Зүлейха көзін ашады



Дата16.10.2023
өлшемі10,72 Kb.
#116178

Аннотация

Яхина Г. Ш. «Зүлейха көзін ашады» // Редакция Елены Шубиной, 2019 ж. - 512 бет


"Зүлейха көзін ашады" романы 1930 жылдың қысында орман қасындағы татар ауылында басталады. Қатал куйеуі мен алжыған енесімен бірге тұратын Зүлейханың өмірі - ауыр жұмыс, дұғалар мен наным-сенімдер, қорқыныш пен мойынсұнушылықтан тұрады. Төрт қызын дүниеге әкеліп, барлығынан туу қырқынан шықпай жатып айырылған. Қызыл Әскер 30 жастағы шаруа әйел Зүлейханың күйеуін «ауылды кеңестендіруге» қарсы шыққаны үшін өлтіріп, ал оның өзін жүздеген басқа қоныс аударушылармен бірге Сібірге жібереді. Қоныс аударушылар ұзақ уақыт бойы жылыланған жүк вагонмен (вагон-теплушка) ауыр жол жүреді. Көбісі түрмелік жағдайды көтере алмайды. Жолдың соңына қарай елу шақты адам ғана жетеді. Жол үстінде Зүлейха өзінің жүкті екенін біледі.
Романның екінші бөлімінде Ангараның жағасындағы ну орманның қасына тастап кеткен осы адамдардың өмір сүру тарихы баяндалған. Олардың тамағы да, жылы киімі де, төбесі де жоқ.
Ұрылар мен зиялылар, мұсылмандар мен христиандар, пұтқа табынушылар мен атеистер, орыстар, татарлар, немістер, чуваштар - барлығы Ангара жағалауында кездесіп, қатал табиғат пен жаңа үкіметке қарсы, өмір сүру үшін бірге күресуге мәжбүр болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет