Зерттеу туралы есеп



Дата18.10.2023
өлшемі16,3 Kb.
#118601
түріРеферат

Академиялық мәтіннің түрлері, формалары: зерттеу туралы есеп, оқу жұмысы, эссе, реферат, ғылыми мақала, ғылыми жоба.

  1. Зерттеу туралы есеп – бұл зерттеу нәтижелерін хабарлау, жобаға қатысты барлық ақпаратты, әдістемелік жобалаудан және теориялық негізден бастап, мәліметтер жинауға және нәтижелерді түсіндіруге дейінгі барлық ақпаратты қарастыруға бағытталған жазбаша құжат.




  1. Оқу жұмысы – ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымды, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі.


  1. Эссе - шағын көлемді прозалық мәтін. Эссеге батыл болжамдар, өткір ұсыныстар, талас тудыратын пікірлер, ойлар, қозғау саларлық байламдар тән. Онда автордың жеке көзқарасы, өзіндік пікірі көрініс табады.




  1. Реферат - ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. 




  1. Ғылыми мақала - зерттеуші іс-әрекетінің негізгі нәтижесі болып табылады. Мақсаты автордың жұмысын басқа зерттеушілердің игілігіне жарату және белгілі бір зерттеу аумағындағы оның басымдылығын көрсету.




  1. Ғылыми жоба - іздеушілер өз білімдерін нақты іс-әрекетте көрсете алатын, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік алатын, өзіне тән мақсаты мен міндеттері, әдістері мен тәсілдері бар қандай да бір өнім шығарумен аяқталатын, біріккен оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекеттер.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет