— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020


Байқағаныңыздай ЖШС ашу да жабу да Дара кәсіпкерлікке



Pdf көрінісі
бет70/88
Дата31.10.2022
өлшемі4,82 Mb.
#46511
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   88
Байқағаныңыздай ЖШС ашу да жабу да Дара кәсіпкерлікке 
қарағанда күрделірек үрдіс. Бірақ соған қарай өзіндік 
ерекшеліктері де бар. Кәсіп бастар кезде соның бәрін ескерсеңіз, 
әрекетке-берекет болары анық.


 — 168 —


 — 169 —
V бөлім
Бизнес бастауға арналған 
бағдарламалар (2020)


 — 170 —
Бизнес бастауға арналған бағдарламалар 
(2020)
«Тәуекел» деп кәсіп ашамын дейтін жандардың 
ең басты қажеттілігі – қаржы болып табылады. 
Өкінішке орай, қажетті қаражаттың болмауынан салы 
суға кетіп, кәсіп ашу ойынан айнып шыға келетіндер 
қарасы көп.
Сонымен елімізде бизнесті бастау үшін арналған 
бағдарламалар, кредиттердің түрлері өте көп, соның 
біраз бөлігіне тоқтала кетейін.
«ZhasProject»
Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік 
банктің бірлескен жобасы, елімізде 2017 жылдан бері 
жүзеге асып келеді. Бұл бағдарлама жұмыссыз жүрген 
жастардың (18-29 жас) кәсіп ашып, ісін өркендетуге 
бағытталған. 2019 жылы аталған бағдарлама Нұр-
Сұлтан, Алматы қалаларында сонымен қатар 
Ақмола облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан 
облысы және Маңғыстау облыстарында жүзеге асқан 
болатын. Жеңімпаздар ішінде менің командам да 


 — 171 —
болған еді. Қайтарымсыз миллион және 6 ай бойы 
шәкіртақы сіздің кәсіп ашуыңызға жақсы мүмкіндік. 
Биыл Алматы және Қарағанды облыстарына 250 
грант бөліп отырған жобаға өтінімдер 1 ақпаннан 1 
наурызға дейін қабылданған болатын. Аталған жоба 
жеңімпаздары жоғарыда айта кеткен кәсіп ашуға 
миллион теңге сонымен қатар жоғары оқу орнының 
түлектеріне 60 000 теңге, қалған қатысушыларға 40 
000 теңге ай сайынғы өтемақы төленеді. ZhasProject 
жобасының жеңімпаздарының бірі ретінде бірнеше 
кеңес бере кетейін:
1. 3 адамнан 5 адамға дейін команда жинау. 
Қатысушылардың ең көп санын тартуды 
ұсынамын – жоба үш адамнан кем командамен 
іске асырылмайды. Егер қатысушылардың біре-
уі белгілі себептер бойынша жобадан шыққан 
жағдайда, жоба жабылады. Қатысушыларды 
ауыстыруға болмайды, яғни Серік, Марат, Майра 
болып бастасаңыздар жоба соңына дейін осы 
команда қалуы тиіс, біреу шығып қалса жобаңыз 
жабылады.
2. Топтың әр қатысушысы тіркеуден өтіп, барлық 
қажетті тармақтарды толтыруы тиіс. Өтінішпен 
алдын ала оқып, танысып алыңыз. Толтыру 
барысында сізге бірқатар құжаттарды бекіту 
қажет болады, оларды алдын ала дайындаңыз. 
Команда көшбасшысы кім болатынын анықтап 
алыңыздар. 18 жастан кіші қатысушы топ көш-
басшысы бола алмайды;
3. Конкурстық өтінімдерді іріктеудің 
кезеңдерін қадағалап отырыңыздар;
Бұл жобаға өтініш беру www.zhasproject.kz сайты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет