Зулпаева Балауса



Pdf көрінісі
Дата27.11.2023
өлшемі38,14 Kb.
#129604


Сөж-9
Этнос халық ұлт этникалық топ ұғымдары
Дайындаған Зулпаева Балауса
Этнос, этникалық қауымдастық [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты
екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық.
"Этнос" ұғымы əлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада,
"этнос" ұғымын
көпшілік зерттеушілер барлық дəрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы
ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт жəне т.б.). Алайда, кейбіреулер
(Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар,
суперэтностармен қатар жəне т.б.).
Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М.
Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, əдет-ғұрыптарының
үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан
өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне
сенетін топ"
.
Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде
өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған
белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді,
мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.
Этнос ең алдымен, мəденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ жəне
əлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси


кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың əлеуметтік жəне шаруашылық əдістерінің
ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дəстүр, əдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын
мəдениет болып табылады
Этникалық топ - кең мағынада, нақтылы этникаға негізделген адамдар тобы, яғни,
əрбір жеке адам туғаннан иемденетін əлеуметтік жəне мəдени бірегейлік.
"Этникалық
топ" ұғымы 1950-1960-шы жж. пайда болды. Ол "тайпа" ұғымының орнын басты.
Қазіргі кезде "этникалық топ" ұғымы қоғамдық ғылымдарда екі негізгі мəнге ие.
Біріншісі, этникалық топқа барлық осы этносты құрайтын адамдар тобын
жатқызу.Екіншісі, этиникалық топ пен ұлтты қарсы қою. Соңғысында ұлт пен
этникалық топ арасындағы айырмашылық бірнеше факторлармен
байланыстырылады:Біріншіден, ұлттық дербестікке немесе ұлттық мемлекеттілікке
үмтылатын ұлттың саяси бағдарламасына негізделген ұлтшылдыққа ие. Ал,
этникалық топтың ондай бағдарламасы жоқ;



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет