Ûðûñ °àéíàðû №26 (8205) Сенбі, 28-маусым 2014 жыл



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата31.03.2017
өлшемі0,86 Mb.
#11037
1   2   3   4

7

28-маусым 2014 жыл

Ò¼ëåáè òóû

Сол күні Дəмеліні қайтсем тұзаққа

түсіремін деп жүрген Ілескүлдің арам

ойы орындала кетті. Шулап отырған

сыныптың дəл үстінен түсті.

-- Неге шулап отырсыңдар, сендерде

кімнің сабағы еді? -- деді.

-- Дəмелі апайдікі, -- деп оқушылар шу

ете қалды. Қап, бəлем, енді қайтер

екенсің? -- деп ойлады Ілескүл.

Ілескүл бұл жаңалықты мектеп дирек-

торына сол мезетте жеткізді. Сынықтан

сылтау таба алмай жүрген мектеп

директоры да қатты қуанып кетті. Дереу

Дəмеліні шақыртып алды.

-- Неге сабақтан кешігесің? -- деп

зіркілдеп қоя берді. Сосын қабағын түйіп:

-- Мə, түсінік жаз! Саған шара

қолданамыз, -- деп директор алдына бір

парақ қағазды тастай салды.

-- Ағай, балам ауырып… -- деп

кешігуінің себебін айтпақ болған еді.

-- Дəмелі, сені тыңдап отыруға уақы-

тым жоқ. Түсінігіңді жаз да, бара бер, --

деп оның аузын аштырғысы да келмеді.

Қазан айының басында бітіруші сынып

оқушыларын бейімдеу пəніне іріктеу

жұмысы кезінде өзі дəріс беретін Ербол

деген оқушысы:

-- Апай, сіздің пəніңізді таңдағым

келеді, -- деген.

-- Ербол-ау, сен жақсы оқушысың, бірақ

химия пəнін əлі ойдағыдай меңгере

алмай жүрсің ғой, қиналып қалуың

мүмкін. Одан да өзің үздік оқитын

пəндердің бірін таңдағаның дұрыс, -- деп

шəкіртіне ақылын айтып, кеңесін берген.

Осы əңгімеден соң Ербол басқа пəнге

таңдау жасаған. Бұл аралықта Дəмелі

сырқаттанып,  ауруханаға жатып қалып,

біршама уақыт жұмыста болмаған еді.

Сабаққа келген күні мектепте педа-

гогикалық кеңес өтіп, ҰБТ-ға дайындық

мəселесі қаралды. Жиналыста мектеп

директоры Дəмеліні орнынан тұрғызды. 

Сен неге Ербол Жолымбековтің

таңдаған пəніне келісім бермедің?

Баланың талабын қайтаруға саған кім

құқық берді? -- деп дүрсе қоя берді.

Дəмелі мұндайды күтпегендіктен  біраз

абдырап қалды.

-- Ағай, əр баланың қабілетін  пəн

мұғалімдері жақсы біледі ғой. Оған өзің

ұнатқан пəнді ғана таңда деп кеңес

бергенім рас. Содан кейін ол өз

қалауымен дайындық жасап  жүр ғой, --

деп жауап берді.

Мектеп директоры оны одан əрі

тыңдамай, тыйып тастады.

-- Отыр, мен сені білемін! Сен осы

əрекетің үшін əлі жауап бересің! – деді. 

Осы оқиғадан соң,  екі-үш күн өткенде

директор Дəмеліні кабинетіне шақыртып

алды.

-- Міне, əлгі оқушының ата-анасының



сенің үстіңнен жазған арызы, -- деді

қолындағы бір парақ қағазды көрсетіп. –

Балам мектепке барғысы келмей жүр.

Дəуренбекова деге мұғалім таңдаған

пəнінен дайындыққа қатыстырмай

қойыпты. Оған шара қолданбасаңыздар,

арызымды заң орындарына жолдаймын

деп жазыпты. Сенің кесіріңнен оқушы

сабаққа қатысуды қойды, -- деді көзі

атызданып мектеп директоры. 

Дəмелі сол сəт директорға қарсы

жауап та қайтара алмады. Балаға обал

жасап қойдым ба, деп іштей күйзелді.

Осы айқайдан соң Ербол бір аптадан

кейін сабаққа келді. Дəмелінің сабағына

да қатысты. Сол күні ол Ерболдың сынып

жетекшісін шақырып, үшеуі отырып еркін

əңгімелесті.

-- Еркін, неге сабаққа келмей жүрсің?

Маған таңдау пəнінен сабаққа қатыс-

тырмады деп ренжіп жүрсің бе? Саған

менің пəнімнен қажетті балл жинай

алмай қалады ма, деген күдікпен, жаным

ашығандықтан кеңес берген едім. Саған

жаманшылық емес, жақсылық ойладым,

-- деді.


-- Апай, кешіріңіз! Сізге ешқандай

өкпем жоқ. Мен бəрін түсіндім. Сіздің

ақылыңыз дұрыс екен. Өзім жақсы

білетін пəнге дайындалып жүрмін, -- деді.

-- Онда неге ата-анаң менің үстімнен

арыз жазып жүр?

-- Апай, анау Төлеп ағай мен Ілескүл

апай күнде үйден шықпай,  келе сізді

жамандап, көзін құртайық, деп арыз

жазғызып алды, -- деп жылап жіберді.

-- Жылама, айналайын! Бұған сенің

ешқандай жазығың жоқ. Бұл сендер

түсіне бермейтін үлкендердің тірлігі ғой, -

- деді Дəмелі. 

Ол осының бəрін ұйымдастырып

жүрген директор екендігін іштей сезді.

Бізден кінə тапқанда жақсы. Ал

басшымыздың өзі сабақты қалай береді

екен? Бір сабағына қатысып көрейін

деген ойға келді.

Тоғызыншы сыныпқа биологиядан

мектеп директоры сабақ беретін. Дəмелі

сол сыныпқа кіргенде, қоңырау соғылып,

балалар парталарына отыра бастаған.

Ол соңғы партадан орын алды.

Директор сабағына  уақтылы келе қой-

мады. Ұстазы кешіккен соң, шəкірттер

қозғалақтай бастады. Мектеп басшысы

сабағына он бес минут өткеннен кейін

келді. Орындыққа отырып, журналын

ашып, оқушыларды шетінен түгендеді.

Сосын үйге берген тапсырмасын бір

оқушыны тақтаға шығарып сұрай

бастады. Осы кезде соңғы партада

отырған Дəмеліні көріп, қипақтап қалды.

Алдыңғы партада отырған оқушыдан

оқулығын сұрап алып, оны əрі-бері

аударыстырып, парақтай бастады.

Шамасы келесі өтетін тақырыбын іздеп

жатқан сияқты. Уақыт деген зымырап

өтіп барады, бірақ жаңа сабақ түсін-

дірілер емес. Уақыты бітуге таяу

қалғанда ғана орнынан тұрып, жаңа

сабақты түсіндірген болды. Сабағы құр

жадағай, сүреңсіз өтті. Оқушыларды

айтпағанда, дəмелінің өзі де ештеңе

ұғып жарытпады. Тақырыпты ашатындай

көрнекілік те, техникалық құралдардың

бірі де пайдаланылмады. Лабора-

ториялық жұмыстар жүргізілмеді. Дирек-

тордың сабаққа ешқандай дайындықсыз

келгені көрініп тұр. Балалар сабақты

өзімен өзі болып, құлықсыз тыңдап,

Дəмелінің өзі де сабақ біткенше əрең

шыдап отырды. Мұғалім оқушылар

белсенділік, қызығушылық танытатын-

дай тиімді əдіс-тəсілдердің бірін де

пайдалана алмады. Əзер дегенде

қоңырау да шалынды-ау, əйтеуір.  Дəмелі

үнсіз кабинеттен шығып бара жатқанда

мектеп директорының:

-- Түнде мазам болмай, ауырыңқырап

жаңа сабаққа дайындала алмаған едім,

келесі жолғы сабағыма қатысарсың, --

дегенін есітіп қалды.

Дəмелі мектеп директорының саба-

ғынан жаңалық  күтіп, тəжірибесін

үйренбекке үміт артып келген еді. Үміті

ақталмағанына, алтын уақытының босқа

өткеніне өкінді. Көз алдына ізгілікті

қолдап, адалдықтың ақ жолымен жүрудің

орнына, нағыз ұстаздарды көре алмай,

аяқтан шалуға дайын тұратын мектеп

басшысының тұлғасы тым ұсақталып

бара жатты. Оның жанынан жалбалақтап

кетпей жүретін Төлептер мен Ілес-

күлдердің біртүрлі бейнелері жанарында

көлбеңдеп тұрып қалды. Бұл тайталас

қашанға  дейін жалғаса бермек. Жүйкесі

шəкірттерінен емес, əлгілерден күн

санап жұқарып барады. Мұндайға тіпті

тас пен темірің де шыдамас. Ондай

мұғалімдерден шəкірт білім мен тəрбие

ала алады ма? Санасын сан ойлар

жаулап алған, оған жауап таппаған

Дəмелі ауыр күрсінді...



Көшкінбай ЕЛІКБАЕВ.

Қаратөбе ауылы.

Аудандық Мəдениет үйінде аудандық неміс мəдени орталығының құрылғанына 15

жыл толуына орай мереке ұйымдастырылды. Осы орталық төрайымы Екатерина

Цветкова, аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Лидия

Мехлик құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Аудандық

славян, өзбек, кəріс, түрік, күрді мəдени орталықтарымен тығыз қарым-қатынас

орнатқандарын айтып, осы орталықтар төрағаларына алғыс білдірді. 

Неміс мəдени орталығының жанынан құрылған жастар клубының концерті жоғары

деңгейде өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өнерпаздар неміс

ертегілерінен көріністер көрсетіп, жұмбақтар жасырды, қызықты ойындар ойнап, іс-

шараның тартымды өтуіне үлес қосты.

«Төлеби-ақпарат».

Ислам діні адамдарды Ал-

ламен байланыстырып қана

қоймай, қоғамдық мəселелерді

шешуге, халықты бір-біріне

қарайласуға да үндейді. 

Адамдар арасындағы бай-

ланыстарды нығайтатын қайы-

рымдылық шаралары екені

белгілі. Осындай игі істі жүзеге

асыру мақсатында аудандық

«Нұр» мешіті биылғы оқу

жылының соңында «Жомарт-

тықтың абзалдығы» атты

тақырыпта Леңгер қаласындағы Ш.Уə-

лиханов атындағы №2 орта мектепте

қайырымдылық шарасын ұйымдас-

тырды. «Жақсылық жасайық» атты

тақырыпта өткен бұл іс-шара Леңгер

қаласындағы тіл мүкісі бар балалар

мектеп-интернатында (суретте) жалға-

сын тапты. 

Сонымен қатар, аудандық «Нұр» ме-

шіті «Мұқтаждарға көмектесейік» деп

ұсыныс білдіріп, жамағаттың жəрдемімен

аз қамтамасыз етілген 4 отбасыға

ақшалай көмек берді. 

Мұндай іс-шаралар адамдар арасын-

дағы қарым-қатынасты нығайтып, олар-

дың бір-біріне деген мейірімін оятады. 



«Төлеби-ақпарат».

15 жылдыμын мерекеледi

Æàò àμûìíûº æîëûí êåñ

Æà°ñûëû° æàñàéû°

Бүгінде қоғамымызда жат діни ағымдар туралы түрлі алып қашпа əңгімелер

толастамай тұр. Біреулер ондай ағымдардың атауын білгенімен, түпкі мақсатын

түсінбейді. Ал кейбіреулер діни ағымдардың ара-жігін ажырата алмай, сең соққан

балықтың күйін кешуде. Бұл -- қоғамдағы үлкен проблемалардың бірі. 

Діни экстремизмнің алдын алу, халықты ақпараттандыру мақсатында елімізде түрлі

іс-шаралар өткізілуде. Төлеби ауданында да осындай түйіткілді мəселенің түйінін

тарқату, қайта қылмыс жасауды болдырмау жəне экстремизм мен терроризмнің

алдын алу үшін Леңгер қалалық емханасында, Маятас  жалпы орта мектебінде

(суретте) «Қоғам -- кереғар ағымдарға қарсы» атты тақырыпта аудандық «Нұр»

мешітінің бас имамы Б.Қалдаров, найб имам Ү.Саурбаев, осы ауылдағы мешіт

имамы А.Ыхласов халыққа жат діни ағымдардың белгілерін, олардың түпкі мақсатын

кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Ал елімізге танымал дінтанушы

Абдулла қажы Жолдас «Мəзһаб ұстанудың артықшылығы» атты тақырыпта аудандық

«Нұр» мешітінде уағыз айтып, насихат жүргізіп, жамағаттың діни сауатын арттырды. 

Осындай іс-шаралар жиі-жиі ұйымдастырылса, дəстүрлі емес діни ағымдардың

жолын кесуге болады. 

«Төлеби-ақпарат».


–]22/02=Lì/ƒ!

28-маусым 2014 жыл

Ò¼ëåáè òóû



8

Телефондар: Бас редактор 6-20-14,

факс (725-47) 6-20-14, бас редактордың

орынбасары 6-19-52, секретариат 6-19-99,

бөлімдер: қоғамдық-саяси өмір, мəдениет,

тұрмыс жəне хаттар, аграрлық, тілшілер,

бухгалтерия   6-19-52, 

белгісі қойылған мақалаларға 

жарияланым ақысы төленген. 



Газеттің осы нөміріне жауапты 

кезекші Төлеген АХМЕТОВ.

Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп,

«АР - принт» ЖШС-нің баспаханасында басылды.

Баспахананың мекен-жайы:

Шымкент қаласы, Тəшенов көшесі, №24 үй.

Газетке жазылу индексі 66744

Таралымы  4995  Тапсырыс № 

Р

ЖШС директоры —

бас редактор

РАХМАНҚҰЛОВ

Əбдімəлік

Түймебекұлы

Біздің мекен-жайымыз: 161100, Қазақстан

Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Леңгер қаласы, Төле би көшесі, 113 үй.

Ãàçåò ¥àçà°ñòàí Ðåñïóáëèêàñû Ì´äåíèåò æәíå à°ïàðàò ìèíèñòðëiãiíäå 2013 æûëμû 20 ìàóñûìäà òiðêåëiï, ¹13693-à êó´ëiãi áåðiëãåí.

Ãàçåò ñåíái ê¾íi øûμàäû. Ðåäàêöèÿ ìàòåðèàëäàðäàμû ôàêòiëåðäiº ä½ðûñòûμûíà àâòîð æàóàïòû åêåíií åñêåðòåäi.

Æàðíàìàëàð ìåí õàáàðëàíäûðóëàðäûº ìàçì½íû ¾øií ðåäàêöèÿ æàóàï áåðìåéäi.

Меншік иесі: «Төлеби туы kz» аудандық қоғамдық-саяси  

газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ақайдар шағын жинақты орта мектебінің ұжымы осы

мектеп мұғалімі Сансызбаева Гүлзипаға əкесі

СЕЙІТЖАППАРДЫҢ

қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қайғысына

ортақтасады.

Ақайдар шағын жинақты орта мектебінің ұжымы осы

мектеп мұғалімі Байқонысова Эльмираға əкесі

БАУЫРЖАННЫҢ

қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қайғысына

ортақтасады.

Кожабеков Амантай Бейсеновичтің кəсіпкерлікті

тоқтатуына байланысты оған 2014 жылғы 9 сəуірде

берілген жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы

5809 сериялы №0000665 куəліктің күші жойылды деп

табылсын.

* * * 

Мирзакулова Гульмира Капалбайкызының кəсіпкер-



лікті тоқтатуына байланысты оған 2007 жылғы 15

қазанда берілген жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу

туралы 05915 сериялы №0067854 куəліктің күші

жойылды деп табылсын.

Жàðàìñûç äåï òàáûëñûí

Ê´ñiïêåðëiãi òî°òàòûëäû

Мейрамбаев Алибек Алтынхановичке 2009 жылғы 30

шілдеде ҚР ƏМ берген 023915526 санды жеке куəлік

жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

* * * 


Кенжебек Жібек Қанатқызына 2013 жылы Қазақстан

орта мектебі берген ЖОБ сериялы №0586313 аттестат

жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

* * * 


Болтанов Əуелхан Асанұлына 2009 жылы 12

қыркүйекте ҚР ƏМ берген 024235717 санды жеке куəлік

жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

* * * 


Безносиков Евгений Викторовичке 2004 жылғы 10

наурызда берілген ХН сериялы №024651 жүргізуші

куəлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп

табылсын.

* * * 

“Респект-Казыгурт” жауапкершілігі шектеулі серік-



тестігінің меншігіндегі “Дунг Фунг” маркалы автокөліктің

179 АҒ 13 мемлекеттік тіркеу номері (алдыңғы)

жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

* * * 


Калыкова Малика Амиралиевнаға 2005 жылы 12

шілдеде ҚР ІІМ берген 017908326 санды жеке куəлік

жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

* * * 


Қалу Бірлік Мамырханұлына 2012 жылы 19 сəуірде

ҚР ІІМ берген 033144741 санды жеке куəлік жоғалуына

байланысты жарамсыз деп табылсын.

* * * 


Кожахметова Нұрзина Тасканбайқызына 2009 жылы

Қ.Сəтбаев атындағы №4 жалпы орта мектеп берген ОБ

сериялы №0310209 атттестат жоғалуына байланысты

жарамсыз деп табылсын.

* * * 

Сайрамбай Ержан Бахытжанұлына 2010 жылы 23



сəуірде ҚР ƏМ берген 025240359 санды жеке куəлік

жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

Àñûμûºûçäàð, 

0 ïàéûçáåí íåñèå!

Күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар (теледидар,

тоңазытқыштар, газ плиталары. шаңсорғыштар, т.б.), үй

жиһаздарын (қонақ бөлме, балалар бөлмесі, ас бөлмесі,

т.б.) жəне де құрылыс материалдарын (пластик есік-

терезе, құрылыс ағаштары, т.б.) несиеге береміз.

Мекен-жайымыз: Леңгер қаласы, Базар көшесі, 19 үй.

“Ибакүл ана” сауда үйі.

Байланыс телефондары: 6-01-93; 8-702-101-30-24;8-

701-891-19-88.

Открыто дело о наследстве

Открыто дело о наследстве на Калсеитова Ибрая,

умершего 1 февраля 2014 года, у нотариуса Ахметовой

Гульби Тунгишбайкызы. Наследникам прошу обращаться

по адресу: ЮКО, Толебийский район, город Ленгер, улица

Толеби, 192, напротив “Гулдер”.

№9 колледждің шеберхана

меңгерушісі Абылаев Ерма-

хан Баймаханұлын мерейлі

60 жасымен құттықтаймыз.

Əріптесімізді осы қуанышы-

мен құттықтай отырып, зор

денсаулық, ұзақ өмір, от-

басына бақыт тілейміз. Жү-

рекжарды лебізімізді мына

жыр шумағымен білдіреміз.



Өмірдің қыс пен көктем, 

жазы барында,

Көңілде жастық шақтың сазы қалды.

Ереке, жүз жасты да артқа тастап,

Ауылдың қарты болғын қазыналы.

Игі тілекпен, №9 колледж ұжымы.

Леңгер қалалық ардагерлер

кеңесінің ұйытқы болуымен

аудандық мəдениет үйіндегі ардагерлер бөлмесінде

белгілі шахматшы, марқұм Нұрлан Cармановты еске

алуға арналған шахмат турнирі

ұйымдастырылды. Турнирді өт-

кізуге Леңгер қалалық емха-

насының бас дəрігері Талғат

Есжанов көмек қолын созып, демеушілік

көрсетті. Шараны аталмыш ардагерлер

кеңесінің төрағасы Жамбыл Сейітов ашып,

сөз сөйледі. Шахматшылар 70 жасқа

дейінгілер жəне 70 жастан жоғарылар

болып екі топқа бөлініп жарысты.

Турнирден зағип жандар да шет қалмады.

Олар да шахмат ойнап, жарысқа түсті. 

Нəтижесінде, 70 жасқа дейінгілерден

Сергей Садовский бірінші, Құрбан Аға-

ділов екінші, Əбілқасым Ерімбетов үшінші

орынға ие болды. Ал 70 жастан жоғары

шахматшылардан Қадыр Бижанов бірінші,

Бейбіт Нақыпбеков екінші, Андас Ораз-

алиев үшінші орынды иеленді. Жүлделі

орындарға қол жеткізгендердің барлығы

ақшалай сыйлық алды. Бірінші орынды

жеңіп алғандарға 7 мың, екінші орынға 5

мың, үшінші орынға 3 мың теңге берілді.

Қалған шахматшылар да ақшалай

ынталандыру сыйлықтарын алды. Аудандық дене

шынықтыру жəне спорт бөлімінің басшысы Мұсат

Тілеубердиев жеңімпаздарға грамоталар тапсырды.

* * *

Аудандық орталық кітапханада да аудандық славян



мəдени орталығының ұйымдастыруымен шахмат

турнирі өтті. Қарсыластарынан бірде-бір рет

жеңілместен, бірінші орынды шахматтан Леңгер

қаласының чемпионы Сергей Садовский иеленді. Ал

екінші орыннан Мəлік Жұматаев көрінсе, үшінші орынға

Саид Сұлтанбеков лайық болды. Оларға ақшалай

сыйлық берілді. 

«Төлеби-ақпарат».

Дүйсенбі күні аудандық мəдениет

үйінде 23 маусым – Мемлекеттік

қызметші күніне арналған мерекелік

басқосу өтті. Қаратөбе ауылдық

округі əкімі аппаратының бас ма-

маны Балтабай Асылбай, жетекші

маман Мұхаммеджан Керімбаев

салтанатты жағдайда мемлекетке,

халыққа адал қызмет етуге ант

берді. Қазақстан Республикасының

мемлекеттік Гимні орындалғаннан

кейін аудан əкімінің орынбасары

Сержан Дүйсебаев құтттықтап, сөз

сөйледі.

Мемлекеттік қызметшілерді ау-

дандық мəслихат аппаратының

жетекшісі А.Абдрахманов, «Нұр

Отан» партиясы аудандық фили-

алының қоғамдық қабылдау бөл-

месінің меңгерушісі Андас Ораз-

алиев те құттықтап, сөз сөйледі.  

Облыс əкімінің Құрмет грамо-

тасымен аудандық білім бөлімінің

бас маманы Көпбай Қабылбеков,

Қасқасу ауылдық округі əкімі

аппаратының бас маманы Шернияз

Батырқұлов, Қазақстан Респуб-

ликасы Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы

бойынша департаментінің басшысы,

тəртіптік кеңес төрағасы Б.Бек-

жановтың Алғыс хатымен Алатау

ауылдық округінің əкімі Есімхан

Айтжанов, аудан əкімінің Алғыс

хатымен осы ауылдық округ əкімі

аппаратының бас маманы Халықбек

Назарбеков, аудандық мəслихаттың

аппарат жетекшісі Айбек Абдрах-

манов, аудандық жұмыспен қамту

жəне əлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің бас маманы Аманкүл

Құлманова, аудандық ветеринария

бөлімінің бас маманы Ілияс

Өмірзақов, аудандық мəслихаттың

Құрмет грамотасымен Жоғарғы Ақсу

ауылдық округі əкімі аппаратының

жетекші маманы Асқарбек Орын-

баев, Леңгер қаласының əкімі

Ордабек Əбдіқайымов, “Нұр Отан”

партиясы аудандық филиалы төра-

ғасының Алғыс хатымен Леңгер

қаласы əкімі аппаратының бас

маманы Əлия Дəулетова, аудандық

жұмыспен қамту жəне əлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің сектор

меңгерушісі Гүлзат Əбдірəсілова,

Кемеқалған ауылдық округінің əкімі

Серікбай Байымбетов марапат-

талды.


Концерттік бағдарламаны дайын-

дауға мемлекеттік қызметшілердің

өздері де атсалысыпты. Өнерлі

дегендері əннен шашу шашып,

əріптестерінің қошеметіне бөленді.

«Төлеби-ақпарат».

Мемлекеттiк °ызметшi к¾нiне арналды





Спорт

Øàõìàòøûëàð æàðûñòû

Біз Киелітас ауылында тұрамыз. Оншақты үй

«Айналма» каналының арғы бетінде орналасқандықтан

осы уақытқа дейін апатты жағдайдағы ескі көпір арқылы

қатынап келдік. Жуырда осы көпірдің жарамсызданғаны

туралы ауыл əкімі Полат Төребековке арызданған

болатынбыз. Ол кісі бізді тыңдап болған соң, үлкен

трубаны техниканың күшімен орналастыруға жəрдем

беретінін айтты. Ауылдық округ əкімі сөзінде тұрды.

Техниканың күшімен көпіріміз жөнделіп, көңіліміз орнына

түсті. Жұмыстың басы-қасында жүрген əкімдік қызметкері,

бас маман Нарəлі Рысқұлбековке де айтар алғысымыз

шексіз. Оларға «Əрдайым ақсақалдардың батасын алып,

халыққа қалтқысыз қызмет ете беріңдер» деген игі

тілегімізді аудандық «Төлеби туы» газеті арқылы



жеткіземіз.

Киелітас ауылының 

бір топ тұрғындары атынан: 

Н.БАЙТҰРОВ, У.РАУЖАБОВ,  М.НЫШАНОВ.

Алғыс айтамыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет