Ûðûñ °àéíàðû №26 (8205) Сенбі, 28-маусым 2014 жыл


Á¾ãií — °àñèåòòi Ðàìàçàí àéûíûº áiðiíøi ê¾íi Маусым,шілде  Рамазан   Апта



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата31.03.2017
өлшемі0,86 Mb.
#11037
1   2   3   4

3

Á¾ãií — °àñèåòòi Ðàìàçàí àéûíûº áiðiíøi ê¾íi



Маусым,шілде  Рамазан   Апта

Ауыз

Ауыз

айларының

айының   күндері 

бекіту

ашар

күндері

күндері 

уақыты        уақыты

28

1



Сенбi

3:36


21:09

29

2



Жексенбі

3:37


21:09

30

3



Дүйсенбi

3:38


21:09

1

4



Сейсенбi

3:39


21:09

2

5



Сəрсенбi

3:40


21:09

3

6



Бейсенбi

3:40


21:09

4

7



Жұма

3:41


21:09

5

8



Сенбi

3:41


21:09

6

9



Жексенбi

3:44


21:08

7

10



Дүйсенбi

3:45


21:08

8

11



Сейсенбi

3:46


21:07

9

12



Сəрсенбi

3:47


21:07

10

13



Бейсенбi

3:48


21:07

11

14



Жұма

3:50


21:06

12

15



Сенбi

3:51


21:06

13

16



Жексенбi

3:52


21:05 

14

17



Дүйсенбi

3:54


21:04

15

18



Сейсенбi

3:55


21:04

16

19



Сəрсенбi

3:56


21:03

17

20



Бейсенбi

3:58


21:03

18

21



Жұма

3:59


21:02

19

22



Сенбi

4:01


21:01

20

23



Жексенбi

4:01


21:01

21

24



Дүйсенбi

4:04


21:00

22

25



Сейсенбі

4:05


20:59

23

26



Сəрсенбі

4:07


20:58

Бүгінгі «Лəйлəтул-Қадыр»  кешінде қасиетті Құран Кəрім

аяттары түсе бастаған

24

27



Бейсенбі

4:09


20:57

25

28



Жұма

4:10


20:56

26

29



Сенбі

4:12


20:55

27

30



Жексенбi

4:13


20:54

Бисмиллəһир Рахманир Рахийм!

Дүние мен ақыретте адамзаттың жақсы ғұмыр

кешуі үшін орасан зор нығметтер жаратып, сол

игіліктерге апаратын жолды, яғни құлшылық

етудің жолдары мен негізгі шарттарын көрсетіп,

харам мен халалды, күнə мен сауапты ажыратып,

білдірген Алла Тағалаға сан мыңдаған шүкір-

леріміз бен алғыстарымыз болсын.

Бүкіл адамзат пен барша пайғамбарлардың

ішіндегі ең ұлығы саналған хазреті Пай-

ғамбарымыз Мұхаммед ғалейһи сəлəмға, отба-

сына жəне сахабаларына Алладан есендік пен

барша игіліктер болсын дейміз.

Құран Кəрімде «Бақара» сүресінің 185-аятында

Алла Тағала былай деп бұйырады: 

-- Ей, иман еткендер! Бұрынғы үмметтерге

парыз етілгендей, сендерге де Ораза парыз

етілді.

Ораза ұстау арқылы мұсылман күнə атаулыдан



тыйылып, өсек-аяң, ғайбат, ұрыс-керіс сияқты

жаман əдеттерден өзін түзетіп, көркем мінез-

құлық иесі болуға ұмтылады. Ораза тұтқан кісі

Алла ризалығына жетіп, оразаның толық сауап-

тарын алу мақсатында нəпсі қалауларын тежеп,

бақылауға алады.

Ғұлама ғалым Тирмизидің келтірген сахих

хадисінде хазіреті Пайғамбарымыз Мұхаммед

(с.ғ.с.) Рамазан айы турасында: «Ораза –

сабырдың жартысы» деген. Сондықтан да исі

мұсылман Рамазан айын «сабырлық айы» деп те

атайды.


Əрбір мұсылманға бұл қасиетті айда

ықыласпен құлшылық жасап, рухани нəр алып,

ақырет тіршілігі үшін Алладан ерекше сый-

нығметтерге ие болу мүмкіндігі мол. 

Əулиелерден: «Аллаға жасаған құлшылық

кезінде ықыласымызды күшейтетін не нəрсе?»

деп сұрағанда, Алланың сүйікті құлдары

бірауыздан: «Ораза ұстау арқылы ықылас кү-

шейіп, нəпсі де жолға түседі» деп жауап берген.

«Дəрігер-емшілердің атасы» саналған, күллі

дүниеге аты мəшһүр Əбу Əли ибн Синадан:

«Денсаулыққа ең пайдалы нəрсе не?» деп

сұрағанда: «Аз ішіп-жеу» деп жауап берген.

Ғұлама ғалымдардан: «Есте сақтау қабілетін

арттырып, зейінді күшейтетін не нəрсе?» деп

сұрағанда, олардың бірқатары ойланбастан:

«Ораза тұтқан мұсылманда ынта да, зейін де

күшейіп, ілім алуға деген құштарлығы артады»

деп жауап берген.

Ораза ұстаған кісіде намаз, ораза сияқты негізгі

құлшылықтардың рахатын, сырларын сезіне-

тіндей ерекше бір сезімталдық пайда болады.

Рамазан оразасының қасиеті турасында

хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: 

-- Егер де адам баласы Рамазан айындағы

жасаған құлшылықтары үшін ақырет тіршілігіне

берілетін сый-нығметтерді толықтай дерлік

білетін болса, онда жыл он екі айда Рамазан

оразасы болғанын қалайтын еді.

Мұқтаж жандарға көмек қолын созып,

сауаптарға кенеліп жататын жомарт бауыр-

ларымыздың да осындай қасиетті айдың ерекше

зор сауаптарынан құралақан қалмауын

ескертеміз. Осындай қасиетті айда құлшылық

еткен мұсылман тəкаппарлығын кетіріп, əдебі мен

мінез-құлқын қадағалап, бүкіл ағзаларын шари-

ғатқа сай қорғай отырып, жолға салатын болса,

əлбетте, мұның қоғамымыздың мəдени дамуына

да ықпалы зор болары сөзсіз.

Құрметті бауырлар! Алла тағала барша

мұсылманды дүниенің ауыртпалықтарынан жəне

ақыреттің азаптарынан сақтап, есендік бергей!

Патшаларға сабыр беріп, тыныштық бейбіт заман

жалғасын тапқай! Алланың қалауымен еліміздегі

əр мұсылман ынсапты болса, онда Қазақ елі

өркендеп, дами бермек, дами бермек!



Нұржан қажы ИМАНӘЛИЕВ,

«Тəубе» мешітінің имамы.

Мейірімді, рақымды Алланың

атымен бастаймын!

Баршамызды қасиетті

Рамазан айына аман-есен

жеткізген Алла тағалаға сансыз

шүкіршілік айтамыз. 

Құрметті мұсылман

бауырлар!

Əлем мұсылмандары

мүбəрак Рамазанда Алланың

рақымына бөленуді үміт етіп,

сауабы мол ізгі амалдарды

атқаруға ниетті. Сіздерді бір ай

бойы жалғасатын ұлық

Рамазан айының келуімен

құттықтаймын! Алланың

рақымы мен кешіріміне

бөлейтін, əр игі амал еселеніп

жазылатын Рамазанды асыға

күткен баршамызға бұл

қасиетті ай құтты болсын! 

Құран Кəрімде айтылған

Рамазан айының ерекшелігі

сол, бұл мезгілде жасалған

кез-келген қайырлы амалдың

сауабын санау мүмкін емес.

Сондықтан, айлардың сұлтаны

болған Рамазан – Алла

тағаланың мұсылмандарға

берген сыйы əрі нығметі.

Қасиеті мен шарапаты мол осы

айда күнəларымыздан

арылып, сауап жинауға, ішкі

дүниемізді тазартып,

Жаратушыға жақындауға

берілген мүмкіндіктер көп.

Мүбəрак Рамазанның

құндылықтары мен қадір,

қасиетін жақсы түсінген ізгі

адамдар оразаға алты ай

қалған сəттен бастап:

«Раббымыз, бізді Рамазан

айына аман-есен жеткізе гөр!»

деп дұға жасап,

Жаратушымызға жалбарынған.

Өйткені, адамның осы айда

ұстаған оразасы, қосымша

құлшылықтары, өзгелерге

жасаған қайырымдылығы,

барлық сауапты амалдары

Алланың мейіріміне бөлеп,

разылығын алуға жақындата

түспек. 


Ораза – Алла мен адамның

арасындағы риясыз құлшылық,

тек Раббымыздың разылығын

көздейтін ұлық ғибадат. Хадис-

құдсида Алла тағала: «Аузы

берік адам ішіп-жеуін мен үшін

доғарды. Ораза – Мені мен

құлымның арасындағы ғибадат.

Оған берілетін сыйды Мен ғана

өлшеп, Мен ғана беремін. Аузы

берік құлымның аштық пен

шөлдегенде шығатын аузының

исі мен үшін мисктен де артық»

дейді. 


Рамазан – рухани жаңару

айы. Жерді мекен еткен аң мен

құстың, барлық тіршілік иесінің

жыл мезгілдерінде жаңару,

түлеу, өзгеру үдерісінен өтетіні

белгілі. Ал Алланың адам

баласына берген шексіз

нығметі, теңдессіз сыйы

саналған ораза – күнəға бетпе-

бет келуден сақтайтын,

жан-дүниемізді, мінез-

құлқымызды жақсылыққа

тəрбиелейтін, рухани түлеп

шығатын құлшылық. Ауыз

бекітудің адам өмірін ізгілікке

бастайтынын білген пенденің

одан, əсте бас тартуы мүмкін

бе?! Олай болса, ораза ұстап,

ұлы ғибадаттың сауабынан құр

қалмайық, бауырлар!

Иман жолы сабырлық пен

тақуалықты талап етеді. Ораза

нағыз, шынайы тақуалық пен

сабырлыққа

жетелейді.

Құранда Алла тағала: «Ей,

иман келтіргендер! Күнəлардан

сақтанып, тақуалыққа

жетулерің үшін сендерге

бұрынғыларға парыз

етілгендей, ораза парыз етілді»

(«Бақара» сүресі, 183-аят) деп

бұйырған.

Биыл шіліңгір шілдеге тұспа-

тұс келген оразада ауыз

бекітуге күннің ыстығы немесе

басқа да себептер кедергі бола

алмайды деп сенеміз. Себебі,

иманның бал дəмін татқан жан

Алланың теңдессіз сыйынан

шет қалғысы келмейтіні хақ.

Пайғамбарымыз Мұхаммед

(с.ғ.с.) бір хадисінде:

«Расында, əр адамға өзінің

ниет еткен нəрсесі беріледі»

деген. Бұл – адам баласы

өзінің ниетіне орай, мақсатына

жетеді деген сөз. Кімде-кім

сауабын Алладан үміт етіп,

ораза ұстаса, күнəлары

кешіріліп, оның ризалығына

бөленеді. Екі дүниеде де

Алланың ризалығына

кенелуден артық бақыт жоқ.       

Қадірлі ағайын!

Қасиетті Рамазан айы құтты

болсын! Ұстаған

оразаларыңыз, дұға-

тілектеріңіз қабыл болғай!

Рамазан айында жасаған игі

істеріңіз сауаптан жазылып,

Алла тағала елімізге, жерімізге

берекесін, мол ризығын

жаудырғай! Мұратымыз асыл,

дұғамыз қабыл болсын!

Аудандық «Нұр» 

мешітінің əкімшілігі. 

Алланың құлы жамағат,

Жан берді саған аманат.

Жар сыйлап, ұл мен қыз берді,

Барға еткін əркез қанағат.

Ақыл, ой берген басыңа,

Дос тауып саған қасыңа.

Нəпақа тапқын еңбекпен,

Несібе болар ашыңа.

Шуақты қазір күніміз,

Ел барда өшпес тіліміз.

Қанатын кеңге жаюда,

Құдайға шүкір, дініміз.

Сұлуды көрсең бой қызар,

Азғырып сайтан ой бұзар.

Ашкөзденіп аптықпа,

Қанағат қарын тойғызар.

Өткізбе бекер күніңді,

Қалмасын тірлік бүгінгі.

Оқығанның көзі ашық,

Ұл-қызың алсын білімді.

Кəріге сын жоқ, бүгілген,

Исламға ғана жүгін сен.

Мал деген атам бір жұттық,

Табарсың байлық білімнен.

Кездерің болса қысылған,

Қолтықтан демер мұсылман.

Бір Алла мəңгі, ұмытпа,

Қиялды көкке ұшырған.

Исламмен істі оңғарды,

Құран боп елдің қорғаны.

Тəңірім барлық пендеге,

Тура жол берсе болғаны.

Тап-таза ұста арыңды,

Иманмен атыр таңыңды.

Иманнан тауып қазына,

Лəззатқа бөле жаныңды.

Жақсыдан қалар із ғана,

Қарама досқа қызғана.

Алланы жалғыз ұлықтап,

Иманды кəміл турала.

Ниетке болсын сай намаз,

Болмаса кəсіп пайда аз.

Бəріне куə бір Алла,

Бейнамаздарға -- жайнамаз.

Әр істің ойла бағамын,

Білімге артсын талабың.

Иманды жинап жүрекке,

Орында Алла амалын!       

Мықтыбек ЖОЛАЕВ.

Қостөбе ауылы.

l]!=2/ì/ƒ =“/ë, 

ä]U=ì/ƒ 0=K/ë K%ë“/…!

Рухымызμа н´р беретiн ай



2014 æûëμû îðàçà

ò½òó êåñòåñi

Бұл кестені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі тексеріп,

мақұлдаған.

Орында Алла амалын



28-маусым 2014 жыл

4

Ò¼ëåáè òóû



«Ұлттық спортқа қызығып

туғанмын...»

– Сізді əнші, саясаткер ретінде та ны -

сақ та, спорт саласының майталманы

ре тін де елестету қиын. Музыка, саясат

жəне спорт арасында сіз үшін қандай

байланыс бар?! 

– Өзің жақсы білесің, дəстүрлі өнер дің

өкілімін. Кешегі Ақан сері, Біржан сал,

Үкілі Ыбырай, Мұхит, Кенен секілді

саңлақтардың сүрлеуінен жаңылмаған

жал ғасымыз. Ақан сері тарихта əнші, ком -

позиторлығымен аты қалса да, сан қыр лы

өнер иесі емес пе еді? Айталық, Ақан сері

– атбегі! Алдына қара салмаған

Құлагердей сəйгүліктің иесі. Құлагердің

жүйрік боларын жабағысынан танып,

нағашысының қалың жылқысы арасы нан

таңдап алады. Яғни Ақан сері – тұл парды

тай күнінен танитын ат сыншысы, əрі

бапкер. «Маңмаңкер», «Құлагер» əн дері

осы жүйрік атқа арналған. Оның «Қа -

раторғай» əнін барша қазақ біледі...

– Əрине. «Қараторғай, ұштың зорға-

ай, бейшара шырылдайсың жерге

қон бай...»

– Ақанның бұл əні «Қараторғай» ат ты

бүркітіне арналған. Əннің осы қайыр ма сы

оның қыран құсының мүшкіл халін су -

реттеген. Себебі, халық даналығында

«Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қо на -

ды» деген сөз бар. Қанша жерден қы ран

болса да, бүркіт қартайғанда құйрық

қауырсындары түсіп қалып, ұшуын ұшса

да, қайыра қона алмай, қатты қиналады

екен. Қалықтап келіп қона қалайын десе,

кəрі бүркітте құйрық қауырсын жоқ. Қонса

– қанаты қайырылып, домалап, бір неше

аунап түсіп, шыр-шыр етеді. Ақиық

қыранының осынау қиналысына жаны

нəзік сері құстан бетер ауырсынып,

жылайды. Ақан сері аттың бабын, құстың

жайын білмесе, «Құлагердей», «Қара тор -

ғайдай» керемет əндер дүниеге келер ме

еді?! Ақан саясаттан да сырт қал ма ған.

Жалпы, қоғамның алдында жүрген адам,

міндетті түрде саясаттың бел орта сында

жүреді...

Ал жауырыны жер иіскемей өткен

Балуан Шолақ атамыз ат үстінде қандай

керемет өнер көрсеткен?! Əйтпесе, əйгілі

əнші, композитор Мəди Бəпиұлы тек ком -

позитор ғана ма? Жоқ! Ат құлағында

ойнаған шабандоз, ат үстіндегі айла-

тəсілдің бəрін меңгерген адам болған.

Қарусыз-ақ қашып келе жатып, өкшелеп

қалған қуғыншының талайын аттан ұшы -

рып түсіреді екен.

– Сонда қалай? 

– Шауып келе жатқан қалпы жерден

жұдырықтай тас іліп алады екен. Қазіргі

теңге ілген сияқты ғой. Əлгі тасты өз аты -

ның тұяғына дəл тастайды. Сонда

құй ғыта шапқан аттың тұяғына тиіп, оқтай

зырқырап ұшқан тас арттағы қу ғыншы

атының қасқа маңдайына немесе

адамның тізесіне тиіп кетсе болды, мұрт -

тай ұшырады. Көрдіңіз бе, қандай айла,

қандай тапқыр шеберлік?! Ал біз біл мей -

тін, мүлде ұмытылған теңдессіз

шебер лік тер қаншама?! Жалпы, қазақтың

дəстүрлі өнеріндегі ешбір

тұлғаны ұлттық спорттан

бөліп қарай алмаймыз. 



– Егер музыка табиғи

дарыныңызды, саясат-

керлік кезінде қайсар-

лығыңызды танытса,

спорт əлеміндегі қай-

раткерлік сіз дің қандай

қасиеттеріңізді ашады?

– Бұл жерде «ашылады, ашылмайды»

деп толғанып жатар жай жоқ. Абай ай та -

ды: «ісім өнсін десең, оның ретін тап».

Ретті, жүйелі, жоспарлы жұмыс қашан да

нəтижесін береді. Ал ата-баба аманатына

адалдық сол жолда тер төгуге мəжбүр -

лейді. Мəжбүрлік деген сөзді əрқалай

тү сінуге болады, мəселен, біреуден қор -

қып мəжбүрлену бар. Аманат алдындағы

мəж бүрлік – анағұрлым қастерлі де қа -

сиетті ұғым. 



– Жалпы ұлттық спорт ойындарына

қызығушылық қайдан пайда болды?

– Ондай қызығушылық менде аяқ

астынан пайда болған жоқ, мен оған

қызығып туғанмын. Атаның белінен,

ананың құр 

сағынан шыққаннан бойы-

мызда, қа ны мызда болған. Өзімізді қара

бақайымызға дейін қазақпыз деп

есептейміз. Аллаға ш үкір, ауылды жерде

өстік. Ауыл – ұлт тық спорттың тұнып

тұрған ордасы. Мы салы, бала кезімізде

үйге ауыз суды тайға міне салып, бөшке

тиелген шананы тақымға салып, тарта

жөнелетінбіз. Мұны спорт емес деп кім

айтады? Шу асау дың жалына жабысып,

батырлық көр сетпесек те, тай-жабағыны

бас бі л діріп үйреттік. Қанымызда бар

болмаса, со ны атқара алар ма едік? 

Алаштың ақын-жыраулары шы 

ғар -


маларының ең ғажабы – атқа, жылқыға

қатыссыз бір нəрсе жоқ. Ақтамберді жы -

рау толғауындағы: «Күлдір де, күлдір

кі сі нетіп, күреңді мінер ме екенбіз» деп

бас талатын шумақтар барлығына таныс.

Ал «Жауға шаптым ту байлап, шепті бұз -

дым айғайлап» дегендей, жырларда

ер лік, батырлық айтылғанымен, атқа бай -

ла нысты қаншама керемет теңеулер

бар?! «Жолбарыстай шұбарды, таңдап

бір мінер ме екенбіз», «Ор қояндай

жүгінтіп, аш күзендей бүгілтіп», дейді.

Арғы мақ ты «От басар орны отаудай»,

«ор қояндай қабақты, қиған қамыс

құлақты, сары мысықтай азулы,

саптыаяқтай ерінді» деп суреттейді.

Осындай теңеулер Ақтам 

берді жыр-

ларында бастан-аяқ кездеседі. Ал «Жоны

бір жалпақ жотадай, мойны бір жуан

бұқадай, балуаннан нөкер бар 

ла тып,


күреске салар ма екенбіз» дегені қан -

дай?! Осы кереметтерді жан-тəніммен

тү сіндім, түйсіндім əрі анық сезіндім. 

Баба мұрасын өзіңе сіңіріп, жұртқа жет -

кізуде тұнған сыр бар. Жырды жан

дүниеңмен қабылдап, соның ішіне кір -

месең, қабылдамасаң, бойыңа сіңіріп

ба рып, паш етпесең, «Ет жүрексіз, ерін -

нің айтпа сөзін» дегендей, жүректен

шық паған, сіңбеген нəрсе жүрекке жет -

пейді. «Күлдір-күлдір кісінетіп» дегенде,

күлдірей кісінеп тұрған күреңді көз ал -

дыма елестете аламын. Міне, көрдіңіз бе,

мəселенің түп-төркіні қайда жатыр?

Осындай болғандықтан, ұлттық спортқа

деген қызығушылық бойымызда о бастан

бар деп айта аламыз. 

«Ат үстінен садақ ата алатын адам

таппадық...»

– Ал қазіргі қазақ қоғамында ұлттық

спорт түрлеріне деген шынайы

көзқарас қандай?

– Тіпті тамаша дер едім. Осы уақытқа

дейін ұлттық спорт түрлерінен қаншама

жа рыстар өткізілді. Халықаралық тур нир -

лер, байқаулар ұйымдастырылды. Егер

қоғамдағы көзқарас дұрыс болмаса,

мемлекет тарапынан қолдау болмаса

көкпардан, аударыспақтан қайдағы Азия

чемпионаты?! Халықаралық бүркітшілер

фес тивалін өткізу қайда?! Жастар, жасөс -

пірімдер, ересектер арасында ұлттық

спорт түрлерінен жеке-жеке чемпио нат -

тарды қалай жасайтын едік?! Биылғы

ұлттық спорт түрлерінен өткен чемпио нат

шын мəнінде шыңына жетті. Өйткені осы

чемпионатқа 14 облыс пен Астана,

Алматы қалаларынан, барлығы 16 ко -

манда түгел қатысты. Бұл дегеніңіз,

бұ рын-соңды болмаған жетістік. Он алты

ко манданың тұтаса, сап түзеп тұруының

өзі керемет қой! Бұл жетістікке жетуге

«Нұр Отан» партиясы қолдау көрсетуде.

Ал «Самұрық-Қазына» əл-ауқат қоры ның

демеушілігі қандай?! Қажетті қар жы ны

уақытында бөліп, көмек қолын аямай-ақ

жатыр. Қазақстан Спорт істері жəне

денешынықтыру агенттігі жанынан

ұлттық спортқа мемлекеттік жаттық тыру -

шылар да белгіленген.

– Сонда ұлттық спорт түрлерін да -

мыту да ешқандай кедергі жоқ дегіңіз

келе ме? 

– Енді кедергі мүлде жоқ емес. Ең бас -

ты кедергі – кешегі кеңес кезінен, əрі сі

ғасырлар бойы сіңіп қалған, «өзіңді қор,

өзгені зор» тұтқан құлдық сана! Өзінікін

менсінбеу, өзгенікін дəріптеу. Көкпарға

жабайы ойын сияқты тосырқай қарау.

«Аттың жалында, атанның қомын 

да

жүрген» ата-бабамыздың дəстүріне деген



құрметтің кемдігі көзге көрініп тұ ра ды.

Басқа ешқандай кедергі байқал майды.

Ресми орындардан тек қолдау мен көмек

көрдік.


– Осы ұлттық ойындардың бұлшық

етті ғана емес, адамның ойын өсіріп,

ха лық тың ұлттық санасын жаңғыр-

туда рөлі бар ма?

– Бар болғанда қандай! Қараңыз, біз

көп ұлттық құндылықтарымыздан айы ры -

лып қалдық. Көбінің аты бар да, заты жоқ.



– Мысалы, қандай?

– «Жамбы ату», яғни ат үстінен садақ

ату. Қазақтың ғасырлар бойы қолынан

түспеген, тіпті, қазақты қазақ етіп таныт -

қан сар садақты осы кезде тек

мұражайдан ғана көресіз. 17 миллион

халқымыздың арасынан ат үстінен садақ

тарта алатын ырымға бір адам таппадық.

Садақ та жоқ, жамбы да жоқ, бірақ,

«жамбы ату» деген сөз бар. Сəкен

Сейфуллиннің «Көкше 

тау» поэмасын

оқыған адам жамбы ату дың қандай өнер

екенін жақсы біледі. Суреттер сақталған

дегендей. Ал жамбы атудың өзі мүлде

ұмытылған. 



– Енді осы төл өнерімізді қайта жаң -

ғыр туға бола ма? 

– Əрине. Біз соны қолға алдық. Мы на,

іргелес отырған Моңғолия жұрты ата мұ -

раны сақтауда көш ілгері кеткен. Моң ғол

халқы ұлттық садақ атудан қол үзбе ген.

Күрес спортшыларынан кейінгі қа 

дір -

 лейтіні – садақшы-мергендері. Са   дақ тың



үш түрінен бірдей жарыс өт кі зіп, жыл

сайын чемпиондықты сарапқа салады.

Сұрмергендері əлемдік жарысқа жол-

дама алады. Негізі, дүниежүзінде ұлттық

садақ атуды дамытқан елдер саны 40-тан

асады, олардың ішінде, Қытай, АҚШ,

Корея, Жапония бар. Олардың ар а сында

жыл сайын осы спорт түрінен əлемдік

сайыс тұрақты өткізіліп тұра ты нын енді

біліп жатырмыз. Бірақ былтыр дан бері

осы олқылықтың орнын тол тыру ға күш

салудамыз. «Жамбы ату» ф е дерациясы

құрылып, жұмыс басталды. Моңғолиядан

Батгерел Мичир есімді, ұлты моңғол, өз

елінің бірнеше дүркін чем пионы, əлемдік

жарыстарда олжа салған мергенді

шақырттық. Мамыр айы 

нда Мичир

Жамбыл облысының Мер ке ауданында

оқу-жаттығу өткізіп, жігіт 

терімізді ат

үстінен жамбы атуға үй рет ті. Қазір аттың

үстінен нысанаға дəл тигізбек былай

тұрсын, аттан құлап қал 

май шауып

жүргенге мəз болатын заман. Ердің

қасынан тас қылып ұстап, 200 метр

құламай шапса, жау шауып келгендей

дүрдиетіндерді көріп жүрміз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет