2 дәріс. Адамның анатомиялық және физиологиялық негізі Жалпы сұрақтар



бет1/4
Дата03.10.2022
өлшемі26,34 Kb.
#41112
  1   2   3   4
Байланысты:
2 дәріс


2 дәріс. Адамның анатомиялық және физиологиялық негізі
Жалпы сұрақтар

  1. Адам қаңқасы

  2. Кеуденің, аяқ пен қолдың, бастың бұлшық еттері

Адамның анатомиялық және физиологиялық негізі. Қандай да болмасын ТЖ салдары адамдардың жарақатына алып келеді. Оларға дер кезінде және білікті көмек көрсету құтқарушылардың негізгі кәсіби міндеттеріне жатады. Сондықтан, құтқарушылар адамның анатомиялық және физиологиялық негізін, адам ағзасы жүйесінің зақымдалу жағдайы мен деңгейін анықтаудың қырларын және оларға алғашқы медициналық көмек көрсетудің әдістерін білуге міндетті.
Адам ағзасы әр түрлі, өзара байланысты жүйелерден тұратын, ең негізгілері сүйек – бұлшық ет, тыныс алу, қан айналу, ас қорыту, сыртқа шығару, жүйке жүйесі болып Табылатын көп деңгейлі қызметтік құрылымнан тұрады.
Адам қаңқасы. Адам каңқасы сіңір байламдары мен буындардың көмегімен өзара байланысқан бөлек – бөлек сүйектерден құралған. Онда 200 – ден астам сүйек бар. Олар: омыртқа діңі, кеуде қуысы, бас қаңқасы – бас суйек; қол мен иық аймағы; аяқ пен жамбас аймағы.
Адамның қаңқасы (алдыңғы жағынан). 1 – бас сүйек; 2,7 – омыртқа; – бұғана; 4 – кеуде қуысы; – төс сүйек; - иық сүйегі; 8 – кәрі жілік; – шынтақ сүйек; білезік сүйегі; 11,12,13 – табан сүйегі; 14 – үлкен асықты жілік; 15 кіші асықты жілік16 – тізе үсті; 17 – жамбас сүйегі; 18 – шат сүйегі
Омыртқа бағанасы – кеуденің тірегі. Ол 33 - 34 омыртқадан тұрады және мынадай бөліктерге бөлінеді: мойын омыртқа – 7, кеуде омытрқасы – 12, бел омыртқа – 5, сегізкөз омыртқасы – 5, құймышақ омыртқасы – 4-5. Омыртқа діңі 4 жерден бүгіледі: екеуі (мойын және бел омыртқалар) алдыға қарай, екеуі (кеуде және сегізкөз омыртқалары) артқа қарай дөңес бүгіледі. Әрбір омыртқа мүшеден, дорғадан және одан шығып тұратын өсінділерден тұрады. Омыртқа мүшесі мен доға арасында саңылау болады; омыртқалар бірінің үстіне бірі тұрған кезде бұл саңылаулар, жұлын орналасқан омыртқа өзгегін құрайды. Ең көлемді омыртқалар белде орналасқан, сегіз көз аумағындағы омыртқалар көлемді сүйек – сегізкөзге бітеді.
Кеуде қуысы он екі жұп қабырғадан, кеуде омыртқаларынан, төс сүйектен құралған. Жоғарғы жеті жұп қабырға кеудемен шеміршек арқылы байланысады, оларды қара (нағыз) қабырғалар деп атайды; келесі бес жұп қабырғаларды сүбе (жалған) қабырғалар деп аталады, олардың сегізінші, тоғызыншы және оныншы жұптары жоғары жатқан қабырғалармен доға құрып, шеміршек арқылы байланысады, ал он бірінші және он екінші жұптарда шеміршек болмайды, олардың алдынғы ұштары бос болады. Tөс сүйек төс тұтқасынан, денеден, семсертәрізді өсіндіден тұратын жалпақ сүйекті құрайды және кеуденің ортаңғы бөлігінде орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет