— 5 —
Мың қайғының амалын,
Бір тәуекел бұзады
АЛҒЫ СӨЗ
Бала кезімнен «Бай болсаң, халқыңа пайдаң
тисін;
Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін» дегендей
осы мақалды өміріме ұран етіп,
санама терең бекіт-
кен едім. Бұл кітаптың жазылу себебі де сол, байыса
қазақ байысын деген ой ғой.
«Қалай кәсіп ашсам болады?»
деген Оқырманда-
рым үшін барынша, үлкені мен кішісіне түгелдей қа-
рапайым тілде, мысалдармен, нақты түсіндіруге ты-
рысып: кәсіпкерліктің не екенін пайымдаудан бастап,
ашатын бизнесіңізге қаражат
көзін қайдан алуға бо-
латындығына дейін, сәйкесінше бизнес ашудағы құ-
жаттар мәселесін де қамтып,
сондай-ақ әлеуметтік
желідегі табыс көзімен айналысуды да бүге-шүгесіне
дейін осы кітапта жазып отырмын.
Бизнес ашып, табысқа кенелген адам – айсберг
секілді. Айсберг көлемінің кішкене бөлігі ғана мұхит
бетінде
көрініс табады, ал қалған 85-90%-ы судың
— 6 —
астында болады. Әлгі айсбергтің көрінбейтін 85-90%
суда жатқан бөлігі секілді дәл осы кітаптан,
сіздер біл-
мейтін табыс табуға болатын кәсіп түрлері мен оны
ашудағы сан түрлі құпияларды білетін боласыздар.
«Бағыт беру Дәулеттен, әрекет ету сіздерден»
деп, үнемі айтатынымдай, бұл кітапты оқу арқылы
кәсібіңіздің
кілтін тауып, табысты жандар қатарынан
көрінуіңізге себепші болу менің басты мақсатым.
«Бисмиллаһ» деп тәуекел етіңіз!
Әрекетке – берекет!