— 109 —
керек. Мысалға алатын болсақ, сіз пицца сатумен
айналысасыз. Және де бизнесіңізді жылжыту үшін
инстаграмда таргетингтік жарнаманы қолданасыз.
Дәл сол жарнаманы тиімді пайдалану үшін,
нақты
мекенжайды, геолокацияны таңдаған кезде сіздің
көшеңіздегі инстаграм қолданушыларына жеткізу
қызметі (доставка) тегін деп қойыңыз. Сондай-ақ,
жарнаманы дәл түскі ас уақытында шығатындай етіп
ыңғайлаңыз. Кеңседе отырған қызметкерлер сіздің
жарнамаңыздағы жеткізу
қызметі тегін екенін көріп
тапсырыс береді. Ал сіз алысқа бармай-ақ, тура бір көше
бойында орналасқан мекемелерге пиццаны апарып
бере салуыңызға болады. Өзіңіздің бизнесіңізге қарай
түрлі маркетингтік әдістерді пайдалану керек. Тағы
бір мысал, егер сіз гүл
сатумен айналысатын болсаңыз,
8 наурыз мереке күні дәл сіздің бизнесіңіздің өтетін
күні. Иә, сізден гүл сатып алып жатқан клиент көп,
алайда оның қатарын тағы қалай өсіруге болады?
Әрине, инстаграмға жарнама бересіз. Өзіңіз қалаған
әдемі фото немесе видеоны дайындайсыз,
сонымен
қатар мәтін. Дәл сол мәтінге «Сүйіктіңізді әлемдегі
ең бақытты жан еткіңіз келе ме? Олай болса кезекте
көп күтпей, бір ғана батырманы басып, керемет
сыйлыққа тапсырыс бер» деп жазсаңыз болғаны.
Бұл жердегі ілгек сөз қандай? Әрине, «кезекте көп
күтпей»
әр ер адам кезекте тұрғанды, әсіресе күткенді
ұнатпайды. Өзіңіз ойлаңызшы, жолдасыңызбен
қонаққа барарда «Дайынсың ба?» сөзін неше рет
айтады? Ал дүкен аралағанда «Сен әлі болмадың ба?»
дейтіні тағы бар. Ал мереке күні дәл 8 наурызды гүл
сататын дүкенде кезек көп болатынын ер адамдар
сізден жақсы біледі. Сол себепті инстаграм арқылы
— 110 —
олардың
қалауын онлайн қабылдап, тапсырысын
тек алып кетуге дайындап қойсаңыз болғаны.
Жарнаманы тиімді ойластырып, сатып алушының
қалауын түсіну сіздің мүмкіндіктеріңізді арттырады.
Сондай-ақ бәсекелестерден әлдеқайда табысты болу
қабілеттеріңізді шыңдайды.
Достарыңызбен бөлісу: