Зерттеу қызметіндегі кедергілер



Дата20.09.2023
өлшемі3,37 Mb.
#109044

Билет №15

  1. Зерттеу қызметіндегі кедергілер







  1. Білім беру саласындағы тұлға дамуын диагностикалау мен коррекциялау мәселелері

Білім беру саласындағы диагностиканың мəн-мағынасы,


медицинадағы сырқатты күні бұрын анықтаумен бірдей. Диагностика жолымен
тəрбие процесіндегі қандай да өзгерістердің белгілері мен себептері, оның
сипаты анықталып, ол тəрбиені болашақта дұрыс жолға келтірудің жоспарына
негіз береді. Дұрыс орындалмаған диагностика барлық еңбекті зая етіп,
алдағы тұрған мақсатқа жетудің кедергісін азайтпақ түгіл, оны асқындырып
жібереді. Сондықтан да, даму желісін диагностикалау жоғары мамандық пен
жауапкершілікті талап ететін өте маңызды практикалық іс.Оқушылардың
дамуындағы кейбір ерекшеліктерді диагностикалаудың қарапайым əдістерін
үйреніп алу кəсіби педагогикалық дайындықтың аса маңызды шарты.
Адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін
сипаттайтын көптеген әлеуметтік саналар мен қасиеттерді қалыптастырады, әрі
дамытады. Жеке тұлғаныңдамуы мен қалыптасуына қоршаған орта мен қоғам әсер
етеді. Осы күнгі педагогикада жеке адамның дамуы жөнінде қалыптасқан ой-
пікірлер төмендегіше: адамның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуына табиғи
қабілеті аса маңызды. Әр адам іс-әрекеттің түріне негіз болар нышанмен,
дүниеге келеді, сондықтан да адамның биологиялық және әлеуметтік даму
мүмкіншілігі бір-бірімен тығыз байланыста, бірақ әлеуметтік фактордың ролі
басымдау. Жеке адамның дамудың ықпалды көзі-тәрбие, қоршаған орта, табиғи
нышандармен қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекші фактор болып
табылады. Тұлға адамның әлеуметтік қасиеттерінің тұтастығы, белсенді іс-
әрекетпен араласу.
Тұлға дамуын жетілдіру қай қоғамның болмасын өзекті мәселесі болғаны
анық. Әсіресе қоғам дамуын тұлға дамуымен барынша тығыз байланыстырып
отырған қазіргі Қазақстан Республикасы жағдайында бұл аса өткір
мәселелердің біріне айналып отыр. Білім беру жүйесі білімді тереңдетуге
бағытталған ұмтылысын сақтай отырып, өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның
рухани – адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне аудара бастады. Демек, тұлғаның
адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту
заман талабы.

  1. Тұлға дамуын диагностикалау мен коррекциялаудың теориялық және методологиялық негіздерін анықтау

Тұлға дамуын диагностикалау мен коррекциялаудың теориялық және методологиялық негіздерін анықтауға байланысты


жетістіктерді дер уақытында зерттеп тұру қажеттігі күннен-күнге үлкен
маңызға ие болуда. Бұл қажеттік тұлғаның қалыптасу процесін тиімді басқару
үшін, ондағы жүріп жатқан өзгерістердің тереңдігін, қарқыны мен
ерекшеліктерін білу керектігінен туындаған. К.Д.Ушинский: Егер педагогика
адамды барша тараптан тəрбиелегісі келсе, онда ол сол адамды ең алдымен жан-
жақты білуі шарт -деп өз уақытында диагностиканың нақты оқу тəрбие
процесіндегі маңызын баса көрсеткен.
Диагностика (грек сөзі: диа – ашық, айқын жəне гнозис - білу) –
зерттелуші объект немесе процесс жөніндегі ақпараттарды күні ілгері алудың
жалпы тəсілі. Педагогикалық даму саласындағы диагностиканың мəн-мағынасы,
медицинадағы сырқатты күні бұрын анықтаумен бірдей. Диагностика жолымен
тəрбие процесіндегі қандай да өзгерістердің белгілері мен себептері, оның
сипаты анықталып, ол тəрбиені болашақта дұрыс жолға келтірудің жоспарына
негіз береді. Дұрыс орындалмаған диагностика барлық еңбекті зая етіп,
алдағы тұрған мақсатқа жетудің кедергісін азайтпақ түгіл, оны асқындырып
жібереді. Сондықтан да, даму желісін диагностикалау жоғары мамандық пен
жауапкершілікті талап ететін өте маңызды практикалық іс.
Диагностика оқыту тәжірибесіндегі білім, білік, дағды, іскерлікті
тексеру ұғымын қамтығанымен, одан мазмұны, мақсаты жағынан ауқымды.
Білім, білік, дағдыны іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні ғана
көрсетеді.Ал, диагностика бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық
мәліметтерге талдау, оның даму бағытын айқындау, дидактикалық үрдісті
жобалау, яғни педагогикалық жүйенің тұтастығын қамтамасыз ету қызметін
атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет