Зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы



бет1/6
Дата14.10.2023
өлшемі1,7 Mb.
#114179
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

Зертханалық жұмыс


Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Office Access бағдарламасында бір кестеден тұратын мәліметтер қорын құру


Жұмыстың мақсаты:
1. Microsoft Office Access 2007 бағдарламасының негізгі мүмкіндіктерімен танысу;
2. Microsoft Office Access 2007 бағдарламасында мәліметтер қорын құруды және өңдеуді үйрену;
3. Microsoft Office Access 2007 бағдарламасында SQL сұраныс құруды үйрену.


Жұмыстың мазмұны:
Мәлiметтер қоры – бұл өзара байланысқан мәлiметтердiң интеграцияланған жиынтығы болып табылады. Әдетте мәлiметтер қоры бiр нақты пән саласы үшiн, қолданбалы есептердi ұйымдастыру үшiн құрылады. Мәлiметтер қорымен жұмыс iстеу үшiн мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) пайдаланылады. Бұл мәлiметтердi енгiзудi, iздеудi, сақтауды, түзетудi қамтамасыз ететiн және есеп берудi және мәлiметтер қорын пайдаланушылардың сұранысына жауап берудi ұйымдастыратын арнайы бағдарламалар жабдығы болып табылады. Сонымен қатар МҚБЖ мәлiметтердi қорғау мен олардың “жылжуын”, басқа бағдарламалық құралдар арқылы пайдаланылуын қамтамасыз етедi. Қазiргi уақытта көптеген экономикалық және ақпараттық-анықтамалық бағдарламалық кешендер қандай-да бiр МҚБЖ негiзiнде жүзеге асырылып отырғандығы баршаға белгiлi болып отыр.
Бүгiнгi таңда информатика пәнiнен оқу процесiнде орта бiлiм беретiн мектептерде мейлiше танымал бағдарламалық өнiм - MS Access мәлiметтер қорын басқару жүйесi оқытылып келедi. Ол өз жүйесiне мәлiметтер қорының реляциялық графикалық мұқабалы түрiн қамтиды. Мұндай қорлардағы мәлiметтер бiртектi жазбалардан тұратын бiр немесе бiрнеше кестелер түрiнде берiледi. Қызмет көрсету жүйесi ЭЕМ-ге мәлiметтердi енгiзу, мәлiметтердi қандай-да бiр белгiсi бойынша сұрыптау, мәлiметтер құрылымын түрлендiру, мәлiметтердi шығару және т.б. сияқты жұмыстарды қамтамасыз етедi.
MS Access 2007 бағдарламасының негізгі нысаналары:


Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Мәліметтер қоры деген не?
2. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деген не?
3. Қандай мәліметтер қорын басқару жүйесін білесіздер?
4. MS Access 2007 негізгі қызметі?
5. MS Access 2007 нысаналары?

  1. Реляциялық мәліметтер қорына анықтама беріңіздер?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет