Зерттеудің мақсаты: Жұқпалы ауруларды дер кезінде анықтап, алдын алу



Дата14.02.2023
өлшемі25,77 Kb.
#67841

Зерттеудің мақсаты: Жұқпалы ауруларды дер кезінде анықтап, алдын алу.
Аннотация: «Індеттану микробиологиямен» пәнінен «Жұқпалы ауруларды балау» тақырыбына жазылған бұл шығармашылық жұмыс аннотация, нормативтік сілтемелер, анықтамалар, қысқартылған сөздер, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Шығармашылық жұмыс 7 беттен тұрады
Жұмыстың міндеттері: 1. Індеттанулық әдіс-тәсілдерді меңгеру..
2. Клиникалық әдіспен балау.
3. Патологиялық-анатомиялық әдіспен диагноз қою.
4. Микробиологиялық әдісті тереңірек зерттеу.
5. Серологиялық әдіс-тәсілдерді меңгеру.
6. Аллергиялық әдіс қою жолдарын анықтау.
1. КІРІСПЕ.
Жұқпалы ауруды балау, немесе диагаоз қою, аурудың кез келген түрі /ішкі жұқпайтын, оташылық, т.б./ балаудың ортақ зандылықтарына негізделген. Әйтсе де жұқпалы ауруларды балаудың өзіңдік үш түрлі ерекшеліктері бар.
1. Жұқпалы аурудың әрқайсысының өзіне тән тірі қоздырушысы болатындықтан, сол қоздырушыны ауырған жануардың денесінен тауып, оны анықтау диагноз қоюға толық негіз болады.
2. Жұқпалы ауру кезінде денеде ауру қоздырушыға қарсы өзіне тән иммундік жауап реакциялары болатындықтан, осы өзгерістерді аллергиялық немесе серологиялық тәсілдермен анықтау – ауруды балаудың аса бір тиімді әдістері болып табылады.
3. Жұқпалы ауруға іңдет процесі тән болғаңдықтан, іңдетте ерекшеліктерін ескеру арқылы балау жұмыстарына тиісті 6 бағдар беруге болады.
Жұқпалы ауруларды балау кешенді түрде жүргізіледі де, бұл кешен мынандай құрама бөліктерден тұрады:
1. Індеттанулық әдіс.
2. Клиникалық әдіс.
3. Патологиялық-анатомиялық әдіс.
4. Микробиологиялық /бактериологиялық немесе вирусологиялық/ әдіс.
5. Серологиялық әдіс.
6. Аллергиялық әдіс.
Жұқпалы ауруды балаған кезде диагаоздың екі түрін аясыратқан жөн. Олар – нозологиялық және іңдеттанулық диагноз. Нозологиялық балау – аурудың түрін /мысалы: бруцеллез, топалаң, сіреспе/ анықтауға саяды. Індеттанулық балау толық індеттік жағдайды анықтауға бағытталған. Індеттанулық балау негізінде індеттің буыңдары /инфекция қоздырушысының бастауы, оның берілу тетіктері мен оған бейім жануарлар/ және індет ошағының ерекшеліктері мен шекарасы анықталады. Тек егжей-тегжейлі індеттанулық балау негізінде ғана індетке қарсы нәтижелі жұмыс жүргізуге болады.
2. Негізгі бөлім.
2.1. Індеттанулық балау әдісі.
Індеттанулық балау әдістері індеттің шығуы мен таралуына қатысты төмендегідей мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.
1. Індеттік жағдай.
2. Індет бұғауының буындары.
3. Аурудың індеттік ерекшеліктері.
Індеттік жағдайдың негізгі көрсеткіші – күдік тудырған аурудың сол өңірде бар немесе жоқ екендігі. Екінші сөзбен айтқанда, тиісті індет ошағының немесе табиғи ошақтың болу болмауы. Егер ондай ошақ бұл аймақта болмаса, осы аурудың басқа жердегі ошағына ауырған малдың қандай қатысы болуы мүмкін екендігін анықтау. Бұл жағдай індет бұғауының буындарын талдауға тікелей қатысты.
Індет бұғауының буыңдарын талдау жануардың ауруға бейімділігінен басталады. Ауруға бейім жануар індет бұғауының соңғы буыны болса да, жануардың ауруға бейімділігі балау жұмыстарында бірінші кезекте ескеріледі. Оған мынандай мысал келтіруге болады, сиыр маңқаға шалдықпайтындықтан малдың бұл мүлігінде аталған ауруға балау жүргізу орынсыз әрекет екені даусыз. Ауруға бейімділік жануардың түр, жыныс және жас ерекшеліктеріне негізделіп қарастырылады.
Індет бұғауының буындарын талдағанда екінші кезекте күдік тудырған аурудың бастауы болып табылатын ауру немесе микроб алып жүруші жануардың бар немесе жоқ екенідігі анықталады. Егер инфекция қоздырушысының бастауы табылса, оның берілу тетіктері іздестіріледі. Ауруға бейім жануар инфекция қоздырушысымен тікелей жанаспаған жағдайда жұғу факторлары мен тасымалдаушылардың аурудың тарауына қатысы анықталады. Сонымен қатар инфекцияның қарастырылып отырған жағдайдағы мүмкін болатын берілу жолдары және олардың осы аурудың ерекшеліктерімен үйлесімділігі.
Аурудың індеттік ерекшеліктеріне тоқталғанда, оның қарқыны /спорадия, эпизоотия, панзоотия/, жұғымталдығы, шығын және өлім көрсеткіштері т.б. ескеріледі. Сонымен қатар аурудың маусымдық және кезеңдік ерекшеліктері оны балау үшін құнды деректер болып табылады.
Індеттанулық балау әдісі түпкілікті нозологиялық диагноз қоюға толық мүмкіндік бермегенмен, басқа дәлдігі жоғары арнаулы әдістерді пайдалануға бағдар береді.
2.2. Клиникалық балау әдісі.
Ауырған жануарды клиникалық тексеру – балаудың міндетті шарты. Сіреспе, қысаға, аусыл, құтырық сияқты аурулар кезінде клиникалық тексерудің диагноз қою үшін шешуші маңызы бар. Ал көптеген жұқпалы аурулар кезінде бұл аса құнды қосымша әдіс болып табылады. Індеттанулық талдаумен қатар клиникалық тексеру ауруға лабораториялық зерттеуді белгілі бір бағдарда жүргізуге жағдай жасайды. Клиникалық тексеру кезінде ауырған жануарда тірі кезінде лабораториялық зерттеулер үшін тиісті материалдар алынады.
Жұқпалы ауруларға клиникалық балау жүргізгенде олардың мынандай ерекшеліктерін ескеру керек.
1. Жұқпалы аурулардың өршуінің сатылығы /стадиялығы/. Аурудың бірінен соң бірі келетін жасырын, клиника алдындағы, клиникалық және ақырғы қорытынды сатылары болады. Сондықтан аурудың белгілерін динамикалық өзгерістерін ескере отырып қарастырады.
2. Инфекциялық синдромға тән құбылыстар. Инфекциялық синдром деп этиологиясына қатыссыз жұқпалы аурулардың көпшілігіне тән клиникалық белгілер кешенін айтады. Бұл белгілері арқылы аурудың жұқпалы екендігі пайымдалады.
Көп жағдайда инфекциялық синдром организмнің жалпы өзгерістері ретінде байқалады. Бұл өзгерістер: дененің қызынуы, жабырқау, тәбеттің жойылуы, метоболиттік ақаулар /су- ион алмасуының бұзылуы, ацидозға бейімдік, қан тамырларының өткізімділігінің бұзылуы/. Кейде инфекциялық синдром орны шектелген ақаулар арқылы білінеді. Мұңдай құбылыстар белгілі бір ұлпалар мен мүшелердің шектеулі зақымдануы кезінде байқалады. Орны шектелген инфекциялық процестің әдеттегі белгілері – жалпы қабыну құбылыстарына тән өзгерістер: rubor, tumer, calor, dolor және functio laesa. Бұған осы мүшеге тән симптоматологиялық белгілер қосылады.
Көптеген жұқпалы аурулар кезіңде сепсис /өлі тию/ байқалады. Сепсистің клиникалық белгілері: дененің ыстығы 2-4°С өзгеріп тұратын қайталама қызба, демігу, тамыр соғуының жиілегі-бәсеңдеуі, жүрек аритмиясы, кілегейлі қабықтардың сарғаюы, ішек-қарын қызметінің бұзылып іш өтуі, құрысу, салдану, көз бен мұрыннан сора ағу, ядросы солға ауысқан лейкоцитоз.
Жануарларды клиникалық тексеру жалпы, арнаулы және лабораториялық әдістерді пайдаланып жүргізіледі. Жалпы әдістерге жататындар: тіркеу, анамнез, қарау және бақылау, дененің ыстығын өлшеу, пальпация, перкуссия, аускультация. Арнаулы әдістер: зондтау, катетерлеу, эңдоскопия, УЗИ, рентгеноскопия, графикалық әдістер /ЭКГ, ринография, пневмография, гастрография, сфигмография, флегмография, рештенография/.
1.3. Лабораториялық әдістер:
Лабораториялық әдістер несептің, нәжістің, т.б. анализдері.
Клиникалық зерттеу нозологиялық диагноз қоюмен қатар аурудың біліну түрлерін де айқындауға мүмкіндік береді. Аурудың клиникалық түрлері: әдеттегі (кәдімгі), әдеттегіден тыс, аса жіті, жіті, жітіден төмен, созылмалы, үзікті, зілді, зілсіз, орны шектелген, жайылған, т.б. Аурудың мұңдай түрлерін айқыңдаудың емдеу үшін маңызы аса зор.
Патологиялық-анатомиялық балау әдісі. Патологоанатомиялық әдістің жұқпалы ауруларға диагноз қою үшін көмегі зор. Жұқпалы ауруды балау үшін үш түрлі патологиялық-анатомиялық өзгерістерді ескеру қажет.
1. Инфекция қоздырушысының денеге енген жерінде болатын өзгерістер.
2. Инфекциялық процестерге тән денедегі жалпы патологиялық-анатомиялық өзгерістер.
3. Жекелеген жұқпалы аурудың өзіне тән өзгерістері. Жұқпалы аурудың қоздырушысы денеге енген инфекция қақпасыңда әдетте бастапқы ошақ немесе бастапқы эффект пайда болады. Мысалы, өкпедегі немесе ішектегі туберкулез ошағы, аусыл кезіндегі бастапқы афта /күлдіреуік/, топалаң кезіндегі терідегі карбункул. Бастапқы ошақты толық және толық емес бастапқы кешен деп атайды.
Бастапқы толық кешен деп тиісті мүше мен оның маңындағы сөл түйіні бірдей зақымдануын атайды. Егер микроб енген жерде ақау болмай тек қана маңындағы сөл түйіні ғана зақымданса, оңда ол толық емес бастапқы кешен болып табылады. Егер бастапқы ошақ бір ғана емес бірнеше мүшелерде болса, ондай ошақ күрделі бастапқы кешен деп аталады. Мысалы туберкулез кезіңде өкпе мен ішек қатарынан зақымдануы мүмкін.
Инфекциялық процестерге тән денедегі жалпы өзгерістерге мыналар жатады:
– қан және сөл айналымының бұзылуы;
– лимфоидты мүшелердің зақымданып, мононуклеарлы фагоцит торшаларының көбеюі;
– ішкі ағзалардағы дистрофиялық өліеттену құбылыстары;
– кілегейлі қабықтар мен терінің зақымдануы.
Қан және сөл айналымының бұзылуы-ауру қоздырушысының және оның уларының қан тамырына және қан айналу орталығына әсер етуінің және аллергиялық реакциялардың нәтижесі. Геморрагия /қанталау/ ауруды балағанда ескерілетін негізгі бір ерекшелік ретінде барлық жіті өтетін және бірталай созылмалы жұқпалы аурулар кезінде кездеседі. Геморрагиямен қатар тері асты шелінің домбьгғуы жиі кездеседі. Аллергиялық процестер кезіңде қан тамырларының қабырғасыңда фибринозды өліеттену кездеседі. Жүректің қызметінің бұзылуы тоқырау құбылыстарын тудырып, оның нәтижесіңде тері асты шелі қабынып, сірілі қуыстарда транссудат жиналады.
Жұқпалы ауруларды балағаңда лимфоидты мүшелерде болатын өзгерістерге ерекше көңіл бөлінеді. Көкбауыр мен сөл түйіндерінің гиперплазиясы /ұлғаюы/ жұқпалы ауруларға тән заңды құбылыс. Көкбауыр әсіресе жіті өтетін өлі тиген жұқпалы аурулар кезінде /мысалы, топалаң/ өте зор өзгерістерге ұшырайды. Соңдықтан да өлітиген көкбауыр деп бұл ағзаның шектен тыс ұлғайып, оның ұлпасының жұмсарып, кескен кезде қоймалжыңдануын айтады. Созылмалы аурулар кезінде /мысалы, жұқпалы анемия/ көкбауыр аздап қана ұлғайып консистенциясы нығыздалып, кескен кезде бозаңқы болады. Жаңа туған және көтерем болған жануарларда көкбауыр өзгеріске аз ұшырайды.
Дистрофиялық өліеттену процестері де ауру қоздырушысы мен оның уларының әсерінен болады. Бұлар көбінесе өлітиген инфекциялар, токсикоинфекциялар және сенсибилизац /сезімталдану/ кезінде байқалады.
Жұқпалы ауруларды балау үшін гистологиялық зерттеулердің маңызы зор. Оның нәтижесінде төмеңдегі құбылыстарды анықтауға болады:
– инфекциялық патологиялық процестердің өршуі;
– иммунологиялық қорғаныс процестерінің дамуы;
– әрбір ауруға тән өзгерістердің білінуі, әсіресе вирустық аурулар кезінде байқалатын ішіңдегі денешіктер /тельца-включения/. Ішіндегі денешіктерді табу вирустық ауруларға түпкілікті диагноз қоюға негіз болады. Олар цитоплазмалық және ядролық болып бөлінеді. Цитоплазмада болатын денешіктер құтырык /Бабеш-Негри денешіктері/, шешек /Болингер денешіктері/, грипп, парагрипп, сиыр обасы, пситтакоз кезінде кездеседі. Ядрода болатын денешіктер Борн ауруы, сиыр ринотрахеиті, жылқы риноплевмониясы, везикулярлық стоматит, құс ларинготрахейті кезіңде байқалады.
2.4. Жұқпалы ауруларды балаудың арнаулы әдістері.
Індеттанулық, клиникалық және патологоанатомиялық әдістердің көмегімен кейбір жекелеген жұқпалы ауруларға ғана диагноз қою мүмкін. Көбінде бұл зерттеулердің нәтижесіңде белгілі бір ауруға күдіктенуге болады. Ал соңғы тұжырым тек қана арнаулы әдістердің көмегімен жасалынады. Бұл арнаулы әдістер аурудың өзіне тән қоздырушысын немесе оған қарсы жануар денесіндегі өзгеше иммунологиялық құбылыстарды айқыңдауға негізделген. Мұндай арнаулы әдістерге микробиологиялық /бактериологиялық, вирусологиялық/, серологиялық және аллергиялық зерттеулер жатады.
Бактериологиялық зерттеу. Бактериологиялық балау әдісі жұқпалы ауруларға шалдыққан жануардың денесінен ауру қоздырушы зардапты микробты табуға негізделген. Микробты табу “индикация” оның қай түрге жататындығын айқындау “идентификация” деп аталады. Бактериологиялық зерттеу үш түрлі буыннан тұрады. Олар: микроскоппен көру яғни микроскопия /микроскоптау/, бактерияны қоректік ортада өсіріп, өсін алу және лабораториялық жануарларға жұқтырып биосынама қою.
Бактериологиялық зерттеу оң нәтиже берген жағдайда іс жүзінде тұжырымды диагаоз қоюға болады. Тек кейбір шартты түрдегі зардапты микробтар /сальмонеллалар, пастереллалар, эшерихиялар/ табылған кезде басқа балау әдістерінің көмегімен ауру немесе микроб алып жүру екенін ажыратуға тура келеді. Еңді бір жағдайда табылған микробтың індеттік штамы немесе вакциналық штамм екенін айқындау қажет болады. Қазіргі замандағы әдістер бұл қиындыктарды жеңуге толық мүмкіндік береді.
Вирусологиялық зерттеу. Вирусологиялық әдістің бактериологиялық зерттеулерден біршама өзгешеліктері бар. Вирус торша ішінде тіршілік ететін болғандықтан, вирионды босатып алу үшін ең әуелі патматериалды мұқият ұнтақтап, суспензия дайындайды. Вирусты бөліп алу үшін суспензияны тауық эмбрионына немесе ұлпа өсініне енгізеді, болмаса лабораториялық немесе табиғи бейім жануарларға жұқтырады. Жұқтырудың нәтижесі оң болған жағдайда өсіп-өнген вирусты айқыңдау ұшін әртүрлі серологиялық реакциялар пайдаланылады.
Аллергиялық зерттеу. Жұқпалы ауруларды аллергиялық әдістермен балау баяу типті сезімталдыққа негізделген. Бұндай зерттеулер ауру қоздырушы микробтардың антигендерінен даярланатын аллергендердің көмегімен іске асырылады. Аллергиялық балау туберкулез, паратуберкулез, бруцеллез, маңқа, топалаңның созылмалы түрі /шошқада/ сияқты аурулар кезінде пайдаланылады.
Аллергенді негізінен орны шектелген реакция үшін тері ішіне, қабақ астына, көздің конъюнктивасына жібереді.
Орны шектелген реакция аллерген енгізген жердің қабынуы арқылы білінеді. Соның нәтижесінде тері қыртысы қалыңдайды, қабақ асты бұлтияды, ал көздің қасаң қабығы қабынып, ірің аралас жас ағады.
Кей жағдайда, орны шектелген реакцияның нәтижесі дудәмал болса немесе бұндай зерттеуді жүргізу мүмкін болмаса, организмнің жалпы реакциясын анықтайтын зерттеулер жүргізеді. Бұңдай жағдайда аллергенді вена ішіне немесе тері астына жібереді. Организмнің жалпы реакциясы дене қызуының көтерілуі арқылы білінеді. Орны шектелген реакциядан гөрі жалпы реакцияны анықтау мейлінше дәлірек мәлімет береді.
Серологиялық зерттеу. Жұқпалы ауруларды балауға серологиялық реакциялар кеңінен пайдаланылады. Серологиялық реакциялар антиген мен антиденелердің организмнен тыс in vitro өзара әрекеттесуінің нәтижесінен туындайды. Антиген мен антидененің қатысуынсыз ешбір серологиялық реакция жүрмейді. Соңдықтан оларды серологиялық реакциялардың негізгі факторлары деп атайды. Көптеген серологиялық реакцияларды антиген мен антиденеден басқа қосымша факторлар деп аталған комплемент, конглютинин, антиглобулин, т.б. пайдаланылады. Серологиялық реакциялардың компоненттері өзгермеген /табиғи қалпындағы/, алып жүруші негізге /эритроцит, латекс, декстран, т.б./ жабыстырылған және радиоактивті изотоп, люминисцентті бояу немесе тағы басқалармен таңбаланған болуы мүмкін. Антиген мен антидене қосылғаңда белгілі бір құбылыс байқалады. Мысалы, антигендер жабысып іріміктенеді /агглютинация, преципитация/ немесе ериді /лизис/. Осы құбылыстарды тікелей бақылаумен қатар, бір тектес қос компонентті жарыстырып, бірінің әсерін екіншісі тежеуі арқылы да серологиялық реакцияның нәтижесін бақылауға болады. Мұндай реакциялардың бірінші түрі – тікелей жүретін реакциялар да, екінші түрі – тежелінген реакциялар. Сонымен біздің пайымдауымызша /Т.Сайдулдин, 1982/ серологиялық реакциялар негізгі екі жікке бөлінеді: қосымша факторлары жоқ реакциялар және қосымша факторлары бар реакциялар. Бұлардың әрқайсысы компоненттерінің ерекшеліктеріне байланысты компоненттері өзгермеген, компоненттері жабыстырылған және компоненттері таңбаланған деп аталатын үш топқа бөлінеді. Реакциялардың әрбір тобы қойылу ерекшеліктеріне қарай тікелей және тежелінген түрлерге бөлінеді.
Серологиялық реакцияларда антигенді, не болмаса антиденені айқындауға болады. Антигеңді айқыңдау үшін алдын ала белгілі, құрамында сол антигенге қарсы антиденелер бар қан сарысу немесе иммунологлобулиндер пайдаланылады. Керісінше, антиденелерді айқындау үшін алдын ала белгілі стаңдартты антиген қажет.
Антигенді айқындау мақсатымен серологиялық зерттеу үшін қоздырушы микроб немесе оның антигені бар-ау деген патматериалды пайдаланады. Мысалы, бұл мақсатпен құтырыққа ауырған жануардың миын, топалаңға малдың терісін тексереді. Патматериалда антигеннің табылуы диагностикалық маңызы жағынан сол аурудың қоздырушысының табылуымен пара-пар болып есептеледі.
Серологиялық реакциялардың көмегімен бөлініп алынған ауру қоздырушысын да тексеріп, оның түрін, тіпті серологиялық вариант /серовар/ деп аталатын қоздырушының айрықша топтарын айқыңдауға болады. Сондықтан серологиялық реакциялар бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулердің басым көпшілігінің құрама бөлігі болып табылады.
Серологиялық әдіспен ауру қоздырушысына қарсы антиденелерді айқындау үшін қан сарысуы тексеріледі. Бұл жолмен жұқпалы ауруларға диагноз қойғанда мынандай жайттарды ескеру қажет. Антидене жануарлардың қанында ауру нәтижесінде ғана емес вакцинамен иммундеу себепті болуы да мүмкін. Денесінде әртүрлі микробтардың ортақ антигеңдері болуы нәтижесінде ауырмаған және вакцинамен егілмеген организмде қалыпты /нормадағы/ мөлшерде антиденелер кездеседі. Сондықтан антиденелердің диагностикалық титрі деген ұғым қалыптасқан. Мысалы сиырдың қан сарысуында бруцеллезге қарсы антидененің агглютинация реакциясындағы титрі 1:100-ден жоғары болғанда зерттеудің нәтижесі оң, яғни мал ауру деп есептеледі. Титрі 1:50 болса, зерттеудің нәтижесі дүдәмал, ал 1:25 және одан төмен болса реакцияның нәтижесі теріс, яғни мал сау деп есептеледі.
Антиденелерді айқындау арқылы жұқпалы ауруларға серологиялық диагноз қойғанда кей жағдайда жұп сарысу әдісі қолданылады. Бұл әдісті қолдану үшін тексеретін малдан арасына екі аптадай үзіліс салып екі мәртебе қан алады. Егер соңғы зерттеу кезінде, алдыңғысымен салыстырғанда, антидененің титрі 4 есе немесе одан да жоғары артса, диагноз қойылады деп есептелінеді. Егер титрі бұрыңғы мөлшерде сақталса немесе 2 есе ғана артса, зерттеудің нәтижесі дүдәмал болып есептеледі. Ал титрдің төмендеуі, оның бұрыңғы аурудан, әлде вакцина егуден немесе айқын иммунитеттен қалған анемнездік жадылық реакция ретінде бағаланады.
Қорытынды.
Жоғарыда қарастырылған ауруды балаудың жолдары нозологиялық диагноз қоюға бағытталған. Нозологиялық балау үшін негізінен бір ғана ауырған жануарды немесе одан алынған материалды зерттеу жеткілікті. Ал індеттанулық балау тұтас бір территорияда іңдет процесінің дамуы мен індеттік жағдайдың қалыптасуын анықтауды қажет етеді. Ол үшін сол территориядағы жануарлар арасында жұқпалы аурудың таралуы, қоршаған ортадағы жұғу факторлары мен инфекция қоздырушыларының тасымалдаушылары және тағы басқа індеттенуге қатысты жәйттер мұқият тексеріледі. Нозологиялық диагноз қою үшін індеттанулық балау әдісі қолданылады. Одан індеттанулық балаудың айырмашылығы: біріншісі зерттеу әдісі болса, соңғысы зерттеудің қорытындысы. Індеттанулық балау әдісі ауруға диагноз қою үшін індеттенуге қатысты кейбір мағлұматтарды ғана қамтыса, індеттанулық балау індет поцесі мен індет ошағы туралы керекті мәліметтердің тұжырымдалған қорытыңдысы болып табылады. Індеттанулық балау әдісі ауруға диагноз қою үшін қызмет етсе, індеттанулық балау індетке қарсы нақтылы шараларды іске асырудың жолдарын көрсетеді. Нозологиялық диагноз қойғанда індеттанулық әдістер арқылы ауру қоздырушысының бастауьшын және оның берілу тетіктерінің немесе іңдет ошағының бар-жоғы анықталса, індеттанулық балау кезінде бұл аталғаңдар егжей-тегежейлі сипатталуы керек. Мысалы, инфекция қоздырушысының бастаулары түгелдей анықталып, олар басқа жануарлардан оқшаулануы керек. Сондай-ақ аурудың берілу тетіктері де түгелдей нақтыланып, жойылуы қажет. Індет ошағы туралы да “бар” немесе “жоқ” деген мәліметпен шектелмей, оның шекарасы нақтыланып, сол арқылы карантин немесе тежеу межесі жүргізілуі қажет. Қорыта келгенде, індеттанулық балаусыз іңдетке қарсы шараларды дұрыс ұйымдастыру мүмкін болмайды. Осыған қарамастан ветеринария практикасында індеттанулық балауға жеткілікті көңіл бөлінбейді, соның салдарынан көп жағдайда індетке қарсы шаралар дұрыс белгіленбейді.Олар ойдағыдай нәтиже бермейді. Айталық, індет ошағының шекарасын дұрыс анықтамай ауру шыққан шаруашылықтың барлық территориясына түгелдей карантин жариялау шаруашылыққа орынсыз зиян келтірумен бірге індетті жою шараларының нәтижесіне де теріс ықпал етеді.
Тәжірибелік ұсыныстар:
1. Вирусты бөліп алу үшін суспензияны тауық эмбрионына немесе ұлпа өсініне енгізу керек, болмаса лабораториялық немесе табиғи бейім жануарларға жұқтыру керек.
2. Аллергенді негізінен орны шектелген реакция үшін тері ішіне, қабақ астына, көздің конъюнктивасына жібереді.
3. Антигенді айқындау мақсатымен серологиялық зерттеу үшін қоздырушы микроб немесе оның антигені бар-ау деген патматериалды пайдаланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет