адам санасының белгілі бір затқа бағытталған тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.
Зейіннің физиологиялық негізі
И.П. Павлов – Нерв процестерінің өзара индукция заңы.
И.П. Павлов: “Егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты калған алаптарында тежелу процестері пайда болады”- деп айтқан.
Зейіннің физиологиялық негізі
Орыс физиологы, академик
А.А. Ухтомскийдің – Доминанта теориясы.
Доминанта – сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бар алабын қаттырақ, күштірек қоздырады.
Ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады.
Ырықсыз зейін қандайда бір затқа ниетсіз-ақ бағытталады және ол үшін ерік күшін қажет етпейді.
Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ил арнайы күш жұмсауды қажет етпейді.
Зейіннің қасиеттері
Тұрақтылығы
және жинақтылығы
Аударылуы
Бөлінушілігі
Көлемі
Алаң болушылық
Зейіннің қасиеттері
Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы деп – адамның зейінінің бір объектіге немесе бір жұмысқа тұрақтай алуы.
Зейіннің аударылуы деп - бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді айтады.
Зейіннің бөлінушілігі – адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігі.
Зейіннің қасиеттері
Зейіннің көлемі деп – бір уақыттың ішінде оның қамтитын объектілерінің санын айтады.
Алаң болушылық деп – белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады.
Зейіннің дамуы және оны тәрбиелеу
Зейінді дамыту үшін адам әруақытта қандай нәрсеге болса да зейінді тұрақтата алуға өзін дағдыландыра білу қажет. Зейін өзінің дегеніне көнетін құралың болсын. Адамның иесі зейін емес. Зейіннің иесі адам болу керек.
Зейіннің дамуы және оны тәрбиелеу
Зейінді тәрбиелеу - өзіңді жағымсыз жағдайда да жұмыс істеуге дағдыландыру. Көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштермен күресуге әдеттенудің арқасында адам өзінің зейінін шынықтырып, оны мықты және шыдамды етеді.