ُءٖ ِساَثنا T Ҽл-Бариу – Жаратушы, жоқтан бар етуші. Жаратқан мақұлықтарына әр
түрлі пішін және бейне береді. Аллаһ әрдайым жаратуда. Егер бала таба алмаған әйел 7 күн
ораза ұстап, «Әл-Бариу, Әл-Халиқу, Әл-Мусаууиру» деп 21 рет айтып суға дем салып ауызды
сол сумен ашып, шынайы ықыласпен жалғыз Аллаһ тағалаға дұға етсе, иншааллаһ оған
Жаратушы бір нәресте береді.
14.
ُسَِّٕصًُنا T Ҽл-Мусаууиру – Келбет беруші. Ӛзінің қалауымен әрбір жаратқан
нәрсесіне ӛзгеше келбет және әр түрлі пішін береді. Миллиардтаған келбет жаратқан Аллаһ
тағалаға ешкім теңесе алмайды.
15.
ُساهفَغنا T Ҽл-Ғаффару – Аса жарылқаушы. Күнә және жаман істерді кешіруші. Бұл
дүниеде құлдарының жамандықтарын жасырып, қияметте күнәларын кешіріп, жарылқайды.
Кім осы әдемі есімді жұма намаздан кейін 100 рет қайталаса оған Аллаһ тағала ғафу етеді. Ал
кім екінті намазынан кейін «Иә Ғаффару ғфирли» деп айтып жүрсе, Аллаһ тағала оны
кешірім еткен құлдардың қатарына қосады.
16.
هَٓمنا ُسا T Ҽл-Қаһһару - Ӛте үстем, Қаһарлы. Ӛзіне қарсыларды қатты азаппен
қорлайды, ӛлтіреді не болмаса кӛпшіліктің алдында беделін түсіреді. Оның жазасынан ешкім
аман қалмайды. Дүние сәнін жақсы кӛретін пенде Алланың бұл есімін қайталап Оған
мойынсұнып жүрсе Аллаһ тағала ол адамның иманын күшейтеді.
17.
ُباهْ َٕنا T Ҽл-Уаһһабу - Ӛте жомарт, Береген. Адамдарды Ӛз нығметтерімен
ризықтандырады. Берем деген нәрсесін береді. Кімде-кім дұғада бұл есіммен Аллаға
жалбарынса, ол ешқашан қайыршы болмайды.
18.
ُقا هصهشنا T Ар-Раззақу – Ризық, тамақ беруші. Алуан түрлі ризықтарды жаратады
және сол ризықтарымен мақұлықтарын ризықтандырады.
19.