Зейнолла Гулим 5 Текущий контроль Проектный маркетинг Экологиялық туризмді дамытуға арналған жобалар



Дата08.04.2023
өлшемі16,3 Kb.
#80438

Зейнолла Гулим
5 Текущий контроль
Проектный маркетинг
Экологиялық туризмді дамытуға арналған жобалар
Экологиялық туризм - әлемдегі ең ірі және екпінді даму салаларының бірі. Экологиялық туризмнің пайда болуының негізгі өзгешілігі мен тұрақты даму тұжырымдамасына сәйкес табиғи ортаға түскен шығынды төмендету болып табылады. Барлық ғаламшарда экологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар, туристтік фирмалар табиғи қоршаған ортаға келушілердің әсерін төмендету туралы қоғамның хабардарлығын жоғарлатудың жолдарын іздеуде.
Туризмнің дамуы - келешекте ұзақ мерзімдік және экономикалық тиімді болашақ, себебі туризм шетелдік валюта тарауын қамтамасыз етеді және төлеу теңгерімнің және елдің жиынтық экспортының көрсеткіштеріне салмақты ықпал көрсетеді.
Өзінің төл өзгешеліктеріне ие бола отырып, туризмнің бәсекеге қабілетті индустриясын жасау үшін Қазақстан үлкен әлеуетті мүмкіндіктерге ие болады. Осыған мүмкіндік беретіндер:
· осы аймақ арқылы халықаралық туристтік және коммерциялық сапарлар ағыны қажеттілігін тудыратын аймақтың тиімді геосаясат жағдайы;
· саяси тұрақтылық, бұқарашыл өзгерістер, экономикалық реформаны жүргізу;
· экологиялық туризмді ұйымдастыру үшін табиғи ландшафттың, флораның және жануарлар дүниесінің алуантүрлілігі;
· экологиялық туризмнің нысандары болып табылатын, мәдени - тарихи рекреациялық қорлардың түрлілігі;
· еркін еңбек қорларының барлығы.
Экологиялық туризмнің дамуының ең басты мәселесі республикада, осы кезге дейін экотуризмнің дамуы туралы мемлекеттік бағдарламаның болмағандығы, демек, туризмнің осы түрінің мемлекеттік сүйеніші болмағаны. Сонымен қатар, экологиялық туризм Қазақстанда дамыған жоқ деп айтуға болмайды. Көптеген ЕҚТА өзінің аумақтарында экотуризмді дамыту мақсатында экомаршруттар жасап жатыр. Мекеме, экологиялық туризмнің даму сұрақтарымен айналысатын мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар бар. Сондықтанда, республикада экологиялық туризмнің мүддесі өсе бастады деп сенімділікпен айтуға болады. Қазіргі уақытта іс жүзіндегі туризм жүйесі Қазақстанда туристтердің барлық қажеттіліктерін және ықыластарын қанағаттандыру мүмкіндігі бар. Рекреациялық қорлардың молдығы едәуір күрделі материалдық базасын салуды болжайды.
Экологиялық туризмнің дамуы және туризмнің басқа түрлері сияқты, қонақ үйлер, туристтік базалар, кіре беріс жолдары, тамақтану пункттері құрылысына, жарнамалық өнімді дайындауға және т.б. қаржылық және материалды - техникалық қаражаттарды жұмсалуына байланысты болады.

Этнографиялық туризмді дамытуға арналған жобалар
Жалпы, экотуризм – табиғатқа зиянын тигізбейтін немесе септігін тигізетін кез келген туризм түрі. Яғни, адамдар міндетті түрде шатырларда тұрмайды, олар қонақүйлерде де тұра алады. Олар сонымен қатар эколодждарда да тұра алады. Әлемде далада немесе орманда туристерді қабылдап қана қоймай, жаңартылатын энергия саласында ең үздік тәжірибелерді қолданатын эколодж тұратын мысал өте көп. Бұл тәжірибені өз кезегімізде қолдансақ болады
Этнотуризмнің дамымай тұр­ған тағы бір себебі – тарихи құн­ды дүниелерімізді дұрыс сақтай ал­май отырғанымыз. Қажетті ақ­па­раттарды гидтердің өзі қызықты етіп жеткізе алмайды. Тағы бір ай­та кетерлігі, этнотуризм – киіз үйіміз ғана емес. Ол – ұлттың бар­­лық әдет-ғұрпы, салты, жөн-жорал­ғысы. Дәл қазір шетел­дік­тер тек осы дүниелерге қат­ты қы­зығады. Осындай құнды­лық­тар­ы­мызды жандандыру арқылы этнотуризмді дамытамыз. Ал этно­туризмнің дамығаны – ел тари­хы­ның жаңарғаны.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет