Ûðûñ °àéíàðû №26 (8205) Сенбі, 28-маусым 2014 жыл


– Сөйтіп, Мичир мергеннің оқуы бос -



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата31.03.2017
өлшемі0,86 Mb.
#11037
1   2   3   4

– Сөйтіп, Мичир мергеннің оқуы бос -

қа кетпеді ме?

– Ең ғажабы сол: өмірінде садақ ұс тап

көрмеген бауырларымыз айналасы аз

күннің ішінде жамбы атудан алдына жан

салмайтын мергендерге айналды. Ес

білгеннен қолынан садағы түспеген Бат -

герел Мичирдің өзі таң-тамаша қалды.

Жамбы атуда шəкірттері ұстаздарынан

асып түсіп жатыр. Себеп не? Мергендік

қандарында тұнып тұрған ғой. Генети ка -

лық жадын түртіп, оятып жібергені сол

еді, бұрқ ете қалды. Құйғытып келе жат -

қан ат үстінде садағын шірене тартқанда,

нысананың ортасына дəл тигізетін

Қайыр жан Дүйсеков сияқты жігіттер аман

болса, келешекте олар қазақ атын əлем -

ге əйгілейтіні анық. 

Жамбы атуды қолға алғалы өзіміз де

са дақ туралы білімімізді көтере баста ған -

дай мыз. Садақтың адырнасы қайсы,

жағы қайсы, белі қайсы? Оқтың жебесі

қандай болады, масағы қандай болады?

Қорамсақ деген не, жай деген не? Енді-

енді айырып, танып жатырмыз. Батгерел

Мичир айтады: «Əр мерген оқты өзі жа -

сап алуға тиіс. Мен шəкірттеріме оқ

жону ды үйретемін. Оқ қаншалықты түзу

жасалса, нəтиже де соған байланысты

бо ла ды». Қазақтың «Ана көрген тон пі -

шер, əке көрген оқ жонар» деген аталы

сөзі осындайда еске түседі. Оқты түп-түзу

етіп жону үлкен өнер екен. 

Бұрын батырлар жырында көп кез 

-

десетін «Қорамсаққа қол салды, қол



сал ғанда мол салды» дегенді аса түсіне

бермейтін едік. Енді Венгрияның атақты

садақшы мергені, ат үстінен садақ атудан

Гиннестің рекордтар кітабына аты тір -

келген Кашшай Лайоштың садақ ат қа нын

көріп, «қол салғанда мол сал 

дыны»

түсіндік. Сөйтсек, батырла ры мыз садақ



ұстаған қолының əр саусақ арасына бір-

бір жебеден қыстырып, жедел-жедел

атады екен ғой. Қайта-қайта қорамсаққа

қол салып жатпайды. Ал ат үстінен са -

дақты шапқан аттың төрт аяғы жерден

тең көтерілген сəтте атады. Сол үшін

мерген атпен бір жан, бір тəн болып кетуі

керек. Аттың түзу шабуының өзі маңыз -

ды. Осының бəрі жаугершілік заманда

қалыптасып, кейінгі бейбіт кезеңде спорт -

тық бəсекеге айналған.

Кезінде болып-толып отырған дəу летті

адамдар «Ана жамбыны кім атып тү сірсе,

қызымды соған берем» деп жар салады.

Сөйтіп, тегі мен аты белгісіз қай мана

қазақ байдың қызын алып кетіп жа тады.

Тəрбиелеп өсірген сұлу қызын кім

əлдебіреуге жайдан-жай бере салады?

Мəселе – мерген адам тегін адам емес.

Оның денсаулығы мықты. Миының жұ -

мыс істеу координациясы күшті, қимылы

епті, ақылы озық. Басынан қатты соққы

алған, миы шайқалған кісі ешқашан мер -

ген бола алмайды. 

ҐАРА 

БАҐАЙЫМА


ДЕЙIН 

ҐАЗАҐПЫН


Бекболат ТІЛЕУХАН:

Бекболат Тілеуханды ғажап əнші, жыршы, бір кездері

саясаттың сойылын ұстаған саясаткер ретінде білсек,

енді ұлттық спорттың жанашыры ретінде қоғам

назарын аудартып жүр. Қазақстанның Ұлттық спорт

түрлері қауымдастығы президенті Бекболат Тілеухан

«Айқын» газетінде ұлттық спорттың халықтың

мəдениетімен, тарихымен, тіпті саясаты жəне

экономикасымен қандай байланысы бар екенін

баяндаған. 

28-маусым 2014 жыл

5

Ò¼ëåáè òóû

Əлемде үлкендігі жағынан тоғызын шы

орын алатын осынша кең жерді қорғаған

біздің бабаларымыз осал болса, мұнша

жерге ие болар ма? Ұлттық сананы

жаңғыртуда ұлттық спорттың рөлінде мін

жоқ. Ұлттық сананы жаңғырту үшін бұдан

артық не болуы мүмкін?!

Экономикасы күшейген елдің спорты да

дамиды.

– Көне Грекияда олимпиадалық

ойын дар кезінде келісім күндерін

жариялау дəс түрі болған. Яғни жарыс

кезінде со ғысуға, жанжалдасуға тыйым

салынады. Сіздер өткізген ұлттық

спорт ойындарында да елдерді

жақындастыру тəрізді биік мис сия бар

ма?

– Əрине, мұндай мақсат спорт түр 

-

лерінде бұрыннан бар, оның ішінде ұлт тық



спортта өте күшті көрінеді. Мұн дай са лаға

кеудемсоқтық, тəкəппарлық, өзімшілдік

жат. Біз барынша кең болуы мыз керек.

Мəселен, көкпарды, аударыс пақты немесе

жамбы атуды тек қазаққа ғана тəн өнер,

қазаққа ғана тəн дəстүр деп айту

ақымақтық дер едім. Айталық, бір

адамның он баласы болып, оның бірі

«мына кісі тек менің ғана əкем» десе, сол

бала нағыз ақымақ атанар еді. Себебі, ол

шал – бəрінің де əкесі. Сол сияқты, көк пар

қазаққа да, өзбекке де, тəжікке де ортақ

дүние. Көшпелі халықтың мұрасы.

– Бірақ сол мұраны кім көбірек əс пет -

теп, кім көбірек дамыта алады?

– Бұл тұрғыда түркі дүниесіндегі ұлт тық

спорттың тізгінін ұстап отырғанымыз рас.

Көкпардың да, аударыспақтың да штаб-

пəтері Астана қаласында. Өйт 

кені, ең


бастысы – бізде тыныштық, бей бітшілік

орнаған. Бұл Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаев жүргізген саяса тының жемісі.

Құдайдың берген ымы 

ралы, берекелі

жағдайы бар. Екіншіден, бізде Алланың

берген ризығы мол. Экономикалық

қуатымыз жарыс өткізуге толығымен

жетеді. Кейбір елдерде бап 

кер лер


болғанымен, қаражаттары жоқ. Ал

мысалы, Түркияда спортшылар тап 

шы

болса, қырғыздарда тұрақтылық жоқ. Ау -



ғанстан жағдайы тағы белгілі. Сон дық тан

осындайда ұлттық спорттың тіз 

г і нін

ұстауға нəсіп еткен Аллаға шексіз шү -



кіршілік айтамыз. 

– Қазақтың ұлттық ойындарын олим -

пиадалық ойындар қатарына қосуға

бо латыны жиі айтылады. Егер бос

арман дар ды ысырып қойып, осы

мəселеге шы  найы, объективті түрде

қарасақ, қан  дай ұлттық спорт түрін қай

уақытта əлем 

 дік сайыстар тізіміне

қосуға болады?

– Ешқандай бос арманға орын жоқ. Мы -

салы, Жапонның сумосын, дзюдосын

алыңыз. Негізінде барлық спорттың түп-

тамыры этникалық спорт түрлерінде

жатыр. Садақ та – этникалық, бірақ олим -

пиадалық спорт түрі. Грек-рим күре сі де

сондай. Бұл жерде қай елдің эко 

-

номикалық, саяси əлеуеті күшейсе, сол



елдің спорты дамиды. «Аузы қисық бол са

да, бай баласы сөйлесін» деген осы. Қазақ

экономикалық қуаты кү 

шей ген кезде

түркітектес халықтардың ішін де оның сөзі

сөз, спорты спорт бола 

ды. Ол

мойындалады.



– Яғни əлемге кімнің əмірі көбірек

жүреді, сол елдің мəдениеті мен дəстүрі

де үстем болады ғой?

– Мысалы, Үнді елінің рагасы аса күр делі

музыкалық туынды. Симфо ния дан жүз есе

күрделі. Таңғы рага, түскі ра га, кешкі, түнгі

рага деп, оны шынайы ше берлер сан түрге

бөліп ойнайды. Бі 

рақ ол Моцарттың,

Бетховеннің туы 

н дылары сияқты

мойындалмайды.



– Неге?

– Өйткені, Үндістан Германия сияқ ты аса

қуатты ел емес. Еуропа му 

зы касының

мойындалуы сол елдердің əлем 

дік


қуатының күштілігінде. Мыса 

лы, афро-

америкалық поп-музыканың дүние сиқы

жоқ. Түп негізі – гибрид бір   деңе. Бірақ

Американың саяси-эко номикалық қуаты

олар тудырған му зы каны алға шығарды.

Италияның ке 

ремет деген музыкасы

Əзірбайжан музыкасының орамына

жетпейді, «қо лына су құюға» жарамайды.

Бірақ Ита лия əлеуеттілігі арқасында өз

музыкасын əлемге таратты. Сол сияқты,

қазақтың əлем экономикасы алдындағы

салмағы арт паса, көкпарды да ешкім елей

қой май ды. Көкпар, аударыспақ мойындал -

сын десек, мемлекетіміз күшті болуы

керек. Жапонның əлемді таңқалдырған

тех нологиясы мен автокөлігі оның сумо -

сын, дзюдосын алға шығарды. Яғни спор -

тының алдында – «Тойотасы»,

ком пью терлері тұр. 

Ұлттық спорт ойындары да осылай

дамиды. Біздің елде де бірқатар шаралар

ж асалып жатыр. Парламент Мəжілісінде

ұлттық спорт түрлерінің талқылауға

алынуы  ның өзі үлкен жеңіс дер едім. Ме -

нің өнер саласынан, түрлі қызмет тер ден

жинаған тəжірибелерімнің қызығын осы

ұлттық спорт көріп отыр деуіме бо ла ды.

– Осы жексенбідегі Аударыспақтан

Азия чемпионатына əйелдер қатысты

ма? Жал пы, əйелдерді ұлттық спорт

түріне тар  та сыздар ма? 

– Қазір əлемдік спорттың шыңына

«Формула-1» шықты. Бұл арис ток ра тия -

лық ойын саналады. Көлікпен жарыс. Осы

доданың үздігі -- Шумахерді білмейтін

адамдар некен-саяқ. Бірақ бұл спорт түрі -

нің алып бара жатқан керемет еш теңе сі

жоқ. Кəдімгі қаңқа темірлі кө лік тер. Бір

ерекшелігі -- тек осы спорт тү ріне əйел

баласы аттап баспаған. Себебі, сағатына

300 шақырым жылдамдықпен жүйіткитін

көліктің бұрылыстардағы пай да болатын

қысымына əйел денсау лы ғы мен жүйкесі

шыдамайтыны анықталған. Əлем

бойынша ерекше дəріптелетіні де

сондықтан делінеді.

Сол сияқты, көкпар, аударыспақ тари -

хында əйел заты мүлде болмаған.

Шын дығында, олар əйел баласы таби -

ғатына сай келетін, сүйсініп айналысатын

спорт түріне келе де қоймайды. Алдағы уа -

қытта да дəл осы ат үстіндегі спорт

түр леріне ондай жоспар енгізуге мүдделі

емес піз. Бұл жерде əйелдердің керемет

рө лі бар.

– Қандай?

– Тəрбиелеп отырған ұлдарын көк парға,

аударыспаққа алып келіп көрсетіп, «міне,

нағыз азаматтар айналысатын өнер,

осылардай бол» деп тəрбиелесе, қаз ақ

қыз-келіншектерінің нағыз үлкен

патриоттығы болар еді. 

Жалықпай жүзуді ұнатамын...



– Өзіңіз спорттың қай түрімен

айналы сасыз?

– Жасымнан спорттан алыс кетпедім.

Боз кілемде біраз белдескенім бар жəне

жаман күрескенім жоқ. Қазақша күрес пен,

самбомен айналыстым. Самбодан əлем

чемпионы, кезіндегі даңқты балуан

Айбатыр Махмұдовпен бірге жаттыққан

уақыттар болды. Асықты да тəп-тəуір

ойнай мын. Атқа мініп серуендеуді тұрақты

ма шыққа айналдырғалы талай жыл бол -

ды. Бұл да – спорт. Бірақ осының бəрі нен

суға жүзуді өте жақсы көремін. Мақ 

-

танғаным емес, бір дегенде бір жарым, екі



шақырым тоқтаусыз жүзе ала 

мын.


Жалықпай жүзуді ұнатамын.

– Ұлттық спорт сайыстарын да қазіргі

фут болдан өтіп жатқан əлемдік

чемпионат сияқты көпшіліктің ұйқысын

қашыратын дай дəрежеге көтеру үшін не

істеуге бола ды?

– «Тыңдамаса сөз жетім» деген сияқ ты,

жұрт тамашаламаса, көрмесе, қызық паса,

ұлттық спорт та жетімсірейді. Оның дамуы

жанкүйердің ықыласына байл 

а нысты.


Жанкүйердің ұлтшылдығына ті 

реледі.


Ұлттық спортқа, ата-баба ама на тына деген

құрметіне байланысты. Ал ата-баба

аманатына деген құрмет – тек тарихи

сананың қалыптасуымен келетін жағдай.

Ал тарихи сана қалыптасуы үшін басты

керегі – насихат. Ұлттық спортты мерзімдік

басылымдарда жиі жариялап, кітап,

энциклопедия шығару керек. Бас 

ты

насихатты біздер, Ұлттық спорт түрлері



қауымдастығы жасауы тиіс. Сол мақсатта

биылғы жылдың аяғына дейін жылқы

тарихын, ұлттық өнерді, ат спорты түрле -

рін қамтыған көлемді еңбекті жарыққа

шы ғармақпыз. Осы игілікті шаруаға бір -

талай білікті азаматтар көп уақыттан бері

жұмыла кірісіп жатыр.

– Өзіңіз қазіргі əлемдік футбол чем -

пио натын көресіз бе? Қай команданың

жан күйерісіз?

– Əрине, əлемдік футбол додасын кө ріп

жатырмын. Нақты бір командаға шын

жанкүйер болып отырғаным шама 

лы.

Бірақ өнер ретінде футболды жақсы ба -



ғалаймын. Бразилия мен Аргентина

сияқты мықты командалардың тартысын

жібермей тамашалаймын.

Сұхбаттасқан

Айжан КӨШКЕНОВА.

(“Айқын” газеті, 21 маусым 2014 жыл).

18 мамыр күні Қаратөбе орта мектебінде осы мектептің

түлегі Жұлдызбек Тұранұлы Есеналиевті еске алу

жиыны болып өтті. Ол арамызда жүргенде биыл мектеп

бітірушілердің дəстүрлі 20 жылдығы салтанатын

сыныптастарымен бірге атап өтер еді. Жиынға ауыл

тұрғындары, туған-туыстары, ата-аналар, ұстаздар,

мектеп оқушылары жəне Оңтүстік Қазақстан облысы

төтенше жағдайлар департаменті (Өрт сөндіру жəне

апатты-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік

мекемесі) қызметкерлері қатысты.

Оқиға былай болған еді.

Сол күні Жұлдызбек Есеналиев əдеттегідей,

кезекшілікте болатын. Əріптестерімен бірге қарауылда

тұрған. Жаңа жылдың алғашқы күні, түнде (1қаңтар)

сағат 8-ден 49 минут өткенде “Шымкент қаласындағы Байытұлы баба көшесіндегі

нөмірсіз үйде орналасқан “Планта” кəсіпорнының қоймасы өртеніп жатыр” деген

дабыл қағылады. Осы нысанға таяу орналасқан №1 өрт сөндіру мекемесінің

жасақшылар тобы құрамында 20 өрт сөндіруші-жауынгер аталған мекен-жайға

жедел аттанады. Өрт сөндірушілер жасағы нысанға жеткенде қойманың оңтүстік-

шығыс бөлігі лапылдап жанып жатыр еді. Сумаңдаған қызыл жалын аумағы 1000

шаршы метр жерді шарпып алған. Сондықтан өрт сөндіру қимылының

басшылары тағы қосымша күш, техника алдырады.

Бұл нысан аталған кəсіпорынның дəрі-дəрмек сақтайтын ірі қоймасы еді.

Қауіптілігі жағынан екінші санатқа жататын. Себебі, онда тез тұтанып, жанатын

заттар сақталған. Қоймаға жанғыш заттар от тиген сайын атылып, бірте-бірте

ғимаратты өрт тұтас құшағына орапты. Есік-терезелерінен қою түтін, қызыл

жалын сыртқа будақтап шығып жатты. Өрттің қызуына адам баласы беттей

алмайды. Тілсіз жау сумаңдап, адамның зəре-құтын ұшырып, жолының бəрін

жалмап, отқа орап барады. Əбден күшіне мінген өрт қоймаға жақындағанның

денесін күйдіріп, ащы түтін өкпесін қауып, тынысын тарылтып, өңешін өртейді.

Бірер минут өтер-өтпесте өрт сөндіруге дайын болған жасақшылар бел шешпей

қимылдап, ауыздықтауға шұғыл кірісіп кетті. Өрт сөндіруші жасақшылар тобында

19 қаңтарда жасы 37-ге толатын Қаратөбе ауылының тумасы, өрт сөндіруші-

жауынгер, аға сержант Жұлдызбек Есеналиев те бар еді. Өрт

сөндіруші-құтқарушы болып бірнеше жылдан бері қызмет атқарып, мұндай қауіпті

тілсіз жаудың талайын ауыздықтаған. Сонымен, өртпен арпалыс бірнеше сағатқа

созылды.


Бұл шақта қалалықтар дастархан жайып, жаңа жылдың алғашқы күнін өз

отбасында алаңсыз қарсы алып жатыр еді. Ал өрт сөндірушілер болса,

ғимараттың тұс-тұсынан атой салып, өртті тұншықтыру үшін жанталаса күресіп

жатқан болатын. Олардың бар мақсаты -- тез арада өртті сөндіріп, айнала-

төңіректегі үйлерге, ғимараттарға жібермеу. Əйтпесе ондағы ондаған, жүздеген

адамдар зардап шекпек.

Қойманың ішін қою қара түтін басқан. Өртпен күресушілер тас қараңғыда əрекет

етуге мəжбүр болды. Алаудың ыстығы соншалық, ғимараттың темірбетон

жабындары жоғары температураға шыдас бермей, бүгіле бастады. Осы сəтте

Жұлдызбекпен əріптесі Бекқали Жүнісов екеуі қойманың ішіне еніп кеткен еді.

Оларға радио байланысы арқылы қауіп-қатердің бар екенін, абайлап қимылдау

керектігін қайта-қайта ескертіп тұрған. Алайда, өртті сөндіру, адамдар мен ондағы

дүние-мүлікті құтқару олардың азаматтық борышы екенін жақсы түсінетін

мамандар тілсіз жаудың бетін қайтаруға кірісіп кеткен еді. Содан болар, темірі

иілген күйі төбеден опырылып құлаған 7 -- 8 метрлік темірбетон плитаны

байқамай да қалады. Салмағы бірнеше тонна плита сол сəтте Жұлдызбек

Есеналиевті басып қалды. Бекқали Жүнісовтің де аяғына түскен плита оны тырп

еткізбеді. Алған ауыр жарақатына қарамастан, Жұлдызбек тілсіз жауды жеңуге

бар күшін жұмсап бақты. Өкінішке орай, аға сержанттың бұл соңғы өрт сөндіруі

еді. Жұлдызбек сол оқиғадан кейін отбасына қайта оралмады. Бейбіт күннің

батыры отқа оранып, мəңгілік қалып қойды. Ал Жүнісов Бекқали аяқтары сынып,

жедел ауруханаға жөнелтіліп, аман қалды. Көп ұзамай, өрт сөндірушілердің

жұмыла қимыл-əрекеті арқасында тілсіз жау ауыздықталды. Айнала-төңірекке

төнген қауіп бұлты сейілді. Осылай бір сəтте бір ғұмыр үзілді. 

Сол түнгі өрт сағат 1-ден 33 минут өткенде толық сөндірілді. Өртті сөндіруге 19

арнайы топ пен құрамның 275 қызметкері, “ЛТД-тұрмыс” мекемесінің су таситын

3 көлігі, жедел жəрдем көлігі, “Апатты медицина орталығының” мамандары

жұмылдырылды. Осы шұғыл операцияға төтенше жағдай департаментіне

қарасты “Өрт сөндіру жəне апатты-құтқару жұмыстары қызметі” мекемесінің

бастығы, полковник А.Путейко мен оның орынбасары, подполковник М.Əлімбаев

басшылық жасады.

Жерлесіміз Ж.Т.Есеналиевтің жауынгерлік жанқиярлық ерлігі мемлекет

тарапынан жоғары бағаланды. Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен 2014

жылдың 30 сəуірінде ІІІ дəрежелі “Айбын” орденімен марапатталды. Ол жұбайы

Айнұр Есеналиеваға тапсырылды. 

-- Жұлдызбек Тұранұлы Есеналиев 2004 жылдан бері өрт сөндіру мекемесінде

мінсіз қызметін атқарып келді. Əуелі қызметін Қарағанды қаласындағы

гарнизонда бастаған. 2011 жылы 22 мамырда отбасылық жағдайына байланысты

Оңтүстік Қазақстан облысындағы өрт сөндіру гарнизонына ауысқан еді. Ол

қызметтік борышын атқару кезінде қаза болды. Өз жұмысына жауапкершілікпен

қарайтын, елгезек, əбжіл қимылды, кəсіпқой, мамандығын сүйетін қарапайым

азамат еді. Қандай қиын, жауапты тапсырма болса да бұлжытпай орындауға

тырысатын. Бейбіт күнде өртке оранған Жұлдызбек Есеналиев ерлік пен

қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Елдің амандығы үшін жанын қиды, -- деді аталған

жиында өртке қарсы қызмет полковнигі Кенжеғұлов Тұрдалы.

Сондай-ақ, еске алу жиынында Шымкент қаласындағы №1 мамандандырылған

жасақ бастығы, өртке қарсы бөлімнің подполковнигі Алтынбек Толтаев, тағы

басқалар Ж.Есеналиевтің ерлігі жас ұрпаққа үлгі-өнеге болатынын, оның өмірі

жастарды отанына адал қызмет етуге тəрбиелеуде алар орны мол екенін атап

көрсетті. 

Осы күні Жұлдызбектің сыныптастары ауылдағы орталық мешітте құдайы

тамақ беріп, оған арнап құран бағыштады.

* * * 

Ж.Есеналиевтердің отбасы ауылдағы үлгілі жанұялардың бірі еді. Ата-аналары



-- Тұран ағамыз бен Ниетай жеңгеміз (марқұмдар) 6 ұл-қыз өсірді. Бəрін

жетілдіріп, мамандық əперіп, қоғамшыл, елжанды азамат етіп тəрбиеледі.

Жұлдызбектің үлкен ағасы Əбілда Есеналиев Қарағанды облысы прокурорының

бірінші орынбасары қызметін атқару кезінде қылмыскерлерді құрықтау

операциясына басшылық жасап, жауыздардың қолынан қаза болған еді. Енді

міне, қиын сəтте кенже інісі Жұлдызбек те адамдардың өмірін сақтау жолында,

бейбіт күнде ерлікпен қаза тапты.

К.ЕЛІКБАЕВ.

Қаратөбе ауылы.

Áåéáiò ê¾íäåãi åðëiê



28-маусым 2014 жыл

Ò¼ëåáè òóû



6

Атқамінерлер түлектері ұлттық бір-

ыңғай тестілеуден көрсеткіші төмен

мектеп басшыларын бір мектептен

екіншісіне ауыстырып, күрмеуі қиын

мəселенің байыбына бармай, ауыс-

түйіспен-ақ шеше салғысы келді. Сондай

жазаға ұшырағандардың бірі Əлкен

директор еді. Ол жаңа орынға жайғасқан

соң, жаңа оқу жылының басында өткен

оқу жылындағы оқу-тəрбие жұмыстарына

арнап педагогикалық кеңес өткізді. Жыл

қорытындысына орай оқу ісінің мең-

герушісі Заманбек баяндама жасады. Ол

мектептің жетістіктеріне ғана тоқталып

өтті. Баяндама оқылып біткеннен кейін

директор:

-- Оқу ісінің меңгерушісі мектептің

жақсы жағын ғана айтты. Сонда бұл

мектепте ешқандай кемшіліктің бол-

мағаны ма? Онда неге мектептің ҰБТ

қорытындысында көрсеткіші төмен

болды? Оның себебі неде? Кім не дейді?

Ойларыңды ашық айтыңдар! -- деді.

Мұғалімдер тым-тырыс. Бəрі сыры

мəлім емес, жаңадан тағайындалған

басшының алдында жүрексініп отыр.

Кейбіреулерінде «Кемшілікті айтсақ,

кейбіреулерге жеккөрінішті болып

қаламыз ба?» деген үрей де жоқ емес.

Директор өткір сынға қалай қарайды?

Көршілес мектепке ауысқан бұрынғы

басшы орынды сынды жақтырмайтын.

Сын айтқандарды, заң талаптарын

сақтап, өз құқын қорғағандарды қудалап,

жүктемелерінен қағатын. Дегенмен,

педагогикалық ұжымда өз ісіне берілген,

кемшілікке төзбейтін, арлы ұстаздар да

бар еді. Жаңадан келген басшы оларға

дем бергендей көрінді. Алғашқы болып

қызу қанды Дəмелі орнынан тұрып,

ортаға шықты.

-- Соңғы жылдары мектеп əкімшілігі

тарапынан мұғалімдерге қойылар талап

босаңсып кетті. ҰБТ-ға дайындық атүсті

жүргізіледі. Жоғары сыныптарда оқу

бағдарламасы бойынша білім берудің

орнына жалаң тестік сұрақтарды

жаттатумен шектеледі. Əбден ұялы теле-

фонға сеніп алдық. Осындай себеп-

терден оқушылардың білімі таяз болып

кетті. Мұндай олқылықтардан арылуы-

мыз керек…

Өткір, ащы сын үнсіз бұғып отырған

мұғалімдерге ой тастап, сөйлеушілер

қатары арта түсті. Екінші болып тарих

жəне география пəндері мұғалімі Зейнеп

сөз алды. Ол мектептегі тəжірибелі

мұғалімдердің бірі. Шəкірттері жыл сайын

мектеп оқушыларының пəн олим-

пиадаларында, ғылыми жобалар бай-

қауларында оза шауып,  білімділігін

танытып жүреді.

-- Білім негізі -- бастауышта екендігін

ұстаздар ғана емес, барша жұрт біледі.

Алайда, біздің мектептегі бастауыш

сынып оқушыларының білімі өте нашар.

Тіпті жүгіртіп оқи да алмайды. Көбейту

кестесін білмейді. Олардың бастауыш

сыныптан соң жетекке ілесуі тіпті қиын.

Біздің мектепте  бастауыш сыныптардағы

оқу-тəрбие жұмысын мықтап қолға

алмайынша, шəкірттеріміздің білім

сапасы жуық арада жақсарып кетеді деп

айта алмаймын…

Тағы да екі-үш мұғалім сөз алып,

мектепте ұстаздарға жүктеме бөлуде

əділетсіздікке жол берілетінін, жеке-

меншік оқу орындарын сырттай бітіруші,

білімсіз мұғалімдердің жұмысқа қабыл-

данып жүргенін, осы себепті оқушы-

лардың білім сапасы төмендеп кеткенін

ашына айтты. Кейбіреулердің шамына

бұл ащы шындық тиіп кетті ме, жиналыс

соңы айқай-шуға ұласып бара жатқанын

байқаған директор жарыссөзді, педа-

гогикалық кеңесті өзі тоқтатып, қоры-

тындылауға мəжбүр болды. 

Мектеп директоры жиналысты тара-

тып, кабинетіне кірген соң,  оңаша

отырып, жаңа ұжымдағы алғашқы жи-

налыс барысына ой жүгіртті. Əсіресе,

оған алғаш сөз алған екі мұғалімнің

айтқаны ұнамады. Осы екеуінен

сақтанбаса болмас. «Ертеңгі күні

жоғарыдан тексерушілер келе қалған

жағдайда, бұлар кемшіліктердің бəрін

тізіп беріп отырса, абыройымды ай-

рандай төкпесіне кім кепіл? Жоқ,

ондайларды тайраңдатып қоюға бол-

мас... Есте болсын» деген өзінше байлам

жасады.


Əлкен іс жүргізуші келіншектен  Дəмелі

мен Зейнептің жеке құжаттарын, іс

қағаздарын алдыртып, олар жөнінде

біршама мəліметке қаныққандай болды.

Келесі күні Дəмеліні кабинетіне

шақыртты.

-- Иə, мектептегі жоғары санатты

мұғалім сен ғана екенсің. Оны қалай

алғансың? Сірə, жақсы

тамыр-танысың болғаны

ғой. Мен бірінші санатты

мұғаліммін. Бұл қалай болғаны? – деп,

алдында жатқан Дəмелінің іс қағаздарын

аударыстырып, қабағының астымен

сұңғақ бойлы келіншекке барлай қарады.

Директордан мұндай сұрақ күтпеген

Дəмелі  бірден не дерін білмей, абдырап

қалды да, тез ойын жиып алды. 

-- О не дегеніңіз, ағай! Мен жоғары

санатқа өз еңбегіммен жеткенмін.

Шығармашылық жұмыспен айналыса-

мын. Аудан, облыс көлемінде бірнеше

рет ашық сабақ, семинар өткізіп,

тəжірибемді тараттым. Оқушыларым пəн

олимпиадаларына қатысып, жүлделі

орындарды иеленіп жүр. Шəкірттерім

ҰБТ-дан жоғары балл жинап, грантпен

жоғары оқу орындарына түсіп жүр, -- деп

айта бастаған еді:

-- Жə, жə, жетер енді. Сонша мақтанып

кеттің ғой. Сенен басқалар жұмыс

істемей жүргендей, жүдə. Бар, енді

боссың! -- деді қатқылдау үнмен.

Бұл Дəмелінің директордың қырын

ілінуінің басы еді. «Директор менің

жиналыста сын айтқанымды ұнатпай,

тұқыртып алғысы келді ме? Мұнысы несі?

Мен оқушыларға, бүкіл ұжымға жаным

ашығандықтан шындықты айттым емес

пе?» дегендей ойлар мазалаған ол

директордың алдынан жабырқап шықты.

Мұғалімі сыртқа шығып кеткен соң

Əлкен: «Бұл мұғалімнің қайткенде үнін

шығармай қоямын? Не істесем, қандай

амал қолдансам екен?» деп ойлады.

Қанша дегенмен де басшылық қызметтен

біраз тəжірибесі бар емес пе. Тіс қаққан,

қулығына құрық бойламайтын адам еді.

Ұжымда Дəмеліні көре алмайтындар,

білімділігін, жетістігін қызғанатындар да

бар шығар. Жоқ болуы мүмкін емес.

Соларды ізіне салып, қарсы қойып, сəл

сүрінсе, кемшілігін тауып, пəпігін басып

алу керек» деді ол іштей ой түйіп.

«Қызғаныштың қызыл иті» қай жерде

болсын тіміскіленіп жүреді. Кез-келген

ұжымыңыздан ондайлар табыла кетеді.

Көп кешікпей ол Дəмелі мен Зейнепті

күндейтіндерді тапты. Орыс тілі пəні

мұғалімі Ілескүл мен дене тəрбиесіне

баулитын Төленнің сабақтарына қаты-

сып, олармен əңгімелесіп жүріп сыр

тартып көргенінде Дəмелі мен Зейнеп

жөнінде көзқарастары өзінікімен бірдей

болып шықты. Бірде директор  Ілескүлдің

сабағын талдау кезінде:

-- Сабағыңа қатыса жүріп сенің білікті

маман екеніңе əбден көзім жетті. Еңбек

өтіліңе де біраз болып қалыпты. Бірақ,

санатың əлі өспепті, неге олай? – деді.

Бұл Ілескүлдің ең жанды жеріне тиіп

кетті. Ол мадақтау жағына келгенде басқа

мұғалімдерден кейін қалып жүргеніне

іштей қатты қапаланып жүретін, тіпті

намыстанатын.

-- Иə, ағай! Мектебімізде белсенділер

көп қой. Солар алдымызды орап кетіп

жүрген жоқ па? -- деп білікті ұстаздарды

көре алмайтындығын сездіріп алды.

Директорының ойын да тап басқандай

болды.

-- Биыл сізді жоғары санатқа ұсынғалы



отырмын. Əлгі Дəмелі, Зейнеп сияқтылар

ғана бəрін ала береді ме. Сіздің де

еңбегіңіз бағалануы керек, -- деп

қамқорлық танытқандай сыңай білдірді.

Ілескүл мектеп директорының алдынан

жайраңдап шықты.

Тағы бірде директор Ілескүлдің отбасы

жағдайын сұрастыра келе, көптен бері

мазалап жүрген өз ойын сыпайылаған

болып жеткізді.

-- Осы Дəмелі Дəуренбекова қандай

мұғалім? Ылғи білгішсініп жүреді.

Кемшілігі жоқ па өзінің? Байқасаң,

жеткізіп жүр. Жарай ма? -- деді. Осылай-

ша директор Ілескүл мен Төленді өз

пайдасына жұмыс істете

бастады.

«Іздегенге -- сұраған»

дегендей, Ілескүл мен Төлен бұл

тапсырманы мүлтіксіз орындауға жанын

сала кірісті. Мектеп директорының өзі

сенім білдіріп отырған соң аянып қалсын

ба, енді. Мұны өздеріне тапсырылған

жауапты міндет деп санады. Олар мектеп

басшысына жағынып қалуға барын

салды. Дəмелінің əр басқан ізін мектеп

басшысына жеткізіп отырды. Бірде

Дəмелі мектеп директорына келіп:

-- Ағай, мұғалімдердің аймақтық

педагогикалық оқуына орай семинар

өткізсем деп едім. Оған теледидардан

тілші шақыртсам, қалай қарайсыз? --

деді.

-- О, жүдə жақсы! Бұл ойыңды қолдай-



мын. Ал енді мектебімізді жақсы жағынан

көрсету үшін қандай көмек керек?

-- Ешқандай көмектің қажеті жоқ. Бар

болғаны семинарды өткізуге жағдай

жасасаңыз болды, -- деді.

-- Ол жағынан қам жеме. Семинарға

тиянақты дайындал. Бізді ұятқа қал-

дырып жүрме, -- деді директор.

-- Əрине, сенім артсаңыздар болды, --

деді Дəмелі.

Ол бұл жолы директордың кабинетінен

қуанып шықты. Өз шығармашылығы

жөнінде семинар өткізу оның көптен бергі

арманы болатын. Енді осы ойын жүзеге

асырмақ. Мектеп басшысының қуат-

тағаны оның талабына қанат бітіргендей.

Енді жақсылап дайындалып, ойын-

дағыдай өткізу керек деп, өзіне өзі іштей

қайрат берді. Ол облыстық телеарнаның

басшысы Қалдыбек Айтжанға өтінішін

білдірді:

-- Ағай, мен «Ұлы Абай – химик!» деген

тақырыпта семинар өткізбекші едім. Осы

игі істі теледидардан көрсетіп, халыққа

жеткізсеңіздер екен деп, өтініш білдіре

келдім, --деді.

-- Қарындасым, ұлы Абайдың ақын,

аудармашы, философ екенін жақсы

білуші едік. Оның химик те екенін есті-

меппін. Атамыздың бұл ғылым саласына

қандай қатысы бар? – деді Қ.Айтжан.

-- Өлеңдеріне жер ғана емес, алтын,

күміс, қола, мыс сияқты металдар арқау

болып, қара сөздерінде  олардың химия-

лық қасиеттері, адам өмірінде маңызы

туралы айтылады. Жалпы, атамыз

химияның да білгірі. Заманында Еуропа

ғалымдарының еңбектерін оқып, жақсы

таныс болған, -- деді Дəмелі.

-- Мынауың жақсы жаңалық, тіпті

сенсация десе де болады. Тілшіміз,

операторымыз мектебіңе сөзсіз барады,

-- деп уəдесін беріп, жылышыраймен

шығарып салды.

Мұғалімдер арасына: «Ойбай, Дəмелі

облыстық телеарнадан тілші шақырып,

семинар өткізеді екен» деген сөз тез

тарап кетті. Ұжымдағы Дəмеліні көре

алмайтындар бұл хабарды естігенде іш-

тері күйіп,  қыз-қыз қайнады. Лажы болса,

кедергі жасауға, өткізбеуге, жұмысын

ақсатуға тырысып бақты. Дəмеліні

жақтырмайтындардың бірі -- Төлен

директордың қабылдауында болып:

-- Дəмелі  телеарнадан тілші шақырып,

семинар өткізбекші екен. Осы рас па? –

деп сұрады.

-- Иə, рас, -- деді директор.

-- Əлеке, келген тілші семинарды

түсіремін деп жүріп мектебіміздің кем-

кетіктерін экраннан көрсетіп, абыройы-

мызды айрандай төгіп жүрмесін. Бай-

қаңыз. Телеарна неге басшы ретінде

сіздің жақсы жұмысыңызды көрсетпейді?

Дəмеліні тайраңдата береді ме осы? –

деп арам ойын жайып салып, отқа май

құйды. Ол бұрынғы мектеп директор-

ларын уысында ұстап, айтқанын істететін.

Ол бұл басшыға да «Менің айтқаныммен

жүрмей көрші, жұмысың алға басар ма

екен?» дегендей сыңай танытты. 

Төлен шығып кеткен соң, директор

ойланып қалды. Өйткені, өз жұмысында

кемшілік, əділетсіздік жетіп артылатын.

Онысын Төлен сияқты қызылкөз пəлелер

жақсы білетінін сезетін. Сондайларын

жоғарғы жақтағыларға түртіп жіберсе,

жұртқа масқара болмайды ма? «Төленнің

айтқанын да ескеру керек шығар?» деп

ойлады. 


Телеарнадағылар келер күні өзі

қамқорсыған болып жүрген екі-үш мұға-

лімді шақырып алып, тілші мен опера-

тордың əр басқан қадамын аңдып жүруді

тапсырды. Сосын Дəмеліні шақырып

алып:


-- Тілшіні қой сойып, үйіңе шақырасың,

қалтасына ақша салып жібересің. Əйт-

песе ол біздің жаман жағымызды түсіріп

жүрсе, масқара болармыз. Сондықтан,

алдын ала ауызбастырық жасау керек, --

деді.


-- Ағай, телеарна басшысына жолығып,

бəрін келісіп келгенмін. Ондай жат əңгіме

болуы мүмкін емес.  Ол бұл жаңалық, тіп-

ті сенсация деп, мені қоштаған, -- деді

Дəмелі.

-- Жоқ, менің айтқанымды орындайсың,



əйтпесе семинарыңды өткізбейсің! -- деп

директор шорт кетті.

-- Кеше ғана көмегімді аямаймын деген

еді, енді бүгін уəдесінен тайып шыға

келді.

Семинарды өткізетін кез таяп қалды.



Оған дайындықты күшейту керек. Жұмыс

бастан асатындықтан Дəмелінің қонақ

күтуге мұршасы жоқ еді. Мектеп дирек-

торы талабын орындағысы келмеген

Дəмеліге кедергі жасап бақты. Ол тілшіні

өзі қошаметпен қарсы алып, өзінің

ыңғайында жүрген мұғалімдердің жұмы-

сын көрсетуге тырысып бақты. Тілшіні

шақырған Дəмелі бір шетте қалды.

Осылайша бəрі жабылып Дəмеліге

психологиялық қысым жасады. Алайда,

семинарды өткізбей қоюға  директордың

батылы жетпеді. Себебі, семинардың сол

күні өтетіні аудандық білім бөліміне, жан-

жаққа алдын ала хабарланып қойған.

Осылайша тілшінің алдын орап, оны

Дəмелі ашық сабақ өтетін мəжіліс залына

кешіктіріп жіберді. Осының бəрі Дəмелінің

əбден жүйкесіне тиді. Əйткенмен, ол

төзімділік танытып,  арам ойлардың бұл

əрекеттеріне де шыдап бақты.  Өзін өзі

қамшылай түсіп, сабақты ойдағыдай

өткізуге күш салды.  Абырой болғанда

оған терең білімі, тəжірибесі, шығар-

машылық ізденісі  көмекке келді.  Семи-

нары жоғары деңгейде өтіп, оған

қатысушылар тарапынан жоғары баға

алды. Келесі күні облыстық телеарна

мектеп директоры арам оймен жоспар-

лағандай, өз сыбайластарын емес,

Дəмелінің ашық сабағы туралы хабарды

ғана облысқа таратты. Мұның өзі  кейбір

көре алмаушылардың ішін шоқтай қарып,

оттай күйдіре түсті.

Бірде Дəмелінің алты жасар баласы

дəл сабаққа барар алдында қатты

ауырып қалды. Кенеттен дене қызуы

көтеріліп, аяғы мен қолы дірілдеп, ес-

түссіз күйге түсті. Анасының зəре құты

қалмады. Дереу дəрігер шақыртты.

Сабаққа кешігетін болған соң, оқу ісінің

меңгерушісіне хабарласып, жағдайын

айтты. Осындай себеппен сабаққа жарты

сағаттай кешігіп қалды. 

¥ÀÐÀÓËÛ¥

(´ºгiме)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет