— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет19/88
Дата31.10.2022
өлшемі4,82 Mb.
#46511
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   88
 — 44 —
Қыз жасауы. Құрақ тігу
Құрақ – түрлі матаның қиындысынан құралған 
көрпе емес, ананың қызына деген тілеуінің жиынтығы. 
Ана – бойжеткен қызының орын тапқанын, барған 
жерде бағы ашылып, басы құралғанын, бай-қуатты, 
үбірлі-шүбірлі болғанын және тіл-көзден аман 
жүргенін тілейді. Әйелдер үшін таптырмас бизнес 
болғанымен сабырлылық пен қол еңбегін талап ететін 
бұл кәсіптің өзіндік артықшылықтары көп. Атап айтар 
болсақ, тұрмысқа шығатын қыздар саны артпаса еш 
кемімейді. Осы ретте «кәдесіз қыз болмайтынын» 
ескере отыра әр ата-ана тұрмысқа шыққан қызының 
артынан «қыз жасауын» ең маңыздысы көрпе-төсегін 
міндетті түрде апарады. Дәл сол көрпесі мен төсегінің 
құрақтан тігіліп, ерекше әрі әдемі болуын қалайтын 
аналар өте көп. 
«Қыз жасауына қажет еді» деп құрақ көрпе 
іздесеңіз, базардан дап-дайын дүниені тез табасыз. 
Қолдан тіктіремін деушілерге де әлеуметтік 
желілерден тапсырыс алатындарды табу оп-оңай. 
«Құрақ көрпе», «қыз жасауы» деп жазсаңыз болғаны. 
Алайда, бүгінгі қыз жасауынан қазақтың бұрынғы 
төл өнерінің болмысын сезіне алмайтынымыз анық. 
Көздің жауын алатын керемет оюмен өрнектелген 
көрпешелерден қолөнердің, «ай», «шаршы», 
«тұмарша», «ботакөз», «сегіз жапырақ», «тырна» 
атты құрақ түрлерінің ізі өшіп бара жатқандай. Егер 
сіз құрақ тігумен айналысқыңыз келсе ең басты 
артықшылығыңызды ойлап табу қажет. Яғни сіз 
тіккен құрақтарға сұраныстың артуы үшін, құрақ 
тігудегі фишкаңызды ойлап табыңыз.


 — 45 —
Пиццерия
Пицца бүкіл әлемдеге ең сүйікті тағамдардың 
бірі болып саналады.
Нарыққа шолу. Қоғамдық тамақтану ішіндегі 
«пиццерия ашу» бүгінде ең танымал бизнестің бірі 
екені құпия емес. Өмір ырғағы, уақыттың шектелуі – 
осының бәрі адамдардың үйде тағам дайындағысы 
келмейтінін көрсетеді. Уақыт тығыз болғанда 
мейрамханаға бару немесе пиццаны үйге тапсырыс 
беру оңайырақ шешім болып табылады.
Жыл сайын қоғамдық тамақтану нарығы 25% 
- ға өсіп келеді. Кафе-пиццерий арасында айқын, 
нақты көшбасшылар жоқтың қасы, сондықтан 
жаңа кәсіпкерлер үшін пиццерия бизнесін ашуға 
үрейленудің қажеті жоқ.
Пиццерия форматтары:
1. Пицца-бар. Пиццадан басқа, ас мәзірі басқа 
тағамдардың аз ассортиментін қамтиды 
(картоп-фри, шұжық, десерттер, сусындар). 
2. Дөңгелектердегі пиццерия немесе қозғалатын 
фургон. Мобильді және қарапайым бизнес.
3. Фудкорт-пиццерия. Жарнамаға көп күш пен 
ақша жұмсағысы келмейтін адамдар үшін 
қолайлы нұсқа. 
4. Киоск-пиццерия (пицца-шоп). Мұндай 
форматты ірі гипермаркетке немесе сауда 
орталығына орналастыруға болады.
5. Пицца жеткізу қызметі. Ең көп таралған 
нұсқалардың бірі.
6. Классикалық кафе-пиццерия. Бұл классикалы 


 — 46 —
жалпы нұсқа. 20-30 үстел мен мәзірі бар шағын 
мекеме, тек пицца түрлерін ғана емес, басқа да 
позицияларды қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет