Зерттеудің мәні. Ғылыми зерттеулер және мектептегі мұғалім зерттеулері. Мектеп тәжірибесіндегі зерттеудің өзектілігі. Іс-әрекеттегі зерттеу (Action Research) мен Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілдемелерінің ерекшеліктері
Зерттеу – адамдар жүргізетін жүйелі үйрену болып табылады
Өзінің білім алғандығын, бірдеңе үйренгенін жүйелі түрде тексеріп отырған жағдайда ғана даму мүмкін болады.
Өз оқуын зерделеп отыру міндеттемесі және дағдылары.
Мәселені және теорияны тәжірибеде зерттеудің маңызы.
(Л.Стенхауз 1975)
ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУ (ACTION RESEARCH) – бұл оқу мен оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатында алынған нәтижелердің жүйелі мониторингімен бірге жоспарланған, кезекті іс -әрекеттердің орындалуын көздейтін тәсіл.
Бұл зерттеулерді «спираль бойынша адымдап дамитын үдеріс ретінде, бұл ретте әр адым жоспарлаудан, әрекеттен және әрекет нәтижесін бағалаудан тұратынын» бірінші сипаттаған Левин болды.
К.Левин: «Белгілі қоғамдық тәжірибелерді түсіну және өзгерту үшін социологтар зерттеудің барлық кезеңдерінде нақты, шынайы жағдайларда жұмыс істейтін практик-мамандарды тартулары керек» деген болатын.
Бұл мұғалімдер оқушылардың оқуын және оқуын жақсарту үшін оқытуды зерттейтін үдеріс
Іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімдерге не береді? • мұғалімдер өзінің сыныптағы тәжірибесіндегі проблеманы анықтауға;
• анықталған проблеманы шешу жолын іздестіруге және оны сынамадан өткізуге;
• сынамадан өткізе отырып шешу жолдарының тиімділігін бағалауға;
• оқушылардың оқуы мен өзінің оқытуы туралы жаңа білім алуға мүмкіндік береді.