде: Глюкоза,Нәруыз,Натрий,Калий,Кальций қайта сіңеді.

Жоғарыда айтқанымдай зарядталған иондар сорғыштары арқылы қайтадан қанға сіңеді.
Глюкоза үлкен құрылымдағы зат болғандықтан оның сіңуі тасымалдаушылар арқылы жззеге асады.Тасымалдаушылар натрий ионың қажет етеді.

  • Генле ілмегінде су сіңіріледі.Су сіңірілуі пассивті тасымалдану жолымен өтеді.Яғни энергияны қажет етпейді.

Су сіңірілуін вазопрессин гормоны реттейді.Оны басқаша антидиурездік гормон деп атайды.Ол тұздардың концентрациясын зәр құрамында арттырып суды азайтады.
Вазопрессин гормоны әсер еткенде аквопроин 2 белогі су каналдарын құрады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет