— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет32/88
Дата17.07.2023
өлшемі4,82 Mb.
#104463
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88
Байланысты:
????«БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ»

 — 75 —
Корн-дог
Сэндвичтің пайда болу тарихы осы бизнестің 
ашылуына мысал бола алады. Осы ретте қызықты 
ақпарат болсын. Сэндвич деген — адам есімі. Өте бай 
граф құмар ойындарды ойнағанды жақсы көрген. 
Ойын барысында тамақтануға уакыт кетірмей, етті 
екі нанның арасына салып жегенді жөн көрген.
Ал қазір қарбаласқан өмірде біз барлығына 
үлгеруге тырысамыз, фаст-фуд тағамдары да өте 
көп. Бірақ үзіліс арасында жүрек жалғап алып тұрып, 
тазалыққа да көңіл бөлу керек. Осы орайда фаст-
фудтың таяқшада сатылатын түрі корн-дог жақсы 
кәсіпке айнала алады. 
Бұл бизнес түрін:
• 
оқу орнына жақын орналасқан аймақта 
• 
бизнес орталықтарда ашуға өте қолайлы. 
Қарапайым фаст-фудтан артықшылығы — 
тұтынуға ыңғайлы. Корн-дог мөлшері шағын болса, 
бағасы да 250-400 теңге шамасында болады. Ол 
оның өтімділігін жоғарылатып, студенттер мен 
оқушылардың ең сүйікті асына айнала алады. 


 — 76 —
Жылжымалы кинотеатр
Жылжымалы кинотеатр пайда көзі немесе 
әлеуметтік жоба ретінде қолдануға болатын, 
мүмкіндік аясы өте зор кәсіп түрі. Аспан астында, 
демалыс орнында, қарапайым саябақта отырып, кино 
көруге мүмкіндік береді. Сонымен қоса Қазақстандағы 
шалғай елді мекендерге де кино қойылым жасауға 
болады. Тіпті балалар үйіне де апарып, кино 
көрсетіп әлеуметтік жоба бола алады. Ең арзан 
«кинотеатрды» 400 мың теңге шамасында ашуға 
болады. Ал ең қымбаты 30 миллион теңгеден жоғары, 
ол проектордың сапасы мен құнына байланысты. 
Жылыжай бизнесі
Жылыжай салу – әрбір бағбанның арманы. Сол 
арқылы сүйікті кәсібімен жыл он екі ай айналысуға 
болады. Күй таңдағыш өсімдік, қыста жейтін 
жеміс-жидек, көкөніс осы жылыжайда өсетіні 
белгілі. Жылыжай – бизнестің табысты бағыты әрі 
халықты таза азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз 
етудің бірден-бір жолы. Сұраныстың көптігіне орай 
жерден ризық тапқан жандар өнімдерін өткізуден 
еш қиындық көріп жатқан жоқ. Өйткені қыстыгүні 
көкөніс жаздағыдан аз өндіріледі. Сәйкесінше баға да 
арта түседі.
Жылыжайда өскен ауылшаруашылық 
дақылдарының біршама артықшылығы бар. Атап 
айтсақ:


 — 77 —
y
өнімге қоршаған ортаның зияны тимейді;
y
көкөніс жылдам өніп, сырты далада өскен 
көкөніске қарағанда көз тартарлықтай 
жылтыр болады; 
y
сонымен бірге, ылғал мен жылу бүкіл аумаққа 
бірдей таралады.
Бұл шаруашылықтың да өзіне тән қиындығы 
бар. Сапалы өнім алу үшін шаруаға біраз тер 
төгуге тура келеді. Жылыжайды жылу жүйесімен, 
сумен, жарықпен қамтамасыз ету үшін аз шығын 
шықпайтыны анық.
Қазақстанда қарапайым жылыжайларды 
ашу үшін ешқандай лицензияның қажеті жоқ. 
Жылыжайды тұрғын үй, бизнес орталық немесе 
басқа да нысанның төбесінде ашуға болады. Оның 
артықшылығы жерді үнемдейсіз. Қала ішінде 
болғандықтан тасымалдауға көп уақыт пен шығын 
кетпейді.
Жылыжайдың шығыны оның көлеміне 
байланысты өзгереді. 1 миллион теңгеге 10-15 
адамды қамтамасыз ететін бір ғана жылыжай салуға 
болады. Сонымен қоса өсірілетін көкөніс түріне де 
байланысты. Осындай жылыжайларды гипермаркет 
пен ірі супермаркет шатырына салған тиімді болады. 
Дайын болған көкөністерді тасымалдауға қаражат 
жұмсамай, бірден сатылымға түсіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет