Ûðûñ °àéíàðû №26 (8205) Сенбі, 28-маусым 2014 жыл



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата31.03.2017
өлшемі0,86 Mb.
#11037
  1   2   3   4

“Ò¼ëåáè-à°ïàðàò” 

õàáàðëàéäû

Ò¼ëåáè òóû

Äîñòû° 



áà°ûò, ûíòûìà° 



― 

ûðûñ °àéíàðû



№26 (8205)  Сенбі, 28-маусым 2014 жыл.

Біздің веб-сайт: http://tolebi.idhost.kz/        Электронды почта:  tolebi_tuy@mail.ru. 

Ò¼ëåáè àóäàíûíûº °îμàìäû°-ñàÿñè ãàçåòi

Ãàçåò 1935 æûëμû íàóðûçäûº 15-iíåí øûμàäû

Сіздерді баспасөз қыз-

меткерлері күні мере-

кесімен шын жүректен

құттықтаймын!

Елбасымыздың саяса-

тын оқырмандар жүрегі-

не жеткізіп, жағымды

жаңалықтарыңызбен қу-

антып, орынды сында-

рыңызбен кемшілікті тү-

зетуге атсалысып, га-

зет беттерінде əлеу-

меттік-экономикалық

маңызы бар жобаларды

қолдап, оқырман жүрегіне

жол табудасыздар. Өз-

деріңіздің бастамалары-

ңызбен  газеттiң алдағы

сандарында да қарымды

қаламдарыңыздан туған

мазмұны терең, тілі

көркем, күйіп тұрған

мəселелерін қозғайтын

жарияланымдар көп бола-

тынына сенімдімін. 

Күнделікті жаңалық-

тың жаршысы бола біл-

ген, қалам ұстаған қа-

уым, еткен еңбек пен

төккен теріңіз Тəуелсіз-

дікті  тұғырлы етуге

жұмсала берсін. Ақ қағаз

бен сияның құдіреті шы-

ғармашылықтың шыңы-

на көтеріп, абырой-бе-

деліңізді асқақтатсын.

Сіздерге таңдаған ба-

ғыттарыңыздан таймай,

қоғамдағы өзекті мəселе-

лерді қозғап, халықтың

көкейінен  шыға беру-

леріңізге, іздеп оқитын

авторы, қолдан түспей-

тін басылымы болуыңыз-

ға шын  жүректен тілек-

теспін.

Әрқашан елдің ыстық

ықыласына бөленіп,

оқырманның үмітін ақта-

ңыздар!

Баршаңызға отбасы-

лық бақыт, шығарма-

шылық табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен, аудан

əкімі Ә.ТҰРҒЫМБЕКОВ.

Аппарат ғимараты атқора емес

шығар

Аудандық əкімдікте өткен бір мəжілісте аудандық

мəслихаттың хатшысы Ə.Шыңғысбаев аудан əкімі

аппаратының ғимаратындағы дəретханалардың лас-

тығына, жауапты адамдардың оның тазалығын

қамтамасыз етуге құлқы жоқтығына шағымданды.

Қойылған сұрақ “ақ үйдегілерді” қатты толғандырып

жүрсе керек, көтерілген мəселе сол жерде майшаммен

қаралды. Аудандық газетте аудан əкімінің аппараты

орналасқан ғимаратта ұзақ жылдардан бері тиісті тəртіп

пен тазалықты орнықтыра алмай жүргені үшін жиі сынға

алынатынын ескерткен аудан əкімі аппарат жетекшісі

Сейіт Бекмұрзаевқа жəне оның құзырындағы əкімшілік-

шаруашылық бөлімінің қызметкерлеріне қатты шүйлiктi.

Хатшының ескертуін жүре тыңдап, қыстырмай

жүргендердің екі аяғын бір етікке тығып, шұғыл шара

көруді, ғимарат ішінде де, сыртында да тазалықты

қамтамасыз етуді талап етті. 

Осындай кезде Алфей өзенінің суын бұрып Элида

патшасы Авгийдің атқорасын қидан (қорамен бірге іріп-

шіріген нəрселерді) тазартқан Гераклдің Ленгірге арнайы

атбасын бұрып, жергілікті тоңмойын шенеуніктерге

сəлем бере кетуін аңсайды екенсің. 

Иіс тиген кене дəрменсіз бе?

Тəуелсіз Қазақстанның атың өшкір кенеге қарсы соғыс

жариялағанына қай заман. Бірақ қанша жерден улап

жатса да, қансорғыштар жеңілер емес, өне бойы

итжығыс түсіп келеді. Оған өзіміз де кінəліміз, қидан

тазартылмаған қораға дəрі шашқызып, қабылдау актісіне

шиырып қол қоюдан шаршамаймыз. Жыл басынан бері

80478 бас ірі қара жабысқақтарға қарсы “душқа” түсіп,

216500 қой мен ешкі “ванна қабылдап”, 2 миллион 734

мың 349 шаршы метр қора-жай залалсыздандырылса да

өткен 5 айда 75 адамды кене шаққан фактісі тіркелді. 

Қи-тезегі ойып алынбаса да, дəрі себілген қораларды

мекендеп жатқан кенелердің шағуы онша қауіпті емес

деп санайды кейбір атқамінерлер. Себебі, шіріген көң

мен көңілшек əкімдердің актілерінің астында жасырынып

қалса да, дəріні байқамай иіскеп қойған кенелердің

денсаулығы бұрынғыдай болмай қалатын көрінеді. 

Ал, дімкəс кенеден келер жау жоқ.



Қылмысы үшін де жалақы алады

Аудандық емхананың флюорография кабинетінде

биылғы жылдың 14 сəуір мен 3 маусым аралығында 608

адам тексеруден өткенімен, оларға дəрігер-рентгенолог

тарапынан уақытында қорытынды жасау қамтамасыз

етілмеген. Оның үстіне осы мерзімде міндетті топтағы

400 адамға флюорография қорытындысы жасалмай,

жұмыс істеуге рұқсат берілген. Мұның барлығы

емхананың  бір “іскер” дəрігерінің өз қызмет бабын асыра

пайдалануынан орын алып келген көрінеді. 



Қан түкіргендер азаймай тұр

Аудан аумағында өткен 5 айда тыныс алу

органдарының туберкулезіне шалдыққандар 7 жағдайға

көбейіп, 27 адамға жетті. Жалпы туберкулез көрсеткіші

20,26-ны құрап, облыстық көрсеткіштен 4,9 пайызға

артқан. Аурудың МТ+ бациллярлы түрі 10 жағдайда

тіркеліп,  аурушаңдық көрсеткіші 7,5 болды. Бұл

облыстық орташа көрсеткіштен 11,3 пайызға жоғары.

Сондай-ақ, 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы

туберкулез аурушаңдығы мен тыныс алу органдарының

туберкулезі облыстық көрсеткіштен 2 есе жоғары болуы

алаңдатады. 



Орнында қалған оңалар

Ауданда Ұлттық бірыңғай тестке дайындық барысы

қаралған бір жиналыста аудан əкімі конкурстық жалпы

орта балы бойынша соңғы 10 орында қалған мектеп

директорлары жазаланып, соңғы бестіктегі басшылар

қызметінен босатылатынын қатаң ескерткен болатын.

Жуырда өткен əкімдік мəжілісінде білімінен шикілік

шыққан мектептердің басшылары “майсыз табада

шыжғырылған” соң,  қатаң сөгіс алатын болып, қыз-

метінде қалдырылды. Орнында қалғандар оңалып кетсе,

сол игі. 

Ìåðåêåëåðiºiçáåí, °½ðìåòòi 

Сəрсенбінің сəтті күні “Нұр Отан”

партиясы Төлеби аудандық фили-

алы қоғамдық қабылдау бөлмесінің

меңгерушісі Андас Оразалиев

бастаған топ “Төлеби туы” газетінің

редакциясына арнайы ат басын

бұрды. Олар жергілікті газетші-

лердің арасындағы партия мүшеле-

рінің ескі билетін жаңасына ауыс-

тыра отырып, ауданның саяси

өміріне белсене араласатын аза-

маттарға зор денсаулық, еңбекте

жеміс, мол табыс тіледі, сыйлық-

тарын табыс етті. Алда келе жатқан

баспасөз қызметкерлерінің мереке-

сіне орай құттықтау тілектерін

арнады. Құланның қасынуына мыл-

тықтың басуы дөп келіп қалған осы

басқосуда аудандық газеттердің бас

редакторы Əбдімəлік Рахманқұлов

жауап сөз сөйлеп, шын жүректен

шыққан құттықтауы үшін нұр-

отандықтарға алғыс айтты, естелік

үшін ұжыммен бірге суретке түсті. 



Суретте: қоғамдық қабылдау

бөлмесінің меңгерушісі А.Ораз-

алиев редакция қызметкерлерімен

бірге.

Жуырда аудандық халыққа қызмет көрсету

орталығында «Даму» қорының кəсіпкерлікті

қолдау орталығы ашылғаны туралы хабарлаған

болатынбыз. Күні кеше осы орталық қыз-

меткерлері аудандағы кəсіпкерлерге, шағын

жəне орта бизнеспен айналысуға қызығу-

шылық танытып отырған азаматтарға арнап

семинар-кеңес өткізді. Аудан əкімінің орын-

басары Сержан Дүйсебаев бизнеспен

айналыса бастаған кəсіпкерлерді жəне

семинар-кеңес қонақтарын таныстырды. 

«Даму» қорының аудандағы өкілі Бағдат

Төлегенов қала жəне ауылдық округтерден

келген кəсіпкерлерге слайдтардың көмегімен

мол мағлұмат берсе, аудандық кəсіпкерлер

палатасының директоры Ханай Əшірбеков

бірінші кезекте өнеркəсіп саласында өнім

өңдейтін шағын кəсіпорындар ашуға, дамытуға,

оның ішінде аграрлық сала өнімдерін қайта

өңдеуге, ауыл халқы үшін басқа да қызмет

көрсету түрлерін дамытуға қолдау білдіретін

қордың жұмысына егжей-тегжейлі тоқталды. 

Несие алу жолдарын жан-жақты таныстыру

мақсатында облыс орталығынан арнайы келген

банк өкілдері де түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,

қала тұрғыны Г.Омарханова, Тасарық ауылдық

округінің тұрғындары М.Спанəлиев, А.Мəм-

бетбаевтардың қойған сұрақтарына жауап

берді. 


«Төлеби-ақпарат».

“m]! n2=…ä/02=!” 0]22/02=ä/

“Даму”  кґсiпкерлердi

°олдау °орыныє 

семинары 

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кəсіптік

мерекесі қарсаңында облыстық тілдерді дамыту басқармасы

«Тілші жəне тіл мəдениеті» атты кеңес ұйымдастырды. Шымкент

қаласындағы облыстық “Жастар орталығы” ғимаратында өткен

семинарды аталмыш басқарма басшысы Балқия Көмекбаева

ашып, жүргізіп отырды. Ол журналистерді төл мейрамымен

құттықтады. Тілшілер атына айтылар жылы лебіздерге күні кеше

ғана облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы қызметіне

тағайындалған Берік Уəли де қосылып, БАҚ өкілдеріне

шығармашылық табыс тіледі. 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл саясаты»

бағдарламасы, мемлекеттік тілдің мəртебесі, ақпараттық-

насихаттық көрнекіліктердің, жарнамалар мен көше атаулары,

маңдайшалардың дұрыс жазылуы жөнінде келелі əңгіме өрбіген

семинар қорытындысында мемлекеттік тіл саясатының

орындалуына сүбелі үлес қосып, осы тақырыпта қалам тербеп

жүрген журналистер марапатталды. 

Аудандық «Төлеби туы» қоғамдық-саяси газетінің бөлім

меңгерушісі Дина Хангелдиева мемлекеттік тілдің қолдану аясын

кеңейту, тіл мəдениетін көтеру, шешендік өнерді дəріптеу,

елімізде тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы

насихаттау мен дамытуға қосқан үлесі үшін облыс əкімдігінің

Грамотасымен марапатталды. Награда құтты болсын!



«Төлеби-ақпарат».

Құрметті «Төлеби туы»

газеті редакциясының ұжы-

мы, қадірлі əріптестер!

Сіздерді кəсіптік мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық, отбасы-

ларыңызға амандық тілейміз. Жағымды жаңалықтармен

оқырман жүрегіне жол тауып, алар асуларыңыз көп болсын.



Игі тілекпен, зейнеткер журналист Кəдірбек

БАУДАРБЕКОВ жəне Алтынай ІЗТІЛЕУОВА.

Äèíà ìàðàïàòòàëäû

°àëàìãåðëåð!

Øûí æ¾ðåêòåí



28-маусым 2014 жыл

Ò¼ëåáè òóû



2

● 28 маусым – Байланыс жəне ақпарат қызметкерлерінің күні

Журналист өзгелерден айырмашылығы бар, құрметті мамандық. Ол

шығармашылықпен айналысып, қоғамға, адамға қызмет етеді. Ақпарат тарату

саласын дамытып отырған тілшілер əркез жаңалықтың жаршысы, жақсылықты

қолдаушы болып отырады. Қандай оқиға туралы болсын тапқырлық танытып, сенімді

түрде, көз жеткізіп жазу үшін журналист білімді, қабілетті болуы керек. Оқырман

жүрегіне жол табу үшін тіл байлығы болып, оны пайдалана білуі керек. Журналист

туған жерінің патриоты болумен бірге, əрбір оқиғаға, жаңалыққа сергек қарап, жедел

жариялап отыруы тиіс. Журналистің жеке бас мəдениеті, тек шындықты жазып,

ақиқаттан айнымауы көп нəрсені аңғартады. Тілші ойын қағазға түсіргенде, оқырманға

түсінікті болуын алдын ала ойластыруы керек. 

Өз тарихында журналистика саласы да даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Сонау

зұлмат жылдары елінің қамын жеп шырылдаған зиялылар ішкі жан күйзелісін ақ

параққа ақтара отырып, ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткізді. Аспаннан оқ

пен от жауған Ұлы Отан соғысы жылдарында да тілшілер оқырманды жаңалықтардан

жылдам əрі жан-жақты хабардар етіп отырды. Қаламы қаруы болып саналатын

журналистер осылайша, адам санасын биіктетуге, рухани əлемді байытуға үлес

қосты. Бір қуанарлығы, журналистика саласы бір орында тұрақтап қалмай, үздіксіз

даму үстінде болды. Техниканың қарыштап дамуы қазіргі БАҚ қызметкерлерінің

жұмысын жеңілдетті. Мақаланы бірден компьютермен теріп, жазып, сурет түсіруде

сандық фотоаппараттарды пайдаланамыз. Десек те, кезінде қаламсабы қолынан

түспеген тілшілерге арналып айтылған «қаламы қарымды», «қаламы үшкір» деген

сөз тіркестері əлі күнге дейін маңызын жойған емес. 

Журналист қызметінде интернеттің де маңызы зор. Қазір хат алмасу, компьютердегі

дайын болған газет беттерін баспаханаға жөнелту бұрынғыдай көліктің көмегімен

емес, ғаламтор арқылы небəрі бірнеше секундта іске асатын болған. «Заманына

қарай адамы» демекші, бүгінгі журналистер сайттармен жұмыс жасап, блог ашып,

онда ойларын жазып, «Facebook», «Тwitter», тағы басқа əлеуметтік желілер, «Google»

іздестіру жүйесінің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланады. Интернеттің маңыздылығы күн

санап артып келе жатқандықтан, онымен жұмыс жүргізудің қажеттілігі де зор болмақ.

Компьютер мен интернеттің басты артықшылығы -- біріншіден, БАҚ жұмысын

айтарлықтай жеңілдетеді. Екіншіден, ғаламторда ұсыныс, пікір айтуға, оны жеке

мұрағатқа сақтауға, əлеуметтік желілерде жақсы орта табуға, сауалдар жолдауға,

еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс жасап жатқан əріптестермен тығыз қарым-қатынас

орнатуға, ақын-жазушылардың сиясы кеуіп үлгермеген шығармаларын басылым

сайттарынан оқып тұруға мүмкіндік мол. 

Соңғы жылдары жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай көбейіп кеткен газет-

журналдардың сапасыз жарық көруі, дұрыс сөйлем құрай алмайтын, сауаты төмен

журналистердің жұмыстарына немқұрайды қарауы қоғамда орны ерекше

басылымдар мен білікті тілшілердің беделіне айтарлықтай нұқсан келтірмегенімен,

өмірдің өзі кімнің кім екенін көрсетуде. Қалай болған күнде де журналист деген

құрметті атқа дақ түсірмей, халықтың көзі һəм құлағы болып жүрген мықты-мықты

тілшілердің арамыздан табылуы біз үшін мақтаныш. 

Дина ХАНГЕЛДІ.

Өзім аудандық «Төлеби туы» газетінің штаттан тыс

тілшісі болғандықтан редакцияға күн құрғатпай соғып,

жазған мақалаларымды тапсырып тұрамын. Осы

аптаның басында соңғы жазған 2 мақаламды өткізіп,

редакциядағы əріптестерімді кəсіптік мерекесімен құттықтадым.

Билік басында отырғандарды да, қалың бұқараны да жатсынбай, кез-келген сəтте

қай-қайсысының болсын жанынан табыла кететін журналистер қауымын билік пен

халық арасындағы алтын көпір деп бекер айтпаған. 

Жылына бір рет келетін төл мерекесінде ерекше серпіліп қалатын ақпарат

майданының сарбаздары жұмысын шетке ысыра алмайды. Өйткені, «төртінші билік»

иелері тойшыл емес, ойшыл екенін өмірдің өзі көрсетті.

«Төлеби туы» газеті редакциясы ұжымының көздегені бір-ақ нəрсе. Ол  -- халықтың

игілігі үшін қызмет ету. Ақпараттар ағыны тасқындаған заманда оқырман көңілінен

шығатын сапалы дүние жазсам деп жарғақ құлақтары жастыққа тимей, шырылдап

жүрген де осы тілшілер.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» демекші, журналист үшін барлығынан

маңыздысы – тұщымды ақпарат жеткізіп, қоғамдық пікір қалыптастыру. Оларға керегі

– халықтың ықыласы. 

Елбасының ұстанған саясатын халыққа жеткізу жолында аянбай тер төгіп жүрген

бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап,

шығармашылық табыс, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеймін.

Күнделікті, апта сайын қызықты мақалалар мен жағымды жаңалықтар күтіп отырған

əрбір оқырманның да тілегі осы болса керек.



Ағабек СЫПАТАЕВ,

зейнеткер ұстаз, «Төлеби туы» газетінің штаттан тыс тілшісі.

Àëòûí ê¼ïið

Аудан баспасөзінің қарашаңырағы -- «Төлеби туы» газеті бүгiнде Елбасымыздың сарабдал саясатын елге кеңiнен

түсiндiрiп, халық пен билiк арасындағы «алтын көпiрге» айналды. Төле бабамыздың атымен аталатын,

ауданымыздың төрт құбыласын түгендеп, тiлiн, дiлiн, өңірімізде тұратын түрлі ұлттардың татулығын, ынтымағын,

бірлігін насихаттап, жақсылықтың жаршысы бола бiлген, 80 жылдық тарихы бар «Төлеби туының» қарашаңырақ

атануы тегiн емес. Басылым қаншама дарынды журналистердің тұсауын кесiп, үлкен өмірге жолдама берді.

Аудандық газет Елбасының салиқалы саясатын насихаттап, қоғамдағы өзектi мəселелерді шешуге атсалысып,

оқырманның жүрегiне жол табуда. Бұл өз кезегінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық

бұқаралық ақпарат құралдары біздің елімізде тұрақтылық пен келісімді нығайтуда, елді табысты дамытуда айрықша

маңызды роль атқарады» деген сөзіне саяды. 

Редакция ұжымын баспасөз қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Еткен еңбек пен төккен тер Тəуелсіздікті  тұғырлы етуге жұмсала берсін. Шығармашылықтың шыңынан көрініп,

абырой-беделдеріңіз асқақтасын! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, творчестволық табыс тілеймін!



Серғали МЕҢЛІБАЕВ,

аудан əкімі аппаратының бас инспекторы – баспасөз хатшысы.

Àáûðîé-áåäåëäåðiºiç àñ°à°òàé áåðñií



Æóðíàëèñò – °½ðìåòòi ìàìàíäû°

Əріптестерімнің төл мерекесінде

қарап жата алмадым. Өмірімнің

жартысынан көбі бойымда күш-қуатым

тасыған, жалындаған жігіттік шағым,

бүкіл саналы ғұмырым аудандық

«Төлеби туы» газетінің редакциясында

өтті. Халықтың қуанышын да, қайғысын

да бөлісетін редакция əлі күнге дейін

екінші үйім, отбасым сияқты. Алғашқы

саны 1935 жылы «Сталин жолы» деген

атаумен жарық көрген ауданның айнасы

– «Төлеби туы» газеті келесі жылы 80

жылдық мерейтойын атап өтпек. Осы

тойды төрт көзіміз түгел көруге жеткізсін. 

Газетшілер күн сайын арқалап жүрген

жауапкершілік жүгінің жеңіл емес екенін

біркісідей білемін. Мен істеген кездері

газеттің сөзі атылған оқпен тең еді.

Журналистердің беделі өте жоғары

болатын. Билік басындағылар бұқаралық

ақпарат құралдарымен санасып жұмыс

жасайтын. Заман өзгерді. Қазіргі кейбір

мойны жуандар газетті қолжаулыққа

айналдырғысы келеді. Менің өзегімді

өртейтін де осы. Біле білген адамға газет

қарапайым халықтың бірден-бір жоқ-

таушысы. Ақиқатын айтып, шындықты

жазатын журналистерге «жау» деп

қарамай, олар айтқан сыннан нəтиже

шығарса, жұмыс алға баспақ. Сонда ғана

қоғам жалқаулар мен надандардан

арылмақ.

«Бəрін айт та, бірін айт» демекші,

мереке күні ешкімнің көңіл-күйін түсіргім

келмейді. Өйткені, ақпарат қызмет-

керлерінің мерекесі барша оқырманның

да мерекесі. Ал «Төлеби туы» газеті

редакциясының ұжымына тек жақсылық

тілеймін. Достарыңыз көп, дұшпан-

дарыңыз жоқ болсын, деген аталық ақ

тілегімді қабыл алыңыздар.



Молдабек ДӘУЛЕТБАЕВ,

қарт журналист.

¦ðiïòåñòåðiìå — à° òiëåê

Сағындым қаламдастар өздеріңді,

Мөлдіреп сыр ұқтырған көздеріңді.

«Қалампыр қайда жүр» деп іздейтұғын,

Жаныма қуат берер сөздеріңді.

Көңілім жыр жазуға көктем еді,

Мақала жазбадың деп сөкпе мені.

Аман-сау болыңдаршы, қаламдастар.

Шаттанам жеңістерге жеткеніңе.

Жырларым кір шалмайтын кəусардайын,

Сағынып достарымды аңсар дəйім.

Қиыны мен қызығы қатар жүрер,

Түсінем ойы ұшқыр тілші жайын.

Мереке құтты болсын қаламдастар,

Адасқан жанды түзу жолға бастар.

Ауданның шежіресін тасқа қашап,

Жазғаның тарих болса, жырың дастан.



Қалампыр СҰЛТАНОВА,

Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі.

Аудандағы мектептердің тыныс-тіршілігі, ұстаздар

мен шəкірттердің жетістіктері туралы ұдайы жазып

тұратын аудандық «Төлеби туы» жəне «Білім əлемі»

газеттерінің тұрақты оқырманы болғандықтан, осы қос

газетте істейтін тілшілерді төл мерекесімен барша

төлебилік ұстаздар атынан шын жүректен

құттықтаймын. Ауданда болып жатқан жаңалықтарды

елге бүкпесіз жеткізу жолында аянбай еңбек етіп

жүрген журналистердің қызығынан гөрі шыжығы көп

жұмыстарына шығармашылық табыс, отбасыларына

амандық, дендеріне саулық тілеймін.



Сейітхан АХТАЕВ,

аудандық білім бөлімінің басшысы.

Тəуелсіз еліміздің көркеюіне,

мемлекеттілікті нығайтуға, ынтымақ

пен бірлікке, түптеп келгенде,

халыққа қызмет етіп жүрген бұқа-

ралық ақпарат құралдары қыз-

меткерлері бүгін төл мейрамын

мерекелеуде. 

Елбасы тапсырмаларының орын-

далуын назардан тыс қалдырмай,

ол туралы ұдайы жазып, насихаттап,

алдыңғы шепте жүрген тілшілер

салмақты ой, салиқалы пікірлер

айтуының нəтижесінде халық би-

лікке өз сөзін жеткізіп отыр. Тілшілер

қауымын біздің көмекшілеріміз,

қоғамдық бақылаушыларымыз деп

айтсақ, артық болмас. Өйткені,

Леңгер қаласының тазалығы, кө-

шелер бойында паннолардағы

сөздердің сауатты жазылуы, жар-

намалар мəтіндеріндегі мемлекеттік

тіл тазалығының сақталуы сияқты,

тағы да басқа мəселелерді дер

кезінде көтеріп, кемшіліктердің

жойылып отыруына өз үлестерін

қосып жүрген тілшілер өткір тілмен

жазылған мақалаларымен қоғамдық

пікір қалыптастыруда. Олардың

орынды сындарынан нəтиже

шығарудамыз. Тілшілердің өткір

жанарынан ешнəрсе тыс қалмақ

емес. Олар халықтың көзі мен

құлағына айналған. 

Журналистика – қызығы мен

қиыншылығы көп, үлкен жауап-

кершілікті қажет ететін мамандық.

“Төлеби туының” журналистері

алдағы уақытта да бүгінгі қалпынан

айнымай, қоғамды толғандырып

жүрген проблемалардың шешілуіне

ықпал ете береді деп сенемін. 

Мереке құтты болсын!

Ордабек ӘБДІҚАЙЫМОВ,

Леңгер қаласының əкімі.

Аудандық «Төлеби туы» газетімен тығыз байланыс орнатудың нəтижесінде

денсаулық сақтау саласы туралы ақпараттар мен дəрігерлердің жұмысы, жетістіктері

жөніндегі мақалалар, маман кеңестері осы басылым беттерінде жиі жарияланып

тұрады. Бұл газеттің алдағы уақытта да біздің айнымас серігіміз болатынына

сенімдімін.

Редакция ұжымына тынымсыз жұмыстарыңызға деген адалдықтарыңыз, маңызды

міндеттеріңізге үлкен жауапкершілікпен қарайтындарыңыз үшін шексіз алғысымды

білдіремін. Мақалаларыңызға қызықты тақырыптар арқау болсын. Əрбір сөздеріңіз

адамдарды жақсылық жасауға, əлемді нұрландыруға жетелесін. Еңбектеріңізге өрлеу,

толағай табыстар тілеймін.

Серік ШАНШАРОВ,

аудандық емхана бас дəрігерінің міндетін уақытша атқарушы.

¦ëåìäi í½ðëàíäûðóμà æåòåëåñií

Á¾ãiíãiäåé °àëûïòàí àéíûìàºûçäàð

Áàðøà ½ñòàçäàð àòûíàí

¥àëàìäàñòàðμà


28-маусым 2014 жыл

Ò¼ëåáè òóû




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет