— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет8/88
Дата17.07.2023
өлшемі4,82 Mb.
#104463
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   88
Байланысты:
????«БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ»

Қиялға берілмеңіз.
Белгілі бір бастаманың лезде аяғына тұрып 
кетуі екіталай. Әр нәрсе бастапқы кезеңінде уақыт 
пен шыдамдылықты талап етеді. Сіз біраз қателік 
жіберуіңіз мүмкін, олардан шошынып, қаша 
жөнелмей, нәтиже шығарып, сабақ алуға тырысуыңыз 
керек. Бизнесті бастағаннан бастап бірден ақшаға 
«көміліп» қаламын деген қиял-ғажайып ойды 
есіңізден шығарып тастауыңыз тиіс, бірақ сіз пайда 
табатыныңызға сенімді болыңыз. Сіз, ерте ме, кеш пе, 
жеңесіз!
Шыдаңыз. 
Алға қойған мақсатыңыздан тайқып, күдеріңізді 
үзе бастағанда, шыдамдылық танытыңыз. Көп 
жағдайда адамдар сынақтың қырқына шыдап, қырық 
бірінде артқа қайтады. Мұндай жағдайға қалмас 
үшін, жоғарыда аталған кеңестердің бәрін ескеріп
осы соңғыны үнемі жадыңызда сақтап жүрсеңіз, 
дегеніңізге жетесіз деген сенімдемін.
Бәріне дайын болу. 
Сіз кез келген қиындыққа төтеп беруге дайын 
болуыңыз керек. Күндіз-түні жұмыс істеу жеткіліксіз 
болуы мүмкін. Ай сайынғы тұрақты жалақы туралы 
ұмытуыңызға тура келеді. Сіз бәріне дайын болған 


 — 21 —
кезде ғана сәттілік серігіңіз болады.
Жалпы, бастапқыда ашылған кәсіпті жаңа 
деңгейге көтеріп «айналдыру» үшін шамамамен 
екі жыл уақыт кетеді; сосын кәсіпті бастауға алған 
несиелерді жабу үшін тағы да екі жыл кетеді; ары 
қарай жоғары дәрежеге жеткізу үшін шамамен тағы 
үш-төрт жыл. Көп адамдар ойлауы мүмкін «осы 
өзімізді шаршатып, ақшамызды салып, шығынға 
ұшырап бизнес ашудың керегі не? Бір айлықпен де 
күн көрерміз» деп. Менде бір ғана жауап бар: Уақыт 
өте береді. Сіз өткізген бес жылдан кейін сіз бар 
болғаны бес жасқа қартаясыз. Уақыт өте келе бір 
айлыққа қарап, жалақысын санап отыратындардың 
қатарынан табыласыз ба немесе өз кәсібіне өзі қожа 
адамдардан боласыз ба? Таңдау еркі, әрине, өзіңізде. 
Жеке кәсібін бастауды ойлаған адамдарда 
алғашқы қадамдарын бастауға кедергі болатын түрлі 
проблемалар бар. Олардың ішіндегі ең бастылары: 
көшбасшылықпен, қаражатпен, бәсекелестікпен, әрі 
қарай даму үшін жоспар дайындаумен байланысты 
сәтсіздіктер туралы көптеген қорқыныштар. Бізде 
көпшілігі инвестицияланған ақшаны жоғалтып 
алудан қорқып өзінің жеке жобасына ақша салмай, 
басқа керексіз дүниелерге жұмсап жатады. Бизнес 
тәуекелділікті талап ететінін ұмытпағанымыз 
жөн. Тек бизнесті «айналдыруды» ойлай бермей, 
психологиялық дайындық туралы да ұмытпау 
керек. Кәсіпкер бизнесті дамытудың алғашқы 
кезеңінде әр түрлі бағытта жұмыс істеуіне тура 
келеді. Сарапшылардың, экономистердің, тәжірибелі 
кәсіпкерлердің пікірінше, ХХІ ғасырда бизнеске тек 


 — 22 —
шығармашылық идеямен келу керек. Сондай-ақ 
алғашқыда бір бағытты дамытуға ғана инвестиция 
құю қажет. Көптеген идеяларды қатарынан жүзеге 
асырамын деп, бастапқы қарқыннан айырылып 
қалуыңыз ғажап емес. Үздіксіз даму және өзін-өзі 
жетілдіру – бизнестегі маңызды факторлардың 
бірі. Кәсіпкер үнемі өсіп, өз бизнесін дамыту үшін 
жаңа идеяларды іздеуі керек, өзін психологиялық 
тұрғыдан жаңа бетбұрыстарға, басқару барысындағы 
өзгерістерге және проблемалар туындаған жағдайда 
өзін-өзі дұрыс ұстауға тәрбиелеуі тиіс.
Өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің ойынша
табысты кәсіпкерлер қателеспейді деген пікірде. 
Бұл қате түсінік. Ештеңе істемеген адам ғана 
қателеспейді, ал белгілі бір іспен айналасатын 
адамның қателесуі қалыпты жағдай. Біздің бірден бір 
қателігіміз, кішкентай болса да, өз ісімізді бастауды 
ойластырмаймыз. Қазіргі таңда өз ісін қолға аламын 
дейтін жандар үшін арнайы тренингтер мен 
курстар жетерлік. Кез келген істі бастаудың өзіндік 
қиындықтары болатыны түсінікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет