Экзотермиялық болады.
Пробиркаға 4-5мл темір (III)хлоридінің ерітіндісін және сондай көлемде калий роданидінің (KSCN) ерітіндісін құй. Пробиркадағы ерітінділерді араластырып, оны екі пробиркаға бөл. Бір пробирканы салыстыру үшін қалдырып, екіншісін ішінде ыстық суы бар стаканға сал. Ерітінділердің түстерін 2-3 минуттан кейін салыстыр. Байқағандарыңды жазып және Ле-Шателье шартын қолданып, тәжірибе температурасын жоғарылатқанда тепе – теңдіктің қай реакция бағытына(тура немесе кері) ығысатынын көрсет.
|
Қайтымды жүйенің тура реакциясы:FeCl₃ + 3KSCN→ Fe(SCN)₃ + 3KCl; ∆Н˂0
|
Тепе-теңдік қай жағына ығысады KSCN, KCL, FeCl₃ -дін қосқанда? Бұл жағдайда әрбір компоненттің концентрациясы қалай өзгереді? Ле-Шателье шартын қолданып, жауапты түсіндір. Берілген реакцияның химиялық тепе-теңдігінің математикалық өрнегін жаздық.
|