Құрылыс техникасына тапсырыс қабылдау
бойынша диспетчерлік қызмет.
Құрылыс техникасына көрінген компания ие
бола бермейді – оны жалға алу тиімдірек.
— 73 —
Салонды қайта тарту.
Тыстарды тігу мен автомобиль салондарын
түлету бойынша қызметтер жоғары сұранысқа ие.
Жүк көлігін жуу.
Жүк көлігін жуу – автобустар, жүк көліктері
мен фураларға арналған мамандандырылған
бизнес. Арнайы жуу құрылғысынсыз жүк көлігін
кірден тазалау қиын, сондықтан мұндай сервистің
клиенттері қашанда болады. Жүк көліктерін жуу
қызметтері өнеркәсіп зоналарында, трассалар
бойында және автотұрақтар маңында орналасады.
Қызметті 5-6 миллион теңге тұратын автомат кешен
орнату арқылы, немесе 300 мыңдық қол кешенін
орнату арқылы жабдықтауға болады. Бастапқы
жоғары шығындар ауқымды табыспен өтеледі –
күніне 20 машина 40-50 мың теңге пайда түсіріп тұруы
мүмкін.
Автомобильге арналған жапсырмалар дүкені.
Автожапсырмалар дайындау бойынша бизнеске
көп нәрсе қажет емес: графикалық редакторларда
жұмыс істей білу, кең форматты принтер және
пленка түріндегі шығындайтын материалдар
қажет. Жапсырмалау процесі біршама қарапайым,
сондықтан бизнесті стикерлерді жасап, сату
арқылы, өз интернет-дүкеніңізді іздеу жүйесінің топ-
сайттарының қатарына енгізе отырып құруға болады
және т.б.
— 74 —
Той бизнес
Той – халықтың қазынасы. Расымен, қазақ той
десе бар жиған-тергенін шашады. Қазақтың той
тойлауы баяғыша болғанымен, ұйымдастыру жүйесі
жаңарған. Мысалы, тойды бұрынғыдай той иелері
емес, той ұйымдастыру орталықтары дайындап,
өткізеді. Бірінен бірі қалмай, жарыса, ерекше етіп
жасалған тойлар қазір ел аузында. Тіпті халықты
ештеңемен таң қалдыра алмай қалғанбыз ба деп
қаламыз. Әйтсе де пәленшеден озамын деп, дәстүрлі
емес кретативті әрі тиімді етіп тойларын өткізу үшін
түрлі агенттіктер іздейтініміз рас. Демек қазақтың
тойын бизнес көзіне айналдыру өміршең кәсіп түрі.
Яғни тойдағы:
•
дастарханның сәнделуінен басталып,
•
орындықтардағы мата түсіне дейін,
•
сыйлар мен баннерлер жасау кең ауқымды
табысты болып келеді.
Сонымен тойдағы безендірулермен айналысып,
табыс тапқыңыз келсе мынадай кеңестерді пайдаға
асырғаныңыз жөн:
1. Жоғары бәсекелестік болғандықтан, көрсеткен
қызмет сапаңызға ерекше мән беру керек.
2. Ең бастысы ерекшелік ойлап табыңыз.
Асыра сілтейміз деп қазақылықты ұмытпай, өз
менталитетімізге лайықты той ұйымдастырушылар
болсаңыз нағыз кәсіп көзін таптыңыз деп айта аламыз.
|